Әлеуметтік үдерістерді болжаудың методологиялық аспектілері сегізбаева Д.Ү., аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі



Дата27.04.2016
өлшемі45.1 Kb.
ӘЛЕУМЕТТІК ҮДЕРІСТЕРДІ БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Сегізбаева Д.Ү., аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі,

Умирзакова М.А., аға оқытушы, экономика ғылымдарының кандидаты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

Қызылорда қаласы

Болжам немесе болжау дегеніміз – біріншіден, түп мағынасы гректің алдын – ала білу түсінігінде жатқан. Екіншіден, ғылыми негізінде – обектінің жағдайы немесе оның альтернативті даму жолы мен іске асырылу мерзімі көзқарас ұғымын білдіреді.

Болжамдау – бұл болжамдарды жасау процесін атайды. Болжамдар гипотезаға негізделеді.

    Болжаудың бірнеше анықтамалары:

-Болжау - әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын-ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.

-Болжау – обьектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.

-Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.

Болжау бұл экономикалық жүйенің болашақ параметрлеріне қатысты дәлелдендірілген мүмкіндіктер (сапалық және сандық түрде көрсетілген) кешені. Болжау амалы – бір немесе басқа шарттарда мүмкін болатын жайттарға объективті, шынайы болжам жасау. Бұл амалды шешу үшін ізденгіш болжам жасалынады, ол экономиканың дамуының (немесе оның бір қабатының), оған деген мемлекеттік әсер мінезі өзгеріссіз қалады деген шартта, қандай екенің көрсетуі мүмкін. Сонымен ізденгіш болжам теріс үрдістерді жеңуге бағытталған мемлекеттің бірінші болып араласуын талап ететін экономиканың қабаттарын көрсетеді.

Болжау болашақта мүмкін болатын жайттардың пассивті рөліне ғана сүйенбейді. Мақсатты болжаулар да жасалынып жатыр. Олар мемлекеттің экономика алдына қойған мақсаттарын және оларға жетудегі мүмкін жолдарын анықтайды.

Нарықтық экономика жағдаында кез-келген болжамды жасау барысында келесі жайттар ескеріледі:

1)материалдық ағындарды ұйымдастыру түрлері. Өнімнің барлық түрлерінің негізгі бөлігі еркін түрде іске асырылады. Осыған байланысты кез-келген өндірісте өнімділікті арттырудың нақты болжамын жасау, тауар нарығының конъюнктурасыны туралы нақты ақпарат алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады;

2)ақша ағымдарын қалыптастыру әдістері. Басты бөлігінің қаржылық ресурстары тура мемлекеттік реттеу ортасынан шығып қалды. Сондықтан да жеке капиталдың қандай көлемде алынып, және оның қайда жіберілетіндігін анықтау маңызды болып табылады.

3)баға динамикасы, оның өндіріске деген әсері, және де оны бөлу. Қазіргі уақытта баға коньюнктурасын білмей өндіріс бойынша бірде бір нақты болжамдық баға алу мүмкін емес;

4)теңгенің ішкі конвертирациясы. Валюта қандай кешендерде табысталынады, және қандай кешенде импортқа жіберіледі екені белгілі. Болжам оның қозғалысын, яғни бір меншіктен екіншіге өтуін анықтап отырады.

Әлеуметтік  болжаудың ерекшеліктері туралы  да айта отыру қажет. Біріншіден, мақсатты тұжырымдау жалпы және абстрактілі сипатқа ие: ол ықтималдықтың үлкен деңгейіне мүмкіндік береді.

Екіншіден, әлеуметтік болжау директивті сипатқа ие емес. Басқаша айтқанда, нұсқалық болжаудың  нақты болжаудан айырмашылығы болжау болжау әдістерін таңдау және шешуді дәлелдеуге ақпарат береді.

Үшіншіден, әлеуметтік болжаудың спецификалық әдістері бар: күрделі  экстраполяция, үлгілеу, эксперимент жүргізу мүмкіндігі.

Болжаудың негізгі қызметтері:

-шаруашылықтың дамуындағы ғылыми-әлеуметтік талдау;

-Экономикалық және ғылыми- техникалық үдерістерінің, даму бағыттарының мәселелері төңірегінде пайда болған жағдайларын бағалау;

-Болжау объектісін бағалау;

-Экономикалық жағдайлар мен мәселелерді алдын алу, болашақтағы тенденциялардың іс- әрекетіне баға беру;

-Белгілі бір уақытта нақты жағдайларда халық шаруашылығының дамуы мен әлеуметтік- экономикалық байланыстарды объективті зерттеу;

-Экономикалық және әлеуметтік дамудың объективті мүмкүндігін табу;

-Экономиканың әрі қарай дамуына ғылым мен техника, шаруашылықты басқару жүйесі, әлеуметтік дамуға негізделген тиімді жоспарлы шешімді таңдай отырып, ғылыми материалдарды жанжақты пайдалана отырып, перспективті дамуды айқындау.

Болжамның типологиясы әлеуметтік болжаудың мақсатына, міндетіне, нысанына, әдіс-тәсіліне, мәселесіне, сипатына, бекітілген кезеңіне, әлеуметтік жұмысты болжау әдістерін ұйымдастыру әдісіне құрылуы мүмкін. Бұл процесс, біздің ойымызша, екі болжамнан: нысандардың жай-күйін, әлеуметтік болжам негізі: болжаудан және себеп-салдарлық байланыстарды болжаудан құралады. Болжау сипаты және басты мақсатына тәуелді қосалқы міндеттер сатысын айқындау маңызды. Оны қай бағыт бойынша құру керек: мемлекеттік институттар құрылымына сәйкес көлбеу бағытпен бе, салалар бойынша тікелей тәуелді ме деген сауалдардан тұратын бағдарламалық-мақсаттық қырынан қарастыру болып табылады. Басқаруды нақтылау сипаты критерийі бойынша болжамдардың мынадай қосалқы типтері бөліп көрсетіледі: ізденісті және нормативтік болжамдар.

Нарықтық экономикаға өтуде жəне экономиканы реформалауда ең негізгі мəселелер жергiлiктi жердегi қатынастардың даму негiзiнде туындайды. Экономикалық категория қызметтерiн жетiлдiрiп, басқару тетіктерiн қалыптастыру бағытындағы əкiмшiлiк жауапкершiлiктi арттырып отыру да бұған толыққанды негіз бола алады. Əрбiр жергiлiктi жердегi экономикалық басқару тетіктерінің атқаратын қызметтерін нарық талабына сай үйлестiрiп, сəйкестендірмейінше тұрақсыздық туындай береді. Нарықтық жағдайдағы экономиканы тұрақтандыру үрдісі нарық заңдылығына сəйкес, экономикалық категория қызметтерiн басқару тетіктерi мен тұтқаларын пайдалану арқылы дамиды. Олардың еркін жəне тиімді қызмет атқаруына қажетті жағдайларды жасап, үйлестірілген біртұтас жүйе орнату нарықтық реформалар барысындағы ескi шаруашылық тетіктерінiң орнына нарық заңдылығындағы жаңа шаруашылықты шұғыл қалыптастыруға ықпал етеді. Бірақ, оларды заңдастыру жəне өзара үйлестіру ұзақ уақытты талап етері даусыз.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. À.À.Àëèìáàåâà. Ãîñóäàðñòâåííîå ðåãóëèðîâàíèå ýêîíîìèêè. À-1999.

  2. Ïîä.ðåä. Â.È.Áîðèñåâè÷à, Ã.À.Êàíäàóðîâîé. Ïðîãíîçèðîâàíèå è ïëàíèðîâàíèå Ì., 2001.

  3. Ã.Ì.Ãàìáàðîâ è äð. Ñòàòèñòè÷åñêèå ìîäåëèðîâàíèå è ïðîãíîçèðîâàíèå. Ì., 1990.

  4. Â.Ë.Ãîðåëîâà, Å.Í.Ìåëíèêîâà. Îñíîâû ïðîãíîçèðîâàíèå ñèñòåì. Ì., 1986.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет