Екінші шетел тілін оқытудың мақсаттары: прагматикалық және педагокикалық аспектілері



жүктеу 0.78 Mb.
бет2/5
Дата01.05.2016
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5
: CDO -> OBSOJ -> Til
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Til -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi «Филология және психология»

САБАҚ 1



САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ :Екінші шетел тілін оқытудың мақсаттары: прагматикалық және педагогикалық аспектілер.
Сабақтың жоспары:

1 Шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты.

2 Жалпы білім беру мақсаты

3 Тәрбиелік және жетіктіру мақсаты.

4 Шетел тілін оқыту мазмұны.


Теориалық мәліметтер

Жалпы білім беретін орта мектепте шетел тілін оқытуда төрт түрлі мақсат көзделеді:

1 Білімдік мақсат;

2 Тәрбиелік мақсат;

3 Жетіктіру мақсаты;

4 Практикалық мақсат;


Шетел тілін оқытудың аталған мақсаттарын бөліп Қарау мүмкін емес, олар өзара тығыз байланысты.Бұлардың ішінде ең бастысы-практикалық мақсат.Жалпы білім беру мақсаты, тәрбиелік мақсаты мен жетіктіру мақсаты практикалық мақсат арқылы жүзеге асырылады.Енді осы мақсаттарға қысқаша тоқталып өтелік.

1 Шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты

Практикалық мақсаты дегеніміз оқушылардың шетел тілін сөз әрекетінің әр түрінде қатынаса құралы ретінде игеруі. Демек- оқушылар шетел тілінде ауызша айтылған сөзді тыңдау арқылы түсінуге, жазбаша мәтіндерді оқып, олардың мазмұнын тікелей немесе сөздіктің көмегімен түсінуге және өз ойын сол тілде ауызша, жазбаша түрде жеткізе білуі тиіс.Әрине бұл шетел тілінің мектеп бағдарламасында белгіленген көлемде жүзеге асырылады.Себебі шетел тілін оқыту барысында сол тілді толық меңгеру, сөз әрекетінің барлық түрлерін түгел игеру мүмкін емес.Сондықтан бағдарлама бұған толық шектеулер қояды.Ең алдымен күнделікті тұрмысқа қажет сөйлеу және оқу іскерліктері дамытылады.Ал жазбаша сөзді дамыту мақсатқа жетудің бір жолы ретінде ғана қаралады.Оқушылардың қабілетін шетелдік досына, құрбысына хат жаза алатындайдәрежеде дамытса, сол жеткілікті.

Сөз әрәкеті белгілі тақырыптар төңірегінде құрылады.Мысалы лингвисттің математика тақырыбына сөйлеуі өте қиын.Сондықтан мектепте оқылатын тақырыптарға белгілі мөлшерде шек қойылып, ең негізгілері іріктеліп алынуы тиіс.Сөйтіп орта мектепте шектелген тақырыптар көлемінде ауызша сөз бен оқуға дағдыландыру керек.Осыған орай мектеп бағдарламасына «Сөйлеуге және оқуға арналған тақырыптар» деген бөлім кіреді.Үшіншіден, мектепте меңгерілуге тиісті тіл материалы ( фонетикалық, грамматикалық, лексикалық материал) шектеледі.Мысалы орта мектепті бітірушілер бағдарлама бойынша 1000 сөзді меңгеруге және сол тілде сөйлеу үшін қажетті грамматикалық құбылыстарды білуге тиіс.

Сонымен орта мектепте шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты дегеніміз оқушылардың ауызша сөздегі(сөйлеу мен тыңдап түсінудегі) және оқудағы іскерліктері мен дағдыларын дамыту. Жазу—оқтудың мақсаты емес, ол оқыту мақсатына жетудің құралы ғана.


Жалпы білім беру мақсаты

Мектепте оқылатын пәндердің оқушыларға жалпы білім беруде өзіндік үлесі бар.Шетел тілі де оқушылардың жалпы білім беру деңгейін көтеруге ат салысады.Шетел тілі пәнінің оқушыларға жалпы білім берудегі маңызын академик Л.В Щерба тамаша көрсетіп берді: «Шетел тілін оқу нәтижесінде адам ойды тіл арқылы жеткізудің әр түрлі тәсілдері барына көзі жетеді, бір ойды ана тілініңөзінде әр түрлі тәсілмен беруге болатынын түсінеді,сөйтіп ой мен тілдің ара қатынасын дұрыс ұғады; шетел тілін оқи отырып өз ана тілін тереңірек түсінеді, оны жақсы меңгеріп алады;өзі бұрын білмейтін тіл жүйесі туралы, тілін оқып отырған елдің тарихы, географиясы, әдебиеті, медениеті туралы жаңа мағлұматтарналады. »

Шетел тілін оқу процесі ана тілін меңгеруді жақсартуға көп әсерін тигізеді.Оқушы шетел тілін үйрену арқылы ана тіліндегі ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек түсінеді.Толып жатқан аударма жаттығулар жасап, оқушылар шетел тіліндегі сөйлемдердің ана тіліндегі бірнеше варианттарын табады, сөйтіп ана тілін бұрынғысынан жақсы меңгереді.

Шетел тілін үйрену оқушылардың логикалық ой өрісін дамытуғакөмегін тигізеді.Атап айтқанда мәтінге, тақырыпқа жоспар құру, жоспарға, суретке қарап, әңгіме айту оқушылардың логикалық жүйелі ойлауын дамытады.

Шетел тілін үйрену барысвнда оқушылар оның жүйесі, ерекшіліктері жөнінде мағлұмат алады. Мысалы, белгілік және белгісіздік категориясы, ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі шақ жүйесінің ерекшіліктері туралы білімін толықтыра түседі. Бұл мағлұматтар оқушылардың жалпы білім деңгейін арттырады.Жоғары класс оқушылары тілін үйреніп отырған елдің тарихы, географиясы, әдебиеті, медениеті жөніндегі жазылған мәтіндерді оқып танысады.

Тәрбиелік және жетіктіру мақсаты.

Шетел тілін оқып үйрену оқушылардың жан жақты дамып жетілуіне, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруға әсер етіп,олардың жан-жақты дамыған азамат болуына ықпал жасауды мақсат етеді.Шетел тілі пән ретінде оқушыларды ұлттық патриотизм, интернационализм рухында тәрбиелеуге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Шетел тілін оқып үйрену барысында оқушылар әр түрлі текстерді оқиды,тыңдайды, мазмұнын айтып береді.Олардың мазмұны оқушыларға өз халқын сүюуді,өзге халықтарды сыйлауды үйретуге тиіс. Шетел тілін оқып үйрену оқушылардың жан жақты дамуына, дара тұлға болып қалыптасуына, тілдік материалды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруге жол ашады. Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділік, өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілік көрсетіп, қортынды жасауға дағдылануға тиіс.

Шетел тілін оқып-үйрене отырып, оқушылар өз ойын жүйелі түрде айтып жеткізе білу, шетел тілінен алған білімін, үйренген іскерліктері мен дағдыларын жаңа ситуацияларда шығармашылықпен қолдану іскерлігін меңгереді.

4. Бақылау сұрақтары:

І.Екінші шетел тілін оқытуда қандай мақсат көзделеді?

2.Екінші шетел тілін оқытуда практикалық мақсат дегеніміз не?

З.Екінші шетел тілін оқытудың жалпы білм беру мақсаттын қалай жүзеге асыруға болады?

4.Қазіргі методикада оқытудың мазмұнына қандай компонентерді жатқызады?



5. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Шетел тілін оқытудың практикалық мақсаты

2.Жалпы білім беру максаты.

З.Тәрбиелік және жетіктіру мақсаттары.


4.Шетел тілін оқыту мазмұны.

6. Студенттің үй тапсырмасы:

I .Екінші шетел тілін оқытуда қандай мақсат көзделеді?

2.Екінші шетел тілін оқытуда практикалық мақсат дегеніміз не?

З.Екінші шетел тілін оқытудың жалпы білм беру мақсаттын калай жүзеге асыруға болады?



7. Әдебиеттер тізімі:

1. И.Н., Притыкина Т.А. Книга для учителя с 1-4 кл



2. Шепель Э.Н. Интегрированные программы и обучение иностранным языкам.

Иностранные языки в школе - 1990



а) негізгі:

3. Ильина Т.А.Педагогика. Педагогтык институттардың студентеріне арналған

оқу құралы. Алматы , Мектеп 1977

4. Сарсенбаева Р.А. Методическое пособие к использованию учебников англ.яз. в школах с казахским языком обучения.(Пособие для учителей) Алматы. Мектеп, 1989-88

5. Гальскова Н Д Современная методика обучения иностранным языкам, Москва

2000


6. Зимняя И А Психологические аспекты обучения говорению на иностранном

языке, Москва 1985

7. Барменкова О.И «Проектная работа на уроке иностранного языка»-Иностранные языки в школе 1997

8. Общая методика обучения иностранным языкам в средней школе. Под редакцией А.А. Миролюбова, И.В.Рахманова, В.С.Цетлин Москва, Просвещение 1967

9. Гез Н.И. Методика обучения иностранным языкам в средней школе,Москва 1982

10. Госстандарт Образования СШ РК-1998

11. Н.Ә. Назарбаев - ҚР Тіл туралы заңы, 1997

б) қосымша

12. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельностъ. Ленинград 1974

13. Колкер Я М, Устинова Е С, Еналиева Г М Практическая методика обучения иностранному языку, Москва 2000

Верещагина

14. Аяпова Т.А - Учебник английского языка для младших классов


Сабақ 2

1. Сабақтың тақырыбы: Екінші шетел тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтауда нормативтік құжаттармен танысу.

2. Сабақтың жоспары:

1. Екінші шетел тілін оқытудың мақсаттары.

2. Екінші шетел тілін оқытудың міндеттері.

3. Құжаттармен танысу.



3. Теориялық мәліметтер:

Орта мектепте оқытылып жүрген оқу пәндерін талдағанда, олардың әр тектес екені байқалады. Оқу пәндерінің бір тобы — білім негіздері деп аталатын пәндер. Бұлар — химия, физика, биология т. б. пәндер. Бұл пәндерді мектепте оқытудың негізгі міндеті — оқушыларға ғылымдардың әр саласынан білім беру. Оларды оқытуда практика, іскерлік, дағдылар білімге қарағанда бағынышты қызмет атқарады. Екінші топқа эстетикалық пәндер жатады (музыка, бейнелеу өнері, әдебиет). Бұл пәндер оқушыларды көркемөнер әлемімен таныстырады. Олар ең алдымен тәрбиелік қызмет атқарады. Еңбек, дене шынықтыру сияқты пәндер белгілі бір іс-әрекетке үйретеді. Олардың міндеті — жеке адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және дене еңбегіне байланысты нақтылы іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Орта мектепте оқытылып жүрген пәндердің ішінде «ана тілі», «орыс тілі» және «шетел тілі» пәндері ерекше бір топ құрады. Бұл пәндердің міндеті — коммуникация жүйесін қалыптастырып, тілдің қатынас құралдарын меңгеру. Тіл пәндерінің жоғарыда аталған алғашқы екі топтан ерекшелігі: мұнда тіл туралы білім өздігінен маңызды емес, жаңа хабарламаның, басқа саладан жаңа білім алуды қамтамасыз ететін іскерліктер мен дағдылардың маңызы зор. Үшінші топ пәндерінен тіл пәндерінің негізгі айырмашылығы сол, онда қалыптастырылған сөз іскерліктері мен дағдылары дене еңбегіне емес, ой еңбегіне тән іскерліктер мен дағдылар.

«Шетел тілі» пәнінің «ана тілі» мен «орыс тілі» пәндеріне көптеген ұқсастықтары бола тұрса да, өзіндік біршама ерекшеліктері де бар. Оның ана

тілінен өзгешелігі мынада. Шетел тілін оқығанда жаңа коммуникациялык жүйе қалыптастырылады. Жалпы білім беру мен тәрбиелік міндеттер осы негізгі практикалық мақсатты орындау барысында атқарылуға тиіс. «Шетел тілі» пәнінің «орыс тілі» пәнінен айырмашылығы мынада. Орыс тілі сабағында да жаңа коммуникатинтік жүйе қалыптастырылады. Дегенмен, орыс тіліндегі сөз іскерліктері мен дағдыларын дамытуға мектептен тыс орта көп көмектеседі. Оның үстіне орыс тілін оқып-үйренуде оқушылардың ынталылығы шетел тілін оқудан әлдеқайда жоғары болады, өйткені олар орыс тілін білудің күнделікті омірде зор маңызы барын жақсы түсінеді.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Екінші шетел тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтауда қандай нормативтік қ ұжаттар қажет?

2. Қазіргі методикада оқытудың мазмұнына қандай компонентерді жатқызады?

3. Екінші шетел тілін оқытуда қандай міндеттер қойылады?



5 Студенгтің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Екінші шетел тілін окытудың максаттары.

2.Екінші шетел тілін оқытудың міндеттері.

З.Құжаттармен танысу.



6. Студенттің үй тапсырмасы:

1 Екінші шетел тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтауда қандай нормативтік құжаттар қажет?

2. Қазіргі методикада оқытудың мазмұнына қандай компонентерді жатқызады?

3. Екінші шетел тілін оқытуда кандай міндеттер қойылады? 7.Әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1. Ильина Т.А.Педагогика. Педагогтық ияституттардын студентеріне арналған оку куралы. Алматы , Мектеп 1977

2. Абдигалиев С Неміс тілін оқытудың негіздері, Алматы 1992

3. Гальскова Н Д Современная методика обучения иностранным языкам, Москва 2000

4. Зимняя И А Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке, Москва 1985

5. Иванова А М Обучение письменной речи на французском языке, Москва1981

6. Общая методика обучения иностранным языкам в средней школе. Под оедакиией А.А. Миролюбова, И.В.Рахманова, В.С.Цетлин Москва, Просвещение 1967

7. Гез Н.И. Методика обучения иностранным языкам в средней школе,Москва 1982

б) қосымша

1 Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Ленинград 1974

2. Колкер Я М, Устинова Е С, Еналиева ГМ Практическая методика

обучеиия иностранному языку, Москва 2000 З.Моппегі А. Віепүепи еп Ғгапсе. Мёіһосіе йе Ғгапдаіз, Рагіа 1991

4. Рогова Г.В. Содержание обучения иностранному язику в школе. Иностранные языки в школе ,1974 №3

Сабақ 3

І.Сабактың тақырыбы: Екінші шетел тілін оқытудың негізгі әдістемелік

принциптері.

2.Сабақтың жоспары:

а. Негізгі әдістемелік принциптер.

ә. Жалпы дидактикалық принциптер.

с. Жекелеген принциптер.



З.Теориялық мәліметтер:

Жалпы дидактикалык принциптер күллі пәңдерді оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы қағидалар болып табылады. Мұндай принциптерге мыналар жатады:

1) тәрбиелей отырып оқыту принципі,

2) оқытуды өмірмен ұштастыру принципі

3) оқушылардың оқудағы саналылық принципі

4) творчествалық белсенділік принципі,

5) көрнекілік принципі,

6) оқытудың ғылыми принципі

7) жүйелілік пен бірізділік принципі,

8) білімді берік меңгеру принципі

9) оқытудың түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі,

10) оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру принципі.

Бұл дидактикалық принциптер барлық пәндерді оқытуда қолданылатын әмбебап принциптер. Олар шетел тілін оқыту процесіне де қатысты. Сондықтан кейбір методистер "шетел тілі" пәнінің ерекшеліктерін ескермей, жоғарыда аталған дидактикалық принциптерді методиканың бірден - бір принциптері деп қарай келді. Алайда шетел тілін оқыту өзіндік ерекшеліктері бар процесс. Сондықтан шетел тілін оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асыруға үлкен мән бере отырып, оларды толықтыратын, оқытуға лайықтайтын жаңа қағидалар мен түзетулер енгізу керек. Мысалы, саналылық принципі бір кезде шетел тілінің жүйесін ана тілінің сәйкес кұбылыстарымен салыстыра отырып игеру деп түсіндірілген. Соның салдарынан сабақта теориялык ережелер, ана тілімен салыстыру басым болған. Ал тілді іс жүзінде меңгеруге жеке көңіл бөлінбеген. Қазіргі кезде бүл принцип шетел тілін оқытуда басқаша қаралады:

окушылар шетел тілінін жүйесін меңгеруге тиісті емес, олар сөз әрекетінің күрылымын, оның мазмүнын түсінуі керек.

Сондай-ақ белсенділік принципі оқушылардың көзге түсетін белсенділігінен гөрі, олардың сөйлеу органдары мен ойының белсенділігін талап етеді т. б.

Сонымен, казіргі кезде шетел тілін оқыту методикасында оку-тәрбие процесін кұруда басшылыкқа алынатын принциптер иерархия құрады

. Бұл иерархия үш деңгейден тұрады: 1) дидактикалық принциптер жүйесі, 2) шетел тілін оқыту методикасының төл принциптері,

3) а) жалпы принциптер, ә) жекелеген принциптер:



4.Бақылау сұрақтары:

1 .Негізгі эдістемелік принциптерге кандай прициптер жатады?

2.Негізгі эдістемелік принциптер калай жүзеге асырылады?

З.Белсенділік приципы окушылардан нені талап етеді?



5.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

І.Негізгі әдістемелік принциптер.

2.Жалпы дидактикалық принциптер.

З.Жекелеген принциптер.



б.Студенттің үй тапсырмасы:

1. Негізгі әдістемелік принциптерге қандай прициптер жатады?

2. Негізгі әдістемелік принциптер қалай жүзеге асырылады?

З. Белсенділік приципы оқушылардан нені талап етеді?



7.Әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1Ильина Т.А.Педагогика. Педагогтық институтгардың

студентеріне арналған оқу құралы. Алматы , Мектеп 1977

Абдигалиев С Неміс тілін оқытудың негіздері, Алматы 1992

Гальскова Н Д Современная методика обученич иностранным

языкам, Москва 2000

Зимняя И А Нсихологические аспекты обучсния говорению иа

иностранном языке, Москва 1985

Иванова А М Обучение письменной речи на французском языке,

Москва 1981

6. Общая методика обучения иностранным языкам в средней школе. Под оедакцией А.А. Миролюбова, И.В.Рахманова, В.С.Цетлин Москва, Просвещение 1967

7. Гез Н.И. Методика обучсния иностранным языкам в средней школе.Москва 1982

б) қосымша

1 Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Ленинград

1974


2. Колкер Я М, Устинова Е С, Еналиева Г М Практическая методика

обучения иностранному языку, Москва 2000 З..

Иностранные языки в школе ,1974 №3
Сабақ 4

І.Сабактың тақырыбы: Бірінші және екінші шетел тілдерін оқыту принциптерін салыстыру ■

2.Сабақтың жоспары:

1. Коммуникативтік бағдар принципі.

2. Ана тілінін ерекшеліктірін ескеру принципі.

3. Жаттығудың басымдылық принципі.



З.Теориялық мәліметтер:

Шетел тілін оқыту принциптерінің екі топқа бөлінетінін көруге болады: жалпы принциптер және жекелеген принциптер.

Шетел тілін оқытудың жалпы принциптеріне мыналар жатады

4. Шетел тілін оқытудағы комуникативтік бағдар принципі.

5. Ана тілінің ерекшеліктірін ескеру принципі

6. Шетел тілін меңгерудің барлық деңгейлері мен сатыларында жаттығудың басымдылық принципі.

Шетел тілін оқытудағы коммуникативтік бағдар принципі бойынша шетел тіліндегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, мақсатқа бағдарлауы, жүзеге асырылуы нәтижесінде оқушылар бағдарламада белгіленген тақырыптар көлемінде шетел тілін қатынас қүралы ретінде пайдалану іскерліктері мен дағдыларын игеруге тиіс. Коммуникативтік бағдар принципі бойынша тілдік материалды (фонетиканы, лексиканы, грамматиканы) меңгеруге арналған жұмыс шетел тілінде қатынас жасау үшін сол материал қалай қолданылатынын көрсетумен аяқталуы керек. Аталған принцип ауызша сөзге үйретуде де, жазбаша сөзге үйретуде де, яғни оқу жөне жазу процесінде де қолданылуға тиіс.

Ана тілінің ерекшеліктерін ескеру принципінің шетел тілін оқытудағы маңызы үлкен. Шетел тілі сабағы үстінде тек шетел тілінде ғана жаттығулар жасау арқылы сабақтан ана тілін аластауға болғанымен, оны оқушылардың санасынан аластау мүмкін еместігін академик Л. В. Щерба жақсы айтқан. Олай болса, шетел тілін оқытуда ана тілін аластау емес, кайта окушылардың ана тілін меңгерудегі тәжірибесіне сүйену керек. Сөйтіп, ана тілінің тиімді ықпалын барынша пайдаланып, оның тиімсіз ықпалы болатын материалды бекітуде көптеген жаттығулар жасау арқылы интерференцияны жою керек. Онын үстіне орыс тілінің де тиімді ықпал ететін жерлерін толық пайдалану

керек.

Шетел тілін меңгерудің барлық салаларында жаттығудың басымдылық , принципі зор маңыз атқарады. Жаңа сабақты түсіндіру жүмысын әрқашан тиісті материалды қалай қолдануды көрсететін жаттығумен аяқтап отыру керек.



Шетел тілін оқытудың жекелеген принциптеріне мына принциптерді жатқызуға болады: 1) шетел тілін үлгі сөйлемдер арқылы оқыту принципі,

2) тіл материалын жаттығтыруды сөз практикасымен ұштастыру принципі,

3) әр түрлі сөз әрекетінің бір-бірімен байланыстылық принципі,

4) оқу мен жазуға үйретуде тілдік материалды алдын ала ауызша менгеру принципі,

5) апроксимация принципі,

6) шетел тілін окытудың төменгі сатысында оқытудың интенсивті принципі.



  1. Шетел тілін үлгі сөйлемдер арқылы оқыту принципі казіргі кезде тілді игерудің ең ұтымды жолы болып табылады. Бүл принцип бойынша тіл және сөз материалы мұқият іріктеліп алынып, олардың үлгілері жасалады да, оқушыларға жиі қолданылатын фонетикалық лексикалық және грамматикалық материал мен үлгі сөйлемдер беріледі. Оларды игеру нәтижесінде оқушылар ауызша сөзде де, жазбаша сөзде де коммуникативтік актіні атқаруға мүмкіндік алады.

2) Тіл материалын жаттықтыруды сөз практикасымен ұштастыру принципі бойынша тілдік материалды меңгеру өте маңызды болғанымен, ол оқытудың мақсаты бола алмайды, оны тек мектеп бағдарламасы көлеміиде шетел тілінде қатынас жасау іскерлігін меңгеру үшін қажетті кұрал ретінде меңгеру керек.

3) Әр түрлі сөз әрекетінің бір-бірімен байланыстылық принципі мұғалімнен сөз әрекетінің іскерлігі мен дағдыларын үйлесімді түрде қалыптастыруын талап етеді. Сөз әрекетінің барлық негізгі түрлері - тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу, жазу — бір-бірімен тығыз байланысты: олар бір-бірін толықтырып, бір түрі нашар дамыған болса, екінші түрі оны жетілдіруге көмегін тигізеді.

4) Оқу мен жазуға үйретуде тілдік материалды алдын ала ауызша меңгеру принципі тексті (мәтінді) оқыр алдында ондағы тіддік материалды ауызша жаттығулар арқылы меңгеруді талап етеді. Бұл материал, әрине, текстегіден өзгеше контекстерде меңгерілуге тиіс. Сонда ғана оқушылар оны әуелі ауызша, сосын оқу үстінде меңгеріп алады.

5) Апроксимация принципі мұғалімге оқу-тәрбие жұмысын ұтымды ұйымдастырып, ұтымды тексеруге мүмкіндік береді. Бүл принциптің мәні — мұғалім кейбір қателерді ескермеуге толық праволы; егер ол қателер коммуникацияға зиянын тигізбесе, яғни қатесі бола тұра, оқушының айтқанын түсіну мүмкін болса, ал қателерді түзетуге уакыт жоғалтудың қажеті жоқ. Мұғалім бұл принципті жүзеге асыру арқылы оқушының қатеден қорқуын жояды, сөйтіп оның еркін сөйлеуіне мүмкіндік береді.

6) Төменгі сатыда оқытудың интенсивті принципі тілді оқыту процессінде аса кажет. Бұл принцип оқу жоспарында да бағдарламада да кездеседі.5-6 класстарда шетел тіліне көп сағат бөлінген.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Бірінші және екінші шетел тілдерін оқытудың принциптерінде қандай айырмашалық бар?

2. Бірінші жөне екінші шетел тілдерін окыту принциптерінде қандай ерекшекеліктері бар?



5.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1 .Комуникативтік бағдар принципі.

2.Анатілінің ерекшеліктерін ескеру принципі.

З.Жаттығудың басымдылық принципі.



б.Студенттің үй тапсырмасы:

1. Бірінші және екінші шетел тілдерін оқытудың принциптерінде қандай айырмашалық бар?



  1. Бірінші және екінші шетел тілдерін оқыту принциптерінде қандай ерекшіліктері бар?

  2. Әдебиеттер тізімі

  3. а) негізгі:

1. Ильина Т.А.Педагогика. Педагогтык институттардын студентеріне арналған оку кұралы. Алматы , Мектеп 1977

2. Абдигалиев С Неміс тілін окытудын иегіздері, Ллматы 1992

3. Гальскова Н Д Совремешіая методика обученич иностранным языкам, Москва 2000

4. Зимняя И А Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке, Москва 1985

5. Ивааова А М Обучение письмешюй речи на французском языке, Москва 1981

6. Общая методика обучения иностранным языкам в средней школе. Под оедакцией А.А. Миролюбова, И.В.Рахманова, В.С.Цетлин Москва, Просвещение 1967

7. Гез Н.И. Методика обучения иностранным языкам в средней школе,Москва 1982

б) қосымша

1 Щерба Л.В. Языконая система и речевая деятельность. Ленинград

1974


2. Колкер Я М, Устинова II С, Еналиева Г М Практическая методика

обучения иностранному языку, Москва 2000 З.Моппегі А. Віепуепи еп Ғгапсе. Мёіһоііе Ае ігапраія, 1'агіз 1991 4. Рогова Г.В. Содержание обучения иностранному язику в школс.



Иностранные языки в школе ,1974 №3
Сабақ 5

І.Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға билингвальдық (мультилингвальдық) білім берудің оқыту мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері.

2.Сабактың жоспары:

1. Әдіс термині.

2. Білім берудің оқыту мазмұнының. ерекшеліктері.

3 Оқытудың практика, көрсету және түсіндіру сияқты әдістері.


З.Теориялық мәліметтер:

Шетел тілдерін оқыту методикасында әдіс термині екі түрлі мағынада қолданылады. Бір жағынан әдіс ол кең, жалпы мағынада қолданылып, оқытудың принципті бағыты деген ұғымды білдіреді. Демек, бұл мағынасында әдіс — белгілі бір мақсатпен оқытудың жалпы үлгісі. Екінші жағынан, бул термин тар мағынада қолданылып, мұғалімнің оқушылармен жумыс істеу әдісі деген үғьмды білдіреді. Оның осы екінші мағынасы дидактикада қолданылып жүрген терминнің мағынасымен сәйкес келеді. Дидактикада окытудың мынадай әдістерін ажыратады: ауызша баяндау әдісі (түсіндіру, әнгімелеу, мектептегі лекция), демонстрациялық әдіс, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдістері, лабораториялық жұмыс, жаттығулар .

Бұл әдістер оқушыларға ғылым негіздерінен теориялық білім беру, сондай-ақ оқушылардың лабораториялық жұмыстарын орындау арқылы және кітап арқылы білім алу әдістері болып табылады. Олардың ішінде тек жаттығулар ғана іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін қолданылады. Демек, аталған әдістер ғылым негіздерін оқытуда өте тиімді болғанымен, шетел тілдерін оқытуға жарамсыз. Сондықтан шетел тілдерін оқыту үшін жарамды әдістерді анықтау керек.

Орта мектепте шетел тілдерін оқытудың практика, көрсету және түсіндіру сияқты әдістері кездеседі. Ал Н.И.Гез т. б. авторлардың орта мектепте шетел тілдерін оқыту методикасында шетел тілін оқытудың негізгі әдістері ретінде демонстрациялау, түсіндіру және жаттығулар аталады. Бұл екі оқулықтағы әдістердің аттары бөлек болғанмен (екі кітапта да тек бір әдістің атауы ғана бірдей ), олардың мәні бір сиякты.Демонстрациялық әдісі мен көрсету әдісінің арасындағы бір айырмашылық тек атауларында ғана тұр. Сондықтан біз көрсету әдісі деген терминді колданбақпыз. Ал практика әдісі жаттығулар аркылы жүзеге асырылатындыктан, бүлардың айырмашылығы сол атауларында. Олай болса, біз жаттығулар әдісі деген терминді қолдаймыз. Сонымен шетел тілін оқытудың негізгі әдістері деп көрсету әдісін, түсіндіру мен жаттығуларды атаймыз. Енді осы әдістерге қысқаша тоқталып өтейік.



Шетел тілдерін оқыту процесінде көрсету әдісі ерекше орын алады. Басқа пәндерді о қытуда бұл әдіс дербес әдіс бола алмай, тек басқа әдістермен қосарлана қолданылса, шетел тілін оқытуда ол дербес әдіс міндетін аткарады. Шетел тілін іс жүзінде меңгеруде, оны мектеп бағдарламасы көлемінде қолдануда к ө р с е т у әдісінің маңызы зор. Мұнда заттарды, суреттерді, түрлі кестелер мен схемаларды көрсетумен қатар, одан да мәндірек сөз технологиясьш көрсету, ауызша және жазбаша сездің қалай жүзеге асырылатынын көрсету басым орын алады. Шетел тілінде сөйлейтін ортаның жоқтығы сол тілдегі сөзді көрсетудің маңызын арттыра түседі.

Т ү с і н д і р у шетел тілдерін оқыту процесінде қазіргі кезде қарапайым орын алады^ Шетел тілін окытуда түсіндірудің маңызы едәуір болғанмен, бүл әдіс тек тіл материалын меңгеру, кезеңінде қолданылады да, сөзді игеруде колданылмайды. Сөйтіп, түсіндіру көмекші кызмет аткарады. Оны оқушыларға тіл қүбылысының мәнін түсіну қиын болған жағдайда колданады.



Ж а т т ы ғ у әдісі шетел тілін окып-үйренуде басым роль атқарады. Мүғалімнін колданатын барлык әдістері мен тәсілдері шетел тілін катынас күралы ретінде қолдану практикасында жаттығуларда өз орындарын табуға тиіс. Сөз әрекетінін кандай түріне үйретсек те сабақтын негізгі бөлігі жаттығу болады. Жаттығу аз болған жерде сабақтан нәтиже шыкпайды, окушылардың пәнге қызығушылығы төмендейді. Керісінше, сабакта түрлі-түрлі белсенді жаттығулар мол болса, оқушылар сөз әрекетіне тез машықтанады. Сонымен мектепте шетел к тілін о ытудың барлық сатыларында жаттығулар мықтап орын алуға тиіс.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Оқушыларға билингвальдық (мультилингвальдық) білім берудің мазмұны қандай болу тиіс?

2.Оқушыларға билингвальдық(мультилингвальдық) білім берудің әдістерінің ерекшеліктері кандай?

3. Оқушыларға билингвальдық (мультилингвальдық) білім берудің қиындығы неде?

4. Оқушыларға билингвальдық (мультилингвальдық) білім берудің жетістіктері неде?

5.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Әдіс термині.

2.БІЛІМ берудің оқыту мазмұнының ерекшеліктері.

З.Оқытудың практика, керсету және түсіндіру сияқты әдістері.



6.Студенттің үй тапсырмасы:

1. Оқушыларға билингвальдық (мультилингвальдық) білім берудің мазмұны қандай болу тиіс?

2.0кушыларға билингвальдық (мультилингвальдық) білім берудің әдістерінің ерекшеліктері кандай?

З.Оқушыларға билингвальдық (мультилингвальдык) білім берудің қиіидығы неде?

4.0қушыларға билингвальдық (мультилингвальдық) білім берудің жетістіктері неде? 7.Әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1. Ильина Т.А.Недагогика. Педагогтык институттардың студентеріне арналган оку кұралы. Алматы , Мектеп 1977

2. Абдигалиев С Иеміс тілін окытудын нсгіздсрі, Алматы 1992

3. Гальскова Н Д Современная методика обучснич иностранным языкам, Москва 2000

4. Зимняя И А Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке, Москва 1985

5. Иванова А М Обучение письменной речи на французском языке, Москва 1981

6. Общая методика обучения иностранным языкам в средней иіколе. Под оедакцией А.А. Миролюбова, И.В.Рахманова, В.С.Цетлин Москва, Просвешение 1967

7. Гез Н.И. Методика обучения иностранным языкам в средней школе,Москва 1982

б) косымша

1 Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Ленинград

1974


2. Колкер Я М, Устинова Е С, Еналиева Г М Практическая методика

обучения иностранному языку, Москва 2000 З.Моппегі А. Віепуепи еп Ғгапсе. Мёіһоёе гіе Ғгап^аі», РагІ8 1991 4. Рогова Г.В. Содержание обучения иностранному язику в школе.

Иностранные ячыки в школе ,1974 №3



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет