Электрондық мекенжай



Дата18.04.2016
өлшемі191.7 Kb.










Алғы сөз
Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі жыл сайын «Қармақшы ауданында аталып өтілетін және еске алынатын күндерге ұсынылатын әдебиеттер көрсеткішін» дайындап шығарады.

Әдебиеттерді насихаттауда және ауданымыздағы көрнекті оқиғаларды хабарлауда бұл көрсеткіштің алатын орны ерекше. Басылымның басты мақсаты: кәсіби мамандар мен оқырмандардың барлық санатына, білімнің барлық салалары бойынша, қоғамдық және саяси өмір, қоғамдық ғылымдар мен кітапханалық іс бойынша барынша нақты сараланған ақпарат ұсыну. Оның көмегімен кітапханаларда, мектептерде, клубтар мен өзге де мәдениет мекемелерінде түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлау ыңғайлы болады.

Мұнда ауданымыздың тарихындағы, экономикасы және мәдениетіндегі көрнекті даталарға, белгілі қоғам қайраткерлері мен жазушылардың мерейтой даталарына қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттердің ұсыныс тізімі, суреттері берілді.

Аталған көрсеткіш кітапхана және мәдениет мекемелеріне бұқаралық ақпарат қызметкерлеріне және өлкетану материалдары мен танысқысы келген барша оқырмандарға арналған. Құрастырушылар оқырмандардан көрсеткіш туралы өз ұсыныстары мен тілектерін білдіруді сұрайды.



Электрондық мекенжай:

bibliotekakarm @ mail.ru



Біздің мекенжай:

Жосалы кенті

Ізтілеуов көшесі №3

Аудандық кітапхана

Әдістеме-библиография бөлімі

Тел.: 2-30-24



«Қармақшы ауданында 2015 жылы аталып өтілетін

және еске алынатын күндерінің тізбегі:

Бектібаев Р.фантаст-65 жыл /27.01.1950-2002/

Мекебаев А.–жазушы 75 жыл (19.04.1940-08.09.2014)

Жұмабекова С.- күріш өсіруші, ауыл шаруашылығы озаты 80 жаста /25.08.1935/

Досмамбетов Б.- ғалым, қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы профессор-70 жаста /21.09.1945/

Жүсіпов М. жырау– 110 жыл /14.10.1905-21.03.1973/

Серәлиев Н. жазушы– 85 жыл /25.10.1930-1984/

Байқоңыр ғарыш алаңының іргетасының қалағанына 60 жыл (1955) Ұлы Жеңіске – 70 жыл /1941-1945/



Айы мен күні белгісіз даталар

Жиенбайұлы Рүстембек жырау -110 жыл /1905-1966/

Төлепова Шәмшат жырау -85 жыл /1930-2002/

Шәкіман Бектібайұлы - Ұлы отан соғысының ардагері, ақын- 95 жаста /1920/

Тасберген Құлманұлы жырау -145 жыл / 1870-1940/


27 қаңтар Жазушы-фантаст Р.Бектібевтың туғанына -65 жыл /1950-2002/

Раушанбек Бектібаев жазушы-фантаст 27 қантар айында 1950 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген.Кенттегі №26 Шокан Уалиханов атындағы мектепті ойдағыдай бітірді, жылы Қазақ химия-технология институтын бітірген.1975-1992 жылдары ҚСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі саласында қызмет атқарды. Сол жылдары Арал теңізінің болашағы жайлы проблемалық мақалалары республикалық баспасөздерде жиі жарияланып түрды .1993 жылы ҚР Президенті мен Министрлер Кабинетінің жалпы бөлімінде қызмет істеді.1995 жылдан ҚР Парламентінің Баспасөз қызметінде сектор менгерушісі болып еңбек етті. Фантаст-жазушы 1985 жылы «Нейтройт», 1992 жылы «Происшествие в день отдыха»,

1992 жылы «Происшествие в день отдыха»,1998 жылы «Қайта оралған Қорқыт Ата» атты кітаптары жарық көрген. Жазушының әр жылдары жазылған әңгімелерінің тақырыбы әр алуан. Адамгершілік рухын биік көтерген қай-қай кейіпкері де жер бетіндегі адамзаттың бақытты өмірі үшін бар күш-жігерлерін, ғылым мен техника ғажаптарын сарқа пайдаланып жүрген абзал жандар бейнесі көркем де,қызғылықты баяндалады.2002 жылы дүниеден өтті.



Әдебиеттер тізімі :

Бектібаев Раушанбек /Қасиетті Қармақшы.- Алматы: «Үш Қиян» 2003 жыл.- 403 бет.

Бектібаев Р. Қайта оралған Қорқыт ата: Повесть және әңгімелер.- Алматы: «Жазушы».- 1998.-84 бет.

Бектібаев Раушанбек «Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр».-Анықтамалық.-Алматы.- «Ана тілі».-.2004.-81 бет.



19 сәуір Жазушы Адам Мекебаевтың туғанына – 75 жыл

(1940-2014 жыл)


Жазушы Адам Мекебаев 1940 жылы 19 сәуірде Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы «Ақжар» кеңшарында дүниеге келді. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 1987 жылы Мәскеудегі Дүниежүзілік әдебиет институтының жоғары әдеби курсын бітірді. 1965 жылы республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1966 жылдан Қызылорда облыстық мәдениет басқармасында жұмыс істеп, 1971–1974 жж. аралығында Қызылорда облыстық Халық творчествосы үйінің директоры қызметін атқарды. 1974–1975 жж. республикалық «Қайнар», 1975–1981 жж. «Жазушы» баспаларында редактор болды. 1981–1982 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, 1983–1984 жж. Қазақ КСР мемлекеттік сценаристер алқасының кеңесшісі, 1987–1992 жж. «Жұлдыз» журналында, 1992 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарды. «Ақиқат» журналында қызмет істеген. «Жадыра»,(1970) «Жезтырнақ» (1973), «Аңызақ» (1978), «Құпия қойма» (1979), «Бойжеткен» (1982), «Айтылмай қалған аңыз» (1990) секілді оннан астам повестің басын құрған проза кітаптары мен «Періште келіншек» (1982), «Жер кіндігіндегі апат» (1992), «Дауылды жер» (1988), «Қазына сыры» (1994) романдарының авторы. 1985 жылы Мәскеудегі «Советский писатель» баспасынан «Лебединая печаль», 1987 жылы «Суховей» повестер жинағы орыс тілінде жарық көрген. «Құпия қойма» романы (2008), «Сырдария кітапханасы» сериясымен екі томдығы (2009) жарық көрді.«Ерен еңбегі үшін» (2001) және Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған медальдармен марапатталған, Халықаралық «Алаш» әдеби (2005) және С.Сәдуақасов атындағы ҚР Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.



Әдебиеттер тізімі

Мекебаев А. Даланың соңғы жырауымен қоштасқан күн // Егемен Қазақстан. - 2004. - 30 наурыз

Жолдыбай Б. Жазушы Адам Мекебаев 74 жасында қайтыс болды// Егемен Қазақстан.-2014.-9 қыркүек



Мекебаев А. Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы: «Аруна Ltd»2005.-368 бет.

Мекебаев А. «Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр»Анықтамалық.-Алматы: «Ана тілі» 2004.-211 бет.

9 мамыр Ұлы Жеңіске – 70 жыл /1941-1945/

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия жасаған келісімді бұзып, КСРО аумағына соғыс жариялап, басып кірді. Ұлы Отан соғысының қарқыны осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын. Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық жақтары болды. Яғни, шикізат үшін азық-түлік базасы ретінде әлсіз мемлекет құру. Осы мақсатқа төтеп беру үшін соғыстың алғащқы күндерінен бастап қазақстандықтар майданда шайқасты. Қазақтар отан үшін, фашистерге қарсы бағытталған соғысқа аянбай қатысты. Яғни, қазақ халқының мақсаты ол соғысты жеңіп, тату-тәтті өмір сүру болды. Осындай мәліметтерден кейін қазақ халқының Ұлы Отан соғысына қандай үлес қосты деген сұрақ туындайды. Соғыс басталысымен Қазақстан халқы отан қорғаушылар қатарына өзі еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Мәншүк Мәметова: “Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін”, - деп әскери комитетке өтініш берді. Елімізде 2 млн-нан астам міндетті әскери даярлықтан өтті. Майдандағы қызыл армия қатарына 120000 жуық қазақстандық аттанды. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оқу орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16000 әскери офицер даярланды. 42000 қазақстандық әскери училищеде оқыды. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабриканы, кәсіпорынды Қазақстанға көшіру жүргізілді. Қазақ КСР әкелінген өнеркәсіптермен, кәсіпорындар Алматы, Семей және Ақтобе қалаларында орналастырылды . Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Ауыл шаруашалығының жағдайы өте ауыр болды. Жұмысшылар саны 600000 адамға кеміді. Яғни, ерлердің жаппай майданға аттануы себебінен 1942 жылы шаруашылықта әйелдер еңбегінің үлесі 75% жетті. Сонда, ауыл шаруашылығына 55000 жуық әйел механизатор даярланып аттанды. Осындай жұмыстардан кейін тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Соғыс жылдарында Ы.Жақаев, Ким Ман Сам, Ш.Берсиев, В.П.Кривич атты адамдардың ауыл шаруашылығындағы еңбегін зор бағаланды. Қызыл армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет женді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі көп болды.Қазақстандық генерал-майор И.В.Панфилов пен комиссар А.С.Егоров басқарған 316-атқыштар дивизиясының аты аңызғы айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. Бірақ, өкінішке орай 1941 жылы 18 қарашада И.В.Панфилов ерлікпен қаза тапты. Кейіннен “28 панфиловшы” ерлігі аңызғы айналды. Панфиловшы, ротаның жетекшісі қазақстандық КСРО батыры П.Б.Вихрев-те ерлікпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста үлкен ерлік үлгісін көрсетті. Москва облысыныың Бородино селосында неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т.Тоқтаровқа Кеңестер одағының батыры атағы берілді. М.Ғабдуллин ерлік көрсетіп, жау танкілерін бірнешеуін жойды, Сол үшін оған Кеңестер Одағы батыры атағы берілді. Сонымен Ұлы Отан соғысы Кеңестер Одағы жеңісімен аяқталды. Шешуші Берлин шайқасына көптеген қазақстандықтар қатысты. Р.Қошқарбаев және Г.Булатов рейхстаг төбесіне жеңіс туын тікті. Ту тіккендер қатарында Р.Қаражанов пен Х.Мәденов та болды. Осылай қазақстандықтар ұлы жеңіске өз үлестерін аямай қоса білді. 500-дей қазақстандық Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Осылардың 98 қазақтар болды. Қорытындылай өтсек, Ұлы Отан соғысында КСРО 27 миллион адамнан айырылды. 600000-ға жуық қазақстандық майданда қайтыс болды.

9 мамырды бүкіл дүниежүзінің прогрессивті жұртшылығы фашизмнің талқандалған күні –Ұлы жеңіс күні деп жылма-жыл салтанатты түрде атап өтеді. Ұлы Отан соғысындағы бұл жеңіс-дүние жүзіндегі тұнғыш социалистік мемлекеттің бостандығы мен тәуелсіздігін ғана қорғап қалған жоқ,ол көптеген елдердің тағдырын шешті,бүкіл әлемді-фашизмнің апатынан аман сақтап қалды және бүкіл әлемді-фашимзмнің және бүкіл дүние жүзін бұдан былай даму тарихына ерекше ықпал етті. Қазақ халқы барлық совет халықтарымен бірге жауға қарсы күресте қаһарман ерліктің өнегесін көрсетті. Республика майдан арсеналы болды. Қазақ республикасының жүмысшылары, колхозшылары мен интеллигенциясы өздерінің жанқиярлық еңбегімен жауды женудің ортақ ісіне өзінің үлесін қосты. Қазақстандық панфиловшы-батырлардың, Мәншүк Мәметованың ,Әлия Молдағұлованың, Төлеген Тоқтаров секілді батырлар елімізді бүкіл дүние жүзін қырғын апаттан сақтап қалды. Бұлардың есімдері қазір әлемге аян, тарих бетінде мәңгі қалды.



Әдебиеттер тізімі:

Ұлы Отан соғысы/ Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы Т.9.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2007.-53-58 беттер

Аманжолов Қ. Екінші дүниежүзілік соғыс .-Алматы : 1995.-320 б.

Тасболатов А. Қазақстанның әскери тарихы.-Алматы : 1999.-421 б.

Омарбеков Қ. Жорық жолдары/Офицердің жазбалары/.-Алматы :Қазақстан.-1980.-129 б.

25 тамыз - Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана, күріш өсіруші, ауыл шаруашылығы озаты Жұмабекова Сәлима – 80 жаста /1935 жыл/

Салима Жұмабекова - Социалистік Еңбек Ері(1980), күріш өсіруші, ауыл шаруашылығының озаты. 1935 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылында туған. Ол еңбек жолын Қармақшы ауданы, Ақ­жар ауылында сауыншы­лықтан бас­таған. 1967-1973 - жылдары Дауылкөл ауылдық советінің председателі.1974 жылдан Ленин атындағы совхозда күріш звеносының жетекшісі болып еңбек етті. Жыл сайын 20 га күріш егістігінің әр гектарынан орта есеппен 84-113 ц аралығында өнім жинады.1965 жылдан КПСС мүшесі.1982 жылы 20 га егістіктен 113,9 ц, 1983 жылы 80 га-дан 82 ц күріш алды.10-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.Маңдай терін төге жүріп, ер азаматтармен қатар иық тірестіріп ХХ ғасырда ерінбей еңбек еткен Сәлима апай іскерлігінің арқасында бағы жанады. Дала төсінде таңды таңға ұрып, Сыр маржанын өсірудегі еңбегі мемлекет тарапынан дер кезінде бағаланып, «Құрмет белгісі», «Ленин» ордендерін иемденді. 1980 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды. Он бір ба­ла тәр­биелеген Батыр ана  2000 жылы «Ғасырдың батыр анасы» атағын алып, келер жылы Астанада Ел­басының қа­былдауында болды. Бұл атпал азаматтар алтынның сынығындай ана жүзіндегі әжімнен оның жүріп өткен жолының табы байқалатынын айтты. Оның ел үшін жасаған ерен еңбегінің бүгінгі ұлы көштің үлкен легіне айналып келе жатқан жастар үшін үлгі-өнеге екенін жасырмады. 

Әдебиеттер тізімі:

Жұмабекова С. ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.

Жұмабекова С. «Сыр елі»Қызылорда облысы: Энциклопедия /Бас редактор Б.Ғ.Аяған. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы».-243 бетте. Жұмабекова С ./Құттаяқов Ш.Сәлиманың көктемі: Очерктер.- Алматы.-Жалын.-1984.- 3-15 бетте.

21 қыркүйек Ғалым, қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы , профессор ДОСМАМБЕТОВ Бақберген Сәрсенұлы-70 жаста /1945/
ДОСМАМБЕТОВ Бақберген Сәрсенұлы (1945 жылы туған, Қармақшы ауданы Диірментөбе стансасы) – ғалым, қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы (1994), профессор (1991).Мәскеу инженер-экономика институтын (1971), Мәскеу басқару институтының аспирантурасын (1976) бітірген. 1971–1973 ж. «Риссовхозстрой» тресіне қарасты ПМК-12-де аға инженер, комсомол ұйымының хатшысы, Қызылорда педагогикалық институтының (Қызылорда мемлекеттік университеті) «Саяси экономия» кафедрасында оқытушы, 1976–1977 жылы аға оқытушы болды. 1987 жылдан осы институттың оқу ісі жөніндегі проректоры, 1991 жылдан ректоры, 1996 жылы Қызылорда қаласы әкімі, 1996, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына сайланды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: статистика және демографиялық жағдай, еңбек ресурстары мен еңбек нарығы, экологиялық және отбасы мәселелері проблемалары. 50-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 3 монографиясы, жоғары оқу орындарына арналған 2 оқу құралы жарық көрген. Досмамбетов Б. «Қармақшы ауданының құрметті азаматы».

Әдебиеттер тізімі:

Досмамбетов Б. «Сыр елі»Қызылорда облысы: Энциклопедия /Бас редактор Б.Ғ.Аяған.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы».-195 бетте.

Досмамбетов Б.Қармақшы ауданының құрметті азаматтары//Қармақшы таңы.-2005 жыл.-1 қараша

14 қазан Жырау ақын, әнші, композитор, күйші, фольклорлық мұраны жинаушы Мұзарап Жүсіповтің туғанына – 110 жыл /1905-1973/




Жүсіпов Мұзарап (14.10.1905, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы - 21.3.1972, сонда) – жырау ақын, әнші, композитор, күйші, фольклорлық мұраны жинаушы. Мұзарап Жүсіпұлы-Кете Жүсіптің белбаласы.Ақын ,сазгер, әнші.Ауыз әдебиетін,халық музыкасын жинаушы.1915-1920 жылдары «Ақтайлақ» деген жерде ашылған мектепке Тұрмағанбет Ізтілеуұлынан оқып ,білім алды.1926-1936 жылдары сол мектепке ұстаздық

етеді. 1937-1948 жылдары ұшжарда есепші болып,1943-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысады. «Тайшы», «Үш насихат», «Үш жұмыртқа», «Бақытты бала»дастандары бар.Көптеген ақындармен,оның ішінде Ә.Оңалбаев, Н.Малыбайұлы,Ә.Әлиасқарұлдарымен айтысқан.

Ауыл мектебінде мұғалім (1926 - 36), есенші болып қызмет істеген (1936-43). Онерде әкесі Жүсіп пен Ешнияз салдың жолын ұстанған. "Тамшы" (1925), "Үш насихат" (1926), "Үш жұмыртқа" (1927), "Самұрық" (1948), тағы басқа дастандардың авторы. Бірнеше әндері "Тасқын", "Үш болім", "Жастармыз", "Балымша-ай" әндері мен "Керкем қыз", "Мұңлы қыз", "Қаз дауысы", "Шаттық" күйлері бар. Ақын он мың жолға жуық ауыз әдебиеті жәдігерліктерін жинастырып,орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорына тапсырған. М. Жүсіпов туындылары "Пернедегі термелер" (1965), "Айтыс" (1966), "Ленин деп халық жырлайды" (1969), "Қазақтың қазіргі халық поэзиясы" (1973) жинақтарына енген. 1962 жылы Мұзараптың орындауында 34 ән дыбыс таспасына жазылып алынған. Халық шығармашылығынан мыңға жуық өлең-жыр жинап,қол жазба қорына тапсырған.

Әдебиеттер тізімі:

Жүсіпов М. «Сыр елі»Қызылорда облысы: Энциклопедия /Бас редактор Б.Ғ.Аяған.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы».-247-248 бетте.

Жүсіпов М. «Қазақ Совет энциклопедиясында».- 4том.-1974

25 қазан Жазушы Серәлиев Нәсіреддиннің туғанына – 85 жыл /1930-1984/

Жазушы Сералиев Насіреддин 25 қазанда 1930 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы Қашқансу деген жерде туған.


Қызылорда педагогика училищесін, Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың тіл және әдебиет факультетін бітірген. 1952–1958 жж. облыстық «Ленин жолы» газетінде, кейін «Үгітші блокнотында», «Пионер» және «Балдырған» журналдарында қызмет істеген.
1962–1965 жж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде кеңесші, ал 1968 жылдан осы бөлімшенің жауапты хатшысы болған.Жазушының аударуында И.Котляровскийдің, А.Гайдардың, С.Баруздиннің шығармалары қазақ оқырмандарына кітап боп ұсынылды. «Еңлікгүл» көркем фильмі сценарийінің авторы. КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Шығармалары: Ұшталмаған қарындаш. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956; Намыс. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Ақ лақ пен қара лақ. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1961; Әңгелек. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1964; Ақбөпе. Повестер. А., «Жазушы», 1966; Ақ қайың. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Ыстық күлше. Повестер. А., «Жазушы», 1969; Қаңтар. Повестер. А., «Жазушы», 1971; Алтын ғұмыр, алғашқы махаббат. Таңдамалы шығармалар. А., «Жазушы», 1975; Дәукен атайдың немерелері. Повестер мен әңгімелер.

Қазақстан Жоғары Кенесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.



Әдебиеттер тізімі:

Сералиев Н./Қазақ әдебиеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы: «Аруна».- 2005.-472 бет.

Сералиев Н «Сыр елі»Қызылорда облысы: Энциклопедия /Бас редактор Б.Ғ.Аяған.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы».-447 бет.

Сералиев Н «Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр»,Анықтамалық.-Алматы: «Ана тілі»

2004.-208 бет.

Сералиев Н. Дара дарындары: Сыр сүлейлері дәстүріндегі Қармақшы өңірі ақын-жырауларының шығармалары. /Құрастырған О. Ібірашұлы. -Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2008.-12 бет.



Байқоңыр ғарыш алаңының іргетасының қалағанына 60 жыл (1955)




Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, Қазір онда 15 ұшыру қондырғысы бар 9 ғарыштық кешен, 11 монтаждау- сынақ орны бар. Бүгінгі күні Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге 50 жылға жалға берілген.

Әдебиеттер тізімі:

Байқоңыр /«Сыр елі» Қызылорда облысы: Энциклопедия /Бас редактор Б.Ғ.Аяған.-Алматы: «Қазақ энциклоедиясы» .-2005.-489 бет.



Айы мен күні белгісіз даталар
Ұлы отан соғысының ардагері, ақын Шәкіман Бектібайұлы -95 жаста

Шәкіман Бектібайұлы 1920 жылы дүниеге келді.Он жасына дейін әке-шешесінің қамқорлығында болды.1931 жылы әкесі қатты науқасқа шалдыққан соң,өзі тірі кезінде балаларының атын өзгертіп балалар үйіне өткізіп жіберді. Өйткені сол кезде әкесі Қазалыда болыс болатын.

Содан 1939 жылға дейін жетім-жесір дегенді, аш-жаланаш деген бәлені басынан өткізді. 1940 жылдан бастап соғыска қатынасып, бірнеше жараланып.2- топтағы мүгедек болған. Шәкіман өленді жазуды соғыс /1941-1945ж.ж./ жылдарында бастайды. Совет әскери қатарына 1940 жылы шақырылып ССРО-ның батыс республикаларында әскери міндетін атқарады. «Майданнан хат», «Барлауда», «Бұзылды ұйқы кенеттен» атты өлендері жазылды. Жоғарыда сөз болғандай тегінде бар дарындылық ,жоғары адамгершілік, қазақи мәдениеттілік дәрежесіндегі Шәкіман сыйлы азамат ел ағасы. Ш.Бектібаев ақындық талантының ізіне түспеген, кейбір сәттерде өз ойын өлеңге айналдырған. Оны балалары жинақтап, 1995 жылы «Өлендер жинағын»шығарды. 2000 жылы «80 жастың үш кезені» атты өлендер жинағы шықты. 2009 жылы «Шайыр шарапаты» атты үш бөлімнен тұратын кітабы шықты.

Әдебиеттер тізімі:

Бектібаев Ш./.Қасиетті Қармақшы: Алматы: «Үш Қиян»,2003.-190 бет.

Бектібаев Ш.80 жастың үш кезеңі.-Алматы: «Тамыр»,ЖШС.1995 .-88 бет.

Бектібаев Ш.Шайыр шарапаты.-Алматы: «Тамыр»ЖШС,2009.-248 бет,16 бет



Жырау Ш.Төлепованың туғанына 80 жыл (1930-2002)
Жырау, ұстаз, мәдениет қайраткері Шамшат Төлепова 1930 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. 12 жасынан ән мен жыр ,терме айтып жыраулық дарыны мен өнерге бейімділігі ерте байқалған. 1948 жылдан бастап Н. Бекежанов басқарған эстрадалық өнер тобына жұмыс істеп, ұстазы Р.Жиенбаевтан жыраулық өнердің қыр-сырын толық меңгерген.

Қызығы мен қиындығы мол өнердің сара жолына түскен ол Сыр елі халқының алдында, одан соң Нартай өнер бригадасы құрамында Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасын аралап өз өнерімен халық ықыласына бөленді. 1976 жылы Төлепова жыраулардың облыстық слетінде алғашқы жүлдесін алды. 1986 жылы Қармақшы ауданының мәдениет үйі жанынан «Жиенбай жырау» мектебін ашып,Сыр бойы мақамының кең таралуына үлкен ықпал жасады. 1987 жылы Алматыда өткен Бүкілодақтық халықтар шығармашылы фестивалінің лауреаты болды. Сол жылы ғылыми-теориялық конференцияда Төлепованың дауысын жапондық мамандар «алтын» дискіге жазып алды. 1990 жылғы 20 сәуірдегі Указы бойынша «Қазақ ССР-нің еңбек сінірген мәдениет қайраткері» құрметті атағы берілді. 1995 жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығы медалімен марапатталды. 1997 жылы Алматыда болған «Лорд» конференциясында ән салып, еуропалық саз өнері мамандарының кұрметіне ие болды. 1999 жылдың қорытындысымен «Ғасырдың өнер шебері» атағынына ие болды. Төлепова белгілі Сыр сүлейлері: Базар, Оңғар, Омар, Тұрмағамбет, Нартай т.б. жырау-ақындардың сара жолын жалғастырушысы.



Әдебиеттер тізімі:

Төлепова Ш. /«Сыр елі» Қызылорда облысы: Энциклопедия /Бас редактор Б.Ғ.Аяған.-Алматы: «Қазақ энциклоедиясы» .-2005.-489 бет.

Төлепова Ш. /Қарттарым-асыл қазынам. ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл.-Қызылорда.-2001.-143 бет.

Төлепова Ш. /Жырау деректі каталог- хабаршы 2004 жыл



Жырау Жиенбайұлы Рүстембектің туғанына-110 жыл /1905-1966/




Рүстембек Жиенбайұлы (1905, қазіргі Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы – 1966) – жырау. Сыр бойының ақындары Балқы Базар, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Омарлардан тәлім алған. Сыр, Қаратау өңірі ақындарының шығармаларын халыққа кеңінен насихаттаған. «Көроғлы», «Алпамыс», «Қобыланды», т.б. дастандарды жатқа айтқан.

Әкесі Жиенбайдың жыраулық өнерін бала жастан бойына сіңіріп өседі. Арабша сауатты Жиенбай баласы Рүстембекке мұсылмнаша сауат аштырады. Әкесі Жиенбайдың «Бастау» әнімен қолына домбыра ұстаған Рүстембек келе-келе үлкен халықтық маңызы бар толғау-термелерді еркін шалқыта айтатын болады.

Жиенбай Рүстембекті ең алғаш үш жүздің басы қосылған Шонайдың жасаған асына алып барып елдің игі жақсыларының алдында жырлатады. Осы аста Рүстембек «Бала жырау» деген атпен елге танылады.

Рүстембек Сыр сүлейлері даңқты Ешнияз сал, Балқы Базар, Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет жырларымен бірге әкесі Жиенбайдан «Көрұғлы» сияқты көлемді дастанды үйреніп жырлайды.

Рүстембек жырау кеңес кезінде ашылған Қызылорда қаласындағы рабфакты бітіріп, Күйеу асардағы бастауыш мектептің директоры қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысы басталып соғысқа аттанады.

Ұлы Отан соғысынан жеңіспен оралған жырау ата дәстүрі жыраулық өнерін қайта қолға алып, елдің, халықтың жыраулық өнерге деген сүйіспеншілігін, ықыласын бұрынғыдан да биіктете түседі. Рүстембек жырау ғана емес, ақын, әнші де. Оның «Ақтолық», «Жаным моншан» сияқты әндері Қазақстанға кең тараған.

Рүстембектің балалары Ыдық, Ерші, Көшеней, Бидас ата-бабаларынан мұра боп келе жатқан жыраулық өнерді жалғастырушы ұрпақтар деуге бүгінде толық негіз бар. Рүстембектің ұлдары Көшеней мен Бидас Сыр бойындағы жыраулық өнердің қанатын кеңге жайып қарыштап дамуына өз таланттарымен өзгеше із салған өнерпаздар.

Әдебиеттер тізімі:

Рүстембек Жиенбайұлы/«Сыр елі» Қызылорда облысы: Энциклопедия /Бас редактор Б.Ғ.Аяған.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы».-427 бетте.

Рүстембек Жиенбайұлы / Т. Еңсегенұлы Сыр бойы- жыраулары. Әдеби зерттеу.-Алматы , «Білім ».-233 бетте.

Ақын, жырау Тасберген Құлманұлының туғанына -145 жыл / 1870-1940/

Табиғат ана сыйлаған тума талант, кәдімгідей көмекейінен мың бұралтып сазды әуен төгіп өткен, ешкімге ұқсамайтын мақамы бар әйгілі жыраудың бірі – Тасберген Құлманұлы 1870 жылы дүниеге келген. Оның әкесі Құлман да халыққа ғибрат , өнеге білдіріп, адамгершілікті, әділдікті үндейтін ұзақ дастан, толғауларды іркілмей толқындата төгетін, үлпілдек желдей жағымды әуезді термеші болған. Кете Жүсіптің тәрбиесінде болып, жыраулық өнерді ерте бастаған. Сыр сүлейлерінің дастандарын жатқа айтқан. Тасберген тек Сыр бойына ғана емес, Арқа елдеріне, Өзбекстан, Қарақалпақстанға да танымал болды. «Қыз Жібек», «Аман-Шолпан», «Жүсіп-Зылиқа», «Шәкір-Шәкірат», «Көроғлы», «Һақ-Сүлеймен», «Мағауия», «Үш күлше», «Сұрмерген» дастандарын жатқа орындаған. «Тасбергеннің маңырамасы» деген мақам бар. Ол мақаммен айта алатындар ілуде біреу.

Тасберген Құлманұлы / Т. Еңсегенұлы Сыр бойы- жыраулары. Әдеби зерттеу.-Алматы , «Білім ».-230-233 беттер

Тасберген Құлманұлы /«Сыр елі» Қызылорда облысы: Энциклопедия /Бас редактор Б.Ғ.Аяған.-Алматы: «Қазақ энциклоедиясы» .-2005.-471 бетте.

.

Дайындағандар: әдістеме-библиография бөлімінің

меңгерушісі- Б. Раева



библиограф- Г. Жанадилова

редактор-Р. Сәрсенбаева
Каталог: images -> files
files -> Тақырыбы: «Қыс» өлеңі. Абай Құнанбаев Мақсаттары: Абайдың "Қыс" өлеңімен таныстыра отырып, сол кездегі
files -> Рефератның тулы исеме 1 Ясемин Демирджи, магистрант
files -> Сабақтың тақрыбы: Сандықтың бетін әр түрлі ою-өрнекпен әшекейлеу
files -> Урок по Новой истории в 8 классе по теме: США в XIX веке: модернизация, отмена рабства и сохранение республики
files -> Коммуникатив компетенция (аралашу осталыгы) формалаштыру. Компетенция
files -> Элективный курс «Абсолютная величина (модуль)»
files -> Техническое задание на выполнение мероприятия
files -> Программа реализуется в рамках образовательной программы мбоу дод «цвр «Тулпар», спортивно-технической направленности


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет