Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынына сәйкес «Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»



Дата22.03.2020
өлшемі72.56 Kb.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынына сәйкес «Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» тарапынан тұтастай елдің, ұлттың мәдениетін өркендету, тілді сақтау, дамыту, оның беделін нығайту және дене шынықтыру-сауықтыру, бұқаралық, ұлттық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат
Елбасының ұстанымы расыменде мәдениет пен руханиятқа үлкен қозғау салып, көптеген игі шаралардың бастамасы болғалы тұр. Атап айтқанда, заңғар жазушы М.Әуезовтың туғанына 120 жылдығын өткізу, «Қаламқас» халық ән-би ансамбльінің құрылғанына 45 жыл толуын мерекелік көлемде атап өту, Қарауыл ауылындағы орталық стадионның ашылуы сынды ауқымды шаралар жоспарлануда.

Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, анықтау, есепке алу, пайдалану және тарихи-мәдени ескерткіштерін ғылыми қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар бойынша біршама жұмыстар атқарылып, аймақтағы тарихи-мәдени нысандар есепке алынды.

Абай ауданы – ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлылар туған тарихи аймақ болғандықтан аудан аумағында тарихи-мәдени мұралар, көне ескерткіштер, тарихи жерлер көптеп кездеседі.

Абай ауданы бойынша мемлекеттік тізімге енген 35 тарихи-мәдени ескерткіш бар болса, өткен 2016 жылы 5 археологиялық ескерткішпен толығып 10 археологиялық ексерткішке толықты. Бұл тарихи нысандар 2008 жылғы 25 сәуірдегі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің № 560 қаулысымен есепке алынып, бекітілген. Есепке алынған осы 35 ескерткішке арнайы қорғау ордерлерінің нөмірлері берілген. Оның ішінде 2 ансамбль, 28 архитектура және қалақұрылысы ескерткіштері, 5 археологиялық ескерткіші болып келсе, өткен 2016 жылы тағы 5 архиологиялық ескерткішке толықты. Атап айтқанда: 1. Барлыбай мазары, 2. Коратогай мазары, 3. Нурмаганбет мазары, 4. Орда мазары, 5.Сылдырбұлақ мазары.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі №560 қаулысына толықтыру енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтың 2017 жылғы 31 шілдедегі №195 қаулысы шығып Қоңыр әулие үңгірі археолог ескерткіш түріне кіргізді. Осы қаулыға сәйкес биылғы жылы қасиетті Қоңыр әулие үңгірін абаттандыру жұмыстары жүргізілу үстінде.

Табиғи карттық құбылыстың негізінде пайда болған. Ақтас тауы бойында орналасқан үңгірдің ауызғы қуысы елеусіз келеді. Жіңішке дәлізбен солға бұрылғанда орасан көрініс ашылады. Үңгір кеңейіп сала береді.Үңгір жер асты көлімен шектеседі. Тарихи орыннан табылған жәдігерлер өлкені мекендеген түркілердің салт-дәстүрі, наным-сенімдері туралы көп дүниеге түсінік береді. Тоқтамыс ауылдық округінде ораласқан. Жер аумағы: 04 га. Қарауыл ауылынан 90 шақырым батыс жағына қарай. Қарауыл ауылнан Медеу ауылана дейін асфальті тас жол 65 шақырым. Медеу ауылынан 35 шақырым топырақты, тау-тасты жол. Қоңыр әулие үңгірінде кіре берісінде асхана. қонақ үй бар. Маңайы Таулы жазық. Қоңыр әулие үңгірінен оңтүстікіне қарай 800 метр жерде Шаған өзені ағып жатыр. Келушілер саны жылдан жылға көп. Үзілмей келеді.



2016 жылы жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енген археалогиялық ескерткіштер

1

Барлыбай могильник,

VII-III вв. до н.э. - VII-IX вв. н.э.




археологии

50 км к югу от села Кенгирбай би, в местности Барлыбай

N 48°41ʹ02,5ʺ

E 79°01ʹ37,3ʺ


2

Коратогай могильник,

VII-IX вв. н.э.



археологии

25 км к югу от села Караул, в урочище Коратогай

N 48°48ʹ 301ʺ

E 078°59ʹ 544ʺ


3

Нурмаганбет могильник,

VII-III вв. до н.э.



археологии

25 км к западу от села Архат, в местности Нурмаганбет

N 48°59ʹ 42,6ʺ

E 079°45ʹ 30,5ʺ


4

Орда могильник, VII-IX вв.н.э.

археологии

20 км к западу от села Архат, вдоль дороги Семей -Караул, к востоку от горы Орда

N 49°05ʹ 979ʺ

E 79°35ʹ 455ʺ


5

Сылдырбулак могильник,

XVII-XI вв. до н.э. –

VII-III вв. до н.э.


археологии

45 км к югу от села Кенгирбай би

N 48°40ʹ 30,9ʺ

E 78°59ʹ 37,4ʺ


40 ескерткіштің 10-ы Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық мұражайының иелігінде, 1-еуі Құнанбай қажы мешіті, яғни, аудандық Діни бірлестік иелігінде, 29 аудан, яғни, жергілікті атқарушы билік органдарының иелігінде.

Тарихи және мәдени мұраны қорғау, пайдалану жөнінде мақсатында аудан әкімінің 19.05.2012 жылғы № 285 «Абай ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу туралы» қаулысы қабылданды.

Қаулының негізінде ескерткіштерді ауылдық округтердің теңгеріміне беру туралы ауданның қаржы бөлімі бастығының «Абай ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу туралы» 07.12.2012 жылғы № 62 бұйрығы шығарылды.

Қабылданған қаулы бойынша 9 аулдық округ әкімдері мен ШҚО мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ арасында сол аймақта орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және сақтау жөнінде қорғау міндеттемесі қабылданды.

2014-2015 жылы 1 монументалды өнер ескерткіші орнатылды.

Ескерткіш - Мамай батыр Жұмағұлұлының 300 жылдығына орай орнатылды.

Ескерткіштің түрі - монументалды өнер ескерткіші санатына жатады.

Ескерткіштің биіктігі –8,2 метр, тұғыры – 4,5 метр.

Жалпы алып жатқан аумағы: ұзындығы – 120 метр, ені -100 метр.

Ескерткіш толықтай темір шарбақпен боялып, қоршалған. Сондай-ақ, бұл ескерткіштің ерекшелігі архитектуралық қалақұрылысы ескерткіші түріне де жататығында.

2015-2016 жылы 1 архитектуралық және қалақұрылысы ескерткіші орнатылды.

Бюст-ескерткіш – халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы

қарсаңына орай орнатылды.

Ескерткіштің биіктігі - 1 метр, тұғыры – 2,8 метр.

Жалпы алып жатқан аумағы: ұзындығы – 23 метр, ені - 20 метр.

Бюст-ескерткіш аудандық мәдениет үйінің жанында тұрғызылған. Толықтай темір шарбақпен боялып, қоршалған.

Ескерткіштің түрі - архитектуралық қалақұрылысы ескерткіші санатында.

Алдағы уақытта Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және насихаттау жөнінде іс-шаралар өткізуге жұртшылықты тарту жұмыстарын жалғастыра беретін болады.

Мәдени сала мен тілдерді дамыту негізгі жұмысымыз болғандықтан тіл мәселесі де назарымыздан тыс қалып отырған жоқ. «Абай оқулары» аудандық байқауы, «Қате жарнамаға жол жоқ!», «Тектілікті сақтау-ата дәстүріміз» атты айлықтары өткізілді. 22 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Арман» мәдениет үйінде «Тіл біздің тірегіміз» атты тіл айлығын қорытындылау мақсатында мерекелік шара  болды.

Дене шынықтыру-сауықтыру, бұқаралық, ұлттық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталар болсақ 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталар болсақ, аудан бойыншахалық саны 15371, дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны 4690 адам, ол жалпы халық санының 30,6 пайызын құрады.

«Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес аудандық жарыстар жүйелі түрде ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады. Бүгінгі күнде спорт мектебінде спорттың 8 түрі бойынша: қазақ күресі, дзюдо, бокс, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, таэквондо, үстел теннисі бөлімдерінде жиыны 1039 бала тұрақты жаттығады.

«Дене тәрбиесі кадрлары» бойынша ауданда жалпы орта білім беретін мектептерде37 спорт маманы қызмет жасап отыр.

2017 жылы спорт мектебінде 37 жаттықтырушы жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылы осы уақытқа дейін 40-қа жуық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оған 4660 адам, оның ішінде 1850 балалар мен жасөспірімдер қатысты.

2001-2002, 2003-2004 ж.т. жасөспірім қыздар арасында «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына байланысты волейболдан ашық қалалық турнирда Абай ауданының құрама командасы 3 орынды иеленді.

Волейболдан Зайсан ауданында 2000 ж.т. жасөспірім қыздар арасында Ж.Абышеваны еске алуға арналған дәстүрлі облыстық турнирда аудан құрамасы 1 орын алды.

Ересектер арасында волейболдан ҰОС ардагері Қайыржан Сабырбаевтың 101 жылдығын еске алуға арналған Бесқарағай ауданының ашық турнирында Абай ауданының құрамасы ІІ орын иеленді.

Шығыс Қазақстан облысының волейболдан еңбек сіңірген жаттықтырушы Смайлов Құрмет Фазылұлын еске алуға волейболдан жасөспірімдер арасындағы Қалбатауда өткен турнирда аудан құрамасы ІІ орын алды.

Волейболдан 1999-2000 жылдары туылған қыздар арасында ШҚО Балалар лигасының көктемгі чемпионатында Абай ауданының құрама командасы 2 орынды иеленді.



Дзюдо күресінен 2002-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында самбодан КСРО спорт шебері, Ұлы Абайдың 125 жылдық тойының «Түйе палуаны» Қайырбек Дүрмекбаевты еске алуға арналған ашық РТ өткізілді.
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет