Елбасының «Қазақстан-2050 Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын халыққа түсіндіру насихаттау жұмыстары туралы ақпарат



жүктеу 135.42 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі135.42 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Елбасының «Қазақстан-2050 Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын халыққа түсіндіру насихаттау жұмыстары туралы ақпарат.
Аудандық ішкі саясат бөлімі өз жұмысының басты арнасын Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

Осыған орай 14 ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Оның 5-і аудан орталығында, 9-ы ауылдық округтерде. Топ құрамында 52 мүшесі бар. Осыған сәйкес, ақпараттық-насихаттық топ құрамы жаңартылып, жұмыстардың жоспары, жасалынып, кестесі бекітілген.

Жолдауға байланысты бүгінгі күнге дейін 212 кездесу, 6 «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар өткізіліп, аудан халқының 65 пайызға жуық тұрғыны қамтылды.

Қаңтар айында аудан орталығында, ауылдық округтерде өткен кездесулерде Елбасымыздың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы талқыланды. Осыған орай ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тиісті ақпараттар жеткізіліп, кездесуге қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берілді. Қаңтар айында ақпараттық-насихаттық топтармен 25 кездесу, өткізіліп, оған 1181 адам қамтылды.

Ақпан айында Елбасымыздың Жолдауына орай ауылдарда 24 кездесу, 1 «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар өткізілді. Оған 1087 адам қатысты.

Ақпан айының 6-7 аралығында ауданға Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері келіп жергілікті халықпен кездесу өткізді. Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Ақерке Абылайхан бірқатар ауылдық округтерде Елбасы Жолдауын, одан туындайтын міндеттерді насихаттады.

Наурыз айындағы ақпараттық-насихаттық топтардың кездесулерінің негізгі арқауы Республикамызыдың, облысымыздың, ауданымыздың дамуындағы атқарылған жұмыстар халыққа жеткізіліп, олардың көкейіндегі сұрақтарға тиісінше жауаптар беріледі. Наурыз айында 27 кездесу, 1 «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар ұйымдасырылып, оған 1246 адам қатысты.

Сәуір айында Қазақстан Республикасының зейнеткерлік жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын халыққа түсіндіру мақсатында аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары жетекшілік ететін, құрамында 11 мүшесі бар аудандық ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Топ құрамында ішкі саясат, зейнетақы төлеу орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауылшаруашылық және ветеринария, білім бөлімдерінің, салық органдарының, қоғамдық, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, БАҚ өкілдері кірді.

Бекітілген кестеге сәйкес, топ мүшелері 8-12 сәуір күндері аралығында барлық ауылдық округтерде болып, зейнетақы реформасы жөнінде халыққа түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап берді. Ақпаратық-насихаттық топтың мүшелеріне көмекші құрал ретінде әдістемелік материалдар таратылып берілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айындағы ақпараттық-насихаттық топтардың кездесулерінің негізгі арқауы Республикамыздың, облысымыздың, ауданымыздың дамуындағы атқарылған жұмыстар халыққа жеткізіліп, олардың көкейіндегі сұрақтарға тиісінше жауаптар беріледі. Мамыр айында 20 кездесу, 2 «дөңгелек үстелдер», семинарлар, конференциялар ұйымдасырылып, оған 2277 адам тартылады деп жоспарланып отыр.

Аудандық «Абай елі» газетінде «Елбасы Жолдауы жарқын болашаққа жол бастайды» атты айдарда жыл басынан бері 94 азаматтардың қолдау мақалалары жарық көрді.

Жыл басынан бері республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аудан тынысы жөнінде мақалалар жариялануда.

Елбасы Жолдауын және қоғамдық-саяси көрнекіліктер жасауға ішкі саясат бөліміне 1 млн теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері арнайы тапсырыспен баннерлер жасалып, аудандағы көрнекіліктер жаңартылды.

Ауданда діни ағымдардың мәнін түсіндіру мақсатындағы аудандық ақпараттық-насихаттық топ құрылған. Топ құрамында ішкі саясат, білім, прокуратура, ардагерлер кеңесі, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген. Мамыр айында аталмыш ақпараттық-насихаттық топ құрамы жаңартылды. Белгіленген кестеге сәйкес діни ағымдардың мәнін түсіндіру мақсатындағы аудандық ақпараттық-насихаттық топ қаңтар айында Кеңгірбай би, Медеу ауылдарында, ақпан айында Қасқабұлақ, Көкбай ауылдарында, наурыз айында Архат, Орда ауылдарында, мамыр айында Қарауыл ауылындағы Абай атындағы мектеп-лицей, Қарауыл гимназиясында болып ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізді.

Наурыз айында діни ағымдардың мәнін түсіндіру мақсатындағы облыстық ақпараттық-насихаттық топ Абай ауданында болып, тұрағындармен кездесулер өткізіп, аудандық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысына қатысты.

Аудандық «Абай елі» газетінде әр ай сайын дін, имандылық мәселелері бойынша «Дін тәрбие – діңгегім» айдары ашылған. Онда ішкі саясат бөлімінің «Дін істері агенттігі атқарылар істерді межеледі», «Діни ағымдардың мәнін түсіндірді», Аудан прокурорының аға көмекшісі М.Жолымбетовтың «Діни экстремизм ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді», «Жаһанды жайлаған терроризм мен экстремизм» мақалалары, Абай ауданы прокурорының көмекшісі Е.Мұратовтың «Лаңкестікке байланысты қылмыстар үшін жауаптылық» хабарландыруы жарық көрді. Сондай-ақ, аудан әкімінің сайтында Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің «Дін істері агенттігі атқарылар істерді межеледі», «Діни ағымдардың мәнін түсіндірді» мақалалары жарияланды.

Ауданда қоғамдық-саяси, мәдени спорттық іс-шараларға аудан халқы, ардагерлер, жастар, қоғамдық ұйым өкілдері белсенді атсалысады.

Мәселен, 30 қаңтар - 8 ақпан аралығында «Толағай» отбасылық спорттық сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыс ауданда алғаш рет ауылдар арасында өткізілді.

Ақпан-сәуір айларында «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» тақырыбында ауыл-мекеме көркемөнерпаздарының байқауы өткізілді. Байқау барысында Елбасы Жолдауы, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдама, ауданға еңбек сіңірген қайраткерлер өмірі, ұлттық-салт дәстүр, патриоттық тәрбие, мемлекеттік рәміздер насихатталды. Байқауға аудандағы барлық мекемелер, ауылдық округтер белсене қатысты.

7 наурызда аудандық мәдениет үйінде «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған салтанатты жиын өтіп, мерекелік концерт қойылды. Осындай іс-шаралар ауылдық округтерде де ұйымдастырылды.

Ауданда «Наурыз 2013» ұлттық мейрамы жоғары деңгейде, жаңаша бағытта ұйымдастырылып, өткізілді. Мереке қарсаңында барлық ауылдық округтер көрнекіліктермен безендірілді. Қарауыл ауылындағы орталық алаңға барлық ауылдардан 20 киіз үй тігіліп, мерекеге байланысты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «ЕХРО-2017» көрмесі, «Қазақстан футболына 100 жыл», «Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдығы» т.б. тақырыптарға орай театрландырылған көрініс көрсетілді. Осы күні ардагерлерге мерекелік дастархан жайылып, жәрмеңке, сауда ұйымдастырылып, ұлттық спорттық ойындар түрінен сайыстар өткізілді. Наурыз мейрамы барлық ауылдық округтерде тойланды.

Сәуір айынан бастап ауылымызды таза ұстау мақсатында экологиялық сенбіліктер ұйымдастырылуда. Ауыл маңайын, көшелерді, мекеме аулаларын сондай-ақ, ауыл маңындағы зираттарды, молаларды тазалау жұмыстарына аудан халқы белсене атсалысты.

Сәуір айының 23 күні аудандық «Білгенге маржан» атты тілдер сайысы өтті. Оған ауыл жастары белсенділікпен қатысты.

26 сәуір күні «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты аудандық форум өтті. Оған аудандық мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, БАҚ, ұстаздар, жастар, мектеп оқулары қатысты. Форумда аудан дамуына еңбегі сіңген азаматтар, жастар өкілдері сөз алып, өз ой-пікірлерін білдірді. Қоғамдық пікірдің көшбасшылары талап, еңбек, бірлік сияқты адамзат құндылықтарын форумға қатысушыларға насихаттады.

27 сәуір күні ҚР білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов арнайы іс-сапармен Абай ауданында болып, зейнеткерлік жасының ұлғаюына байланысты аудан халқымен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасымен ұстаздық еңбек етіп жүрген жас ұстаздарға, және зейнет жасының ұлғаюына байланысты сөз қозғалды.

1 мамыр күні – Қазақстан халқының бірлігі күнін орай барлық ауылдық округтерде кең көлемді мерекелік шаралар өтті. Қарауыл ауылында мерекелік шеру, жәрмеңке, спорттық сайыстар ұйымдастырылды.

4 мамыр күні Көкбай ауылында «Жас қанат» жастардың патриоттық әндер байқауы өтті. Оған ауданның барлық ауылдық округтерінен әнші өнерпаздар қатысып, жүлделі орындарға, ескерткіш сыйлықтарға ие болды.

6 мамыр күні аудандық өлкетану мұражайындаҰлы Жеңістің 68 жылдығына арналған «Аталар ерлігі ұрпаққа ұлағат» тақырыбында ҰОС ардагері Жағыпар Жүнісжанов пен жастардың кездесуі өтті.

9 мамыр күні Қарауыл ауылындағы З.Белібаев атындағы Жеңіс алаңында Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған митинг өткізілді. Оған ардагерлер, мектеп оқушылары, жастар, ауыл жұртшылығы қатысты. Ардагерлер мен аудан басшылары, жас ұрпақ мәңгілік от жанып тұрған соғыста қаза болған боздақтардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Соғыста қаза болған майдангерлер рухына арналып құран бағышталып, мереке құрметіне автоматтан салют берілді. Осы күні Қарауыл төбеде ат бәйгесі өтіп, «Атамекен» тойханасында ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, Чернобыль апатына, ауған соғысына қатысушылардың құрметіне мерекелік дастархан жайылды.

25 мамыр күні аудандық ақпараттық насихаттық топ мүшелері барлық ауылдық округтердегі мектеп бітірушілердің салтанатты рәсіміне қатысып, сөз сөйледі. Онда Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы насихатталды.

31 мамыр күні аудан ортылығындағы қуғын-сүргүн құрбандарын еске алу алаңында 1931-32 жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналған салтанатты митинг өтті. Онда жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің қадірі, патриотизм құндылықтары насихатталды.

1 маусым күні ауданға облыс әкімі Б.Сапарбаев іс-сапармен келіп, Саржал, Қарауыл, Қасқабұлақ ауылы жұртшылығымен кездесулер өткізді.

13 маусым күні аудан орталығында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Д.Селихановтың қатысуымен 8 ауылдық округ мал дәрігерлеріне 8 «Нива» автокөлігін беру шарасы өтті. Шара аяғынан аудандық әкімдікте жиналыс өтіп, онда Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді насихаттады.

20 маусым күні «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде Қарауыл ауылындағы орталықтандырылған кітапханада «Бизнес кеңесші» шарасы, сондай-ақ, «Даму» қорының өкілдерінің қатысуымен қарауыл ауылындағы онлайн оталығы ашылды. Онда Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы насихатталды.

27 маусым күні Абай ауданында «Жұмыспен қамту 2020» бағдардамасы аясында мамандықтар жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңке барысында бірқатар жұмыссыз азаматтар жәргілікті кәсіпкерлермен, жұмыс берушілермен еңбек шартына қол қойды. Жәрмеңкеде Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы насихатталды.

28 маусым күні ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай ауданда журналистер мерекесі және байланыс қызметкерлері мерекесі аталып өтілді. Онда елге елеулі еңбек сіңіріп жүрген бірқатар мамандар марапатталды.

28 маусым күні аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың бесінші шақырылған кезекетен тыс ХІІ сессиясы, соңынан актив жиналыс болып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Е.Текешев қатысып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер насихатталды.

29 маусым күні ауданда Медицина қызметкерлерінің күні аталып өтілді. Аудан орталығында мәдениет үйінде салтанатты жиын болып, онда үздік медицина қызметкерлері марапатталды. Еңбек адамының мәртебесі насихатталды.

16 шілде күні Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновты Абай ауданында қарсы алу шарасы болып өтті. Онда қарапайым еңбек адамының мәртебесі, еңбектене отырып жетістікке жету жолы туралы насихатталды.

23 шілде күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары В.Кошелевтің, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Д.Селихановтың, аудан әкімі Т.Мүсәпірбековтың қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында «Шыңғыстау жәрмеңкесі – 2013» шарасыныа дайындық жұмыстары пысықталып, Елбасының мақаласы, жалпы еңбек адамының жұмысын оңтайландыру мәселелері талқыланды.

24 шілде күні зейнеткерлік туралы заң жобасын түсіндіруге байланысты аудандық комиссия Тоқтамыс ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы насихатталды.

3 тамыз күні аудандық Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Жастар үйінде» Құнанбай қажы атындағы мешіттің бас имамының қатысуымен жастармен кездесу болып өтті. Кезесуде дін, имандылық мәселелері, сондай-ақ, Елбасы мақаласы талқыланды.

8 тамыз күні Қарауыл ауылындағы орталық алаңда «ШАМ (Шәкәрім, Абай, Мұхтар) – ШЫРАҒЫМ» республикалық жастар акциясының басталуы болып өтті. Акцияға 400-ге жуық аудан жастары қатысты. Акция барысында Шығыс Қазақстан облысы жастары атынан республка жастарын еңбеккке, туған жерін сүюге шақырған Үндеу қабылданды. Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларындағы еңбек тақырыбы жастар арасында насихатталды.

9 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде облыс әкімінің кубогы үшін республикалық КВН фестивалі болып өтті. Оған республикалық жоғарғы лигада ойын көрсетіп жүрген командалар қатысты. Фестивалге арнайы облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар, облыстық жастар мәселелері саясаты басқармасының басшысы Ж.Сәрсебаев, облыстық «Жастар орталығы» КММ-нің директоры А.Есімбекова қатысты. Фестиваль барысында Елбасы Жолдауы насихатталды.

10 тамыз күні орталық алаңдағы Абай ескерткішінің басында Ұлы ақынның 168 жылдық туған күні мерекеленді. Онды ақынның еңбекшілдік туралы шығармалары оқылды.

16 тамыз күні Қарауыл төбеде облысаралық «Шыңғыстау 2013» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында Елбасы мақаласы, Жолдауы насихатталды.

16-17 тамыз күні Ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдығы мерекеленді. Мереке барысында облыстық жазба ақындар мүшайрасы, ақынның ескерткішінің ашылуы, ұлттық ат спорты ойындары, сондай-ақ, кеңгірбай би Жандосұлына арналған ескерткіш, алаңың ашылу салтанаты болды.

21 тамыз күні Медеу ауылында ауылдың өркендеуіне үлкен үлес қосқан сенғали Әділбаевқа аранлып ас берілді. Ауылдық клубта ауыл азаматын еске алу кеші ұйымдастырылып, еңбек адамының жемісті қызметі насихатталды.

27 тамыз күні аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен «Табиғатты аялайық!» акциясы өтті. Акция аясында бір топ еріктіліктерден құралған ауыл жастары Кеңгірбай би кесенесі және Оспан көлінің маңайына сенбілік жүргізді.

28 тамыз күні аудан мұғалімдерінің дәстүрлі тамыз мәслихаты болып өтті. Онда аудан әкімі Т.Мүсәпірбеков баяндама жаап, қарапайым еңбек адамы, мұғалімдер қызметіне ерекше тоқталды.

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай барлық ауылдық округтерде мерекелік іс-шаралар, кештер, концерттер ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы кітапханада «Ата Заңым – айбыным!» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

1 қыркүйек – Білім күніне орай барлық ауылдық мектептерде «Алғашқы қоңырау» салтанаты аталып өтілді. Жиын барысында аудан әкімдігінен барған өкілдер құттықтау сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауын насихаттады. Сондай-ақ, осы күні аудан орталығындағы мектептерге облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов қатысты.

4-6 қыркүйек күндері Абай ауданында XIV Республикалық Абай-Шәкәрім оқулары болып өтті. Оған республиканың әр облыстарынан жүзге жуық мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ, қазылар алқасында Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан жазушылар одағының өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері болды.

7 қыркүйек аудан орталығындағы алаңда «Денсалық фестивалі» ұйымдастырылды. Оған ауданның барлық мекеме қызметкерлері қатысып, ашылу салтанатында сөз сөйлеген ауданның ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ұ.Сағадиев отбасы құндалақтары, қарапайым еңбек адамдарының мәртебесі туралы айтты. Фестивал барысында Еңбек жанұялары марапатталып, гүл мерекесі ұйымдастырылды.

8 қыркүйек – Отбасы күніне орай барлық ауылдық округтерде мерекелік кештер, дөңгелек үстелдер, жиындар, марапаттау шаралары ұйымдастырылды. Аудан орталағындағы кітапханада жастар орталығы және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Риясыз әңгіме» тақырыбындағы кеш, аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бөлімшесінде «Отан от басынан басталады» суре көрмесі ұйымдастырылды.

17 қыркүйек күні аудандық Жастар үйінде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен кезекті конференциясы болып өтті. Жиында Елбасы Жолдауы, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы, сондай-ақ, «Нұр Отан» Нұрлы болашаққа жол» доктринасы талқыланды.

13 қыркүйек күні Құндызды ауылындағы Ш.Әбенов атындағы орта мектепте «Жақсылық жасауға асығайық!» атты қайырымдалық іс-шарасы болып өтті. Шара аясында қарапайым еңбек адамдарының қызметі насихатталып, ауыл кәсіпкерлері тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қайырымдалық көрсетілді.

24 қыркүйекте ауданның тірек ауылы Қасқабұлақ ауылында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынща несие алған азаматтың қоғамдық моншасының ашылу салтанаты болып өтті. Онда Елбасы Жолдауы, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы насихатталды.

25 қыркүйек күні аудандық Жастар үйінде ауданның ішкі сасяат бөлімінің ұйымдастыруымен Діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің барлық мектеп директорларымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, психологтармен, дінтану пәні мұғалімдерімен және жастармен кездесу өткізді.

27 қыркүйек Мәдениет қызметкерлері күні мерекеленді. Онда мәдениет саласының үздіктері марапатталды.

Сондай-ақ Мұғалімдер мерекесі өз мәнінде аталып өтілді. Үздік педагогтар марапатталды.

28-29 қыркүйек күндері аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде таэквондадан облыстық жарыс өтті. Онда облыстың әр ауданынан командалар қатысып Елбасы Жолдауы насихатталды.

1 қазан Қарттар күніне байланысты ауданда орталық кітапханада «дөңгелек үстел» болып өтті, оған аудан әжелері, ақсақалдары, жастар өкілдері қатысты. Сол күні аудан орталығындағы «Атамекен» тойханасында аудан ақсақалдарына, әжелеріне арналып аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен мерекелік дастархан жайылды. Сондай-ақ, барлық ауылдық округтерде, мекемелерде ардагерлерге, қарттарға құрмет көрсетілді.

Қазан айында барлық ауылдық округ әкімдері ауыл тұрғындарына есеп берді. Оған аудан әкімдігінің, облыс әкімдігінің өкілдері қатысып, Елбасы Жолдауы насихатталды.

3 қазан күні аудан орталығы Қарауыл ауылында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы несие алған жас кәсіпкер М.Мәкенованың шаштараз ашу салтанаты болды.

9 қазан күні ауданға Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, көрнекті қоғам қайраткері Сұлтан Оразалинмен кездесу кеш болып өтті. Кешке ақын Н.Айтов пен Т.Әбдікәкім арнайы қатысты.

14 қазан ауданның ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ақын Дулат Аюбаевты еске алуға арналған «Туған жердің қазығына байланған...» тақырыбындағы әдеби кеш және аудандық жас ақындар мүшайрасы болып өтті.

Ауданда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен насихатталуы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

«Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың қолданылуын бақылау жайындағы 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. Бүгінгі күнге жоспарға сәйкес патриоттық тәрбие және мемлекеттік рәміздерді насихаттауға байланысты жұмыстар атқарылып келеді. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында аудандық мемелкеттік рәміздер жөніндегі комиссия аудан мекемелеріндегі мемлекеттік рәміздердің жай-күйіне тексеру жүргізіп, кемшілік анықталған мекеме басшыларына тәртіптік жаза қолданылды.

Ауданда «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жыл басынан бері 176 млн. 750 мың теңгенің 30 жобасы іске асырылады деп жоспарланған. Бүгінгі уақытта 29 жоба іске асырылып, 126 млн. 750 мың теңге қаржы игерілді.

Бүгінгі таңда ауданда республикалық, облыстық басылымдардың 2014 жылға жазылу науқаны басталды.

Ауданда наразылық акциялары, шерулер, митингілер өткізілген жоқ. Сондай-ақ назарлық шараларын өткізуге сұраныс түскен жоқ. Мекемелерде, ұйымдарда еңбек қақтығыстары болған жоқ.

Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылар, өзге деструктивті діни ағымдарды уағыздаушылар болған жоқ.

Қазіргі уақытта аудандағы қоғамдық-саяси, діни ахуал тұрақты. Халықтың көңіл-күйі бірқалыпты. Аудан тұрғындары Елбасы Жолдауын қолдап, мемлекет саясатына оң көзқарас танытып, еңбек етуде.


Ауданның ішкі саясат бөлімі

басшысының міндетін атқарушы Ұ.Сағадиев



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет