Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібін түсіндіреді



Дата25.04.2016
өлшемі45.54 Kb.
Астана қ. бойынша Салық департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібін түсіндіреді
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің(ары қарай ӘҚК) 634-бабы 3-тармағына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық жасау туралы хаттама жазылған сәттен немесе прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау қаулысын шығару, сондай-ақ сот тәртібімен қарау барысында сот ісіне қатысушы тұлғаның сотқа қатысты сыйламаушылық көрсету фактісінің анықталғаны туралы соттың жариялау сәтінен қозғалған болып саналады.

Осылайша, ӘҚК 570-бабы 1-тармағына сәйкес, салық қызметі органдары 88-бап (үшінші, төртінші, бесінші тармақтар), 88-1 бап (екінші, үшінші тармақ), 166, 205 - 212, 215 - 219, 357-2 баптар (бірінші тармақ), 358, 358-1, 360-баптармен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасалу фактісі анықталғаннан кейін бірден жасалады немесе тиісті салықтық тексеріс аяқталғаннан кейін жазылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық барысын, жеке тұлғаның жеке ақпараттарын не заңды тұлға туралы мәліметтерді және іс қозғалып жатқан заңды тұлғаның заңды өкліне қатысты жеке ақпараттарды анықтау қажет болған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама үш тәуліктің ішінде жасалады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін салық қызметі органының лауазымды тұлғасы 15 тәуліктің ішінде келесі қаулылардың бірін шығарады:

. 1) әкімшілік жаза қолдану туралы;

2) іс жүргізуді аяқтау туралы;

3) істің сотқа, аталмыш әкімшілік құқық бұзушылық үшін басқа түрдегі не мөлшердегі жаза қолдануға құқығы бар органға (лауазымды тұлғаға) сондай-ақ ӘҚК-ның 642-бабымен қарастырылған жағдада, істі көлік құралының (кеме, оның ішінде кіші көлемдісі) есепке алыну орны бойынша қаруға беру туралы;

4) айыппұл салуға қатысты қаулының мәжбүрлі түрде орындалуы туралы.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы іс қаралып біткеннен кейін бірден жарияланады.

Қаулының көшірмесі жедел түрде қаулы өзіне қатысты шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ өтініш бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаушы құқығы бұзылған жеке тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ уәкілетті органға (лауазымды тұлғаға) беріледі. Аталған тұлғалар жоқ болған жағдайда, қаулы көшірмесі шығарылғаннан кейінгі үш күн ішінде жіберіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаулысында мыналар көрсетілу керек:

1) қаулы шығарған соттың, лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, инициалдары, коллегиалық органның атауы мен құрамы;

2) істің қаралу мерзімі мен орны;

3) істің қаралу қатысы бар тұлға туралы ақпарат: жеке тұлғаларға — аты-жөні, туған күні, тұрғылықты орны, тұлғаны куәландырушы құжаттың атауы мен деректемелері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты орында тіркелуі туралы, жұмыс орны; заңды тұлғаларға — атауы, құқықтық-ұйымдастыру түрі, тұрғылықты орны, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банк деректемелері;

3-1) қаралып жатқан істің жүргізілу тілі;

4) әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қарастырушы аталған Кодекстің бабы;

5) істің қаралуы кезінде анықталған жағдаяттар;

6) істің шешімі;

7) қаулыны шағымдау тәртібі мен мерзімі.

Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы заңды күшіне қаулы көшірмесі берілген соң 10 тәулік ішінде, тұлға істің қаралуында қатыспаса қаулы алынғаннан кейін 10 тәулік ішінде енеді.

Әкімшілік тәжірибеде заңды күшіне енбеген қаулыны шағымдаудың ең кең тараған түрі — жоғары тұрған салық қызметі органына не Арнайы ауданаралық әкімшілік сотқа шағымдау. Осылайша, салық төлеушінің әкімшілік жазаны шағымдау құқығының сақталуына кепілдік беріледі.

Заңды күшіне енбеген қаулы жоғары тұрған салық қызметі органы мен сотқа бір уақытта шағым жасалса, шағым сотпен қаралады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаулысы мынадай жағдайларда заңды күшіне енеді:

1) шағым жасалмаған немесе наразылық білдірілмеген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаулысын шағымдау үшін белгіленген мерзім өткен соң;

2) шағым, наразылық бойынша анықтама шығарылғаннан кейін, сондай-ақ ӘҚК-нің 664-бабымен қарастырылған жағдайда, қаулы шығарылғаннан кейін жедел түрде.

ӘҚК 707-бабының 1-тармағы негізінде, айыппұл әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғамен әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы заңды күшіне енген күннен, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған немесе мұрсатнама мерзімі аяқталған күннен бастап 30 күн ішінде төленуі керек, сонымен қатар ізінше сотты, әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген органды (лауазымды тұлғаны) жазбаша түрде хабарландыру керек.



ӘҚК-ның 701-бабына сәйкес әкімшілік тыйым салу, арнайы құқықтан айрылу немесе айыппұл (әкімшілік құқық бұзушылық жасау орнында айыппұл салудан басқа) түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын заңды түрде белгіленген мерзімде мүмкін емес қылатын жағдаяттар болған жағдайда, қаулы шығарған сот, орган (лауазымды тұлға) қаулыға қатысты тұлғаның өтініші бойынша қаулының орындалуын бір айға дейінгі мерзімге ұзарта алады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаның тұрмыстық жағдайын ескере отырып, қаулы шығарған сот, орган (лауазымды тұлға) айыппұлдың төленуін үш айға дейінгі мерзімде бөліп төлеуге рұқсат бере алады.
Каталог: data -> files -> kaz
kaz -> Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
files -> Верхнетоемской территориальной комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав муниципального образования «Верхнетоемский муниципальный район»
kaz -> Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы
kaz -> Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын
kaz -> Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы
kaz -> Көлік құралдары салығының салық төлеушілері
kaz -> Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет