Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы



жүктеу 138.89 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі138.89 Kb.
: normbase
normbase -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы №970 Қаулысы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 16.03.2011 16:01:27
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының коммуналдық меншігіне;

2) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Алматы қаласы және Алматы облысының коммуналдық меншігіне;

3) «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 33,3333 (отыз үш бүтін он мыңнан үш мың үш жүз отыз үш) пайыздық тең үлестермен Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының коммуналдық меншігіне;

4) «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Маңғыстау және Атырау облыстарының коммуналдық меншігіне;

5) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының коммуналдық меншігіне;

6) «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 50 (елу) пайыздық тең үлестермен Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының коммуналдық меншігіне;

7) «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін 33,3333 (отыз үш бүтін он мыңнан үш мың үш жүз отыз үш) пайыздық тең үлестермен Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарының коммуналдық меншігіне берсін.

2. Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдері «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін коммуналдық меншікке қабылдағаннан кейін Комитетпен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін республикалық меншікке беруді қамтамасыз етсін.

3. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкімдері осы қаулының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың акцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке қабылдағаннан кейін осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлікті көрсетілген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталдарын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.



4. Комитет осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Комитет пен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

7. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 185 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2010 жылғы 31 наурыздағы

266 қаулысына



қосымша

 

 

Облыстардың және Алматы қаласының әкімдері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық

капиталдарын төлеуге беретін мүліктің

тізбесі

 


Р/с



Мүліктің атауы

Орналасқан жері

Мемлекеттік үлес, %

«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

1

«Ақтөбе» өңірлік индустриялық технопаркі» ЖШС

Ақтөбе қ.

30

2

«Троллейбус паркі» ЖШС

Ақтөбе қ.

100

3

«Ел Ырысы» ауыл шаруашылығы тауарларының көтерме-бөлшек базары» ЖШС

Орал қ.

100

4

«Ақсай ауыл шаруашылығы көтерме-бөлшек базары» ЖШС

Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қ., Бөрлі ауданы

100

5

«Жайық жарығы» ЖШС

Орал қ.

100

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

6

«Қазмедсервис» ЖШС

Алматы қ.

4,6

7

«Гэле» ЖШС

Алматы қ.

31

«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

8

«Сәулет орталығы» ЖШС

Қызылорда қ.

100

«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

9

«Маңғыстау» инвестициялық компаниясы» АҚ

Ақтау қ.

26,02

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

10

«Шығысжарнама» ЖШС

Өскемен қ.

100

11

«Алтай» өңірлік ғылыми-технологиялық паркі» ЖШС

Өскемен қ.

23,08

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2010 жылғы 31 наурыздағы

266 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін



өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):



1) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Ақмола облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 68-9-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-10-жолмен толықтырылсын:

«68-10. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Астана қаласы» бөлімінде:

реттік нөмірі 107-8-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 107-9-жолмен толықтырылсын:

«107-9. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Алматы облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 198-18-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 198-19-жолмен толықтырылсын:

«198-19. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Алматы қаласы» бөлімінде:

реттік нөмірі 292-56-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 292-57-жолмен толықтырылсын:

«292-57. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Ақтөбе облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 346-5-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 346-6-жолмен толықтырылсын:

«346-6. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Атырау облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 384-4-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 384-5-жолмен толықтырылсын:

«384-5. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Шығыс Қазақстан облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 495-10-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 495-11-жолмен толықтырылсын:

«495-11. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Жамбыл облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 545-9-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 545-10-жолмен толықтырылсын:

«545-10. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Батыс Қазақстан облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 600-6-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 600-7-жолмен толықтырылсын:

«600-7. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Қарағанды облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 751-3-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 751-4-жолмен толықтырылсын:

«751-4. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Қызылорда облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 768-4-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 768-5-жолмен толықтырылсын:

«768-5. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Қостанай облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 822-16-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 822-17-жолмен толықтырылсын:

«822-17. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Маңғыстау облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 871-5-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 871-6-жолмен толықтырылсын:

«871-6. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Павлодар облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 967-17-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 967-18-жолмен толықтырылсын:

«967-18. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Солтүстік Қазақстан облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 1015-27-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмүндағы реттік нөмірі 1015-28-жолмен толықтырылсын:

«1015-28. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

«Оңтүстік Қазақстан облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 1078-9-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1078-10-жолмен толықтырылсын:

«1078-10. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:



«Алматы облысы» бөлімінде:

реттік нөмірі 38-5-жол алынып тасталсын.

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:



көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» бөлімінде:

реттік нөмірі 237-43-жол алынып тасталсын.

3. «Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 101-құжат):



көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесінде:

реттік нөмірлері 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39-жолдар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46-жолдармен толықтырылсын:

«40. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

41. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

42. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

43. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

44. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

45. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

46. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):



көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Акционерлік қоғамдар» бөлімінде:

реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын.

5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):



көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» бөлімінде:

реттік нөмірі 20-2-жол алынып тасталсын.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет