Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау өткен тақырыпқа шолу жаңа Тақырып Компанияныңмаркетингтік қызметін талдау Маркетинг



Дата23.04.2020
өлшемі6.72 Mb.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ТАЛДАУ

ӨТКЕН ТАҚЫРЫПҚА ШОЛУ

Жаңа Тақырып

КомпанияныңМАРКЕТИНГТІк

қызметін

талдау

Маркетинг-компанияның тауарлары мен қызметтерін тұтынушыларға, компания үшін, тиімді сатылуын жүзеге асыратын іс-әрекеттердің жиынтығы.

Стратегия- фирманың өзінің маркетингтік міндеттерін орындауы үшін қолданылатын алдын ала жинақталған әдіс-тәсілдер топтамасы.

Коммерция- сату-сатып алу, делдалдық және кәсіпкерлік қызмет.

Интегралдаушы- фирманың салалық қызметтерін бір жүйеге жинақтап басқару.

Бәсекелестік-нарықта бірдей тауар түрін өндіретін немесе бірдей қызмет көрсететін екі немесе одан да көп ұйымдардың өз кәсіптерін тиімді жүргізуі барысында орын алатын процесс.

Нарық- тауарлар мен қызметтерді сатып алу және сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.

Тұтынушы- тауарларды (өнімді, бұйымды, көрсетілетін қызметті) тұтынатын (сатып алатын) тұлға немесе фирма.

Фирма- пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым.

ЖОСПАР

1) Маркетингтік қызметті талдаудың маңызы мен міндеттері;

2) Тауар нарығындағы

тұтынушылардың мінез құлқы;

3) Маркетингтегі тауар саясаты;

4) Маркетингтің баға саясаты.

Маркетингтік қызметті талдаудың маңызы мен міндеттері

Классикалық



Қазіргі түрдегі

Жалпы маркетингтің 2000 астам анықтамалары бар

Қажеттілік

Айырбас

Тауар


Нарық

Келісім


Тұтынушы

Сұраныс


ТҰТЫНУШЫЛАР

ТҮПКІ ТҰТЫНУШЫЛАР

ТҰТЫНУШЫ ҰЙЫМДАР

Психологиялық фактор

Әлеуметтік-мәдени фактор

Жеке тҰлғалық фактор

Жағдайлық фактор

Тауар саясаты дегеніміз – тауар ассортиментiн қалыптастыру бойынша олардың жаңа түрлерiн жасау, сапа және бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылату, өмiрлiк циклiн талдау, тауарлық белгiлердi пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау және сервистiк қызмет көрсету бойынша шешiм қабылдауды қажет ететiн фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы.

Қысқа мерзімде қолданылатын тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады.



Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді.

Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына қолданылады



Түпкі тұтынылуына қарай тауарлар тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді.

Тұтыну тауарлары

Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар

ТЕОДОР ЛЕВИТТІҢ ТАУАРДЫҢ ӨСУ ЦИКЛІ БАҒДАРЛАМАСЫ

2016 жыл – Қазақстан нарығына енді;

2017 жылдың басы – нарықта сатылу деңгейі өсе бастады;

2017 жылдың екінші жартысы – өнімнің өтілуі ең жоғарғы дәрежесіне жетті;

2018 жыл – құлдырау процесінің орын алуы басталды.

Баға – нарық реттеушісі, ол тауарлардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осылайша белгілі бір өнімнің өндірісі мен тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді.

Өндіріс шығындары

Сұраныс

Сатып алу қабілеті

Ақша өрісі

Бәсеке


Мемлекеттік реттеу

Тауар сапасы

Тасымалдау көлемі

Өзара қарым қатынас

Жеткізу шарттары

Фирманың ішкі мүмкіндіктерін бағалау мен талдау

Фирманың ішкі мүмкіндіктерін игере алатындығын, ал сыртқы мүмкіндіктерді пайдалана білетіндігін, сондай-ақ өзіндегі әлсіз тұстарын айыра алуын анықтаудың зор маңызы бар. Процестер көмегімен ішкі проблемалар диагнозын жүзеге асыруды баскарушының тексеруі деп атайды.

Сыртқы ортаны талдағанда көңіл бөлінетін факторлар

Экономикалық факторлар

Саяси факторлар

Бәсеке факторлары

Әлеуметтік мінез-құлық факторлары

Технологиялық 

факторлар

Халықаралық факторлар

Нарықтық факторлар

Фирманың сыртқы ортасын талдау

Басшы мақсатты айқындағаннан кейін стратегиялық жоспарлау процесінің диагностикалық кезеңін бастайды. Әуелі сыртқы ортаны үш параметрі (өлшемі) бойынша зерттейді.

1. Ағымдағы стратегиясының әр түрлі аспектілеріне ықпал ететін өзгерістерді бағалау.

2. Фирманың ағымдағы стратегиясына қандай факторлар қауіп төндіретіндігін анықтау. Бәсекелестер қызметін бақылау басшыға кездейсоқ қауіп-қатерге әзір болуына мүмкіндік береді.

3. Жоспарды түзету арқылы жалпы фирмалық мақсатқа жету үшін қандай факторлардың көбірек мүмкіндік беретіндігін анықтау.

Сыртқы ортаны талдау мынадай сұрақтарға жауап береді:

1. Ұйым қазір қайда орналасқан?

2. Жоғарғы басшының пікірінше, болашақта ұйым қайда болуы тиіс?

3. Ұйым қазіргі орналасқан орнынан, басшының ойынша орналасуға тиісті орынға ауысуы үшін басшы не істеуі керек?



Сыртқы ортасын талдай отырып біршама жетістікке қол жеткізген шет елдік фирмалардың тапқан әдістері

TEFAL

Бұл тауар түрі нарыққа шыққанда маркетологтар, оның басты артықшылығы деп, тамақ дайындау барысында майдың аз жұмсалатындығында деп ойлаған болатын. Бірақ бірнеше маркетингтік зерттеулерді жүргізу барысында, тұтынушылар оның басты артықшылығы деп, тамақтың күйіп-жабыспайтындығында, оңай жуылатындығында екенін анықтады.

Тәттіні ұнатпайтын бала жоқ шығар сірә. Дегенмен тәттіні жеген баланың қолы да, киімі де, тәттісі де бүлінетіні айдан анық ақиқат.

Бұл мәселенің шешімін Энрике Бернат 1958 жылы тапты. Шанышқы сияқты таяққа қадалған және қағазға оралған тәтті тез арада нарықта кең етек ала бастаған.



1960 жылы телеарналардан шыққан Alka-Seltzer туралы жарнамада, жарнама кейіпкерлері бір емес екі таблеткадан іше бастаған. Осы маркетингтік тәсілден кейін аталған тауардың сатылу деңгейі екі есеге өскен.

Бұл тәсілді шампунь және сағыз өндіретін компаниялар да қолдана бастаған. Атап айтсақ, басыңды екі рет шампундау немесе екі пластинка сағыздан шайнау деген сияқты.

Red Bull

Сусын нарыққа шыға бастағанда оның бәсекелестері Coca-Cola, Pepsi, Molson, Labatt, Anheuser-Busch болды. Бәрінің атқаратын қызметтері бір еді, яғни адамның белсенділігін арттыру. Ал Jolt Cola деген сусын Red Bull-ға қарағанда 2 есе мықты еді. Дитрих Матешицке тәуекелге баруға тура келді, ол Red Bull-дың бағасын 2 есеге қымбаттатып, ал тарасын батареяға ұқсас етіп кішірейтті және бұдан бұлай Red Bull дүкендердің тек сусындар сататын бөлімінде ғана емес, барлық бөлімдерде сатылымда тұрсын деп бұйырды.

ТАУАРЛЫҚ АРБАЛАР

Бұл арбалар Америкада 1938 жылы қолданысқа ене бастаған. 40 жыл нарықты зерттеу барысында Маркетологтар арбаның көлемін 2 есеге үлкейткен. НЕГЕ деп ойлайсыздар!?

Ерлерге арналған костьюмдер

Benaffetto дүкенінің иесі тауарлардың өтімділігін 2 айдың ішінде 3,5 есеге арттырған.

АҚШ-та бір емес бірнеше Ресторандардың қожайыны, маркетинг үшін сондай көп ақша жұмсамайды екен. Онда ол қалай үлкен табысқа қол жеткізді?

1921 жылы АҚШ-та қәзіргі Фаст Футд тағамдарының бастауы болған White Castle деген ұйым ашылған. Оның басты ерекшелігі- тапсырыс берушілер, тағамның қалай жасалып жатқандығын қарап отырады. Сондай-ақ, олар кезекке ақ халат киіндіріп өздерінің адамдарын қоятын болған, бұл сатып алушыларда “тағам адам ағзасына пайдалы” деген түсінік тудырған.

КОФЕЙНЯЛАР ШАЙҚАСЫ

Ең мықты инвестиция – білімге салынған күш-қуат



Бенджамин Франклин

Маркетинг- адамдардың шексіз қажеттіліктерін, шектеулі ресурстармен толтыру өнері.....

Лоуренс Джонстон Питер

Назарларыңызға

рахмет

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет