Әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап»,«Бақытқа жол сілтеу» еңбектері



Дата04.10.2019
өлшемі18.09 Kb.
Тақырыбы:Әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап» ,«Бақытқа жол сілтеу» еңбектері.

«Бақыт» ойшылдың әлеуметтік философиясы және этикасындағы орталық түсінік. Бақыт ең жоғары жетілу, абсолютті игілік, әрбір адам өмірінің мән мақсаты. «Бақытқа жол сілтеу» трактатында әл-Фараби «бақытқа жеткесін

біз басқа мақсатқа жетуге, ұмтылуға қажет етпейтінімізді көреміз, яғни бұдан шығатын қорытынды, бақыт біз үшін және ешқашан біреу үшін болмайды. Бақыт ең тартымды, ең үлкен және ең жетілген игіліктердің бірі», деп жазды.

Бақыт, әл-Фараби пікірінше, көп мәнді және барлық түсініктер секілді көп мағыналы және көп деңгейлі. Ол белгілі бір анықтама немесе өлшемге келмейді, бірақ әл-Фараби адам немесе топтың бақытты өзінше түсінетінін жоққа шығармайды. «Бақытқа жол сілтеу» еңбегінде философ «біз бақытқа жеткесін ештеңеге мұқтаж еместігімізді көрдік. Әл-Фараби үшін бақытқа жету жолында адам әрекеттері мен қылықтарын рухани түсіну маңызды, өйткені ол әлеуметтік маңызды әрекет, бұл әрекет тек адам тілегіне орай қалай әрекет жасауында емес, ол қоғамда мақтауға немесе ұялтуға ие болатындығында тұр. Адам жаны күйзелісімен байланысты табиғи әрекет

бақытқа жету үшін жеткіліксіз. Адамның жақсы да жарқын іс жасауға тілегі де жеткіліксіз. Адам өз әрекеті айқын болуына сенімді болуы үшін адам әрекеті дұрыстығын қоғам мойындауы керек. Сондықтан философ «біз өз әрекеттеріміз дұрыс, жан аффектілері қандай болуы керек, біздің ізденістеріміз жақсы ақылға жету үшінқандай болу керектігін анықтап алуымыз керек»,-дейді.

«Ақыл-парасат күшінің жәрдемімен адам ғылымдар мен өнерлерді меңгереді және мінезқұлықтар мен әрекеттердің жамандарынан жақсыларын ажыратады. Осының көмегімен ол нені істеу, нені істемеу керек екенін пайымдап, сонымен бірге пайдалы мен зияндының, жағымды мен жағымсыздығы айырмасын танитын болады» , – деп ұлы ғалым адамдарды

білімге, ақыл-парасаттылыққа, адамгершілікке шақырады. Ұлы ғұлама адам ақыл-ойының жанжақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық біліп алуына мүмкіндігі бар екенін айта келіп,адамзат қоғамдағы барлық мәселелерді шешуде,танып білуде қабілетті ең басты ақыл-күш парасаты деп білді.



«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» ойшыл қоғамды мемлекетпен теңестірді. Қоғам – адамдық мүше. «Қайырымды қала тірі ағзаның өмірін сақтау үшін барлық мүшелері бір-біріне көмектесетін сау тән тәріздес». Әл-Фараби Платон және Аристотель сияқты қалалардың классификациясын көрсеткен.

Ол мінсіз қаланы «адамның шынайы болып табылуымен байланысты, оның өмір сүруі, және оның өмірін сақтауы, тамаша заттарға қол жеткізуде адамдар бір-біріне көмектесетін қала» деп сипаттаған қаланың атауы «қайырымды қала». Өз уақытының барлық бірегей ойлары секілді, Фарабидің саяси тұжырымдамалары исламдық халифаттың шынайы бейнелеріне бағытталған араб мәдениетінің теориялық қағидаларына ұқсамады. «Қайырымды қала тұрғындарының көз-қарастары туралы» трактатында ол «қайырымды қалаға» былайша сипаттама берген: «Адамдардың бірлесуінің мақсаты шыңайы бақытқа жету істерінде өзара көмек көрсететін қала, қайырымды қала болып табылады және бақытқа жету мақсатында адамдар бір-біріне көмек көрсететін қоғам, қайырымды қоғам болып табылады. Әл-Фараби қайрымды қаланы «барлық органдары өмір сүруін сақтап қалу және оның толық ету үшін көмектесетін» дені сау денсаулықпен теңестіреді. Платонның және Аристотельдің мінсіз мемлекеттеріне қарағанда Әл-Фарабидің қайырымды қаласында қауымдар көп. «Қайырымды қалада бес бөлігі бар: аса лайықты тұлғалар – ораторлар, есепшілер, батырлар және байлар. Аса лайықты тұлғаларға даналар жатады …Кейін дін қызметшілері және ораторлар, ал нақты айтқанда шешендер, ақындар, музыканттар, жазушылар… Есепшілер деген – есептейтіндер, геометрлер, дәрігерлер, астрологтар және соған сәйкестер. Батырлар – ол риториктар, күзетшілер…Байлар — ол қаладағы байлықты сатып алатындар, жериеленушілер, малшылар, сатушылар және оған сәйкес келетіндер». Фараби бұл туралы былай дейді: « Әр адам өзінің табиғаты бойынша былай орналасқан, адам өзінің өмір сүруі және жоғары дамуға қол жеткізу үшін және жалғыз өзі қол жеткізе алмайтын көптеген заттарға және оның мұқтаждылығын ескере отырып қандай-да бір затты бере алатын адамдар тобынан кейбір заттарға қажетсінеді».

Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактаты» ойшыл дүниетанымының мазмұнды арналарының бірі. Трактатта ізгілікті қоғам болмысының негізгі тетіктері мен қажетті шарттары туралы жан-жақты талданып, зерделенеді. Мәселен, адамның табиғатынан көмекті қажетсініп, қоғам құруға бейілді екенін және адам қоғамының түрлері көптігін айтады.

Себебі әрбір адамның тіршілік етуі мен кемелділікке жетуі үшін қандайда болмасын қауым керек. Фарабидің пікірінше, «қайырымды қала» идеал болып табылады. Бұл қайырымды билеуші басқарған феодалдық қала. Оған өзінің мақсатына сəйкес əрекет ететін басқарушы шешеуніктер мен сол шенеуніктердің мақсатын жүзеге асыратын келесі рангілі шенеуніктер көмектеседі, осылайша қоғамның төмен қабаттарына дейін.

Ол да Аристотель секілді саясатты географиямен байланыстырады, бірақ оған құрамында жай ғана табиғи-географиялық компонентті емес, сондай-ақ одан өзге аумақтық-территориалды факторды қамтитын территориалды аспектті толықтырады.

Мысалы, Фарабидің адамзат қоғамы – ол тек осы факторлардың бірлескен ықпалы нәтижесінде ғана бола алатын «бір өмір сүру орнында көптеген адамдардың бірігуі».



Әл-Фарабидің «қайырымды қаласында» теңсіздік орын алады, тек рухани ғана емес, дәулет теңсіздігі де, себебі, «қайырымды қала» тек өзінің қажеттілігімен шектелген еңбек етушілер тұратын «қажеттілік қаласыз» мүмкін емес. Олар қажетін өзара көмек арқылы табады жəне төзімділік пен көну арқылы аман-саулыққа қол жеткізеді. Жалпы адам қоғамдастығын философ екі түрге бөліп көрсетеді: толық және толық емес. Толық қоғамдастықтың өзін үш түрге бөлген: үлкен орташа, кіші. Үлкен қоғамдастық деп ол бүкіл жерді мекендеуші барлық адамдардың жалпы қоғамдастығы деп көрсетеді. Ал орташа қоғамдастық дегеніміз білгілі бір халық ретіндегі қоғам дейді, кіші қоғамдастық ол белгілі бір қала ретінде көрсетілген. Толық емес қоғамдастыққа келер болсақ әл-Фараби оларды төртке бөліп қарастырған. Олар: квартал, көше, үй және ауыл. Соңғысы қала құрамында көрмегенімен ол қалаға қызмет көрсетуші толық емес қоғам болып табылады. Жоғары деңгейдегі дамуы мен игілікке адам ең бірінші ретте ең кіші дегенде қалада ғана қол жеткізе алады деп көрсеткен. Кез келген нәрсеге шын көңіл білдіріп, шынайы таңдау жасап талаптанып жетуге болатындықтан кез келген қалада бақытқа қол жеткізуге болады дейді. Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесетін қайырымды қала деп түсіндіріледі. Сол сияқты қайырымды қола, қайырымды тұрғындар (халық) болады дейді.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет