Әлемдік жобаның бастамашысы



жүктеу 33.36 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі33.36 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
http://www.aikyn.kz/articles/view/66041

ӘЛЕМДІК ЖОБАНЫҢ БАСТАМАШЫСЫ
Т.П.РАЙЫМБЕРДИЕВ, Қ.А.Йассауи атындағы ХҚТУ вице-президенті, профессор, Түркістан қаласының құрметті азаматы
2012 жылдың 4-тоқсанында ел Президентінің Астана экономикалық форумында «G-global» жобасын құруды ұсынғанынан елдің хабары бар. Н.Назарбаевтың бұл идеясы әлемдік қоғамдастық тарапынан бірден үлкен қолдауға ие болды. 

 Аталған жоба әлемге танымал ғалымдар арасында жоғары бағаланды. Соңғы жылдары Президентіміздің қаржы дағдарысына байланысты бастамасын әлемге танымал тұлғалар қолдап келеді. 

Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстанды біреу білсе, біреу білмейтін. Ал бүгінде бұл идея күн санап әлем елдеріне кеңінен танылып келеді, сол арқылы еліміз төрткүл дүниеге танылуда. Әрине, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы. Мұны ешкім жоққа шығармайды. 

«G-Global» ғаламдық жобасының мақсаты: ғаламдағы өмірді жақсартатын нақты идеяларды ұсынуға, жаһандық проблемаларды шешетін сәйкес шаралар қабылдауға, маңызды және антидоллари­зация идеясы аясында әлеуметтік-эконо­микалық мәселелерді мемлекетаралық деңгейде талқылау. 

Бұл жоба осыдан бес-алты жыл бұрын басталып, бүгінде Еуропаны есеңгіретіп, Азияны алаңдатып тұрған қаржы дағ­дарысын еңсерудің тиімді механизмдерін қарастыруда. G20 және G8 форматтары дағдарыс алдында нәтижесіз болып, ғаламдық дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын ешкім ұсына алмай отырғанда, Қазақстан Президенті жаһандық дағда­рысқа қарсы шешімдерді қабылдаушылар шеңберін кеңейтуді ұсынып, G-Global алаңының дағдарыстан шығуға мүмкіндік беретініне көз жеткізе білді. Осының арқасында Қазақстан Президенті өзін әлемде болып жатқан жаһандық үрдістерді толық және терең бағалай алатын санаулы саясаткерлердің бірі екендігін тағы бір рет дәлелдеді. 

Сарапшылар G-Global бастамасын жиырма бірінші ғасырдағы әлемді реттеудің маңызды қағидалары және болашақ әлемнің идеяларын топтастырушы құрал ретінде қарастыру керектігін айтады. 

G-Global – бұл әлемді реформалау және әділ, қауіпсіз әлемдік тәртіпті құруға мүдделі барлық елдердің, әлемдік желінің миллиондаған пайдаланушыларына бағдарланған, ақпараттық дәуірдің өркениетті идеясы. Ол әлемдік қоғамға ХХІ ғасырдағы дүниежүзілік өзара қарым-қатынастың қызықты әрі тиімді моделін ұсынып отыр. Яғни ғаламдық дағдарыс жағдайында әлемдік экономиканы рецессиондық тоқыраудан мемлекеттердің біріккен барлық қоғамдық институттары­ның көмегімен шығаруға болатын жоба. «Кез келген тұлғаның қатысу мүмкіндігі мол әлемдік парламентке ұқсас үлкен ашық форум – G-Global халықаралық жобасы барлық азаматтар үшін тиімді құрал деуге болады. 

Оның бүгінгі жағдайда маңызы артпаса, кеміген жоқ. Әсіресе, Ресей мен АҚШ арасындағы қырғиқабақ теке тірестің жаңа кезеңінің еліміз үшін де салқын ызғарының болары анық. 

Құрлықтағы осындай алмағайып сәтте Қазақстан халқы ассамблеясының  Прези­дент сайлауын өткізу туралы ұсынысы уақыт талабына сай сұранып тұрған идея еді. Өйткені әлемдегі саяси және экономи­калық дағдарыстың ашық көрініс беріп келе жатқаны уақытпен санаспайтын құбылыс. Сондықтан ойлануға уақыт жоқ, тек алға деумен Көшбасшымызға ел болып ақ бата беріп, іске кірісуі қажет-ақ. Және  ендігі таңдауда да Алаш жұртының қалауы G-Global идеясының авторы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың болатынына күмән жоқ. 

Қазіргі Қазақстан – әлемдік деңгейде өзгелер тамсана қарайтын бейбіт мемлекет. Осындай қоғамда өмір сүріп жатқан сіз бен біз бақытты ұрпақтармыз. Еліміздің ертеңі бүгінгі жастарға байланысты. Ал мен болсам, егемен елімнің болмысында, намыс найзағайы жарқылдаған, өр рухты жастар дағ­дарыстың қандай түрін болса да еңсеруге дайын деп білемін. 

Халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев: 

«Мен жастарға сенемін!» десе, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы:

«Мәңгілік ел ұлттық идеясы – нағыз креативті жастар үшін» дейді. 

Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салуы керек. Ал қазіргі таңда Елбасымыз әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусын­дауына барынша жағдай жасап отыр.



Елбасы бір сөзінде: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қай­талаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңір­діңіздер» дейді. Қай кезеңде болмасын елдің өркендеп дамуында жастардың өзіндік орны бөлек. 

Ал біз алдағы уақытта нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген қазақ жас­тарының бірлігінің көрінісіне, текті атаның ұлдары екеніне келер күн мен атқан таң куәгер болатынына сенеміз.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет