Экологиялық картографиялаудың пәні мен міндеттері. Экологиялық картографиялаудың ғылыми және практикалық маңызы. Экологиялық және экологиялық-географиялық картографиялау. Экологиялық картографиялаудың тарихы мен қазіргі концепциялары



жүктеу 260.26 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі260.26 Kb.
Экологиялық картографиялаудың пәні мен міндеттері. Экологиялық картографиялаудың ғылыми және практикалық маңызы. Экологиялық және экологиялық-географиялық картографиялау. Экологиялық картографиялаудың тарихы мен қазіргі концепциялары

Экологиялық жағдай мен оның динамикасын талдау экологиялық картографиялаудың мақсаты болып табылады, яғни адам денсаулығы мен экожүйе жағдайына (қалып-күйіне) әсер етуші табиғи орта факторларының кеңістіктік және уақыттық өзгермелілігін көрсету (ашу). Мұндай мақсатқа жету үшін көбіне салыстырылуы қиын, өте көп түрлі экологиялық ақпараттардың географиялық картографиялық ұғымын қалыптастыру және территориялық түсінікті жинау, талдау, бағалауды жүзеге асыру талап етіледі.

Экологиялық картографиялау – адамзат тіршілік ету ортасы мен басқа да биологиялық түрлердің күйі, яғни экоологиялық жағдайы туралы ақпараттарды жинау, талдау және картографиялық түсінік қалыптастыру тәсілдері туралы ғылым.

Экологиялық картографиялау дәстүрлі түрде мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бағдарламалар мен табиғатты қорғауға бағытталған проекттерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Экологиялық ақпарат мазмұны жағынан да, сондай-ақ шығу жағынан да әр алуан. Ол ресми және бейресми ақпарат көздерінен келіп түседі және әртүрлі әдістермен зерттеу нәтижесінде алынады. Бұған жататындар: арақашықтықтан зерделеу материалдары, ластаушы заттардың сапалық және сандық сипаттамасы мен олардың қоршаған ортаға түсу көлемі, жағдайы туралы статистикалық мәліметтер, ластанудың шындығында өлшенген деңгейі мен құрамының кеңістіктік және уақыттық динамикасы, халықтың денсаулығы, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі және тағы басқалардың жағдайы туралы мәліметтер. Осыншама шығу тегі әртүрлі мағұлматтарды біріктіретін нәрсе – олардың белгілі бір территорияға тиісті болуында.

Табиғатты қорғау әрекетінің шегінде картографиялық қамтамасыздықты талап ететін келесідей негізгі құрамдас бөліктер ажыратылады:


  • Ғылыми-зерттеу жұмысы (табиғи ортаның компоненттері бойынша бөлімшелерімен, зерттеу әдістерімен, әртүрлі иерархиялық деңгейдегі немесе глобальды масштабтағы территориялық бірліктерімен);

  • Атмосфералық ауаны, жер асты және жер үсті суларды, топырақ пен жер қыртысын, өсімдік және жануарлар дүниесін, ландшафттарды (экожүйе) тұтастай қорғау барысындағы практикалық әрекеттер (заң, экономикалық, технологиялық, гигиеналық аспектілерін қоса; жергілікті, аймақтық, ұлттық және халықаралық масштабта);

  • Экологиялық білім мен тәрбие (экологиялық білімді беру мен насихаттау).

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында карта мынадай функцияларды атқарады:

  • Жұмысты ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін пайдаланылатын зерттеу құралы (бұл ретінде топоненгіз алға шығады);

  • Зерттеу пәні (шындығында бар құбылыстың жеңілдетілген моделі ретінде). Мұндай мақсатта ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешу үшін өзінің мазмұны мен дәлдігі бойынша жарамды топографиялық та, тақырыптық та карталар пайдаланыла беріледі.

Практикалық іс-әрекетке арналған экологиялық карталар бағытталуы бойынша бөлінеді:

  • Тізімге алу-бағалау карталары (тұтастай ландшафт пен оның жекелеген компоненттері жағдайының бағасы мен көрсеткіштерден тұрады, әсер етуші факторлардың территориялық таралуының сипаттамасы);

  • Болжау карталары (болып жатқан тенденция сақталған кезде немесе белгілі бір сценари шегінде, болашақта кейбір даталардағы дамудың гипотезалақ нәтижелерден тұрады);

  • Ұсынылым карталары (экологиялық жағдаятты оңтайландыру мақсатында ұсынылған іс-шаралардың территориялық орналасуын көрсетеді);

  • Бақылау немесе мониторинг карталары (ұсынылған іс-шаралардың іске асу шамасы бойынша жағдаятты қадағалау үшін қолданылады).

Табиғатты қорғау бағдарламаларының картографиялық материалдарының орындалу сапасы ақпараттың тізімге алу-бағалау блогы арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне (инженерлік-экологиялық ізденістер) немесе фондылық немесе статистикалық материалдарға сүйенгендігіне байланысты.

Кешендік схеманың ұсынылым блогының іске асу негізділігі мен тиімділігі, керісінше, тізімге алу-бақылау және болжау блоктары антропогендік әсердің салдары гигиеналық және экономикалық бағамен аяқталған кезде айтарлықтай жоғарылайды. Гигиеналық баға территориялық бірлік және жекелеген нүкте үшін антропогендік әсердің бар және болжанған деңгейіндегі жекелеген аурулар мен олардың топтары бойынша ауруға шалдығу тәуекелінің есебімен бекітіледі. Экономикалық баға құн көрсеткішіндегі антропогендік әсердің басқа да түрлері мен ластану сипатының ауысуын ескереді.

Экологиялық білім мен тәрбиенің картографиялық қамтамасыз етілуі экологиялық және табиғат қорғау курстарының оқу бағдарламасымен, сондай-ақ географияның сәйкес бөлімдерімен келісілген картографиялық материалдарды құрудан тұрады. Экологиялық оқулық карталары коммуникативті функция атқаратын иллюстративті материалдар болып табылады. Картографиялауда қолданылатын «экологиялық және геоэкологиялық» терминдері іс жүзінде синоним ретінде қолданылады.

Картаны тақырыбы бойынша жіктеудегі дәстүрлі көзқарасқа сәйкес, негізгі бөлімдер табиғи құблыстар карталары (физикалық география) мен қоғамдық құблыстар карталары (әлеуметтік экономикалық) болып табылады. 1970-1980 жылдары әлеуметтік-экономикалық және физикалық-географиялық картография шекарасында жаңа «тоғысқан» бағыт – қоршаған орта мен адам өзара әрекеттестігін картографиялау немесе қазіргі түсініктегі экологиялық картографиялау туындады.

Экологиялық картографиялау тақырыптық (геологиялық, геоморфологиялық, топырақ) картографиялаудың басқа да салаларынан өзінің пәндік аймағын анықтау күрделілігімен ерекшеленеді. Экологиялық картографиялаудың негізгі нысаны ретінде әртүрлі рангтағы экожүйе, қоршаған ортаға антропогендік қысымның масштабы, биота, табиғатты қорғау шаралары, ағза мен ортаның өзара қарым-қатынасы, экологиялық жағдаят әртүрлі авторлармен қарастырылады.

Экологиялық картографиялау мәселелері мазмұнына сәйкес бейімделген, тақырыптық салаларда қалыптасқан дәстүрлі жолмен де, толықтай арнайы түпнұсқа мазмұнымен карта құрастыру жолымен де шешіледі. Сәйкесінше, экологиялық-географиялық картографиялау мен экологиялық картографиялаудың өзін ажырату орынды.

Экологиялық-географиялық картографиялау тақырыптық картографиялау аймағы шегінде қолданылатын жаңа карта түрлерін құрастырудан тұрады. Ландшафттарды қазіргі күйінде, сондай-ақ адам әрекетін көрсету экологиялық-географиялық картаның мазмұны болып табылады.

Экологиялық картографиялаудың өзі адам әрекетінің қоршаған ортамен әрекеттестігі процесінің кеңістіктік сипатына арналған.

«Экологиялық карта», «экологиялық картографиялау» терминдерін алғаш XX ғасырдың 70 жылдары француз геоботаниктері өсімдік жағдайы мен оған антропогендік әсерді жағдайына қарай енгізді. Өсімдік жағдайын картографиялау біртіндер дами келе, экологиялық картографиялаудағы биоцентристік бағытты қалыптастырды. Биоцентристік тәсіл биологиялық түрлер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланысты картографиялық зерттеуге мақсатталған.

Табиғи ресурстардың тізімі, экологиялық жағдайды бағалау және оны оңтайландыру жолдарын жасау бойынша қолданбалы жұмыстар экологиялық ресурстардың «басқа көздері мен құрамдас бөліктері» (антропоцентристік бағыт) болып табылады. Әдетте мұндай жұмыстар табиғатты қорғау бағытындағы аймақтық бағдарламаларда жүзеге асады. Мұндай жұмыстар биоцентристіктен, орта жағдайының бағасы қоршаған ортаның адам денсаулығына әсер етуі факторы тұрғысынан және табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану мүмкіндігі мен атқарылатындығынан ерекшеленеді.

Анторпоцентристік тәсіл өзінің мазмұны бойынша биота ландшафт теңдәрежелі компоненттерінің бірі ретінде қарастырылатын дәстүрлі географиялыққа жақын. Берілген бағытқа жататын карталарды, әдетте ерекше қорғалатын табиғи территориялар мен нысандардың ландшафтысы туралы антропогендік әсердің көздері мен ортаға тигізер салдары туралы мәлімет беріледі (тастанды және жиналған ластаушы заттардың құрамы мен көлемі, ластау деңгейі мен ареалдары).

Анторпоцентризм мен биоцентризмнің ара қатынасы экологиялық карталардың әр түрлілігі бойынша дифференциалданған: гигиеналық және экономикалық баға антропоцентрлік, ал табиғатты қорғау биоцентрлік. Биоцентрикалық және антропоцентрикалық амалдардың үйлесімі екі түрлі базалық және бағалық картаны құрастырудың практикалық қажеттілігін білдіреді. Біріншісі көрсеткіштердің табиғилықтан ауытқу көлемін сипаттаса, екіншісі – осындай ауытқулардың салдарына гигиеналық немесе экологиялық баға беруі керек.

Экологиялық жалпылаудың маңызды қасиеті болып, олардың территориалдылығы немесе территориядан тыстылығы табылады. Экологиялық заңдар мен заңдылықтарға ие бөлігі территориядан тыстылығына жатады, яғни территория ерекшеліктеріне тәуелсіз, бірдей әрекет етеді. Бірақ терриитория дифференциялдық сипатқа ие, олардың болуы картографиялауда қажет жалпылау ажыратылуы да болуы мүмкін. Оларға жататындар:

Экологиялық картографиялау үшін ішкі динамикалық тепе-теңдік заңының маңызы. Жекелеген табиғи (экологиялық) жүйенің динамикалық қасиеті, зат, энергия, ақпарат өздерінің иерархиясында өзара байланысқаны соншалық аталған көрсеткіштердің біреуінің кез-келген өзгерісі экожүйенің заттық-энергетикалық, ақпараттық және динамикалық қасиетінің жалпы суммасын сақтаушы функционалды-құрылымдық сандық өзгерістерден турады.

Картографиялау үшін ішкі динамикалық тепе-теңдік заңының маңызы салдары – экожүйе жағдайын карта бетінде шығару және көрсету қажеттілігі: фактор әсеріне тұрақтылығы, тұрақсыз тепе-теңділігі, тепе-теңсіздігі. Картографиялау кезінде ішкі динамикалық тепе-теңдік заңын пайдаланудың екі жолын ажыратады:


  • Экожүйе жағдайының сапалық бағасы;

  • Сандық экологиялық критерилер.

Біріншісі экологиялық жағдаятты сапалық бағалауда қолдануда көрінеді (шартты түрде қолайлы, қанағаттанарлық, қауіпті және апатты). Екіншісі экожүйе жағдайындағы сапалық өзгерістерге сәйкес келетін, көлемді картографиялау үшін бағалау бірлігі ретінде қолдануда анықталады.

Картографиялау үшін экологиялық корреляция және толеранттылық заңының маңызы. Экологиялық корреляция заңына сәйкес (Реймес қалыптастырды), экожүйеде тірі және абиотикалық компоненттердің барлық түрі бір-бірімен функционалды түрде сәйкестенеді. Осыған байланысты В.Шелфордтың толеранттылық заңына сәйкес, ағза мен түр дамуының лимитті факторы тұтастай min, max әсер ететін фактор болуы мүмкін; олардың арасындағы диапозон ағзаның төзімділік интервалын анықтайды. Осыдан келіп карторафиялық зерттеу үшін маңызды салдар шығады. Әрбір экожүйеде биота, оның ішінде адам да, геофизикалық және геохимиялық параметрлердің белгілі бір интервалдарына бейімделген. Химиялық элементтер концентрациясы жоғарылаған немесе төмендеген жағдайда ортада спецификалық түрлер орнығады. Антропогендік әсерлермен бүлінбеген экожүйе жағдайын эталон ретінде қарастыруға болады. Сондықтан картографиялау кезінде белгілі аймақ үшін эталон ретінде антропогенді әсерлермен бұзылмаған табиғи фонды қабылдау тиімді. Табиғи фоннан ауытқу көлемін антропогендік жүктеменің табиғи сипаттамасы ретінде қарастыруға болады. Міндеттің бұлай қойылуы табиғи ландшафттарды реконструкциялауға мақсатталған дәстүрлі физикалық-географиялық зерттеулерге қосымша мағына береді.

Экологиялық картографиялау үшін тірі заттың физикалық-химиялық бірлігі заңының маңызы. В.И. Вернадский негізін салған заңға сәйкес, Жердің барлық тірі заты физикалық-химиялық қатынаста бірегей: «Барлық биосфера біртекті тірі заттың әртүрлі комбинациясына бөлінеді»; тірі зат әртекті және біртекті болады, әртекті ағзалардың әр алуан түрлерінен тұрады. Бұдан келіп, тірі заттың бір бөлігі үшін зияндылар басқаларға да әсер етпей қоймайды.

Мұндай заңның болуы жекелеген заттармен ортаның ластануын картографиялау мәліметтерін әралуан интерпретациялық мүмкіндігін негіздейді.

Биосфераның физикалық-химиялық бірлігі зат айналым арқылы жетеді. Қоршаған ортаның ластану процесі – бұл техногендік ағынның қалыптасу процесі. Қоршаған ортаға түсетін ластану әртүрлі фазалы және әртүрлі компонентті сипатқа ие.

Экологиялық картографиялау үшін өмірдің барлық жағдайының тең маңыздылығы заңының маңызы. Берілген заңға сәйкес ортаның барлық табиғи жағдайы өмір үшін қажет. Бұл заң орта жағдайының интегралды сипаттмасын алуға мақсатталған синтетикалық картографиялау кезінде керек. Өмірдің барлық жағдайының тең маңыздылығы заңы экологиялық факторларды маңыздысына бөлуге мүмкіндік бермейді.


Тақырыптық картографияны экологияландыру. Экологиялық картографиялаудың жалпы мақсаты дәстүрлі әдіспен қоршаған ортаға адамның тигізетін әсерін нақтылап көрсету. Экологияландыру қазіргі кезде заманауи ғылымның дамуын көрсетеді және көптеген барлық тақырыптық картографиялау салаларында көрініс табуда.

  1. Геологиялық картографиялау және оның экологияландырылуы

  2. Геоморфологиялық картографиялау және оның экологияландырылуы

  3. Климаттық картографиялау және оның экологияландырылуы

  4. Гидрографиялық картографиялау және оның экологияландырылуы

  5. Топырақтық картографиялау және оның экологияландырылуы

  6. Геоботаникалық картографиялау және оның экологияландырылуы

  7. Әлеуметтік-экономикалық картографиялау және оның экологияландырылуы

Экологиялық картографиялаудың классификациясы

Экологиялық картографиялауды классификациялау сұрақтары әртүрлі әдіспен шешіледі, яғни классификациялау негізіне байланысты: картографиялық материалдарды талдау және жалпылау. Экологиялық мәселелер мен оны зерттеудегі амалдардың саны сияқты классификациялық белгілер де шектеусіз. Қазіргі уақытта экологиялық карталарды классификациялау ғылыми қолданбалы бағыттылығы бойынша жүреді, осының шегінде мынадай карталар бөлінеді:



  • Инвентаризациялық, яғни табиғи нысандардың бейнелеу сипаттамасына мақсатталған;

  • Бағалау, яғни қандай да бір критерий немесе нормативтермен табиғи ортаның жағдайы мен шартының сәйкестігін сипаттайды;

  • Болжау, яғни табиғи нысандар мен олардың қасиеттерін тікелей зерттеу үшін болжанған немесе қол жетімсіздікті көрсетеді;

  • Ұсынылым, яғни табиғи ортадағы қарым-қатынасты оңтайландыру мен үндестіруге бағытталған.

1994 жылдың желтоқсанына сәйкес жасалынған экологиялық мазмұнды отандық карталарды толығымен дерлік құрастырған РФҒА География Институтының географтары мазмұнына қарай оларды келесі топтарға бөлді:

  • Адамның іс-әрекеті мен өмірі үшін табиғи жағдайлар мен ресурстарды бағалау карталары;

  • Қолайсыз және қауіпті табиғи жағдайлар мен процестер карталары;

  • Антропогендік әсерлер мен табиғи ортаның өзгерісі карталары;

  • Табиғи ортаның антропогендік әсерлерге тұрақтылығы карталары;

  • Табиғатты қорғау және табиғатты қорғау шаралары карталары; медико-географиялық карталар;

  • Рекреациялық карталар;

  • Кешендік экологиялық (экологиялық-географиялық, геоэкологиялық карталар).

Пайдалануы бойынша экологиялық карталардың классификациясы:

  • Табиғатты қорғау бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған карталар;

  • Практикалық табиғатты қорғауға арналған карталар (оның ішінде инвентаризациялық-бағалау, болжау, ұсынылым, бақылау);

  • Экологиялық білім беруге және тәрбиелеуге арналған карталар.

Сондай-ақ экологиялық және экологиялық-географиялық карталардың масштабы және территориялық қамтылуы, тақырыбы (жалпы және жеке, аналитикалық және синтетикалық) бойынша классификациясы белгілі. Экологиялық карталар үшін спецификалық болып, олардың карталардағы бастапқы ақпараттардың көзі бойынша бөлінуі табылады, негізінде құрастырылады:

  • Арақашықтықтан зерделеу;

  • Статистикалық мәліметтер және олардың өңделуі;

  • Алқаптық картографиялау және мониторинг;

  • Биоиндикаторлардың жағдайын зерттеу;

  • Әртүрлі көздерден алынған материалдарды жалпылау.

Экологиялық жағдай туралы мәліметтердің көздерін былай классификациялауға болады:

  • Ведомстволық қажеттілік бойынша (мемлекеттік мекемелердің, ғылыми зерттеу орындарының, қоғамдық бірлестіктердің материалдары);

  • Алынған мәліметтерді қолданудағы ғылыми және техникалық әдістер бойынша.

Мемлекеттік мекемелер.

Экологиялық мәліметтердің көзі болып табылатын мемлекеттік мекемелерге мыналар жатады:

Қазақстан Республикасының гидрометереология мен қоршаған ортаның мониторингі бойынша Республикалық қызметі (Қазгидромет), Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі, Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық Департаменті (Госсанэпиднадзор), Ауылшаруашылық Министрлігі.


Ғылыми-зерттеу орындары.

Жоғарыда айтылған ведомстволарға бығынатын, жоғары оқу орындарының құрамына кіретін қоршаған ортаның сапасы туралы үлкен көлемде мәліметтер тарататын ғылыми-зерттеу орындары. Көбіне бұл орындар көптеген территориялардың қоршаған ортасының проблемалары жайлы құнды мәліметтерді жинай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқарады. Дегенмен, осы құнды материалдарды жинау ауырға тиеді, өйткені олар басқа жеке мекемелердің меншігінде болады. Өкінішке орай, ережеге сай бір ыңғай каталог жоқ.

Қазіргі кезде ғылыми-зеттеу жұмыстары (ҒЗЖ) қаржыландырудың түрлі көздеріне сүйенеді. Тапсырыс бойынша алынатын нәтижелерді білу шектеулі болады, сондықтан болып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін білу оңай емес.

Түрлі серіктестегі зерттеу нәтижелері тематикаға сәйкес ғылыми конференциялар материалдарында, сонымен қатар реферативтік журналдарда жалпылама беріледі.


Коммерциялық мекемелер.

Бұларға судың, ауаның немесе топырақ қабатының сапасын анықтайтын коммерциялық негізде жұмыс істейтін мекемелер жатады. Кейбір мұндай фирмалар мемлекеттік мекемелер бөлімшелерінде де бар, мысалы, Госсанэпиднадзорда. Басқалары ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс атқарады немесе институттардың өздері ҒЗЖ ақыға орындайды.


Коммерциялық емес немесе қоғамдық мекемелер.

Бұлар судың, ауаның және топырақтың пробаларын лабораторияға жіберіп, қаржылай мүмкіншілігіне байланысты нәтижелеріне ақылы тапсырыс береді.

Қоғамдық мекемелердің мәліметтері жергілікті жағдайларға – (көлдің, орманның, ықшамаудынның экологиялық жағдайлары) пайдалы болып келеді. Қоғамдық мекемелер бұдан үлкен масштабтағы проблемалармен тек локальды деңгейде жұмыс атқарады. Осылайша, қоғамдық мекемелердің материалдары ірі масштабты жұмыстарда картографиялық мақсатта қолданылады.
Экологиялық жағдайда экологиялық карталар көмегімен сипатталатын жалпылама түсінік.

Барлық ғылымдарда жалпы ғылыми зерттеулермен қатар, ерекше заңдар мен әдістер бар.

Келесі әдістер ерекшеленеді: дистанциялық, математика-статистикалық, физика-химиялық және медико-биологиялық. Бұл әдістерді қолдану экологиялық жағдай мәліметтерінің көздерімен байланысты болады. Осындай төрт көзі бар:


  • Арақашықтықтан зерделеу;

  • Техногендік көздердің сипаттамалары;

  • Табиғи орта компоненттерінің экспедициялық және стационарлық зерттеу жағдайы;

  • Биоиндикаторлар жағдайы.

Экологиялық картография үшін табиғи-территориалдық бірліктердің шекаралары маңызды, өйткені олар паллютанттар миграциясы жолында геохимиялық және орографиялық бариерлер құрайды.

Экологиялық карталарда құбылыстардың негізгі класстары экологиялық мәселелер бойынша бөлінедеі: атмосфералық, су, жер, биотикалық, геологиялық-геоморфологиялық, кешенді (ландшафтық).

Картада бейнеленген табиғи және қоғамдық құбылыстар кеністікте ықшамдау сипатына қарай 5 ірі топқа бөлінеді:

1 – пунктарда ықшамдалған құбылыстар ( сынақ таңдалатын орын, мониторинг постдары, ұсақ масштабты картадағы қалалар мен өндірістер). Бұларды көрсету нысаны – олардың нүктелік орналасуы, сандық және сапалық сипаттамалары.

2 – сызықта ықшамдалған құбылыстар (мысалы, жолдар, құбырлар, әртүрлі шекаралар).

3 - ауданда ықшамдалған құбылыстар (мысалы, қалалар, өндірістер, ерекше қорғалатын аумақтар). Картада көрсетілуі болып таралу аудандары, сандық пен сапалық сипаттары болып табылады.

4 - өнінен (бір тегіс) таралатын құбылыстар (мысалы, атмосфера және оның сипаттары, тау жыныстары және оның қасиеттері). Бейнелену нысаны болып сандық және сапалық сипаттардың кеністіктік өзгерулері табылады.

5 – шашыранқы таралатын құбылыстар, яғни көп ұсақ объектілерден туратын (мысалы, биологиялық түрлер, ауыл шаруашылық дақылдар). Бейнелену нысаны болып аумақ пен таралу тығыздығы табылады.

Экологиялық карталарда қолданатын графикалық құралдар – масштабтан тыс (белгілер, әріптік, сандық), сызықтық, аудандық (аландық).

Картографияланған құбылыстардың шоғырлану түрінің, ақпараттын сипатынан (сандық немесе сапалық), графикалық құралдарды қолдануының өзара қатынасы картографиялық бейнелдеу тәсілдерін құрайды.
Экологиялық картографиялауда картографиялық бейнелеу тәсілдерін қолдану. Экологиялық бейнелердің орналасуын, сандық пен сапалық сипатамаларын, олардың өзара-қатынас және динамикасын көрсету үшін дәстүрлі картографиялық тәсілдерді қолданады:

1. Белгілер тәсілі. Нысандардың орналасуын, сандық және сапалық сипатамаларын көрсету үшін қолданады. Белгілрдің түсі мен формасы бейнеленген нысан туралы сапалық мәліметтерді көрсетеді, көлемі мен ішкі құрылымы – сандық мәліметтерді көрсетеді.

Экологиялық картографиялауда белгілермен мониторинг пунктері мен сынақ таңдау орындары, флора мен фаунаның сирек түрлерінің мекендейтін орындары, табиғи ескерткіштер және т.б. размерлері бойынша басқадан кішігірім, бірақ карта мазмұны бойынша маңызды нысандар белгіленеді.

Ұсақ масштабты карталарда құрылымдық белгілермен ластағыш заттардың көлемі мен құрамы көрсетіледі.

2. Сызық белгілер тәсілі шекаралар, жағалаулар, тектоникалық бұзылуларды көрсетуде қолданады.

Сызық белгілер сандық және сапалық сипатамаларды көрсетеді. Сандық көрсеткіш сызықтын қалындығы арқылы жүк тасудың қалындығын (қуаттылығын), сапалық (жүк тасудың құрамы) – түспен белгіленеді.

Экологиялық картографиялауда сызық белгілер тәсілін қоршаған ортаға сызықтық әсер көздерін көрсету үшін қолданады: автокөлік мен темір жолдар, құбырлар ЛЭП (энергия беру линиялары) және өзендер (су сапасы сипатымен).


  1. Сапалық фон тәсілін сапалық сиаптамасын көрсету үшін қолданады:

  • тегіс құбылыстар (топырақ жамылғысы, геологиялық құрылым, ландшафттар)

  • шашыранды таралған (тұрғылықты жерлер, халын мекені)

Бұл тәсілді қолданғанда аймақ сапалық біртекті контурларға бөлінеді. Олар сандық сипатна қарай бір түспен немесе штрихпен көрсетіледі. Бұл тәсілде графикалық құрамы болып табылады: түс, жарты түс, штрихтер, әріп-сандық индекстер.

Экологиялық картографиялауда сапалық фон тәсілі экологиялық жағдайды бағалау карталарының негізгі мазмұнын құрайды. Кешенді экологиялық карталарда ландшафтардың таралуын, жер пайдаланудың сипатын, ландшафттардың техногендік жүктемеге орнықтылығын және т.б. бейнелейді.



  1. Изосызықтар тәсілі. Сандық көрсеткіштердің бірдей мәнді нүктелерді қосатын сызықты изосызықтар дейміз. Ол рельеф, жауын-шашын мөлшері, ауа температурасы сияқты кеністікте өзгеріп отыратын құбылыстардың сандық сипаттамасы үшін қолданылады. Сызықар әртүрлі құрылымды, түсті, аумақтық фонға қарай қабатты тұс болады. Қабатты түс картографиялау құбылыстын мазмұынын ескеруі тиіс (мысалы, гипсометриялық карталарда биіктік мән бойынша түсті шкала қолданылады).

Экологиялық картографиялауда экологиялық жағдайы бойынша «бағдаршам принципі» қолданылады – жасыл, сары, қызыл түстерді жиі пайдаланады.

Изосызықтар арқылы физикалық-географиялық көрсеткіштерді, ластаушылардың сандық сипаттарын, табиғи ортаның ластануға орнықтылығын, геодинамикалық процестердің белсенділігі және т.б. бейнелейді.

5. Ареалдар тәсілін таралау аланы бойынша шектеулі құбылыстардың таралу аумағын көрсету үшін қолданады. Ареалдар тәсілі сандық және сапалық сипаттардың нақты мәліметін бермейді, ол картографияланатын құбылыстын таралу ауданының орналасуын көрсетеді.

Экологиялық картографиялауда ареалдар тәсілін биологиялық түрлердің ареалдарын көрсету үшін, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, ластаушының нақты түрінің таралу участкелерін, геодинамикалық процестерді көрсету үшін қолданады.

6. Нүктелік тәсіл шашыранды таралған құбылыстард көрсету үшін қолданад (мысалы, ауыл тұрғындары, мал басы, жайлым ауданы). Бейнелейтін құрал ретінде бір размерлі нүктелер жиынтығы болып табылады, олардың әр қайсысы нақты «салмаққа» - сандық көрсеткіштін мәніне ие.

7. Шоғырланған диаграмма тәсілін экологиялық картографиялауда аурулар көрсеткіштерінің ауытқулары, заттар концентрациясы, атмосфера немесе гидросфера ластануының жалпы деңгейі, шашылу күйі немесе өзіндік тазару потенциалы көрсету үшін қолданады.

8. Картодиаграмма тәсілі график немесе диаграмма арқылы бір құбылыстың суммалық мөлшерін бейнелейді. Бұл тәсілді қолданғанда зерттелген аймақ бойынша құбылыстын таралуын көрсетеді. Өзінің мазмұны бойынша бұл әдіс – статистикалық кестені картаға келтірген болып табылады. Картодиаграммалармен шығарындылар мен тасталымдар көлемі, мөлшері, қалдықтар саны, тыңайтқыштар мен пестицидтер мөлшері және т.б. көрсетіледі.

9. Картограмма тәсілі нақты бір аймақтағы бір құбылыстын орташа белсенділігін графикпен бейнелейді.

10. Жылжу белгілері (жылжу сызықтары, векторлар) нысандардың жылжуын көрсету үшін қолданылады (мысалы, құбырлар бағыты), ауа массаларының қозғалысы, жануарлар миграциясының жылжуы, мұхиттық пен теңіздік ағыстар т.б.

Негізгі құрал ретінде векторлар (стрелки) қолданылады – берілетін мәліметтердің сандық және сапалық сипатына ие. Сапалық сипаттар формалар, түстер, вектор құрылымы арқылы беріледі, ал сандық сипаттар көлемі арқылы (ұзындығы, еңі).



Экологиялық картографиялауда жылжу белгілерімен ластағыш заттардың таралау бағыттары, жануарлар миграцияларының жолдары және т.б. белгіленеді.
ГАЖ және сандық картография

ГАЖ дегеніміз – табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.

ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе.
Сондықтан қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр. ГАЖ мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күшті графикалық құрал болып табылады.
ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар ағыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады. Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады.
ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің бірі ­– нұсқаларының географиялық ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.
ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді шешеді:
1. Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;
2. Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық нысандармен байланыстыру;
3. Мәліметтердің карталық, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;
4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;
5. Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;
6. Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым-қатынас және т.б.
- ГАЖ – аймақта таралған ақпаратты жинап, өңдеп, сақтап, талдауға арналған.
- ГАЖ – белгілі бір аумақта пайда болған жағдайда жедел ықпал ету және сол жағдайдың картографиялық және тақырыптық ақпаратын алу.
- ГАЖ – аймақтың кеңістік контурынан әртүрлі тақырыптық ақпаратты бірінің үстіне бірін салу – overlay операциясы.
- ГАЖ – аналитикалық және картометриялық зерттеу мен талдау. Негізінде кез-келген картаның жоспар жолы ГАЖ арқылы жасалады.
- ГАЖ – кез-келген үрдістер мен құрылымдардың өзгеруін зерттеу және олардың жағдайын уақытында үлгілеу.
- ГАЖ кеңістіктік ақпаратты көрнекі ету және динамикалық режимді көрсету.
- ГАЖ – аумақтар мен қорларды басқару, жылдамдық, сапа, дәлдік.
- ГАЖ – ғылым, технология және бизнестің бір жерде тоғысуы.
- ГАЖ – кеңістік талдауда картография мен картометриядағы революция.
Қорыта келгенде, ГАЖ – кеңістіктік идеологияға негізделген жаңа қөзқарас, жаңа ойлау. Қазіргі уақытта ГАЖ-дың қолдану аясы кеңеюде, Дәстүрлі қолдануын қарастырсақ: жер ресурстары мен жер кадастрын басқаруда арнайы ГАЖ құрылады. Бұл тек географиялық бағытқа ұсынылған. Тақырыптық картографиялауда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны құрастыру дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда қарапайым әрі ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады, шыққан мәліметтер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын сандық түрлендіру арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі аумақтағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы басқа деректерді түзетіп,сол мезетте экранға көрсетеді.
Кеңістіктік деректер – нысан немесе құбылыстың пішіні немесе орналасу жағдайын анықтайды. Пішініне байланысты оларды: растрлық және векторлық деп бөледі. Растрлық деректерде – сандық, ғарыштық, әуе және жай суреттер, кез-келген оптикалық сканерленген құжаттар, қағаз карталарын жатқызуға болады.
Атрибуттық деректер – географиялық нысан туралы қосымша дерек береді. Кеңістіктік деректер базалық карта құрастырудың негізі болса, атрибуттық деректер бұл картаға үлкен мағына мен арнайы ерекшелігін береді. Векторлық деректер моделі-графикалық ақпарттардың нүкте, сызық, көп бұрышты түрде берілуін айтады. Ол дискретті нысандардың, мысалы, құбыр, жол, аудан шекараларына қолданғанға ыңғайлы. Ал растрлы деректер моделі ақиқат тең ұяшықтарға бөлінген пикселдер түрінде көрінеді. Олар деректерді сақтауға және талдауға ыңғайлы. Әр ұяшықтың класқа немесе категорияға қатыстылығын анықтайтын мәні болады.


Кез-келген ГАЖ-дағы деректерді 5 үрдіс қамтамассыз етеді: енгізу, манипуляция, басқару, сұраныс, визуализациялау.

Зерттелетін аймақтың картасын құрастыру

ESRI фирмасының бағдарламалық өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог түрінде құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар. ArcGIS – бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді. ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды, масштабталған жүйесі.
ArcMap – картаны құрастыру мен мәліметтерді редакторлау, сондай-ақ картографиялық талдау үшін қажет. Бұл қосымшада негізгі жұмыс картамен жасалады. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының жинағы, легендасы, масштабтық сызығы, солтүстік бағыт және басқа элементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновка болады.
ArcMap-та картада 2 қосымшамен жұмыс жасалады:
1) Географиялық мәліметтер негізінде – географиялық қабаттармен жұмыс жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалады.
2) Компоновка негізінде – карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз өлшемі беріледі.
ArcCatalog – геомәліметтердің базасын құрастыру мен кеңістік мәліметтерді басқару үшін, сонымен қатар, геоетамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты функцияларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлық мәліметтерін құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді іздеуге, көруге арналған құралдар, метамәліметтерді құрастыру, көру, басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады. ArcMap-қа ұқсайды, бірақ ерекшелігі – редакция жасалмайды.




ArcToolbox – мәліметтерді геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды сақтайтын қосымша.
ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox әртүрлі ГАЖ-функцияларды біріге отырып өңдейді. Мысалы, ArcCatalog-та картаның құжатын табамыз да, оны ArcMap-та екі рет шерту арқылы ашуға болады. Кейіннен, ArcMap-та ArcToolbox көмегімен өзгертулер келтіруге болады.
Қазіргі таңда әлем бойынша, картографияның перспектвасы ретінде танылған сандық немeсе электрондық картография біздің еліміз үшін де жат емес. Мәселен, даму бағытының бірі – Ұлттық Атласты (ЭкоАтлас деген атауға ие) құрастыру барысында география институтының мамандары ArcGIS бағдарламасын қолданған, сол сияқты басқа да елімізде карта жасау ісімен айналысатын мекемелер осы бағдарламаларды қолданады.
ArcGIS-те жұмыс жасамас бұрын кеңістікте өз орнын тапқан, яғни байланған топонегізді ала отырып, оны сканерден өткізіп, ArcGIS прграммасына орнатамыз. Осыдан кейін негізгі – керекті қабаттарды құру, оларды сандық түрге келтіру, қабаттың ішінде маңызды мәліметтерді енгізу үшін атрибуттар кестесін ашу кезеңдері басталады.
ArcСatalog-тағы vector папкасынан тышқанның оң жағын шертіп → жаңа (new) → қабат (shapefile) → терезе ашылады→ атау береміз → бейнелеудің қажетті түрін таңдаймыз (нүктелік, сызықтық, полигон) → координата жүйесін беру үшін Редакторлау (Editor)→Таңдау (Select) немесе Import→ Координата жүйесі проекциясы (Projected Coordinate System) → Пулково 1942 → керек зонаны таңдаймыз → ОК → ОК.
Осы ArcСatalog-та ашылған қабатты ArcMap-қа шақырамыз. Ол үшін ArcMap-тан “+” тетігін басамыз. Ашылған терезеден vector папкасындағы бізге қажетті қабатты шақырамыз, яғни Add. Әрбір Shapefile 6 құрамдас форматтан тұрады. “Оларды Мой Компьютер” арқылы ашқанда көреміз. Қабаттармен жұмыс істегенде сандық түрге келтіре отырып, сол нысандарға талдау бере кетеміз, яғни Атрибуттар кестесін ашамыз.
Редактор → Жұмысты аяқтау → Керек қабатқа барып, панелін ашамыз да, “Атрибуттар кестесін ашуды” таңдаймыз→ нысандардың атын жазу үшін жаңа жол ашу керек, опции → жол қосу (добавить поле) → жол атын береміз. Оның түрін таңдаймыз:
1.Қысқа сандар (Short integer)
2.Ұзын сандар (Long integer)
3.Бөлшек сандар (Double)
4.Мәтіндік (text)
Shapefile – сызық, нүкте, полигон түрінде болады. Ол 6 құрамдас бөліктен тұрады. Егер осы құрамдас бөліктердің біреуі кем болса, қабат ашылмайды. Сондықтан, кез-келген қабатты бір жерден екінші жерге көшіру үшін міндетті түрде 6 құрамдас бөлігін түгел көшіру керек. Кез-келген қабатпен жұмыс істегенде барлық нысандарды санатқа бөлеміз. Картасы құрастырылып отырған аумақтағы барлық нысандар салынып болған соң, әрбір нысанды өз санаты бойынша категорияға бөліп, жеке-жеке символ береміз. Яғни, пішінін, түсін, сызықтық нысан болғанда қалыңдығын және т.б. анықтаймыз. Нәтижесінде әрбір нысан өз категориясы бойынша белгілі бір шартты белгіге ие болады.
Карта бетіндегі нысандарды жазу технологиясы, мәтіндік баған құру, онымен жұмыс жасау жолдары. Географиялық нысандардың категорияларына қарай атауларына шрифт өлшемдерін таңдау. Кез-келген географиялық обьектілер белгілі бір ақпарат көзі болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіне тән мәліметі(атауы, морфометриясы, морфолгиясы) болады. Мысалы, таудың атауы, биіктік өлшемі, көлдердің атауы, тереңдігі, көлемі және т.б. Барлық географиялық карталарды құрастыруда карта бетіндегі нысандардың атауы жазылады, негізгі географиялық ақпарат беріледі.


Аннотация және оны құру жолы

Геометриялық әдіспен – полигон, сызық, нүкте түрінде берілген кеңістіктегі нысандар туралы мәліметтер карта бетінде жазу арқылы береді. Мұндай картографиялық мәліметтерсіз картаны оқу мүмкін емес. Сондықтан, әрбір нысанды салғанда, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін немесе атауларын атрибуттар кестесіне толтырамыз. Электронды карталар жасау барысында аннотация жасау міндетті емес.
Аннотация дегеніміз – нысандардың сандық және мәтіндік мәліметтерден тұратын жеке қабат. Аннотация құру жолы:
Нысандардың қажетті мәліметтері жазылған соң, мысалы, елді мекендердің атауы name жолы арқылы категорияға бөлініп, карта бетіне жазылады. Нысандардың атауы тек бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, оң жаққа, бірнеше қабаттың мәліметтері осы әдіспен жазылған жағдайда бір-бірімен араласып, оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан, жеке аннотация қабатын құрып, олардың орнын ауыстыруға болады. Осы жұмысты іске асыру үшін келесі функцияларды атқарамыз: ArcMap-та сол қабатқа барып, оң жағын басамыз → жазуларды аннотацияға конвертациялау (Convert labels to annotation) → ашылған терезеден осы аннотацияға қажетті мәліметтер болады → байланысты нысандар(feature linked).
Аннотация жасаған кезде ескерілетін жағдайлар:
- карта масштабын көрсету керек;
- аннотациямен жұмыс жасағанда карта бетіндегі обьекттердің картографиялық заңдылықтарын қатаң сақтау керек.


Карталарды безендіру. Қағаз бетіне басып шығаруға әзірлеу

Мәліметтер түрінде (Data view) – кеңістіктегі нысандарды бейнелеу, мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау, атауларын немесе жалпы мәліметтерін жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге асырамыз.
Компоновка түріндегі(Layout view) – картаны безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға дайындау жұмысы жүзеге асырылады.
1.Өзімізге қажетті масштабын көрсетеміз, карта қағаз бетіне симаса, қағаз өлшемін үлкейтеміз. Ол үшін Бет пен баспа параметрі( Page and print set up) командасын ашу керек. Оны екі жолмен ашуға болады:
1.Файл арқылы
2.Картадан бос кеңістікте тышқанның оң жағын басу арқылы.
Ашылған терезеде бірнеше операциялар орындалады. Мұнда тек қағаз өлшемі ғана емес, қағаз бетіне басып шығару жұмысы жүзеге асырылады.
1.Name командасында принтердің немесе плоттердің атын көрсетеміз.
2.Paper – қағаз өлшемін таңдаймыз.
3.Orientation:1)Портрет (Portret)
2)Альбом (Landscape)
Карта тақырыбын жазу үшін келесі командаларды орындаймыз:
Қою(Insert) → Аты (Title)→
Карта масштабын жазу
Карта бетінде масштабты 2 жолмен көрсетуге болады: сызықтық және сандық.
Сызықтық-Scale bar
Сандық-Scale text
Қою (Insert) → Сандық (Scale text)
Солтүстік бағдарды шақыру
Қою (Insert) → Солтүстік бағдар (North Arrow)
Карта легендасын құрастыру
Карта легендасы – карта бетіндегі нысандарды оқу үшін құрастырылады. Оларды шартты белгілер деп табылады. ArcGIS-те шартты белгілерді құрастыру үшін әрбір қабатта көрсетілген нысандар мен мәліметтерді компоновкада карта бетіне шақырамыз. Кез-келген картаны құрастыруда картадан тыс бос орындардың барлығын шартты белгілерді қоюға пайдаланамыз.
Қою (Insert) → Легенда (Legend) → ашылған терезеде 2 баған бар:
1)Maplayers 2) Legend items → Далее → Аты → шрифт өлшемі → Далее → шартты белгінің ені мен ұзындығы → Дайын.
Картаны безендіру жұмыстарынан кейін дайын болған картаны қағаз бетіне басып шығару үшін төмендегі операциялар орындалады. Карта өлшемін тексереміз.Оның 3 түрі бар. Ол үшін, яғни оң жағын басып,
1. Бет пен баспа параметрі ( Page and print set up ) → Use printer paper settings → Show printer margins on layout
2.File → Print previe 3. File → Print → Number copies → OK
Жалпы географиялық және тақырыптық карталар – табиғат, шаруашылық, әлеуметтік орта, экожағдай туралы кеңістік ақпараттардың негізгі көзі. Жалпы картография бірнеше тақырыптық салаларға бөлінеді: геологиялық, топырақ, гидрографиялық, экономикалық, әлеуметтік, т.б. Картографияның тағы бір ерекше бағыты – экологиялық картография. Оның мақсаты – экологиялық жағдайды саралау, экожүйе мен адам денсаулығына әсер келтіретін табиғи орта факторларын қарастыру. Экологиялық картографияны кең көлемде табиғатты қорғауға бағытталған мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларды жобалауда қолданылады.


Картография – картографиялық бейнелеу мәселелерін зерттейтін және карталарды жасау мен оларды пайдаланудың әдістерін талдап-белгілейтін ғылым. Картографияның негізгі салалары : картатану, математикалық картография, карталарды жасау және редакциялау, картаны безендіру, картаны басып шығару , картометрия, сандық картогафия, картография өндірісінің ұйымдастырылуы мен экономикасы.

Сандық карта – картография заңдылығымен карта үшін қабылданған проекцияда , бетке бөлінуде , координаталар және биіктіктер жүйесінде , дәлдігі мен мазмұны бойынша белгілі масштабтағы картаға сәйкес жасалып ақпарат машинада белгіленген құрылым мен кодта жазылған жергілікті жердің сандық моделі.

Сандық картогафия – картаны қазіргі заманауи бағдарламалармен автоматты түрде жинақтау, сақтау, өзгерту және геоақпараттарды беру. Сандық карта (жергілікті жердің сандық картасы) — компьютерлік үлгі, мәліметтер мен ережелерден тұратын, орналасуын сипаттайтын және кеңістіктік-логикалық объектілердің қарым-қатынасы. Сандық карталардың классификациясы : сандық топографиялық карта, сандық авиациялық карта, сандық геологиялық карта, сандық кадастрлық карта және т.с.с. Сандық карта негізінен автоматандырылған картографиялық жүйенің (АКЖ) және географиялық ақпараттық жүйенің (ГАЖ) неггізі болып табылады. Сандық карталар қарапайым қағазды және компьютерлік карталарды қатты төсегіштің негізі болып табылады. Сандық карталар келесі әдістер бойынша құрылады:

  • сандылау дәстүрлі карталар өнімдерін (мысалы, қағаз карталар);

  • арақашықтықтан зерделенген мәліметтерді фотограмметриялық өңдеу;

  • далалық түсірілім (мысалы, геодезиялық, тахеометриялық түсіріс;

  • далалық түсірістердің камералдық өңдеу немесе басқа да әдістер.

Сандық картогафия мен ГАЖ өзара тығыз байланысты. ГАЖ бағдарламалары арқылы карталарды кеңістікте өңдеп, сақтап, безендірілер жүргіземіз. Ал сандық картографияда ГАЖ бағдарламасымен жұмыс істейміз, яғни ол карталарды сандау болып табылады.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет