Экономикада ұлттық валютаның рөлін арттыру: депозиттер нарығы



жүктеу 33.58 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі33.58 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Экономикада ұлттық валютаның рөлін арттыру: депозиттер нарығы
Жеңсікбаева Кулаш Мырхықызы

Қорқыт Ата атындығы Қызылорда мемлекеттік университеті

Депозиттер - банктер үшін аса маңызды. Себебі олар - арзан әрі ең қолжетімді қаржы көзі болып табылады. Соған орай Қазақстандық банк секторының міндеттемелерінің шамамен 70-80%-тін депозиттер құрайды. ҚР Ұлттық Банкінің жылдық есебінің мәліметтері бойынша 2013 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан банктерінің жиынтық міндеттемелеріндегі депозиттердің үлесі 77,3%-ті құраған. Банктер депозиттер есебінен тез әрі мол кіріс әкелетін ең белсенді активтік (несиелік, инвестициялық) операцияларын жүзеге асырады. Депозиттер бойынша салымшыларға төленетін процент түріндегі сыйақы мен берілген кредиттер бойынша кредит алушылардан алынатын проценттік ақы арасындағы айырмашылық есебінен банктер қомақты пайда табады. Сондықтан банктер депозитерді барынша көп тартуға ұмтылады. Сол себепті депозиттер рыногындағы бәсеке де жоғары болады. ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша барлық депозиттердің 75%-тен астамы 8 ірі банкте («Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «KaspiBank» АҚ, «Еуразия Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ) жинақталған.

ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша соңғы 5 жылда Қазақстандық депозиттік мекемелердегі резиденттердің депозиттерінің көлемінің өсуі қарқынды болған. 2010-2014 жылдары депозиттердің көлемі 7397,9 млрда теңгеден 11694,0 млрд теңгеге дейін ұлғайып, 1,6 есеге артқан. Халықтың жинақ салымдарының көлемі соңғы 5 жылда 1,9 есеге артып 2249,8 млрда теңгеден 4438,1 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Халықтың жинақ салымдарына қарағанда депозиттердің көлемі анағұрлым басым.

ҚР Ұлттық Банкінің сараптамалық зерттеулері бойынша депозиттердің көлемі өсуінің жоғары қарқыны келесі 3 негізгі факторлардың ықпалымен қалыптасқан: 1. банк секторын қолдау жөнінде жүргізілген мемлекеттік шаралар; 2. қор нарығының дамымауы салдарынан бос ақша қаражатын орналастыру құралы ретінде депозиттердің баламасының болмауы салдарынан банктерге деген сенімнің сақталуы; 3. жылжымайтын мүлік рыногының алыпсатарлық тартымдылығының төмендеуі.

Депозиттердiң жалпы сомасы iшiнде заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі басым. 2010-2014 жылдары заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесінің өзгерісі 69,4% - 61,2% дейінгі аралықта сақталған.

Депозиттердің құрамында теңгемен салынған депозиттердің үлесі 2010 жылы – 65,0%-ті, 2011 жылы – 68,6%-ті, 2012 жылы – 70,2%-ті, 2013 жылы – 62,6-ті, 2014 жылы – 44,4%-ті құраған. Шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағының артуы - халықтың ұлттық валютаның девальвациясын күтуімен байланысты болған.

2010 жылдың аяғында жеке тұлғалардың теңгемен салынған мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 8,8%-ті құраған болса, 2014 жылдың соңында 8,1%-ті құраған. Ал валютамен салынған мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2010 жылдың соңында 6,8%-ті құраған болса, 2014 жылдың соңында 3,9%-ті құраған.

2014 жылға дейін банктердің депозиттік базасының тұрақты өсуі - банк секторының ликвидтігінің негізгі көзі болып келеді. Бірақ кредитік ресурстарға деген сұраныстың тұрақты өсуі жағдайында банктер ұзақ мерзімді қаржы көздерінің тапшылығын басынан кешіріп отыр. ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша депозиттердің құрамында ұзақ мерзімді депозиттердің (мерзімі 5 жылдан асатын) үлесі аз.

Қорытындылайтын болсақ, экономикалық тұрақсыздық салдарынан туындайтын девальвациялық процесстер депозиттер нарығына әсер етпей қоймайды. Ұлттық валютаға деген сенімсіздіктің орын алып, депозиттер нарығының долларлануы күшейеді. ҚР Ұлттық Банкі долларлану проблемасын шешу үшін қазіргі уақытта бірқатар шаралар қабылдап депозиттер нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға арналған арналған жоспарларды әзірлеуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «24» желтоқсанда № 1370 қаулысымен мақұлданған «ҚР Үкіметінің және ҚҰБ-нің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы» мәлімдемесі бойынша Украина төңірегіндегі оқиғаларға байланысты 2015 жылы ҚР Ұлттық Банкінің қызметі - қаржы жүйесін нығайту және банк секторын сауықтыру арқылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Онда 2015 жылы теңгемен салынған депозитерді ынталандыру мақсатында салымшыларға кепілдік берілетін, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін сомасын 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайту және халықтың АҚШ долларындағы кепілдік берілетін депозиттері бойынша белгіленетін сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері жылдық 4 %-тен 3%-ке дейін төмендету қарастырылған. Бұл шаралар ұлттық валютадағы депозиттер нарығының оң динамикасына ықпал етуі тиіс.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР





  1. ҚР Ұлттық Банкінің жылдық есебі. 2010-2013 жылдар. www.nationalbank.kz

  2. Статистикалық бюллетень. ҚР Ұлттық Банкі. 2014 жыл. www.nationalbank.kz

  3. Банк және банктiк қызмет туралы. ҚР заңы. 31.08.1995 жыл. № 2444

  4. ҚР Үкіметінің және ҚҰБ-нің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы. . 24.12.2014 жыл. Қаулы №1370




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет