Ел тілегі ескеріліп жатыр



Дата28.04.2016
өлшемі45.26 Kb.
Ел тілегі ескеріліп жатыр.

№37 Ақсуат сайлау округі бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болғаныма да 2 жыл 9 ай уақыт өтті. Менің округіме Тарбағатай ауданы бойынша: Ақсуат, Құмгөл, Екпін, Көкжыра, Серіктес, Мүрсәлім, Қызыл-кесік, Үштөбе және Кіндікті ауылдары кіреді.

Ал, Үржар ауданы бойынша: Таскескен, Шолпан, Қарақол, Алтыншоқы, Науалы, Малақ, Жаңатілек, Жоғарғы Егінсу, Айтбай, Абай, Сартерек, Лайбұлақ, Текебұлақ, Тас арық және Сағат ауылдары қарайды.

Өткен уақыт ішінде сайлаушылар үшін не істедім, нені істей алмадым деген сұрақтарға жауап бергелі отырмын.

Ең алдымен сайлауалды бағдарламамды сайлаушылармен кездескеннен кейін көтерілген талап – тілектермен толықтырдым.

Округке кіретін елді – мекендердегі шешімін күтіп тұрған мәселелерді жинақтап, тиісті орындарға (аудандық, облыстық) сауалдар жолдадым.

Азаматтарды жеке қабылдау кестесін жасап, облыстық «Дидар» газетіне жарияладық.

Тарбағатай және Үржар аудандары бойынша өз округімдегі ауылдардың мәселелерін көтеретін «Ел тілегі ескерілсе» атты мақала жаздым. Ол «Тарбағатай» газетінің №59 санында (09.07.2012) жарық көрсе, Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетіне бұл мақаламда басылды.

2 жыл 9 айдың ішінде облыстық мәслихаттың 20 сессиясына, 10 тұрақты комиссия отырысына қатысып, халықтың талап-тілегін көтердім. Облыстық мәслихаттың сессиясында және тұрақты комиссияның отырысында қарауға мәселелер ұсындым.

Аудандық мәслихаттың да сессияларына қатысып, өзімнің пікірімді айтып отырдым. «Депутаттар ролінің көпқырлылығы» деген тақырыпта өткен облыстық семинарға қатысып, сертификат алдым.

2012 және 2013 жылдың жаз айларында Үржар ауданындағы сайлаушыларыммен кездесу өткіздім.

Тарбағатай бойынша Ақсуат, Көкжыра, Құмкөл, Екпін, Қызыл-кесік, Кіндікті ауылдарында болып, сайлаушылармен жүздестім.

Қызыл – кесік және Құмкөл ауылдары табиғат зардаптарын шеккенде жағдайды барып, өз көзіммен көрдім және облыста сөз қозғадым.

Сондай-ақ Ақсуат, Таскескен және Құмкөл ауылдарының халқына депутаттық есебімді бердім. Жалпы сайлаушылар мен 56 кездесу өткізіп, 51 сауал жолдадым, 48 қабылдау жасадым.

Екі қайырымдылық акциясын өткізіп, Тана мырза орта мектебінен бір кабинет жабдықтадым. Қайырымдылық қорына қаражат аударылды. Жалпы бұл шараларға біржарым миллион теңге жұмсалды.

Үржар және Тарбағатай аудандарында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өткізілетін мәдени шараға демеушілік, көмек көрсетілді. Бағдарламамда қамтылған кейбір мәселелер оң шешімін тапты.

Ең негізгі жұмыс Қаракерей Қабанбайға арналып Боғас бекетінде бір жылдың ішінде алып ескерткіш тұрғызылды. Бұл жұмыс та бағдарламаның «Тарихқа тағзым» атты бөлімінде көрсетілген болатын. Сонымен бірге Қабанбай батырдың 30 жыл серігі болған Қубас атқа да жеке мүсін қойылды.

Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылынан мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Оңалту бөлімшесі» ашылды. Мектеп жанындағы 100 балалық интернат пайдалануға берілді. Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың қаржы бөлуімен Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында «Спорттық модуль» салынуда.

Таскескен ауылындағы №18 колледждің күрделі жөндеуіне қаржы бөлінді. Үржар ауданында 2 бала-бақшаның құрылысы жүріп жатыр.

Кіндікті ауылында ұялы телефон байланысы орнатылды. Мектеп салынды. Ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Ақсуат - Өскемен бағытында маршрутты автобус жүргізілді.

Алтыншоқы ауылындағы (Үржар ауданы) ауыз су мәселесін шешуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Сатпаев – Ақсуат бағытындағы жол жөнделді.

Тарбағатай және Үржар аудандары бойынша мына мәселелер сауалдар жолдаумен тұрақты комиссияда көтерілуіне байланысты шешімін тапты : Тарбағатай ауданы Серіктес ауылынан «Медициналық пункт» ашылды. Және 2014 жылы Үржар ауданындағы Шолпан ауылына , Тарбағатай ауданындағы Құмкөл ауылына жедел жәрдем автокөліктері берілуге тиісті.

Сонымен бірге ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Т.Т. Ибраев және Н.С. Сабильянов мырзаларға Тарбағатай ауданындағы Тебіске, Базар өзендеріндегі плотина каналдарды қайта жаңғырту (528 млн 310) (848 млн 947) жұмыстарына қаржы бөлдірту туралы сауал жолданған.

Соның нәтижесінде 2014 жылы республикалық бюджеттен Тебіскеге 528 млн 310 мың, ал Базарға 848 млн 947 мың теңге қаржы бөлінетін болды.

Сондай - ақ ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровқа Тарбағатай ауданынан аумағы 40.000 гектар жерді қамтитын «Ақжайлау» мемлекеттік Ұлттық табиғи паркін құру жөнінде аудан әкімі және менің атымнан бірлескен хат табыс етілді.

Халықтың ендігі тілегі Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуаттағы аэропортты іске қосу және Үржар ауданындағы құрылысы аяқталмаған мектептерді бітіру болып отыр.

2014 жылы II – шілдеде Тарбағатай ауданында аудандық әкімшіліктің қаржылай қолдауымен «Бөрітастаған мәртебесі және болашағы» - деген тақырыпта республикалық ғылыми – практикалық конференция өткіздік. Оған Қазақстандағы эколог, географ, биолог, аргиолог, геолог, тарихшы ғалымдары мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі қатысты. Соның нәтижесінде «Бөрітастаған» жартасына тарихи - табиғи ескерткіш статусы берілетін болды.

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2020» бағдарламасы негізінде де жұмыстар атқарылуда. Осы бағдарламаның бір тарауы «Азаматтық қоғам: еркін және жауапты азаматтар одағы» деп аталады. Осыған орай Тарбағатай ауданында ең алғаш рет 2006 жылы «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігін құрдым (ҮЕҰ). Бірлестік жыл сайын жоба жасап, гранттар ұтып халық үшін жұмыс жасап жатыр.

«Тарбағатай табиғаты» ЭҚБ арқылы жоба жасап, БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша 22 млн. теңге грант ұтып, сол қаржыға аудандағы 4 мектепке пирролиздік пеш, екі мектепке жылыжай (теплица) тапшылатып суғаруымен бірге орнатылады және Ақсуат ауылының орталық көшесі жарықтандырылатын болады.

Аудандық бюджеттен бұл жобаға қосымша 8.5 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

Бүгінгі күні ауданда 14 ҮЕҰ тіркеліп, жұмыс істейді (әр сала бойынша). ҮЕҰ-дар мен қоғамдық ұйымдардың басын біріктіріп аудандық «Азаматтық Альянс» құрып, жұмыс істеудеміз. Жыл сайын азаматтық форум өткіземіз.

«Халықтық IPO» бағдарламасының лекторы ретінде Тарбағатай, Зайсан, Аягөз, Үржар аудандарының халқына лекция оқыдым.

Ауданда жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша да жұмыстар атқарылуда. Жемқорлықпен күрес жөніндегі аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейміз.

БАҚ- тарда депутаттық жұмысым жөнінде 12 мақалам жарық көрді. 29- қыркүйек 2014 жылы Қазақстан- Өскемен телевидениесіне 20 минуттық интервью бердім.

Елбасымыз «Қазақстан – 2050» стратегиясында Қазақстанды әлемдегі ең үздік дамыған 30 елдің қатарына ену міндетін қойып отыр. Бұл міндет халықтың әлеуметтік жағдайын шешкенде ғана орындалады.



Е.К.Құттыбаев - № 37 Ақсуат сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты.
Каталог: app -> webroot -> files -> deputatskaya%20deyatelnost -> Kuttibaev
Kuttibaev -> Қабанбай – қазақтың хас батыры
Kuttibaev -> Қазақ хандығының 550 жылдығына Қабанбай қазақтың хас батыры
Kuttibaev -> Экология- ел тағдыры
deputatskaya%20deyatelnost -> Джанкушукова Рыскан Жагипаровна, депутат №40 Урджарского избирательного округа
deputatskaya%20deyatelnost -> 1. Проведение встреч и собраний с избирателями, органами местного самоуправления и организациями
Kuttibaev -> Бес халықтық реформа Реформа талабы азаматтық қоғамды дамыту
Kuttibaev -> Жемқорлықпен күрес Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет