Әкімдіктің 2016 жылғы 15 тамыздағы №389 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы



Дата17.05.2020
өлшемі86.71 Kb.


Әкімдіктің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 389 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 15 тамыздағы № 389 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6613 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 қазанда «Костанайские новости» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін;

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекешілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов


Әкімдіктің

2019 жылғы « __ » __________

№____қаулысына

қосымша
Әкімдіктің

2016 жылғы 15 тамыздағы

№ 389 қаулысымен

бекітілген



«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелері
1. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 62 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18392 болып тіркелген, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезінде ресімделетін (жасалатын) құжаттар нысандарына (бұдан әрі – Нысандар) 50-қосымшаға сәйкес нысандағы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау туралы архивтік анықтама не архивтік құжаттың көшірмесі немесе Нысандарға 51-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтік үзінді, немесе сұратылған мәліметтердің көрсетілетін қызметті берушіде сақтауда болмауы туралы жауап не Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11086 болып тіркелген) «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-1-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз немесе электрондық түрде.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны мен күні көрсетілген хабарлама жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимылы тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арқылы көрсетілмейді.

4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс - қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар топтамасының (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) толықтығын тексереді, 5 (бес) минут.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде оны тіркейді, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді 5 (бес) минут;

Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынса, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді, 5 (бес) минут ішінде;

2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны курьер немесе басқа уәкілетті байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды, 1 (бір) күн ішінде.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, қабылдау күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді;

Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды, 5 (бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды, кемінде 10 жұмыс күн.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) жарамдылық мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда, қызмет беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны Мемлекеттік корпорация немесе Портал арқылы мерзімді ұзарту туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

4) Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 5 (бес) минут.

7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі, электрондық цифрлық қолтаңба ЭЦҚ арқылы Порталда тіркеуді, авторизациялауды жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдайды, электрондық сұрау салаларын толтырады және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін қоса береді;

3) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуды куәландыруды жүргізеді;

4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады;

5) көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұрау салудың жай-күйі туралы және Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі туралы Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама алады;

6) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағына сәйкес мерзімдерде жолдайды;

7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» алады.

Ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.



Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрееттерінің) өзара іс-қимылдарының реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Каталог: npa
npa -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Уйгурском районе
npa -> Ұйғыр ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет