«Экология» пәні бойынша тест тапсырмалары



жүктеу 81.32 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі81.32 Kb.
«Экология» пәні бойынша тест тапсырмалары
6 вариант


  1. Эйдэкология - нені оқытады?

А) Түрлерді.

В) Популяцияларды.

С) Бірлестіктерді.

D) Түрлер мен популяцияларды.

Е) Ағзаларды.


  1. Тірі ағзаны қоршайтын және онымен тікелей бөлігін атаңыз:

  1. Экологиялық фактор.

  2. Адаптация.

  3. Мекендейтін орта.

  4. Экологиялық қуыс.

  5. Орман.

3. Қоршаған ортаға адамның әртүрлі әсерлерінің жыинтығын экологиялық факторлардың қандай тобына жатқызады:

  1. Эдафикалық.

  2. Химиялық.

  3. Абиотикалық.

  4. Биотикалық.

  5. Антропогендік.

4. Тірі ағзаларға жарық әсері қандай құбылыстарды тұғызады?

А)Өсімдіктердегі гулденудің басталуы.

В)Жәндіктерде тыныштық кезеңінің басталуы.

С)Құстардың ұшуға дайындалуы.

D) Жануарлар мен өсімдіктердегі тәуліктік және маусымдық ырғақтар.

Е) Барлығы.

5. Саластырмалы тұрақты экологиялық факторларға жатады:

А) Биоталық фактолар (мысалы, жыртқыштық).

В) Температура, ылғалдылық, жауын-шашындар мөлшері.

С) Мұхиттың тұздық құрамы, тартылыс күші, күн сәулесінің тұрақты шамасы.

D) Азық пен жасырынатын жердің болуы.

Е) Жоғарыда көрсетілген бар жауап.



  1. Тундрада жануарлардаң таралуын шектейтін экологиялық фактор:

А) Ылғалдылықтың жетіспеушілігі.

В) Ылғалдылықтың артық мөлшері.

С) Жылудың жетіспеушілігі.

D) Азықтың артық мөлшері.

Е) Оттегінің концентрациясы.

7. Пойкилотермді ағзалар бұл:



  1. Терморегуляция механизмі мен денесінің тұрақты температурасы бар.

  2. Зат алмасудың жоғары деңгейі барлар.

  3. Терморегуляция механизмі жоқ және денесінің тұрақсыз температурасымен сипатталады.

  4. Жылы қандылар.

  5. Қоршаған орта температурасынан дене температурасы тәуелсіз.

8. Күн ұзақтылығының маусымдық өзгерістеріне ағзаның жауп беруі:

  1. Циклдік.

  2. Периодтылық.

  3. Фотопериодизм.

  4. Биологиялық ырғақ.

  5. Физиологиялық ырғақ.

9. Қоңыржай – ылғалды жерлерде мекендейтін өсімдіктер:

А) Ксерофиттер.

В) Мезофиттер.

С) Гигрофиттер.

D) Гидрофиттер.

Е) Гидатофиттер.

10. Биологиялық ырғақ дегеніміз не?


  1. Ішкі мүшелер жұмысының ырғағы.

  2. Өмір сүрудін циклдік өзгерістердің жағдайларына бейімделу үшін биологиялық құбылыстардың біркелкі кезектесуі.

  3. Тірі ағзалардың өмір сүрудін кейбір өзгерістерінің уақыттағы біркелкі кезектесуі.

  4. Тірі ағзалардағы активтілік пен тынығу периодының кезектесуі.

  5. Жануарлардың периодикалық миграциясы.

11. «Паразит – ие» түрлі өзара қатынасты сипаттайтын тіршілік ортасын айтыңыз:

А) Су.


В) Топырақ.

С) Жербеті – ауа.



  1. Тірі ағза.

  2. Қоғам.

12. Өзіне зиянсыз бір түрдің басқа түр үшін қорек немесе мекендейтін орын беретін қарым-қатынасты айтыңыз:

  1. Жыртқыштық.

  2. Конкуренция.

  3. Паразитизм.

  4. Комменсализм.

  5. Симбиоз.

13. Бір-бірінен энергия және органикалық затты кезектесіп алып отыратын өзара байланысты түрлер не түзеді:

А) Кәсіпшілік популяциялар.

В) Қоректік тізбектер.

С) Қайта қалпына келетін биоценоздар.

D) Агроценоздар.

Е) Дұрыс жауабы жоқ.

14. Қорек тізбегіндегі энергия беруді дұрыс көрсететін төмендегі тізбектің қайсысы дұрыс:

А) Өсімдіктер-жапырақтар түсуі-жауын құрты-жертесер-түлкі.

В) Өсімдіктер-жертесер-жауын құрты-жапырақтар түсуі-түлкі.

С) Жапырақ түсуі-жауын құрты-өсімдіктер-жертесер-түлкі.

D) Түлкі-жертесер-жауын құрты-жапырақ түсуі-өсімдіктер.

Е) Өсімдік-жауын құрты-жертесер.

15. Екінші ретті консументтерге төмендегі ағзалардың қайсысы жатады:

А) Ет қоректі жануарлар.

В) Дара клеткалы балдырлар.

С) Хемосинтездеушілер.

D) Автотрофтылар.

Е) Өсімдік қоректі жануарлар.

16. Дұрыс құрастырылған екінші ретті экологиялық сукцессия:

А) Күйік → қына және балдырлар → шөп пен бұталар → шыршалы орман → қайынды орман → жалпақ жапырақ орман.

В) Жар - тас → қына және балдырлар → мүк және папоротник → шөп және бұталар → қайынды орман → аралас орман → шыршалы орман.

С) Шабылған орын → шөп және бұталар → қайың орман → аралас орман → шыршалы орман.

D) Тақыр жер → мүк және папоротник → шөп және бұта → аралас орман → қайың орман → жапырақты орман.

Е) Шаппа орын → шөп және бұта → мүк және қырыққұлақ → шыршалы орман → қайынды орман.

17. Тірі ағзаларға экологиялық факторлардың модификатор ретіндегі қызметі:


  1. Ағзаларда бейімділік өзгерістерді шақырады.

  2. Бұл жағдайда ағзалар өмір сүруі мүмкін емес.

  3. Ағзаларда құрылыс-функционалды өзгерістерді шақырады.

  4. Басқа факторларға бейімділігін тудырады.

  5. Ортадағы басқа факторлардың өзгеруіне куәгер болады.

18. Биотикалық популяциялық қарым – қатынас мысал ретінде, аменсализм түрімен өмір сүруі:

А) Шырша және жусан.

В) Актиния және шаян.

С) Түлкі және қасқыр.

D) Адам және адам аскаридасы.

Е) Росянка – құмырсқалар.

19. Территорияға байланысты популяцияның иерархиялық градациялары:

А) Географиялық, экологиялық, кездейсоқ.

В) Экологиялық элементарлық, географиялық.

С) Кеңістіктік, экологиялық, тұрақтылық.

D) Өсуші, экологиялық, тұрақты.

Е) Экологиялық, уақытша, жергілікті.

20. Биогеоценоздардың қандай өнімдерін білесіз:

А) Жалпы (валдық), бірінші, түрлілік, стационарлы.

В) Жалпы (валдық), бірінші, таза, түрлік, өтпелі.

С) Жалпы (валдық), таза, бірінші, екінші ретті.

D) Жалпы (валдық), таза, стационарлы, влғашқы, өтпелі.

Е) Таза, уақытша, бірінші, екінші ретті.

21. Озон қабатының бұзылуынан болатын негізгі қауіп:

А) Атмосферадағы көмірқышқыл газы концентрациясының шоғырлануының қарқындылығының көтерілуі.

В) Фотосинтез төмендеуі.

С) Климаттың суыттуы.

D) Ультракүлгін сәулелерінің өлімге әкеліп соқтыратын ықпалы.

Е) Климаттың жылынуы.

22. Әртүрлі өндірістік қалдықтарының атмосфералық ылғалда еруінен пайда болатын жауын-шашындар, қышқыл жауындар, бұлардың қандай рН көрсеткіші болады:

А) 3,9-дан төмен.

В) 7- ден төмен.

С) 7- ден жоғары.

D) 5,6 –дан төмен.

Е) 5,6-дан жоғары.

23. Шөлейттену процессіне Қазақстан Республикасының қанша жері (%) ұшыраған:

А) 10%


В) 30%

С) 60%


D) 40%

E) 100%


24. Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың қандай ұйымдастыру формасының анықтамасы берілген «Табиғи кешенді жаратылыстың күйінде сақтап қалу мақсатымен кәдімгі шаруашылық қолданысынан алынған учаскелер территориясы»:

А) Жаратылыс саябағы.

В) Қорық.

С) Табиғи саябақ.

D) Қорғалым.

Е) Дендрологиялық саябақ.

25. Қазақстандағы ең бірінші қорықты ата:

А) Батыс Алтай.

В) Үстірт.

С) Ақсу-Жабағалы.

D) Барсакелмес.

E) Наурызым.

26. Автомобиль түтінінен көп мөлшерде шығатын қосылыстар:

А) Көмірсутектер.

В) Күкірт диоксиді.

С) Қорғасын.

D) Иісті газ.

E) Бензапирен.

27. Қай жылы ең алғаш «Тұрақты даму» термині экологияда қолданылды:

А) 1960 ж.

В) 1970 ж.

С) 1992 ж.

D) 1990 ж.

E) 1980 ж.

28. Қай Саммитте Қазақстан Республикасының президенті

Н.А. Назарбаев «Экономикалық өсім тек әлеуметтік даму және экологиялық қауіпсіздік жағдайында» баяндамасымен шықты:

А) 1987 ж., Норвегия.

В) 1992 ж., Рио-де-Жанейро.

С) 1997 ж., Нью-Йорк.

D) 2002 ж., Йоханнесбург.

E) 2003 ж., Мәскеу.

29. Күн сәулесінің жер бетінен шағылу үлесі:

А) Магнето.

В) Диатриба.

С) Альбедо.

D) Марина.

E) Секка.

30. Болжамға сәйкес жер бетіндегі халықтың саны қаншаға келгенде тұрақтану керек:

А) 6 млрд. адам.

В) 10-12 млрд. адам.

С) 8 млрд. адам.

D) 7 млрд. адам.



E) 12-15 млрд. адам.
«Экология» пәні бойынша 6 варианттың тест тапсырмаларына жауаптары




Сұрақтың номеры

Дұрыс жауабы

1

A

2

C

3

E

4

E

5

C

6

C

7

C

8

D

9

B

10

B

11

D

12

D

13

B

14

A

15

A

16

A

17

C

18

A

19

B

20

C

21

D

22

D

23

C

24

B

25

C

26

D

27

C

28

C

29

C

30

B


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет