Электрондық мемлекеттік қызмет регламенті



жүктеу 0.86 Mb.
бет1/3
Дата17.04.2016
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Алматы облысы әкімдігінің

2011 жылғы «30» желтоқсан

№ 301 қаулысымен

бекітілді


«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

электрондық мемлекеттік қызмет регламенті



1. Жалпы ережелер
1. Электрондық мемлекеттік қызмет уәкілетті органмен, олардың мекен-жайлары мен жұмыс кестесі осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметінің регламенті 1-қосымшасында көрсетілген немесе уәкілетті орган болмаған жағдайда кент, ауылдық округ, ауыл әкімдеріне регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша жеке тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметі Стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған (медиа – алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет).

4. Электронды мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық қызмет көрсету.

5. Осы Регламентте қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) ЖК ММБ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік мәліметтер базасы;

2) жеке сәйкестендіру номері (бұдан ары - ЖСН) – жеке тұлғаға, сонымен қатар дербес кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерге берілетін бірегей номер;

3) ақпараттық жүйе (бұдан ары - АЖ) – ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпарат беруге, сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға және ұсынуға арналған жүйе;

4) уәкілетті орган – тікелей электронды мемлекеттік қызмет көрсететін «Алматы облысы әкімдігінің, аудан, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;

5) медиа-бөлу – қызмет көрсетулер кезінде құжаттарды электронды нұсқадан қағазға немесе керісінше аудару керек болғанда электрондық және қағаз нұсқасындағы құжат айналымын кезегімен алмастыру;

6) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оны өз қажетіне жарататын субъект;

7) жеке тұлға – уәкілетті органға қызмет көрсету жөнінде ресми өтініш беретін немесе ЭҮП құралдары арқылы электронды тапсырыс беретін жеке тұлға;

8) «электронды үкіметтің» веб-порталы (бұдан ары - ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғандағы барлық үкіметтік тұтастырылған ақпараттарға және электронды мемлекеттік қызметке қол жеткізетін бір терезе ретіндегі ақпараттық жүйе;

9) жергілікті атқарушы орган (бұдан ары - ЖАО) – облыс (республикалық мәндегі қала және астана), аудан (облыстық мәндегі қала) әкімдері басқаратын, тиісті аумақта өз құзіретінің шеңберінде жергілікті мемлекеттік басқаруды іске асыратын алқалық атқарушы орган;

10) Қазақстан Республикасы «электронды үкіметі» шлюзінің кіші жүйесі ретіндегі «аймақтық шлюз» (ЖАО АЖ) – «е-үкімет» пен ЖАО инфрақұрылымдарын біріктіруді жүзеге асыратын ақпараттық жүйе («электронды үкімет» шлюзінің құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйеге жергілікті атқарушы органдардың қол жеткізу механизмдерін ұсыну, сондай-ақ аймақтық деңгейде азаматтар мен бизнес-құрылымдарға электронды қызмет көрсету.

11) біріктірудің ішкі жүйесі (бұдан ары – ЭҮӨШ) – ЖАО-ның ішкі жүйелерінің/кіші жүйелерінің және ЖАО электронды қызмет көрсету процесіне қатысатын сыртқы ақпараттық жүйелер арасындағы өзара ақпараттық іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.

12) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан ары - АЖО) – ЖАО ішкі бизнес-процестерінде қызмет көрсетуді іске асыруын, қызметті жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелердің мониторингіне жауапты мемлекеттік органдар үшін көрсетілетін қызмет мәртебесі туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді.



13) АКҚҚ ақпаратты криптографиялық қорғау құралы;

14) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер — бұл белгілі бір сатыда электрондық қызмет көрсетуге қатысатын уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері;

15) транзакциялық қызмет көрсету – электрондық сандық қол қоюды қолдана отырып өзара ақпарат алмасуды талап ететін жеке тұлғаға электрондық ақпараттық ресурстар ұсыну бойынша қызмет көрсету;

16) электронды санды қол таңба (бұдан әрі - ЭСҚ) – электронды санды қолтаңба құралдарымен құрылған және электронды құжаттың дәйектілігін, оның жататындығы мен мазмұнының айнымастығын растайтын, электронды санды символдарының жиыны;

17) электронды мемлекеттік қызметтер – ақпараттық технологияларды қолдануымен электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;

18) электрондық құжат – ақпарат электрондық-санды нысанда ұсынылған және электронды санды қол таңба арқылы куәландырылған құжат;



19) «электронды үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) – электронды қызметтерді іске асыру шегінде «электронды үкіметтің»ақпараттық жүйелерін интеграциялау үшін арналған ақпараттық жүйе.
2. Уәкілетті органның электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметінің тәртібі
6. Осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес осы электрондық мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін бөлім ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет көрсетушінің адымдық іс-қимылдары мен шешімдері (1-сурет):

  1. жеке тұлға оған қызмет көрсетілуі үшін өтінішпен және қажетті құжаттардың түпнұсқаларымен уәкілетті органға жүгінуі тиіс;

  2. 1-процесс – уәкілетті орган қызметкерінің жеке тұлғаның өтініші мен құжаттарының дұрыстығын тексеру процесі;

  3. 2-процесс – жеке тұлғаның өтініші немесе құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты уәкілетті органның қызметкерінің жеке тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы туралы ауызша түрде хабарлауы;

  4. 3-процесс – мемлекеттік мекеме қызметкерінің жеке тұлға туралы мәліметтерді ЖАО АЖ-не енгізуі;

  5. 4-процесс – ЖТ ММБ-нан жеке тұлғаның мәліметтерін тексеруге тапсырыс жіберуі;

  6. 5-процесс – ЖТ ММБ-нан сұралған жеке тұлға мәліметтерінің жоқтығына байланысты ЖТ ММБ-нан ақпаратты тексерудің мүмкін болмағандығы туралы хабарламаны әзірлеу. Жеке тұлғаның қолында жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда бөлім қызметкері жеке тұлға туралы мәліметті өзі енгізеді;

  7. 6-процесс – уәкілетті орган қызметкерінің ЖАО АЖ жүйесіндегі өтініш үлгісіне бұдан ары тіркеу үшін жеке тұлға әкелген қажетті құжаттарды сканерлеуі;

  8. 7-процесс – уәкілетті орган қызметкерінің жеке тұлғаның өтінішін тіркеуі;

  9. 8-процесс – электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге жазылған жеке тұлғаның өтінішіне (енгізілген мәліметтеріне) уәкілетті орган қызметкерінің ЭСҚ құралдары арқылы қол қоюы;

  10. 1 шарты – жеке тұлғаның АКҚҚ және куәландыру орталығының ақпараттық жүйесін (бұдан ары - КО АЖ) пайдалана отырып тіркеу куәлігінің мерзімін және уәкілетті орган қызметкерінің ЭСҚ шынайылыған тексеру;

  11. 9-процесс – уәкілетті орган қызметкерінің ЭСҚ шынайылығы анықталмаған жағдайда қол қоюдан бас тарту туралы хабарламаны әзірлеу;

  12. 10-процесс – толтырылған үлгіге (енгізілген мәліметтер мен сканерленген құжаттардың) уәкілетті орган қызметкерінің ЭСҚ арқылы қол қоюы;

  13. 11-процесс – ЖАО АЖ-де он жұмыс күнінің ішінде жеке тұлғаның тапсырысын уәкілетті орган қызметкерінің және учаскелік комиссияның өңдеуі;

  14. 12-процесс – жеке тұлғаның тапсырысына сәйкес электронды мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін (Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен рәсімделген электронды немесе қағаз жүзіндегі құжат) қалыптастыру. Электрондық құжат мемлекеттік органның АКҚҚ және РО АЖ пайдалана отырып жасалады.

  15. 13-процесс – ЖАО АЖ уәкілетті орган қызметкері қалыптастырған шығыс құжатының қызметті жеке тұлғаға қолма-қол немесе электронды пошта арқылы жолдауы.

7. «Электронды үкімет» порталы арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет көрсетушінің адымдық іс-қимылдары мен шешімдері (2-сурет):

  1. Жеке тұлға ЖСН арқылы ЭҮП-на тіркелуі керек (ЭҮП тіркелмеген жеке тұлғалар жүзеге асырады);

  2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электронды құжат және электрондық сандық қол қою туралы» заңына сәйкес жеке тұлғаның ЭСҚ (бұдан ары – жеке тұлғаның ЭСҚ) және УО ақпараттық жүйесін қалыптастыру мен тексеру процесін іске асыратын, криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып қызметті жеке тұлғаның электрондық сандық қол қоюының кілті арқылы қол қойылған, мемлекеттік органға электронды құжат түрінде өткізілген тапсырыстың негізінде көрсетілген электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жеке тұлғаға беріледі;

  3. 1-процесс – «электронды үкімет» порталындағы жеке тұлғаның реквизиттерінің (ИСН және паролі) шынайылығын тексеру процесі;

  4. 2-процесс – жеке тұлғаның мәліметтерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты сұралған электронды мемлекеттік қызметке бас тарту туралы хабарламаны дайындау;

  5. 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген қызмет түрін жеке тұлғаның таңдауы, қызмет көрсетуге арналған тапсырыс үлгісінің экранға шығуы және жеке тұлғаның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтырған үлгілерін (мәліметтерді енгізу) толтыруы;

  6. 4-процесс – ЖТ ММБ ақпараттық жүйесіндегі жеке тұлғаның қажетті мәліметтерін сұрату;

  7. 5-процесс – жеке тұлғаның қосымша мәліметтерді толтыруы және қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу;

  8. 6-процесс –­ сәйкестендіру мәліметтерін және РО АЖ жеке тұлғаның ЭСҚ тіркеу куәлігінің мерзімі туралы мәліметтерді сұрату;

9) 1-шарт – жеке тұлғаның АКҚҚ және РО АЖ пайдалана отырып жеке тұлғаның ЭСҚ шынайылығын және тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін тексеру;

10) 7-процесс - жеке тұлғаның ЭСҚ шынайылығының расталмауына байланысты сұралған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

11) 8-процесс - жеке тұлғаның электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуының толтырылған нысанына (енгізілген мәліметтерді) ЭСҚ арқылы қол қоюы;

12) 9-процесс - жеке тұлғаның электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуының ЭҮП-нан ЖАО АЖ жүйесіне автоматты түрде өту процесі;

13) 10-процесс- жеке тұлғаның сұрауын КММ қызметкерінің және учаскелік комиссиялардың ЖАО АЖ он күнтізбелік күн ішінде өңдеуі;

14) 11- процесс – жеке тұлғаның сұрауына сәйкес электронды мемлекеттік қызмет көрсету (Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте рәсімделген электрондық құжат немесе қағаз тасымалдаушыдағы құжат) нәтижесін қалыптастыру. Электрондық құжат мемлекеттік органның АКҚҚ және РО АЖ пайдалана отырып қалыптастырылады.

15) 12-процесс - шығыс құжатының ЖАО АЖ жүйесінен ЭҮП-ындағы жеке тұлғаның жеке кабинетіне және/немесе жеке тұлғаның электрондық поштасына автоматты түрде өту процесі, сондай-ақ орындау мәртебесінің ХҚО БАЖ жүйесіне өтуі;

16) 13-процесс – жеке тұлғаның ЭҮП-ындағы оның жеке кабинетінде және/немесе электрондық поштада электрондық шығыс құжатын алу процесі.

Осы Регламентке 5-қосымшада сұрауды толтырудың экрандық нысандары және жеке тұлғаға ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет алуы жағдайында көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметке өтініш нысаны көрсетілген.

9. Өтінішке қоса тіркелетін құжаттар тізімі:

Жеке тұлға мемлекеттік қызметтерді алу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

1)жеке басын куәландыратын құжат реквизиттерін, әлеуметтік жеке код номерін көрсете отырып белгіленген үлгідегі өтініш;

2) белгіленген үлгідегі жанұя құрамы туралы мәліметтер;

3) белгіленген үлгідегі жанұя мүшелерінің алған кірістері туралы мәліметтер;

4) белгіленген үлгідегі жеке қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы мәліметтер.

ЭҮП арқылы жүгінген жағдайда:

  1. жанұя құрамы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

  2. жанұя мүшелерінің алған кірістері туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

  3. жеке қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.

10. Алушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрауының орындалу мәртебесін тексеру әдісі: «электрондық үкімет» порталында «Қызметтерді алу тарихы» тарауында, сондай-ақ ММ жүгінген жағдайда.

11. Мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, телефон номерлері, электрондық мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты алу үшін электрондық пошта адресі, уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызмет сапасын бағалау қажеттігі осы Регламентке 1 қосымшада көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы іс-әрекеттер (қарым-қатынастар) тәртібінің сипаттамасы
12.Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың және АЖ тізбесі:

-ЭҮП;

- ЖАО АЖ

-ЭҮӨШ, (ЭҮШ);

- КО АЖ;

- осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес уәкілетті органдар.

13. Мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге ұйымдардың іс-қимыл жүйелілігінің мәтіндік кестелік бейнесі әр іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып осы Регламенттің 3 -қосымшасында көрсетілген (1, 2 суреттер).

14. Осы Регламенттің 4-қосымшасында (1, 2 суреттер) мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге ұйымдардың іс-қимыл (рәсімдер, функциялар, операциялар) жүйелілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін диаграммалар осы Регламенттің 3 қосымшасында көрсетілген белгілерге сәйкес берілген.

15. Жеке тұлғаларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

16. Жеке тұлғаларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қойылатын талаптар:

1) адамның конституциялық құқықтары мен еріктерін сақтау;

2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) кәсіби этика мен мәдениетті сақтау;

4) нақты және толық ақпаратты ұсыну;

5) ақпараттың құпиялылығын сақтау;

6) жеке тұлға белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

17. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары: электрондық мемлекеттік қызмет көрсету және қолжетімділік құрылғылары (компьютер, Интернет, қоғамдық қолжетімділік пункті, халыққа қызмет көрсету орталығы, мемлекеттік мекеме).
________________________________________________

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет Регламентіне 1-қосымша     


Алматы облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері


№ р/с

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Қала коды және

телефон нөмірі




Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақсу ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Ақсу ауданы, Жансүгіров кенті, Желтоқсан көшесі, 5

korgan-53@mail.ru

8-72832

2-11-43


Демалыс

және мереке күндерін қоспағанда,

аптасына

бес күн


сағат 9-00 бастап

18-00 дейін,

түскі үзіліс сағат 13-00 бастап

14-00 дейін



2

Алакөл ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Алакөл ауданы,

Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі, 148

alaksob@mail.ru


8-72833

2-15-36


3

Балқаш ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Балқаш ауданы,

Бақанас ауылы,

Қонаев көшесі, 66

balhash_sobez@bk.ru


8-72773

9-14-25


4

Еңбекшіқазақ ауданының

жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы,

Алматы көшесі, 112

sobesesik@mail.ru


8-72775

4-24-36


5

Ескелді ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Сәтпаев көшесі, 65

eskeldy_sobes@mail.ru


8-72836

3-00-62


6

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр

көшесі, 261



zhambyl. rotzszn@mail. оnline.kz

8-72770

2-22-60




7

Іле ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Іле ауданы,

Өтеген батыр кенті,

Титов көшесі, 3 а

Ili-sobes@mail.ru


8-72752

2-47-51


8

Қарасай ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Қарасай ауданы,

Қаскелең қаласы,

Абылайхан көшесі, 215

krozisp@mail.ru


8-72771

2-17-71

Демалыс

және мереке күндерін қоспағанда,



аптасына

бес күн


сағат 9-00 бастап

18-00 дейін,

түскі үзіліс сағат 13-00 бастап

14-00 дейін



9

Қаратал ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Қаратал ауданы,

Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, 3



karatalsobes@mail.ru

8-72834

2-24-30


10

Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті,

Мәметов көшесі, 3



8-72840

3-16-04


11

Көксу ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Көксу ауданы,

Балпық би кенті, Мырзабеков көшесі, 38



8-72838

2-03-71


12

Панфилов ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Масанчи көшесі, 23,

panfil2005@mail.ru

8-72831

5-10-48


13

Райымбек ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Райымбек ауданы,

Кеген ауылы,

Момышұлы көшесі, 7

Raimbek_sobes@mail.ru


8-72777

2-11-34


14

Сарқант ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Сарқант ауданы,

Сарқант қаласы,

Тәуелсіздік көшесі, 117

sarkand_sobes@mail.ru


8-72839

2-14-91


15



Талғар ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Талғар ауданы,

Талғар қаласы,

Гагарин көшесі, 76

talrot@yandex.ru


8-72774

2-17-17



16

Ұйғыр ауданының

жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Ұйғыр ауданы,

Шонжы ауылы,

Нысанбаев көшесі, 104

ygyr_sobes@mail.ru


8-72778

2-12-70


17

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі




Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 2/3

KSobes@mail.ru




8-72772

4-15-74


18

Талдықорған қаласының

жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 35


8-72822

1-04-91


19

Текелі қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 24

8-72835

4-23-95

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет Регламентіне 2-қосымша     



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет