Electricity grid operating company «kegoc» «kegoc» АҚ-тың 2009 жылғы 20 қазандағы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді



жүктеу 97.46 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі97.46 Kb.
: up files
up files -> «sat & Company» АҚ «Отан» ажзқ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады «sat & Company»
up files -> Календарь знаменательных
up files -> Краткий бизнес-план: пассажирские перевозки
up files -> Директорлар Кеңесі Төрағасының және «kegoc» АҚ Басқарма Төрағасының Үндеуі 2
up files -> Тапсырыс беруші: «Нұрбанк» АҚ Нысан: Алматы қ., Желтоқсан көш. 168 Б
up files -> Модемдеріне арналған Интернет желісіне қосылуды ретке келтіру
«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ (KAZAKHSTAN

ELECTRICITY GRID OPERATING COMPANY) «KEGOC»

«KEGOC» АҚ-тың

2009 жылғы 20 қазандағы

Директорлар кеңесінің шешімімен

БЕКІТІЛДІ

«кеGос» «ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНің СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТі ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

Астана 2009 ж.
1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАР

  1. «KEGOC» «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясы» Акционерлік Қоғамы» (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитеті туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексіне және халықаралық корпоративтік басқару іс-тәжірибесіне сәйкес әзірленді.

  2. Осы Ереже Комитеттің мәртебесі мен құзыретін, оның құқықтары мен міндеттерін, Комитет құрамын, оны түзілдіру тәртібін, Қоғам органдарымен жұмысын және өзара іс-қимылын айқындайды.

  3. Комитет Директорлар кеңесінің кеңестік-мәжілістік органы болып табылады. Комитет әзірлеген барлық ұсыныстар Директорлар кеңесіне қарауға тапсырылатын ұсынымдар болып табылады.

  4. Қоғам Жарғысымен Жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер жөніндегі Комитет ұсынымдары Директорлар кеңесі бекіткен кезде Жалғыз акционерге заңнама белгілеген тәртіпте қарау және шешім қабылдау үшін жіберіледі.

Комитет Директорлар кеңесінің бақылау функцияларын тиімді атқаруға ықпал ету мақсатында Комитет Қоғамның страте­гиясын, қызмет міндеттерін айқындайды, Қоғамда корпоративтік басқаруды жақсарту жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді:

Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы, Қоғамның 100% дауыс беруші акцияларын иелік ететін акционері;

Директор/ларДиректорлар кеңесінің мүшесі/лері;

Заңнамабелгіленген тәртіпте қабылданған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы;

Комитет/терДиректорлар кеңесінің Комитеті/тері;

Корпоративтік хатшы – Корпоративтік хатшы – Қоғамдағы Директорлар кеңесінің хатшысы;

Тәуелсіз Директорлар«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қоғам Жарғысына және Қоғамның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес тәуелсіз ретінде айқындалатын директорлар;

Ереже Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі Комитет туралы Ереже;



БасқармаҚоғамның Атқарушы органы;

Директорлар кеңесіҚоғамның басқару органы;

ЖарғыҚоғам Жарғысы;

  1. Қолданылатын, бірақ Ережеде айқындалмаған терминдер олар егер Ережеде өзгедей қарастырылмаса, Заңнамада, Жарғыда және Қоғамның ішкі құжаттарында пайдаланылатын мәнде пайдаланылады.

2. КОМИТЕТ ҚҰЗЫРЕТІ

  1. Комитеттің құзыретіне мынадай мәселелер кіреді:

    1. Қоғамның ұзақмерзімді даму стратегиясын, сондай-ақ соған өзгерістер мен толықтыруларды алдын ала қарау;

    2. Қоғамның Даму жоспарын алдын ала қарау;

3) Қоғамның ұзақмерзімді даму стратегиясын іске асыру жоспарларын алдын ала қарау және мақұлдау;

4) Қоғамдағы Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын, стратегиялардың орындалу барысы, стратегиялық ПӘК-тің мақсаттық мәндеріне жету туралы ақпаратты мазмұндайтын құжаттарды алдын ала қарау;

5) Қоғамның бекітілген басымды бағаттарына ілесуді бағалау жөніндегі ұсынымдарды талдау және Дирек­торлар кеңесіне табыстау;

6) Дирек­торлар кеңесіне Қоғамдағы корпоративтік басқаруды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

7) корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында үлгі ережелерді қарау және мақұлдау;

8) Дирек­торлар кеңесіне Комитет жұмысы туралы жыл сайынғы есептемені табыстау;



  1. Дирек­торлар кеңесіне өзге мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде Дирек­торлар кеңесінің тапсырмаларына және/немесе Қоғамдағы ішкі құжаттардың ережелеріне сәйкес ұсынымдар беру.

3. КОМИТЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. Комитет мынаған құқылы:

    1. Дирек­торлар кеңесінен, Комитеттерден, Басқармадан, Ішкі аудит қызметінен, Корпоративтік хатшы мен Қоғамның өзге еңбеккерлерінен құжаттарды, есептемелерді, түсініктемелерді және басқа да ақпаратты сұратып алу. Жоғарыда жазылған ақпараттар мен құжаттар Корпоративтік хатшы арқылы тапсырылады. Қоғам белгіленген тәртіпте өз есебінен Комитетті барлық қажетті материалдармен және ресурстармен қамтамасыз етуге міндетті;

    2. Дирек­торлар кеңесінің, Басқарманың, Комитеттердің барлық мүшелерін және өзге тұлғаларды өз отырыстарына бақылаушылар ретінде шақыру;

    3. Белгіленген тәртіпте Қоғамның ағымдағы жылға қарастырылған бюджетіндегі қаражат шеңберінде сыртқы сарапшылар мен заң сабағатшыларының қызметтерін пайдалану;

    4. Оған жүктелген уәкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды пайдалану.

  2. Комитет мүшелері мыналарға міндетті:

    1. өзінің қызметін Бірден бір акционердің және тұтастай Қоғамның мүддесінде адал да таза жүзеге асыру және Қоғамдағы Корпоративтік басқару кодексінің негізгі қағиадаларын сақтау;

    2. өз міндеттерін тиімді атқару үшін жеткілікті уақыт мөлшерін бөлу;

    3. Комитет жұмысына қатысу және оның отырыстарында болу;

    4. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

    5. Дирек­торлар кеңесін өзінің тәуелсіз директор мәртебесіне кез келген өзгерістер туралы аталған мәртебенің жоғалған тұсынан бес жұмыс күні ішінде немесе Комитет қабылдауға тиіс шешімдерге байланысты мүдделер кикілжіңі туындағаны жөнінде хабардар ету.

4. КОМИТЕТТІҢ ТҮЗІЛУІ

  1. Комитет ең кемі үш Директордан тұрады.

  2. Комитет мүшелері Дирек­торлар кеңесінің көпшілік дауысымен шешіледі.

  3. Қажет кезінде Комитет құрамына Комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби білімдерге ие сарапшылар дауыс құқығынсыз кіре алады. Салада кәсіби тәжірибе мен біліктілікке ие сарапшылар Комитеттің мақсаттарына, міндеттері мен құзыретіне сәйкес Комитеттің тиімді қызметі мақсатында тартылады. Комитет құрамындағы сарапшылардың рөлі арнайы білімі мен кәсіби тәжірибесін пайдалана отырып, Комитет мүшелеріне қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге тұжырылады, бұл Комитетке мәселелерді жан-жақты зерттеуге және Дирек­торлар кеңесіне ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік береді.  

  4. Комитет мүшелерінің уәкілеттік мерзімдері олардың Дирек­торлар кеңесі мүшелері ретіндегі мерзімдерімен дәл келеді, алайда Дирек­торлар кеңесімен жыл сайын қайта қарала алады.

5. КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ

  1. Комитет Төрағасы өзі басқаратын Комитеттің жұмысын ұйымдастырады, атап айтқанда:

    1. Комитет отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;

    2. Комитет отырыстарының күн тәртібін, соның ішінде Комитет отырысына талқылау үшін шығарылатын мәселелердің мазмұнын бекітеді;

    3. Комитет отырыстарында мәселелерді талқылауды ұйымдастырады, сондай-ақ отырысқа қатысуға шақырылған тұлғалардың пікірлерін тыңдайды;

    4. Дирек­торлар кеңесі отырысының жоспарын ескере ағымдағы жылға кезекті отырыстар жоспарын әзірлейді.

6. КОМИТЕТ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  1. Комитет жұмысы отырыстар түрінде жүзеге асырылады.

  2. Комитет хатшысының жұмысын Корпоративтік хатшы жүзеге асырады.

  3. Корпоративтік хатшы Комитет отырыстарын даярлау мен өткізуді, отырыстарға материалдарды жинау мен жүйелендіруді, Комитет мүшелері мен шақырылған тұлғаларға Комитет отырыстарын өткізу туралы хабарламаларды, отырыстар күн тәртібін, күн тәртібі мәселелері бойынша материалдарды жіберуді, отырыстарды хаттамалауды, Комитет шешімдерінің жобаларын дайындауды, қажет бойынша Комитет отырыстарының хаттамаларынан үзінділер беруді, сондай-ақ барлық тиісті материалдардың одан әргі сақталуын қамтамасыз етеді.

Корпоративтік хатшы Комитет мүшелерінң қажетті ақпарат алуын қамтамасыз етеді.

  1. Комитет отырыстары Комитет Төрағасы бекіткен жоспар бойынша өткізіледі.

  2. Комитеттің кезектен тыс отырысы Комитет Төрағасының шешімімен өз бастамасы, кез келген Комитет, Директорлар кеңесі мүшесінің өтініші, сондай-ақ Бірден бір акционердің және Басқарма Төрағасының жазбаша мәлімдемесі бойынша өткізіледі.

  3. Комитет отырыстарын өткізу туралы хабарлама күн тәртібімен бірге отырысқа атсалысатын тұлғаларға Комитет отырысын өткізу датасына дейін бес жұмыс күні бұрын жіберілуі тиіс.

  4. Комитет отырысы егер де онда Комитет мүшелері санының кемінде жартысы қатысса құқылы болып табылады.

  5. Комитет шешімдері тікелей, сырттай немесе аралас дауысқа салу түрінде қабылдана алады. Комитет отырыстарды сырттай дауысқа салу түрінде өткізуді барынша кемітуге ұмтылады.

  6. Тікелей дауысқа салу түрі кезінде Комитет Төрағасы және оның мүшелері Комитет отырысының күн тәртібі мәселелері бойынша дауыс құқығына ие тек Комитет мүшелерінің қатысуымен ғана шешім қабылдай алады.  Мұндай жағдайларда Сарапшылар және Комитет жұмысына байқаушылар ретінде қатысуға шақырылған басқа да тұлғалар Комитет отырысында мәселелерді талқылаған кезде ғана болады, ал дауысқа салу тұсында Байқаушылар отырыс залынан шығып кетеді.

  7. Комитет отырыстарына Комитет Төрағасының шақыруы бойынша Комитет отырысындағы күн тәртібі мәселелері жөнінде дауыс құқығынсыз үшінші тұлғалар қатыса алады.

  8. Комитет шешімдері барлық Комитет мүшелерінің жалпы санынан жәй көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комитет Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

  9. Әрбір Комитет мүшесі Комитет шешімінің хаттамасымен бірге ұсынылатын өз ерекше пікірін жаза алады. Бөлек мәселелер бойынша шешім жекелеген Комитет мүшелерінің мүддесіне орай қабылдана алмаса, мұндай жәйт Комитет отырысының хаттамасына енгізіледі.

  10. Хаттама екі түпнұсқалы данада жасалады, оның біреуі қол қойылған соң Директорлар кеңесіне сол үшін даярланған материалдармен және ұсынымдармен қоса жіберіледі.

7. ЕРЕЖЕНІҢ ЗАҢДЫ ЖАҒЫ

  1. Ереженің бекітілуі, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу Директорлар кеңесінің құзыретінде болады.

  2. Егер де Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының немесе Кодекстің өзгеруі нәтижесінде Ереженің жекелеген нормалары онымен қайшылыққа түссе, Ереженің осы нормалары тиісті өзгерістер енгізу тұсына дейін күшін жояды.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет