Әлемдік экономикада ғаламдық МӘселелерді үйлестірудің механизмін реформалау



жүктеу 108.41 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі108.41 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДА ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУДІҢ МЕХАНИЗМІН РЕФОРМАЛАУ

Мырзатаев Е.Қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы

Жаһандану үдерісі кеңінен етек алып, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының тәуелділігі артып келеді. Халықаралық кеңістікте орын алып жатқан үрдістер нәтижесінде түрлі өзекті мәселелер туындап, ауруға шалдыққан әлем экономикасының қаупі артуда. Ал сәйкес проблемалармен айналысатын ғаламдық институттар, мәселелердің шешімін іздеп, талқыланатын сұхбат алаңдары өз нәтижелерін беруде әлсіздік танытуда. Яғни, әлемдік экономикада ғаламдық мәселелерді үйлестірудің механизмін реформалау бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ең өзекті мәселе болып табылады.

Әлемдік қоғамдастық жаңа ғасыр басында жаһанданудың жаңа мәселелеріне тап болды. Бұл үрдістер дүние дамуының жаңа бағытында тұрғанын көрсетеді. «Жаһандық қаржы дағдарысынан кейінгі өзгерістер қандай бастамаларға, қандай реформаларға алып келеді?» деген сұрақтар туындататын мәселелерді, Елбасымыз айтып кеткендей, барлық елдердің күш-жігерімен біріге талдап, әлемдік құрылымның жаңа жүйесін әрқайсымыздың мүддемізге сай қалыптастыру керек. Осындай мәселелерден туып жатқан қауіп-қатердің арта түсуі, Халықаралық валюталық қор, үлкен G8 және G20 институттарының шешім қабылдап үлгере алмауын, нәтиже беруінің төмендеуін көрсетуде. Бұдан бақылаусыз қалған қаржы рыноктары әлемдік экономикаға айтарлықтай кері әсерін тигізуде.

Кейінгі жылдары әлеуметтік саясаттың рөлі негізсіз төмендетілген. Араб елдерінде және бірқатар дамыған елдердегі бел­гілі оқиғалар халықтың әлеу­меттік жағдайын тұрақты назарда ұстаудың өткірлігін көрсетті. Нарықтық күш­тер жұмыспен және азық-түлікпен, әлеуметтік қорғаумен және тұрақтылықпен қамтамасыз етудің сайма-сай міндеттерін барлық жерде бірдей шеше алған жоқ. Осының салдарынан дамы­ған және дамушы экономика­лардың арасында айырмашылық ұл­ғайып, сауда даулары, валюталық кикілжіңдер, мемлекеттік қарыз­дар көбейіп, жұмыссыздар мен аз қамтылған халық саны өсті. Әлем­де бірінші рет бүтіндей мем­лекеттердің банкроттық жағ­дайға тап болуы пайда болды. [1]

Жалпы, әлемде қандай да бір мәселе туып, ғаламдық дағдарыс орын алған кезде, оны шешу мақсатында құрал ретінде халықаралық деңгейде жаңа институт, немесе мәселені талқылайтын сұхбат алаңдары пайда болатынын тарихтан байқаймыз. Және де мұндай үрдіске оң көзбен қарау керек. Себебі, түрлі проблемалардың шешімін табуда бұрын құрылған институттар әлсіздік танытады. Ғаламдық мәселелерді шешу мақсатында G7, одан кейін G8, G20, сонымен қатар, Халықаралық валюталық қор секілді ғаламдық институттар осы ретпен дүниеге келген. Алайда, ғаламдық мәселелердің артуы есебінен әлемдік экономиканы үйлестіру мәселесі шешімін таппай келеді.

Бұл проблеманы ашу мақсатында әлем экономикасының дамуына көз шолып өту керек. ХХ ғасырдың ортасында экономикасы қарқынды дамуға бет алған АҚШ тауарларын өткізетін рынок із­дей бастады. Осы уақытта ол ГАТТ (тауарлар мен тарифтер жөніндегі бас акт) деп аталатын халықаралық жаңа ұйымның өмірге келуіне ұйытқы болды. Бұл аталған ұйымға мүше мемлекеттердің тауарларының бір-біріне еркін өтуіне жол ашатын келісім-шартты өмірге әкелді. Бертін келе ұйымға ын­та білдірушілер көбейген соң ол ДСҰ (ВТО) болып атауын өзгертті. Былай қарағанда, өндірісі ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай жүрген мемлекеттер үшін арзан тауар көзі болып саналатын бұл ұйым, турасын айтқанда, мешеу мемлекеттерді одан әрі тұралатып, дамыған елдердің тауарлы өндірісін қолдайтын бір халықаралық беделді мекеме болып шықты. Бұл жерде КСРО-дан енші алған толып жатқан жаңа мемлекеттердің экономикасы осы уақытқа дейін түзелмей, бәрінде дерлік төңкерістер толқыны болып өтсе, бұған ең бірінші себепкер осы ДСҰ болып табылады. Келесі Халықаралық валюта қоры жоғарыда аталған халықаралық тауар таратушы ұйымның жұмысын жандандыруға байланысты өмірге келді. АҚШ билігі екінші дүниежүзілік соғыс аяқтала салысымен Брэттен Вуд келісімшартын өмірге әкелуге себепкер болды. Ауыр соғыстан шыққан Еуропа мемлекеттері мен Жапония мұны қолдауға ықтиярсыз келісті. Өйткені оларға ес жию үшін де сырттың көмегі керек еді. Ақыр аяғында АҚШ мемлекетінің ұлттық валютасы долларды халықаралық валюта ретінде қабылдады. Бастапқыда олар «доллар мемлекеттегі алтын мөлшерімен қамтамасыз етілетін болсын» деген талаптарын шартқа енгізген болатын. Кейіннен, 1976 жылы АҚШ бастапқы келісім - шарттағы доллардың АҚШ қорындағы алтынмен шендестірілуін міндеттейтін бапты алып тастауға ұйымның басқа мүшелерін көндірді. Сөйтіп, бұл мемлекет тек қана қағаздан доллар деп аталатын халықаралық валюта басып шығарып-ақ, байи алатын құдіретті алпауытқа айналып шыға келді. Дүниежүзі түгіл ұйымға мүше мемлекеттер алдында да еш жауапкершіліксіз болып шықты.

Дүниежүзілік қаржы жүйесінің бүгінгі жұмысындағы болмыс-бітімі де Кейнс ­ теориясының негізінде құрылды. Себебі, Кейнс теориясы жауапкершіліксіз және шексіз инвестицияны қолдағандықтан. Қазіргі таңда әлемдік қор биржаларындағы «жұмыс» жағдайы да сол. Эмитенттер құнды қағаз сатып алушылар алдында, керісінше құнды қағаз иелері эмитенттер алдында жауапкершілігі жоқ «жақтар» болып табылады. Мұндай жағдайда бағаны өсіру мен түсіру белгілі бір топтардың арнайы ұйымдастыратын әрекет болып шығады. 1998 жылғы Азия қор биржаларындағы дағдарыс соның салдары екені анықталған. Тіпті, бүгінгі АҚШ және Еуроодақ қор биржаларындағы «толқулар» да соның салдары екенін айтуға болады. Жауапкер­шілік жоқ жерде Адам Смиттің «көрінбейтін қолы» да қабілетсіз. [2]

Жоғарыда айтылғандай, әлемдік экономиканы үйлестіру мәселелерімен айналысқан G форматтары әлсіздік танытып келеді. Мұнда кедергі болатын ерекше фактор ретінде АҚШ-ты айтамыз. Сол себепті, әлемдік экономиканы үйлестірудің механизмін реформалауда осы мәселені ескеру қажет. Ең алдымен АҚШ ықпалды тобына қарсы шыға алатын қуатты күш керек. Мұндай күш тек қана Қытай, Ресей Федерациясы, Жапония, Еуроодақ және мұнай экспорттаушы Таяу Шығыс мемлекеттерінің ықыласы бір нүктеде түйіскенде ғана пайда болады. Олай болмаған жағдайда, АҚШ ықпал­ды тобы дәл осы жолмен жүре беретін болса, өздері көретін проблеманы байқап, мойындауы, сонан соң бұл жолдан бас тартуы керек.

АҚШ әзірге «доллар басып шығару» мүмкіндігінен айырылғысы келмейді. Ресейдің танымал қаржыгері Алексей Кудрин айтқандай, ол жақтағы билікте күні бүгін ақиқатқа тура қарай алатын тұлға жоқ. Екіншіден, мұндай жағдайдан бас тарту қалай болғанда да қазіргі таңда мемлекеттік берешегі 17 триллион доллардан асып кеткен ел үшін үлкен зардабы тиеді. Ал уақыт өткен сайын зардабтың көлемі ұлғая береді. Ал мемлекет басшылары өздеріне халық тапсырған мерзім мен мүмкіндікті мұндай «іске» пайдалануға қорқады. Демек, АҚШ тарапынан «өз еркімен» бас тарта алмайды.[2]

Сондықтан да Қытай, Ресей Федерациясы, Жапония, Еуроодақ және мұнай экспорттаушы Таяу Шығыс мемлекеттерінің күш біріктіріп алпауыт АҚШ билігіне бұл жолдан бас тартуына ықпал ету керек. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының басшысы бұл ұсынысты жеке-дара айтып шыққан. Одан соң, Франция президенті Николя Саркози «бұл мәселені «G-20» қарауына шығарамын» деген болатын. Бірақ аталған форумда бұл мәселе талқыланбаған-ды. Бірақ БРИКС тобындағылардың бұдан былай өзара экспорт-импорт алмасуда доллармен жұмыс істемеуге келісті. Бұдан бөлек, жекелеген «әріптес мемле­кеттермен» сауда айналымында долларды қолданбау жолына Жапония, Араб әлемі және Латын Америкасындағы бірқатар елдер көшкен болатын.

Әлемдік экономикада ғаламдық үрдістердің мәселелерімен айналысып келетін G8, G20 институттарын күрделі өзгерістерден өткізу керек. 1997-1998 жылдарда болған әлемдік қаржы дағдарысынан кейін дүниеге келген G20 алаңы 2009 жылы Американың Питтсбург қаласында өткен саммитте ресми түрде әлемдік экономиканы үйлестіруші басты органға айналды. Баспасөз мәслихатында АҚШ Президенті Барак Обама былай деген еді: «Біз бұдан былай ХХ ғасырдың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ХХІ ғасырдың үндеулеріне қарсы тұра алмаймыз».[3] Бұл дегеніміз, әлемдік экономиканы үйлестіруде «Үлкен сегіздіктің» рөлі әлсіз екенін мойындауға екінші қаржылық дағдарыс керек еткенін байқауға болады. Дегенмен, қазіргі өтпелі кезеңде «Үлкен жиырмалықтың» әрекеттері әлсіз болуда. Бұл тұрғыда, Нобель сыйлығының иегері Роберт Манделл былай дейді: «...G20 және G8  шешімдер шығару мен сараптауда өзінің әлсіздігін танытып отыр. Оларда мәселелерге шешім іздеу мен эффективті  ұсыныстар  әзірлеуде механизмдердің жетіспеушілігі байқалады. Сонымен қатар, мемлекеттердің 90% бұл форумдарда  дауыс беру құқығы жоқ. Нәтижесінде жан-жақты шешімдерден ауытқу байқалады және  протекционизм, алмасу курсы саясаты және жаһандық дисбаланс сынды мәселелерде  біржақты  қадамдар және екіжақты ғана дау-дамайлар туындап отыр».[4]

Сонымен, әлемдік экономикада ғаламдық мәселелерді үйлестірудің механизмін реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан бірнеше ұсыныстар түскен болатын. Елбасы Халықаралық қаржы жүйесі бойынша бірегей әлемдік валютаны енгізу жайындағы ұсынысын 2009 жылы айтқан болатын. Әлемдік валютаға апаратын жол аймақтық валюта құрудан басталатындығын жеткізген. Осы тұрғыда Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында да құруды ұсынды. Есеп айырысу ақшасын президент «евраз, евразия немесе алтын» деп атауды ұсынған.[5]

2008 жылы Елбасының бастамасымен құрылған «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы ұйымдастыратын жыл сайынғы «Астана экономикалық форумында» жаңа әлемдік валютаға өтудің жол картасын құру мәселесін бастаған. Осыған сәйкес, Астана экономикалық форумының аясында өтіп жүрген виртуалды форумында арнайы конкурстар жарияланған. 2012 жылы өтетін кезекті Астана форумында Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы жаңа әлемдік қаржы жүйесінің және бірегей әлемдік валютаның қызмет ету механизмін толық әзірлеп, G20 форумына ары қарай жүзеге асуына ұсынылатын болады.

Келесі ұсыныстар тікелей G20 инстытутына қатысты, Елбасы 2011 жылы Астана қаласында ИЫҰ (Ислам Ынтымақтастық Ұйымы) өкілдерінің G20 саммит жұмысына қатыстырылуын қарастыруды ұсынған болатын.[6] Оның пікірінше, бұл G20-ның мәртебесін арттырады, ИЫҰ мүше мемлекеттеріне күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерде ұжымдық позицияларды қорғауға, сондай-ақ халықаралық мәселелерде өз ұстанымдарын алға тартуға мүмкіндігін береді.

Бұл ұсыныстан бөлек Қазақстан Республикасының Президенті әлемдік дағдарысқа қарсы шешімдердің қатысушыларының шеңберін кеңейтуді ұсынды. Электронды Бреттон-Вуд іспетті қызмет ететін келіссөз алаңын «G global жобасы» деп атап, қызмет алаңын Астана экономикалық форумында өткізуді ұсынды. Бұл ұсынысты әйгілі саясаткерлер, белгілі экономистер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Нобель сыйлығының иегерлері бұл бастаманы бірден қолдады. Бұл жобаға өз бағасын берумен шектелмей, ұсыныстарын берген азық-түлік және ресурстар бойынша экономика Институтының профессоры, Костас Карантининис былай дейді: «Өзге қадамдардың нәтиже бермегенін ескере отыра, мен бұл бастаманы өте озық бастама деп ойлаймын. Дәстүрлі форумдардың шекарасынан шығып отырған бастама өте пайдалы және нәтижелі болуы мүмкін. Мен өз үлесімді қосуға үлкен қызығушылық танытып отырмын. Менің ойымша, G-global келесідей тақырыптарды қамтуы тиіс: халықаралық қаржы операциялары үшін жаңа жаһандық нормативті құқықтық база, қоғам қызығушылықтарына қызмет ететін банк ролдерін қайта қарастыру, сауда және қаржы операциялары үшін жаңа халықаралық валюта, жер иелік етудің жаһандық құқығына арналған жаңа режим.».[7]

Менің пікірімше, «G-global» жобасы XXI ғасыр кезеңінде лайықты сұхбат алаңы болып табылады. Қазіргі әлемдік деңгейдегі мәселелерді шешу үшін, жаңа орта, жаңа идея, жаңа ұсыныстар қажет. Бұған сәйкесінше, дамушы елдердің көмегінің қажеттігі айқын. Жаңа жобаға жас қатысушылардың берері көп. Жаңа жобада табылатын шешімдер G20 институтына мүше мемлекеттердің мүддесінің ыңғайлығына қарамай, демократиялық түрде барлық мемлекеттердің ұлттық дәрежедегі мүдделеріне лайықты болуы тиіс. Осы тұста әлемдегі бар мемлекеттің мүдделерін ескеріп, жеріміздегі ғаламдық проблемаларды шешуде жаңа алып институт қажет. Яғни, бұл институт халықаралық деңгейде саяси мәселелермен қатар, экономикалық, әлеуметтік, қауіпсіздік, сондай-ақ, экологиялық проблемалардың шешуімен айналысатын болады. Қазіргі таңда, бұл мәселелермен айналысатын институттарды (БҰҰ, G20, ХВҚ, ОЭСР, ИЫҚ, БҰҰ-ның тұрақты өсу жөніндегі Конференция және т.б.) біріктіретін кешен қажет.

Сол үшін де, әлемдік экономикалық тәртіпті орнату мақсатында экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Ян Тинберген ұсынған шартты түрде алынған «Әлемдік Үкімет» деген идеясын қайта қарастыру қажет. Ал аталмыш G-global жүйесі осыған жол болуы да мүмкін.

БРИКС тобы 2012 жылы Нью-Делиде өткен кезекті төртінші саммитте әлемдік экономикада ғаламдық үдерістерді үйлестіруде өздерінің нақты позицияларын анықтап алды. Делидің қорытынды декларациясында БРИКС бірнеше мәселелерді шешті. БРИКС тобы ең алдымен шұғыл түрде халықаралық қаржы иституттарын, соның ішінде, ең бірінші ХВҚ реформалауға қажеттігі жайында келісті. Бұдан бөлек Ресей Президенті әлем экономикасы мен саясатының маңызды мәселелерін толық форматты механизм түрінде шешуде БРИКС-ті трансформациялауды бастау керектігін ұсынды. Қорытынды декларацияда Дүниежүзілік банк басшысы дамушы елдің өкілі болу керектігі айтылған.

Қорытынды құжатта тағы бір маңызды мәселенің бірі – БРИКС тобының жаңа даму банкін құру болды. «Дели декларациясы» қабылданған құжат бойынша бұл банк БРИКС тобына мүше мемлекеттердің инфрақұрылымы мен тұрақты дамуына, сондай-ақ нарықтық экономикаға көшкен дамушы елдерге ресурс болып табылатын болады. Саммит қорытындысы бойынша БРИКС елдерінің (Қытай даму Банкі, Индияның экспорттық-импорттық Банкі, Бразилияның әлеуметтік-экономикалық дамудың Ұлттық Банкі, ресейлік «Внешэкономбанк» және Оңтүстік Африканың даму Банкі) қаржы ұйымдары бұдан былай өзара несие алуға, біріккен жобаларды инвестициялауға мүмкіндік алады.[8] Жоғарыда айтқандай, бұл процесстерде доллар араласпайтын болады.

Егер осындай дамушы елдер бастамасымен доллардың рөлі шеттетілетін болса, салдары айтарлықтай жоғары болады. Ең бірінші АҚШ-тың экономикалық жағдайына әсер етіп қана қоймай, Вашингтонды сенімді серік еткен ХВҚ және Дүниежүзілік банк секілді қаржы институттарына салмақ түсіретін болады.

Жалпы мәселені сараптай келе, мынадай қорытындыға келеді: БРИКС тобының бастамалары өз нәтижелерін береді. Бұл ретте G20 қызметіне ИЫҚ ұйымының, сонымен қатар, АСЕАН тобының мемлекеттері де жаһандық мәселелерді үйлестіруде сүбелі үлесін қоса алады деп ойлаймын. G-Global жобасы ғаламдық үдерістерді реттеуге, механизмін реформалауға үлкен мүмкіндік береді.

Сонымен әлемдік экономикада ғаламдық үдерістерді үйлестірудің механизмін реформалауды мынадай бағыттарда жұмыс істеу керек: халықаралық қаржы институттарын реформалау, әлемдік қаржы-валюталық жүйесін нығайту, қаржы секторын реформалау, халықаралық сауда және халықаралық инвестицияларды қолдау, сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігі, климат өзгеруіне қатысты мәселелерді қарастыруды толық жүзеге асыру қамтамасыз ету қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мәметқазыұлы Қ. Астана экономикалық форумы – жаһандық

мәселелердің шешімін қарастыратын халықаралық алаңға айналғанын дәлелдеді // www.inform.kz/kaz/section/10572/3 - тақырып экран басынан. – кіру еркін. Уақыт сәйкестігі 08.04.2012 ж.

  1. Бекболат Т. «G-Global»: сәуле нұрға айнала ма? //

http://abai.kz/content/tansholpan-bekbolat-g-global-seule-nyrga-ainala-ma - тақырып экран басынан. – кіру еркін. Уақыт сәйкестігі 07.03.2012 ж.

  1. Әлемдік экономиканы үйлестіру «Үлкен сегіздіктен» G20-ке өтеді //

http://www.bnews.kz/kk/news/post/19591/ - тақырып экран басынан. – кіру еркін. Уақыт сәйкестігі 10.04.2012 ж.

  1. Роберт Манделл, Нобель сыйлығы иегерінің пікірі //

http://gglobal.aef.kz/kz/about/reports/ - тақырып экран басынан. – кіру еркін. Уақыт сәйкестігі 01.04.2012 ж.

  1. Қазақстан президенті әлемдік валютаға апарар жол аймақтық валюта

жүйесін құрудан басталады дейді // http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_world_crisis_finance_currensy_bank_money_islam/1508313.html // - тақырып экран басынан. – кіру еркін. Уақыт сәйкестігі 10.04.2012 ж.

  1. Қазақстан ИҚҰ мемлекеттеріне G20 саммитіне қатысуын ұсынды //

http://www.meshit-kokshe.kz/news/newsread/news_id-260 // - тақырып экран басынан. – кіру еркін. Уақыт сәйкестігі 10.04.2012 ж.

  1. Костас Карантининис, азық-түлік және ресурстар бойынша

экономика Институтының профессорының пікірі // http://g-global.aef.kz/kz/about/reports/ - тақырып экран басынан. – кіру еркін. Уақыт сәйкестігі 21.03.2012 ж.
  1. Исабеков М., БРИКС: вырастая из коротких штанишек… //

http://gazetaturan.com/?p=7901 - тақырып экран басынан. – кіру еркін. Уақыт сәйкестігі 21.03.2012 ж.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет