«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін



жүктеу 0.99 Mb.
бет1/7
Дата17.04.2016
өлшемі0.99 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б
umm -> Шұжық және консерві өндірісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ құжат 3 деңгейлі

ПОӘК

УМКД 042–18-1.1.36/03–2013




«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар

№__ басылым


«Экономикалық теория негіздері » пәні бойынша

экономикалық емес мамандықтары үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2013

1. ГЛОССАРИЙ

Абстрактылы еңбек – тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі, яғни құн жасайтын еңбек. Абстрактылы еңбек белгілі бір өндірістік қатынастарды, тауар өндірушілер қатынасын білдіреді.

Абсолюттік рента – ол барлық жерден және топырақтың құнарлығына, тұрған жеріне байланыссыз алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болуы салдарынан жер қожасы иемденеді.

Акциз – жанама салықтың түрі. Ол тауар бағасына немесе көрсетілген қызметтер үшін белгіленген тарифке кіреді.

Акционерлік қоғам - акцияларды сату арқылы ақша қаражаттарын біріктіру (жеке капиталды, мемлекеттік қаражаттар, жеке жинақтар) нәтижесінде пайда болатын ірі кәсіпорын.

Акция – иесіне акционерлік қоғамның пайдасының үлесін алуға және оның істерін басқаруға құқық беретін бағалы қағаз.

Ақша – айырбастау қасиетіне ие жалпыға бірдей құндылық, ерекше тауар.

Баға – тауардың ақшалай көрінісі.

Банк— уақытша бос ақша қаражаттарын үйлестіретін қаржылық кәсіпорын.

Банкнот – мемлекеттік банк шығаратын нақтылы тауар мен материалдық игіліктерді бейнелейтін және айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер.

Банкрот – бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым.

Бәсеке — нарықтағы жақсы жағдайларға ие болу үшін күрес, тартыс.

Биржа- ақша-сауда ісін жүргізетін мекеме. Бұл жаппай көпшілік қолды стандартты не үлгі түріндегі тауарларды (астық, мақта, кофе, түсті металл т.б.) котерме нарықта сату, мұнда бағалы қағаздар да (акция, облигация, вексель), шетелдік валюта да сатылады.

Брокер – бұл тауар өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдық сауда қызметтерін көрсетуге барлық кезде әзір маман.

Бизнес – заңға қайшы келмейтін әдістер арқылы пайда алу мақсатындағы кәсіпкерлік қызмет.

Валюта – бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі бірлігі (теңге, доллар евро, йена т.б.)

Вексель - даусыз ақшалай қарыздық құжат.

Венчурлық фирма – «тәуекел» технологияны өндіріске енгізу үшін қрылатын «тәуекел» кәсіпорны. «Тәуекел» технологияға біршама тәуекелге баруға тура келетін өнертапқыштар, пайдалы үлгілер т.б. жаңалықтар жатады.

Девальвация – қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналымнан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығарады.

Демпинг – бәсеке күрес түрлерінің бірі. Тауарларды әдейі арзандатылған бағамен шетелге сату, сөйтіп бәсекелестерді ығыстыру және сыртқы нарықты иемденуге жәрдемдесу.

Деноминация – ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.

Депозит – банкте сақталатын кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың салымдары

Дефляция - артық қағаз ақшаны айналымнан алу арқылы ақша айналымын тұрақтандыру әдісі.

Дедукция – жалпыдан нақты экономикалық факторға жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

Дивиденд – акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, акция иесінің алатын табысы.

Дотация – шығындарды өтеу үшін кәсіпорындарға берілетін мемлекеттік ақшалай жәрдем

Жалақы – қызметкерлердің белгілі бір уақыт кезеңінде алатын ақшалай немесе заттай нысанындағы төлемдерінің жиынтығы. Түрлері: атаулы жалақы – қызметкерлер белгілі бір кезеңде алатын төлемдерінің абсолюттік сомасы; Нақты ж. – атаулы емес жалақының осы деңгейде алынуы мүмкін қызметтің саны, ең төмен деңгейдегі жалақы – кәсіпорындарда жалақыны есептеу мен жоспарлау кезінде негізгі және қосымша жалақы түрлеріне бөлінеді.

Жәрмеңке - сауда – саттық ұйымдастырылған жер.

Жер кадастры – белгілі бір жерде алынатын салықты, төлемді есептеу үшін сол жердің сапасын, құндылығы мен тиімділігін анықтау әдісі. Жер бағасы кадастр арқылы белгіленеді.

Жеке табыс – бұл үй шаруашылығы иелігіндегі және мемлекеттік салық міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.

Жиынтық сұраныс - бұл үй шаруашылығы, фирма, мемлекет, шетелдердің экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы сұранысы.

Жиынтық ұсыныс - бұл фирмалар жағынан тек өнiмдi ұсынумен шектелмейдi, мемлекет жағынан қоғамдық игiлiктердi ұсынумен қатар экономикадағы тауар және қызмет көрсетулердің жалпы ұсынысы.

Инвестиция – пайда, не түрлі табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына : кәсіпорындарға (өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т.б.) күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.

Индукция – факторлардан болып жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

Инфрақұрылым – экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін шаруашылық салаларының жиынтығы.

Ипотека – қозғалмайтын мүліктерді (жерді, үйлерді, құрылысты) кепілге алу арқылы банктердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы.

Капитал - қосымша құн әкелетін материалды – заттай құндылық.

Кәсіпкерлік - тәуекелге бара отырып, пайда табу мақсатындағы адамның инициативалық іс-әрекеті

Қаржы - ақшалай қорларды қалыптастыру, тарату, қайта тарату және пайдалану бойынша экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы

Қаржылық жүйе – қаржы ресурстарын аккумуляциялау әдістерінің жүйесі.

Қор биржасы – бағалы қағаздарды сату – сатып алу әрекеттері жүретін мекеме.

Құнсыздану - бағалар деңгейінің өсуі әсерінен ақшаның құнсыздану процесі.

Меншік – қоғамдық өндіріс шарттары мен нәтижелерін өндірушілермен иемдену формасы

Монополия – максималды пайда алу мүмкіндігі бар экономиканың белгілі бір саласында басымдық орын алатын кәсіпорын.

Мемлекеттiң фискалды саясаты - мемлекеттік бюджет, салық салу және мемлекеттік шығындар облысындағы саясат.

Нарықтауарлардың, сауданың айналымы (айрбасы) жүретін орын.

Пайда – сатудан түскен түсімнің өнім шығаруға кеткен шығындардан артып түсетін сомасы.

Рецессия (латынша reccessus – «шегіну») - өндірістің құлдырауы, өсу қарқынының баяулауы.

Салық - жеке және заңды тұлғалармен мемлекетке міндетті түрде төленетін төлемдер

Субсидия - нақты бір мақсатқа жеке кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қайтарымсыз ақшалай сома.

Тауар – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру қасиетіне ие айырбасталатын зат.

Экономикалық заңдар – адамзат қоғамы дамуның түрлі сатыларында өндіру, бөлу айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.

Экономикалық категориялар – экономикалық қатынастарды зерттеу процесінде экономикалық теория логикалық ұғымдарды қалыптастырады, бұл ұғымдар экономикалық категориялар деп аталады.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық шараларының жүйесі. Экономикалық саясат елдің саяси-шаруашылық, мәдени құрылыс істерін және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту міндетіне бағындырыла жүргізіледі.

Экономикалық теория – қоғамның материалдық игіліктерін өндіру, тарату және айырбастау бойынша қарым-қатынастар жиынтығын зерттейтін ғылым

Экономикалық тиімділік – атқарылған жұмыстың сандық және сапалық көрсеткішін білдіретін ұғым. Өндіріс нәтижесінің өндіріс шығындарына қатынасы арқылы анықталады.


Негізгі қолданылатын әдебиеттер

  1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы:Санат,1998

  2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998

3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.

4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002




Дәрістер
1- ДӘРІС. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ



  1. Экономиканың ғылым ретінде қалыптасу тарихы

  2. Экономикалық теория пәні , қызметтері мен әдістері

  3. Экономика құрылымы

1. Қазіргі заманда «экономика» сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.

Біріншіден, «экономика» сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады.

Екіншіден, «экономика» сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро мен микроэкономикасын және интерэкономикасын бөліп қарағанда да «экономика» ұғымын түсіндіреді. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипаттайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп қарайды: дәстүрлі,нарықтық,еркін бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары.

Үшіншіден, «экономика» сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.

Экономикалық ғылым – ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия»(«ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін III-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д.430-355жж.) және Аристотель(б.д.д.384-322 жж.) еңбектерінде пайда болды.

«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде – Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген.

«Меркантилистер» (итальян сөзі «мерканте» - саудагер,көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Меркантилистер байлықтың қайнар көзі тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері – Вильям Стаффорд және Томас Мен болып табылады.

1) Саяси экономика қоғамдық даму заңдылықтары жөніндегі ғылым. Саяси экономика пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында ХVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында дами бастады ;

2) Меркантилизм лат.тілінен аударғанда «саудагер» деген мағына береді . Меркантилизмнің негізгі мазмұны байлық,сырқы сауда нәтижесінде жинақталды ,сол себепті сыртқы сауда сферасын зерттеу керек денген ;

Меркантилизм 2 кезеңнен тұрады : алдыңғы және соңғы.

Алғашқы меркантилистер алтын мен күмісті байлықтың негізгі формасы ретінде қарастырады .Сонымен қатар ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салды.Соңғы меркантилистер ақша емес тауар айырбастау сферасын зерттеуді;

3) Физиократтар – «физио », Стенли Джевонс және басқалары қалады. XIX-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» (ағылшынның «marginal» - шекті деген сөзі ) теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер, Фридрих фон Визер, Эйген фон Бем-Баверк, сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Экономикалық теорияның құрамы:

Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.

Қазіргі Батыс елдеріндегі экономикалық теория негізінен төрт ірі ағыммен сипатталады:


  • бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады.

  • екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс болып табылады.

  • үшінші ағым институционализм (латынның «institutum» - бекіту, құрылтайлау деген сөзі) теориясымен белгілі. Оның негізін қалаушы американ ғалым – экономисі Торстейн Веблен болып табылады.

  • төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен танылады. Осы теорияның негізін қалаушылар – неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард және германияның ғалым – экономисі Вальтер Ойкен болып табылады.

2. Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А.Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым обьективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыру қажет.

Қазіргі уақытта шет елде кең тараған «Экономикс» оқулығының авторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді:

1. Экономикалық теория – деп жазды ол, - бұл қызмет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекеттке байланысты.

2. Экономикалық теория адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын қолдану арқылы және әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында, оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.

3. Экономикалық теория адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және осы жолды қолдану туралы ғылым.

4. Экономикалық теория адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналасатыны туралы ғылым.

5. Экономикалық теория байлық туралы ғылым ретінде .Экономикалық теория әлеуметтік –экономикалық қатынастарды экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларды бейнелеу жіне дамыту арқылы оқытады.

Экономикалық теория – бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады. Экономикалық үлгі пайда болуы экономикалық уақиғаны түсінуге жол ашатын айқын диаграммалар немесе формалары болып табылады .



Экономикалық ғылым дегеніміз – экономиканың жұмыс істеуіне жалпы методологиялық көзқарас туындыратын ғылым болып табылады.

Экономикалық теорияның пәні – ол адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық материалдық емес игіліктерді орындау үстінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.

Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы – ғылыми абстракция әдісі болып табылады.

Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. Абстракция іске –қатынасы жоқ эқономикалық және экономикадан тыс факторларды экономикалық талдаудан шығарып тастау.
Логикалық дедуктивті әдіс дегеніміз – мәселені теориялық деңгейінен шешіп , мұнан соң фактіге жүгіне отырып , әлгі теорияны тексеруге немесе жоққа шығаруы . Эмперикалық индуктивті әдіс дегеніміз фактілерді жинақтаудан прогматикалық зерттеулерге сүйенудіайтады. Экономиканың принциптері – ол терминнің өзінен шығатын өз ішінде дәйексіз сандық анықтамалар бар қарапайымдылар.

Экономикалық теория әрбір азаматтың сайлау және дауыс беру кезінде басқару тұжырымдарының қайсысын қолдану керек екендігін айыруға көмектеседі. Экономикалық ғылымның бизнес үшін практикалық маңызы зор.



Синтез – қаралатын біртектес бүтін құбылыстардың жеке бөлшектерден құралады. Индукция – факторлардан болып жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.Дедукция – жалпыдан нақты экономикалық факторға жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет