Экономикалық өсудің мәні және оның негізгі көрсеткіштері



Дата28.04.2016
өлшемі123.07 Kb.
ӘОЖ 338.341

А.С.Сәрсенқұлова

Алматы энергетика және байланыс университеті,Алматы
Экономикалық өсудің мәні және оның негізгі көрсеткіштері
Аннотация. Негізгі мақсат – экономикалық өсудің өтпелі экономикадағы маңызы мен негізгі мәселелерін айқындау, нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы экономикалық өсуге әсер етуші факторларға талдау жасау, оның Қазақстандағы даму сипаты мен нақты тенденцияларын қарастыру барысында экономикалық өсудің негізін қалыптастыру.

Кілт сөздер: ТП-техникалық прогресс, ЖҰӨ- жалпы ұлттық өнім, ЖІӨ- жалпы ішкі өнім, ТҰӨ- табыстың ұдайы өсуі, ҒТП- ғылыми-техникалық прогресс, Экстенсивтік факторлар, Интенсивтік факторлар.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында экономикалық және әлеуметтік саясаттың, қоғамды одан әрі демократияландыру мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудың, мәдениет, білім беру және руханият салаларын дамытудың негізгі бағыттары баяндалған. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшін экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізу емес, оның өсуін басқару – жолдаудағы жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады .

Қазіргі таңда ұлттық шаруашылықтың даму қарқыны экономикалық өсу мен халықтың әл-ауқатының негізінде анықталады. Әдетте экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюын білдіреді. Экономикалық өсу қарқыны тек қана мемлекеттің өндірістік потенциалының деңгейіне ғана емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметіне тәуелді.

Қазақстан Республикасындағы экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған жағдайдың қалыптасуы, тауар мен қызмет нарықтарындағы толық либерализацияның қамтамасыз етілуі, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсуі және институционалдық реформалардың жүргізілуі экономикалық өсудің қарқынды дамыуна себепші болды.

Қазақстандағы экономикалық өсу айтарлықтай дәрежеде экспорт пен сауда көлемінің ұлғаюына, яғни әлемдік нарыққа мұнай, газ, уран және әртүрлі металдарды өткізуге негізделген. Сонымен қатар экспорт көлемінің кеңеюі нәтижесінде, мемлекеттің төлем балансында тіркелетін капиталдың көп мөлшерде шетелге ағылуы байқалады. Республикадағы нақты жалақы деңгейінің өсуі халықтың нақты табысы мен тұтыну көлемінің интенсивті түрде ұлғаюы елдегі экономикалық өсудің ерекше белгісі болып табылады.

Қазіргі кезде экономикалық өсудің төмен сапасынан және экономикаға теріс әсер етуші тенденциялардың күшеюінен туындайтын Қазақстанның даму бағыты жайлы мәселе туындап отыр. Экономикалық өсудің жоғары сапасы ғылыми-техникалық прогресс, негізгі және адамдық капиталға салынытын инвестициялар мен ақпараттық технологияларды қамтитын өсу факторларының құрылымына байланысты.

«Қазақстан-2030» даму стратегиясында көрсетілгендей, Қазақстанда экономикалық өсудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу үшін «шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді» қамтамасыз ету керек .

Экономика, сұраныс және бәсекелестік динамикасы басқару, сапаны қамтамасыз ету, өнім мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігі, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың өнімділігі және өндіріс тиімділігіне деген қалыптасқан көзқарасты қайта бағалауды талап етеді.

Қазіргі таңда экономикалық теорияда экономикалық өсу көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуші фактор ретінде қарастырылады. Әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің мерзімдік дамуымен сипатталатын өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Американдық ғалымдар Л. Брю, Р. Кемпбелл және К. Макконнелл экономикалық өсу теориясын зерттеу барысында мынадай қорытындыға келеді: “Экономикалық өсу ресурстар шектеулілігінің мәселесін шешуді жеңілдетеді. Өндіріс көлемінің шектеулі болуының нәтижесінде туындайтын экономикалық кедергілерді жою барысында, экономикалық өсу қоғамға жаңа кең ауқымды бағдарламаларды жүргізуге және белгіленген экономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді”.

Экономикалық өсу саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын иемденген атақты экономист Саймон Кузнец өзінің “Қазіргі экономикалық өсу: қарқыны, реттеу мен құрылымы” атты еңбегінде бұл ұғымның мәнін былай анықтайды: “Экономикалық өсу – тиімді технологиялар мен оларға сәйкес келетін институционалдық және идеологиялық өзгерістер көмегімен халықтың сан қилы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шаруашылықтың ұзақ мерзімді қабілеттілігі” [1. 25 б].

А.И. Анчишкин тұжырымдасы бойынша, экономикалық өсу өндірістік ресурстардың ұлғаюы, өндіріс масштабының кеңеюі мен тікелей өндірістік емес тұтынуға немесе өндірістік және өндірістік емес ресурстарды толықтыруға бағытталған өнім көлемінің артуын білдіреді.

Жоғарыда аталған анықтамалардың негізінде, экономикалық өсудің негізгі белгілерін айқындауға болады:


  1. Ұлттық өнімнің тұрақты өсуі, сәйкесінше халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шаруашылықтар қабілеттілігінің өсуі;

  2. Экономикалық өсудің негізі және оның қажетті шарттарының бірі болып табылатын техникалық прогресс;

  3. Жаңа технологияларды игеру барысында институционалдық және идеологиялық өзгерістерді қолдану керек. Оларды қолданбаған жағдайда, жаңа технологиялар тиімсіз болып танылады.

Нақты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу пәні тек экономикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі институционалдық құрылымдардың пропорциялары, өсу карқынын өсіру немесе тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциалдық көлемінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалык өсудің мәні — экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде және ұдайы өндіру болып табылады.

Экономикалық өсудің негізі мақсаты - халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті камтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық өсу мақсатына жету барысында халық шаруашылығының өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру, яғни ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру қажет .

Экономикалық өсу - белгілі мерзімде (әдетте бір жыл көлемінде) қоғамдық өндіріс масштабында өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемінің өсуі.

Экономикалық өсу ұзақ мерзімді құбылыс Жалпы ұлттық өнім немесе жалпы ішкі өнім елдің экономикалық даму деңгейін сипаттайды,ал халықтың әл-ауқатының деңгейін бағалау үшін халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.

Экономикалық өсу динамикасын сипаттау үшін макроэкономикалық деңгейде келесідей көрсеткіштер қолданылады:



  • Белгілі бір уақыт аралығындағы нақты ЖҰӨ немесе ТҰӨ көлемінің өсуі;

  • Белгілі бір уақыт аралығындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің немесе ТҰӨ-нің өсу қарқыны;

Экономикалық өсу динамикасын сипаттайтын бірінші әдіс көбінесе елдің экономикалық потенциалының өсу шапшаңдығын бағалау үшін қолданылады, ал екінші әдіс халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда немесе мемлекеттер мен олардың аймақтарындағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда пайдаланылады.

Экономикалық өсу динамикасын келесідей формуламен көрсетуге болады: (1)

мұндағы - алдыңғы (базистік) жылдың нақты ЖҰӨ шамасы,

- ағымдағы жылдың нақты ЖҰӨ шамасы.

Белгілі бір уақыт аралығындағы экономикалық өсу потенциалын бағалайтын жалпы ұлттық өнімнің жылдық өсу қарқынын анықтау үшін, ағымдағы жылдың нақты ЖҰӨ шамасынан алдыңғы жылдың нақты ЖҰӨ шамасын шегеріп, алынған айырманы алдыңғы жылдың нақты ЖҰӨ шамасына бөліп, шыққан нәтижені пайызбен есептеу керек.

Экономикалық өсудің қарқыны мен сапасы оның типіне тікелей тәуелді. Осыған байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әртүрлі болуы мүмкін. Теориялық тұрғыдан қарастырғанда экономикалық өсудің негізгі екі типін, яғни экстенсивтік және интенсивтік типін айқындауға болады.

Экономикалық өсудің экстенсивтік типі өндіріс факторларының көлемін жоғарлату есебінен, яғни өндіріске қосымша еңбек, капитал мен жер ресурстарын тартуға байланысты жүргізіледі. Экономикалық өсудің осы типінде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқынына мамандандырылған жұмыскерлер санын өсіру арқылы, сонымен қатар өнеркәсіп қуатын арттыру, яғни белгіленген құрал-жабдықтардың көлемін жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады. Бұл жағдайда технологиялық мүмкіндіктер бастапқы деңгейінде сақталынады. Нәтижесінде орта есеппен бір жұмысшы басына шаққандағы шығарылған өнім көлемі өзгеріссіз қалады.

Экономикалық өсудің экстенсивтік типі халық шаруашылығын дамыту қарқынын жоғарлатудың тиімді жолдарының бірі болып табылады. Оның көмегімен табиғи ресурстарды шапшаң игеруге, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін қысқартуға, жұмыс күшінің жұмысбастылығын қамтамасыз етуге болады [2. 21 б].

Экономикалық өсудің интенсивті типінде өндіріс технологиясын жетілдіру, өндірістің негізгі факторларын жоғарлату қарастырылады. Оған тиімді ресурстарды, жетілдірілген техниканы, прогрессивтік технологияларды, алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктерін пайдалану және жұмысшы күшінің мамандандырылуын жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады. Осы факторларды қолдану нәтижесінде, өнім сапасының жетілдірілуі, еңбек өнімділігінің өсуі байқалады.

Техникалық прогресс негізінде өндірістік факторлардың тиімділігін жоғарлату экономикалық өсудің интенсивтік типінің маңызды ерекшелігі болып табылады. Интенсификациялау халық шаруашылығы құрылымының өзгеруіне, талапты және жоғары мамандандырылған жұмысшы күшінің дайындауына байланысты. Өндірістің нақты көлемінің өсу қарқынында ғылыми-техникалық прогресс әсерінен жұмыссыздық мәселесі туындауы мүмкін. Кеңейтілген өндіріс жағдайындағы экономикалық өсудің өте жоғары қарқынының байқалмауы өсудің интенсивтік типінің ерекшелігі болып табылады.

Нақты өмірде экономикалық өсудің экстенсивтік немесе интенсивтік типтері таза күйінде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру қашан болмасын өндіріс құрал-жабдықтарына және жұмысшы күшіне инвестициялар салымын жасауды талап етеді. Жұмысшы күші мен құрал-жабдықтардың өсуі, олардың сапалық сипаттамаларына өзгеріс енгізеді.

Экономиканың өсуге қабілеттілігі ұзақ мерзімдегі нақты өндіріс көлемінің өсу қарқынын, өсу сапасын және оның тиімділігін арттырудың мүмкіндіктерін анықтайтын бірқатар факторларға тәуелді.


  1. Экономикалық өсудің факторларын сандық немесе сапалық өсу сипатына байланысты экономикалық өсудің типтеріне сәйкес жіктейді:

Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

  • ғылыми-техникалық прогрестің жетілдірілуі (негізгі қорларды жаңарту барысында жаңа техника мен технологияны игеру);

  • Жұмысшы күшінің сапасын өсіру;

  • Негізгі және айналмалы қорларды пайдалануды жақсарту;

  • Шаруашылық қызметті ұйымдастыру арқылы оның тиімділігін арттыру.

Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

  • Технологияның қазіргі деңгейінде инвестиция көлемін көбейту;

  • Жұмысбасты жұмысшылар санын арттыру;

  • Тұтынылатын шикізаттардың, материалдардың, отынның және басқа да айналмалы капитал элементтерің өсуі .

  1. Экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты факторлар тікелей және жанама болып бөледі:

Тікелей факторлар - экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтін ұсыныс факторлары:

  • еңбек ресурстары санының көбеюі және санасының жоғарылауы;

  • негізгі капитал көлемінің өсуі және саналық құрамының жақсаруы;

  • өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылыуының жетілдірілуі;

  • шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

Жанама факторлар - экономикалық өсу мүмкіндіктерін ақиқатқа айналдыратын сұраныс пен бөлу факторлары:

  • Тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі;

  • Экономикадығы салық жүйесінің жағдайы;

  • Экономикадағы өндірістік ресурстарды қайта бөлу мумкіндігі;

  • Банк-несие жүйесінің тиімділігі /

Экономикалық өсудің типтерге жіктелуіне байланысты өсудің тікелей факторлары негізгі екі топқа, яғни экстенсивтік және интенсивтік топқа бөлінеді. Осы жағдай 1-суретте көрсетіліп отыр.


Экономикалық өсудің факторлары


Экстенсивтік факторлар


Интенсивтік факторлар




Капиталдың өсуі


Жұмыс күші санының өсуі


Қолданатын ресурстар сапасының өсуі


Ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту



Жұмыс күші сапасының өсуі


Заттық капиталдың сапасын жақсарту



Технологияы жетілдіру




Өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру


1-сурет. Экономикалық өсудің тікелей факторларының жіктелуі


3. Экономикалық өсудің негізгі факторларына тауарлар мен қызметтердің нақты өндіріс көлемін сипаттайтын өндірістік факторлар, яғни еңбек, капитал, жер, табиғи ресурстар, ғылыми-техникалық прогресс және кәсіпкерлік қабілеттілік жатады. Экономикалық өсу өзара бір-бірімен байланысты өндірістік факторлардың қосымша шығындарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
1-кесте. Экономикалық өсудің негізгі факторлары

Ресурстар мен факторлар

Ресурстардың сандық көрсеткіштері

Экономикалық өсу тиімділігінің

көрсеткіштері



Табиғи ресурстар

Ресурс түрлері бойынша көрсеткіштер

Өнімнің материалдық тұрғыда қамтамасыз етілуі

Еңбек ресустары

Еңбек нарығы мен жұмысбастылық көрсеткіштері

жұмыскерлердің еңбек өнімділігі, жалақымен

қамтамасыз етілуі



Ғылым, жаңа технологиялар

Таза инвестицияға, соңғы нәтежеге жұмсалынатын шығындар

өнім өндіру барысында жаңа технологияны қолдану, тауарлар мен қызметтерді алмастыру жылдамдығы

Кәсіпкерлік қабілеттілік

Білім, қабілеттілік

Халықтық кәсіпкерлікке қабілеттілігі, табыстың өсуі

Жиынтық сұраныс

Бағалық өлшемдегі тұтыну деңгейінің көлемі

Факторлардың әлеуметтік бағытталуына байланысты бөлінуі, сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс

Адамдық капитал

Білімнің қол жетерлілігі, практикалық тәжірибе, жұмыскерлердің мамандандырулуы

Адамдық даму индексі, оқыту тиімділігі, жұмыскерлердің білім мен жаңа технологияларды қабылдау қабілеті

Қолданылған әдебиеттер тізімі




  1. А.Р. Жапсарова. Основные модели экономического роста и экономическое развитие Республики Казахстан. // Вестник КазНУ. Серия экономическая, №4 (16).1999. – стр. 23-27

  2. Экономическая теория: Учебник.-Изд. испр. и доп. / Под общей ред. акад. В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С. Тарасевича.- М.: Инфра-М, 2004. 672 стр.

  3. Л.А. Бимендиева, Ш.П. Жылжақсынова. Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде. // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №6 (46).2004. – 18-22 бет

  4. Кулекеев Ж.А. Экономический рост и расхады государства. / под редакцией доктора эк. Наук А.С. Серикбаева.-Астана:2004. 148 стр.

  5. О.Курманов. Основные аспекты развития экономики Казахстана на современном этапе. // Саясат №7, 2005 г. 4-7стр.

  6. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің интернет желісіндегі ресми сайты - www.stat.kz

  7. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында-Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. // «Егемен Қазақстан», Алматы, 19 ақпан 2005 жыл.

  8. Ж. Давильбекова. Пути повышения эффективности экономического роста Казахстана //Аль-пари №2, 2006 г. стр. 7-10

  9. О.В.Максимов. Проблемы экономического роста и модернизации экономики Казахстана // Экономический рост в Казахстане: источники, факторы, тенденции и прогноз на перспективу: Материалы 58 научной конференции студентов и молодых ученых КазНУ им. аль-Фараби, 22-23 апреля 2004 г. Часть-2 / Под редакцией Р.Е. Елемесова, С.К. Джумамбаева.-Алматы: Қазақ Университеті, 2004. 421стр.

  10. Қазақстан Республикасының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы

Аннотация. Основная цель – определение основных задач и значения экономического роста в переходной экономике, анализ факторов, которые влияют на рост экономики в развитии рыночных отношений, его развитие в Казахстане и формирование основ экономического роста при рассматривании конкретных тенденций.


Abstract. The main goal - identification of the main objectives and values of economic growth in transition economies, the analysis of the factors that affect economic growth in the development of market economy, its development in Kazakhstan and laying the foundations for economic growth when looking at specific trends.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет