Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі және жанама мақсаттары



жүктеу 79.06 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі79.06 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі және жанама мақсаттары

Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық сипаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. Бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады.

Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджет тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).

ЭМР объектілері бұл-қиындықтар, проблемалар туындаған немесе туындауы мүмкін салалар, аймақтар, сондай-ақ, ахуалдар мен құбылыстар.

ЭМР-дің негізгі объектілері:

экономикалық цикл;

— шаруашылықтың секторлы және аймақтық салалық құрылымы;

— капитал жинақтау шарттары және жұмыспен қамту;

— ақша айналымы;

— бағаны реттеу;

— төлем балансы;

— бәсеке шарттары;

әлеуметтік қатынастар, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынастарды қосқанда;

— кадрлар даярлау және қайта даярлау;

— қоршаған ортаны қорғау;

— сыртқы экономикалық байланыстар.

Kөріп отырғанымыздай, ЭМР объектілерінің тізбесі макроэкономикалық процестерді, шаруашылық циклы ауқымында қорлануды, жекелеген салаларды, аумақтық кешендерді, конкурс шарттарын, мемлекетаралық байланыстарды қамтиды.

ЭМР объектілері шешілетін міндетіне қарай келесілерге бөлінеді: фирмалар, салалар, аймақтар, экономика секторлары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету т.б.); тұтастай шаруашылықтар (шаруашылық циклы, ақша айналымы, баға); ауқымды (әлеуметтік қатынастар, экология); ұлттық (шет елдермен экономикалық-саяси қатынас, интеграциялық процесс).

Экономикалық реттеу (ЭР) мақсаттары әдетте, мәні, ауқымы жағынан әркелкі, бірақ өзара тығыз байланыста болады, біреуін шешпей екінші салада табысқа жету мүмкін емес.

Мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты мақсаты – қоғамды, яғни әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе – теңдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарында құрылымды нығайту.

ЭМР-дің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.

Бұл орайда мемлекеттік реттеудің аттану нүктесі мен басты мақсаттары келесі болады:



  1. Елдің экономикалық саясаты (барлық ресурстарды тиімді, ұтымды пайдалану саясаты). Ішкі экономикалық және әлеуметтік саясат, сыртқы экономикалық саясат.

  2. Әлеуметтік – экономикалық мақсатта.

  3. Халық шаруашылығың басым бағыттары

  4. Экономиканы реттеу
    Мемлекеттік реттеу
    нарықтық реттеу
    макроэкономика

  5. Экономиканы Елімізде әлеуметтік – экономикалық реформаларды нарықтық экономикалық қатынастарға көшудің басты мақсатын және экономикамен әлеуметтік дамудағы нақты мақсаттарды келесі кестеден көруге болады.
    Негізгі мақсат: әр адамға дербес жолын таңдауға және экономикалық өзін — өзі айқындауға, өзінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және саяси мүдделерін іске асыруға тең мүмкіндігін ашатын көп укдадты нарықтық экономикасы бар, демократиялық қоғам құру.
    Экономика саласында.
    1) меншіктің негізгі түрлерін үлестіре және өзара дамыта отырып, бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік нарықтық экономика құру
    2) әр адамның экономикалық тұрғыдан өзін айқындау принципін әске асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасау
    3) Қазақстанның табиғи ресурстарының негізінде дүниежүзілік тауар нарығында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен оны бөлісу және ғылымды көп қажет ететін салаларды жеделдете дамыту
    4) қазіргі шетелдік және отандық техника мен технологияларды қатыстыра отырып экспорттық және импорттық өндірістердің орнын алмастыратын өндірістер есебінен, оның экономикасын қайта құру.
    5) тұтыну нарығын толықтыру
    6) шет елдер инвестицияларын тарту және тиімді пайдалану
    Әлеуметтік дамуда.
    Негізгі мақсаты: іс жүзінде бәрінің игілігін: балалық, еңбекке қабілетті және қабілетсіз жастағы, сонымен бірге жағдайдағы адамдардың игілігін іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату.
    1) кез келген салада күш жұмсауға ниет білдіретін әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндікпен мүмкіндік туғызып, олардың қабілеттісінің, еңбек сүйгіш, әрі іскерлерінің қоғамда жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету
    2) экономикалық өсу мен тұрақтануына және оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақы арттыру, бірақ соның өзінде заңсыз баюға жол бермеу. Осы негізгі мақсатты және экономика мен әлеуметтік салалардағы мақсаттарды орындаудағы мемлекеттік реттеудің алдына қоятын мақсаттарын 3 топқа бөлуге болады. Олар:
    1) Экономиканы тұрақтандыру
    2) шаруашылық жүгізудің тиімді механизмін құру
    3) нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру
    Негізгі мақсаты: республиканың, халық шаруашылығының Қазақстанның үлкен табиғи және экономикалық мүмкіндіктеріне сай келетін қоғам мүшелерінің жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуге, заттық жағдай жасауға мүмкіндік беретін әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға енуін қамтамасыз ету.
    1) нақты мақсаттар
    экономиканы тұрақтандыру – экономиканың қаржылық салықтандырылуы және айналымының тұрақтандырылуы
    2) тұтыну нарығын жақсарту
    3) өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету
    4) шаруашылық байланыстарын нығайту және дамыту
    Шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру:
    1) меншік қатынастарын өзгерту
    2) еркін кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету
    3) бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету
    4) қаржы несие жүйесін қайта құру және дамуын жетілдіру
    Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру:
    1) нарық инфроқұрылымдарын құру, қалыптастыру
    2) тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нарығын қалыптастыру, құру
    3) өндіріс заттарының нарығын құру
    4) ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығын құру
    5) еңбек нарығын құру
    6) тұрғын үй нарығын құру
    7) қаржы нарығын құру

Бұл мемлекеттік реттеудегі мақсаттар жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты екендігін, бір – бірін толықтырып отыратындығын және олардың іске асырылуы, орындалуы негізгі мақсатын орындалатындығын қамтамасыз ету керек екендігін көруге болады.

Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.


Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
— қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық
аумағындағы саясат;
— ақша саясаты;
— табыстарды реттеу саясаты;
әлеуметтік саясаты;
— баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;
— сыртқы экономикалық реттеу;
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша — кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
— есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,
дисконттық саясат);
— елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға
міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
-мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.
ЭМР-дің экономикалық қызметі.
Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:
— экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
— монополияға қарсы реттеу;
— макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
— ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
— табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
— мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.
Заңдық базаны құру – бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс — әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу — әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қолданылған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.
Мемлекеттік меншік – сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет