Әлеуметтік-нарықтық экономиканың және экономикалық саясаттың басты назардағы теориялық және практикалық мәселелерінің бірі халықтың жұмысбастылық мәселесі болып табылады



Дата17.04.2016
өлшемі121.83 Kb.
Әлеуметтік-нарықтық экономиканың және экономикалық саясаттың басты назардағы теориялық және практикалық мәселелерінің бірі халықтың жұмысбастылық мәселесі болып табылады.  Біздің елдегі және де көптеген дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі қалыптасқан жағдайлардың ерекшелігі бұл мәселенің бірден бір ғаламдық әлеуметтік-экономикалық мәселе екендігін және ол солай блып қалатындығын айқын көрсетіп отыр. Көптеген адамдар үшін еңбектегі іс-әрекеті барлық өмірі сабақтасатын бір «өмірдің өзегі» ретінде жүреді. Жұмыспен индивидтің материалдық жағдайы, оның қоғамдағы орны, өзінің еңбектік потенциалын ашу мүмкіндігі және т.б. байланысты болып келеді. Бұл өз кезегінде еңбектегі іс-әрекетінің әлеуметтік-психологиялық аспектісі болып табылады.

Бірақ оның экономикалық аспектісі маңызды екенін ұмытпау керек. Айта кету керек, адам, кәсіби-біліктілік дайындық процесінде қоғамдық қажетті деңгейге жеткен жұмыс күшінің бірлігі ретінде және жиынтық жұмысшы күшінің құрамында әрекет ете отырып өндірістің жеке факторы болып табылады. Алайда, қазіргі экономикалық ғылым адам факторын тек өндірістік ресурс ретінде қарастырған маркстік теориядан алшақтауы қажет. Өйткені адам - өзінің экономикалық мүдделері бар шаруашылық субъектісі болып табылады. Осы мүдделерді жүзеге асыра отырып үй шаруашылығы экономикалық өмірдің барлық көрсеткіштерінің динамикасына әсер етеді.Қазіргі экономикадағы жұмысшы күшінің ұдайы өндірісі экономикалық іс-әрекеттің барлық субъектілерінің мүдделерін біріктіреді – кәсіпкерлерді, мемлекетті және жұмысшы күшінің иегерінің өзін.

Әлеуметтік маңыздылығы жағынан жұмысбастылықты ең жоғары құндылыққа жатқызуға болады. Оның анықтамасы және мәселесі қазіргі кезде экономикалық әдебиеттерде өте маңызды орынды алады. Көп жағдайда оны өндірістік көзқарас тұрғысынан қарастырады. Бұл тұста экономист-ғалым А.Э.Котлярдың жұмысбастылыққа берген түсініктемесі өте орынды болып келеді, яғни «жұмыс орындарын қамтамасыз ету бойынша және шаруашылық іс-әрекетте қатысуына қарай болатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі» деп көрсетеді. Жұмысбастылық процесі, бір мезгілде жұмысшы күші және жұмыс орындары сатылатын және сатылып алынатын еңбек нарығында жүреді (жұмыс беруші жұмыс орындарын ұсынады, ал жұмысшы күшінің иегері өзінің еңбекке қабілеттілігін ұсынады). Яғни жұмысшы күшінің және жұмыс орындарының нарықтары халықтың жұмысбастылық формасында жалдамалы еңбекпен бірігеді. Сонымен «...халықтың жұмысбастылығы дегеніміз адамдардың еңбектік іс-әрекетке тартылу шаралары, олардың еңбектегі қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі, жұмыс орындарымен қамтамасыз етілулері» деп білеміз.

Айта кету керек, жұмысбастылықты анықтаудың екі негізгі белгісі бар. Бір жағынан ол жұмыстың өзінің болуы, екінші жағынан – ол одан түсетін табыс (ақшалай немесе натуралдық түрде). Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде қабылданған ереже бойынша жұмысбастылық түрлерінің жіктемесінің негізіне табыс түрлері енгізілген (ХЕҰ әдіснамасы бойынша, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) -  1919 жылы Версаль бейбітшілік келісім шартына сәйкес Ұлттар лигасында автономды ұйым ретінде құрылған. 1946 жылдан БҰҰ құрылтайшысы болды. Қазіргі күнде құрамына 160 мемлекет кіреді). Мысалы, жалақы немесе төлем ақы алу үшін жұмыс түрін ажыратады, сондай-ақ пайда алу үшін (дивиденд, пайыз, рента және т.б.) іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді. Соңғысы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамту категориясын көрсетеді.

Әкімшілік-әміршілдік экономика тұсында барлық еңбекке қабілетті халықтың жаппай жұмысбасты болуының идеологиясы басым болды. Онда бір жағынан, мемлекетпен кепілденген жұмысқа тұрғызу болды, ал екінші жағынан – қоғамның барлық еңбекке қабілетті мүшелерін әр түрлі жазалау шараларын (әкімшіліктік айып-пұлдар салу және қоғамдық келемеждеу жолымен) қолдана отырып жатып-ішер арамтамақ деп кіна тағумен қорқыта отырып еңбектік іс-әрекетке мәжбүрлеу жүрді. «Жаппай» жұмысбастылықтың болуы жұмыссыздықтың жоқ екендігін паш етуге мүмкіндік берді, оны социалистік қоғамға жат, капитализмнің серігі және әлеуметтік қиянат деп білді. Ал шын мәніне келетін болсақ, жаппай жұмысбастылық принципін жүзеге асыру еңбек ресурстарын ұтымсыз (тиімсіз) пайдалануға, жасырын жұмыссыздықтың (ресми түрде жұмысбасты, бірақ табыс алмайтындар) болуына әкелді. Жалақының теңгерілген жүйесінің болуы, яғни экономикалық қызығушылықтың және де шаруашылықтың барлық деңгейлерінде өндірістік қызметтің тиімді нәтижелері үшін жауапкершіліктің болмауы, жалпы экономикалық қатынастардың жүйесінің өзі толық жұмысбастылыққа жетуді жоққа шығарды және де экономиканы тұтастай тиімсіздікке әкелді.

Нарықтық экономика жағдайында қоғамда әрбір еңбек етем деген адамға мүмкіндіктер кепілдене отырып жұмысбастылықтың түрін және формасын еркін таңдауға болады деген идеология басым екендігін көреміз. Халықтың жұмысбастылығы – экономикалық бетбұрыстар кезеңінде, әсіресе экономикалық жүйенің ауысуы бір мезгілде жүретін елдерде күрделі, әрі айқын емес болып келетін динамикалық процесс. Қазіргі экономикалық жүйеде пайдалы қызмет ретіндегі жұмыспен қамту түсінігіне деген көзқарас ең алдымен Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында берілген: "Жұмыспен қамту - азаматтардың, Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі". Ал «Ресей Федерациясының халқын жұмыспен қамту туралы» Заңда былай деп көрсетілген: «жұмыспен қамту – бұл азаматтардың заңға қайшы келмейтін және де оларға жалақы, еңбек табысын әкелетін, жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты қызметі».

Негізінен жұмыспен қамтылған халыққа жалдамалы жұмыспен айналысушылар, оқушылар, әскери қызметтегілермен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтушы және кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтар да жатқызылады. Бұл жердегі меңзеліп отырған пайдалы қызмет түрі деген жұмысбастылықтың табыс көзі екендігін көрсетеді. Жұмысбастылық түсінігіне экономикалық теориядағы негізгі экономикалық мектептердің өкілдері де көптеген анықтамалар береді, сол себепті де бұл экономикалық категорияның теориялық жағын қарастырып көрелік. Классикалық политэкономияның пайда болуы кәсіпкерлік қызметтің, сауда, ақша айналысы, оның сауда операцияларына тарауымен қатар, өнеркәсіпте және өндіріске түгелдей енуімен тығыз байланысты. Экономикалық теорияның атасы саналатын классикалық мектептің ең көрнекті өкілдері ағылшын экономистері У.Петти, А.Смит және Д.Рикардо. Олардың барлығы да өз дәрежесінде және де жекелей тұрғыда негізгі теориялардың бірі - еңбек құн теориясының негізін қалаушылар болып табылады.

А.Смит «Көрінбейтін қол» теориясының негізін қалаушы. «Көрінбейтін қол» туралы айтқанда А.Смит, шаруашылық іс–әрекетке араласатын әрбір адам өз мүддесін басшылыққа алады және жеке мақсаттарын көздейді деген, яғни оның мәні нарықтық экономика автоматты түрде өзін–өзі реттейді дейді (нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ауытқуы, бәсеке, бағалардың, жалақының, пайданың өзгеруі, және т.б.). Адамдар өзінің бас пайдасын ойлай отырып, қызмет барысында олар қоғамдық өнімнің ұлғаюына, жалпы игіліктердің өсуіне ықпал етеді. Бұл нарық заңдылықтарының «көрінбейтін қолы» арқылы жүзеге асырылады, сонда адам өз пайдасын ойлай отырып қоғам мүддесіне сай қызмет етеді екен. Нарықтық экономикадағы тәртіп бәсеке арқылы орнайды. Еркін бәсеке жағдайында өндірістің реттеушісі баға болады. Ол ресурстардың көлемін, бөлінуін, жұмыс күшінің қозғалысын реттейді.

Классиктер  нарықтағы өзгерістерге тез үйрену – бұл нағыз ілгерілейтін, ұмтылыс жасайтын жағдай деген, өйткені сол жолмен жұмыссыздықты жоюға болады деп есептеген. Классиктер жұмыс күшін еңбекпен теңестіре отырып, оны басқа да өндіріс факторларымен (мысалы, жер мен капитал) қатар қюға болады деп айтқан экономика ғылымында осы классикалық мектеп өкілдері болатын, әйтсе де өндіріс факторларының экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан болсын, айрықша сипаты баса көрсетілмеген. Жұмысбастылық еңбекке қарағанда – қызмет емес, бұл адамдар арасындағы қоғамдық қатынас, ең алдымен жұмыскерді белгілі бір жұмыс орнында нақты бір еңбек кооперациясына енгізумен байланысты экономикалық және құқықтық қатынастар.

Жұмыскер шаруашылық кешенінің қандай да бір жүйесі ішінде жүрген кезінде бұл қатынастар үзілмейді. Сөйтіп, адамды жұмысбасты деп есептеу үшін, оған қандай да бір жұмыс орнымен байланыс орнатуы ғана қажет – өндірістік ұжым мүшесі болу, жеке еңбектік іс–әрекеттің, жеке кәсіпкерліктің тәртібімен жұмыс  істеу және т.б. жағдайлар. Жұмысбастылық мәртебесі, адам дәл сол сәтте еңбек етуде ме, әлде демалуда ма, оған мүлде байланысты емес. Сондықтан «жұмысбастылық» түсінігін «қызмет» деп қарастыруға еш негіз жоқ. Жұмысбастылық қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және де басқа факторлармен қатар ол, қоғамдық ұдайы өндірістің негізі ретінде жүреді – халықтың игілігінің өсуінің көзі. Жұмыспен қамту және еңбек нарығы – ұлттық игілік, таңдап алынған бағыттағы бетбұрыстардың тиімділігі және олардың халық үшін тартымдылығы жөнінде айтуға болатын маңызды әлеуметтік индикаторлар. Сондықтан да мемлекетте бәрін жұмыспен қамту көптеген елдердің мемлекеттік саясатының маңызды аспектісі болып табылады.


Сурет – 1 – Нарықтық экономика жағдайында толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы теориялық көзқарастардың негізгі бағыттары.

ХХ ғасырдың 70-ші жылдары қазіргі неоклассикалық теорияға кері бағыт жүрді. Ол кейнсиандықтарды дискредитациялаумен байланысты болды, дәлірек айтқанда, инфляция мен жұмыссыздық туралы кейнсиандық пікірге орай. Кейнсиандық саясатқа өмірдің өзі басты соққы берді.  70-ші жылдары АҚШ-та және басқа да елдерде стагфляция құбылысы байқалды – елдегі жұмыссыздықтың инфляциямен ұштасуы, яғни жұмыссыздық пен бағалардың бір уақытта өсуі жүрді. Бұл феномен Дж.М.Кейнстің экономикалық теория шегінде түсіндірілуіне жатпады. Осы тұста неоклассикалық теорияның жаңа варианты – монетаризм теориясы өріс алды. Қазіргі неоклассикалық бағыттың басты өкілдерінің бірі М.Фридмен екені мәлім. Бұл бағыттағы  кейбір көзқарастарға тоқталып өтейік. «Жұмыссыздықтың табиғи нормасы» туралы гипотезатолық жұмыспен қамтуды анықтаудың монетарлық жолын білдіреді. Мұнда мынандай сауал қойылады: Еңбекке жарамды халықтың толық жұмыспен қамтылуы мүмкін бе? Тіпті ең жақсы нарықтық конъюнктура кезінде де жұмысшылардың бір бөлігінің біліктілігін қайта көтеру қажеттілігі туындайды, өйткені жекелеген кәсіптер жарамсыз болып қалады, сондай-ақ адамдар әр түрлі себептермен тұрғылықты жерін ауыстырады, және т.б.

Экономистердің бірқатары 4-5 % шегіндегі жұмыссыздықты экономикалық қолайлы деп есептеуге болады және оны әлеуметтік қамту проблема туғызбайды деп есептейді. Әрине бұл орынды, өйткені олар жұмыссыздықтың «табиғи» нормасы деп бұл жерде жұмыспен қамту деңгейіне сай келетін норманы айтып отыр. Бұл деген табиғи жұмыссыздық, жұмыс күшіне деген сұраныспен қатаң анықталған дегенді білдіреді. М.Фридмен, кез-келген уақытта нақты жалақы ставкасының құрылымындағы тепе-теңдікпен сай келетін жұмыссыздықтың қандай да бір деңгейі болады дейді. Бұл кезде жұмыссыздық деңгейіне нақты жалақы ставкасы белгілі бір «формальды» қарқынмен өсу тенденциясында болады, яғни капиталдың жасалуы, техникалық жаңалықтардың енуі және басқа да процесстер өздерінің ұзақ мерзімді траекторияларында қалатын кезге дейін үздіксіз ұсталынып тұратын қарқынмен өседі. Егер  де саясаткер, жұмысбастылықтың табиғи деңгейін сол кездегі шегінен ары қарай асырғысы келетін болса, онда бірінші кезекте бағаның өсуі тұрады. Жұмыссыздықтың «табиғи нормасы» теориясының басты кемшілігі – оның еңбек нарығында да, тауар нарығында да жетілген бәсекені алатыны, ал егер ақшалай жалақының динамикасы инерциялы болса және де бәсеңдеуге көнбесе, онда бұл жағдайда күтілетін баға өсуі мен қазіргі бағаның сәйкес келуі бір ғана емес, әр түрлі жұмыссыздық нормасында орын алмақ (М.Фридмен бойынша ол жұмыссыздықтың деңгейінің «табиғи» белгісі болып келеді), яғни еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болуы міндетті емес.



Неоклассиктер жұмыссыздықтың мәжбүрлік сипатын жоққа шығарады және де кедейлікпен күресу бағдарламасын қабылдамайды. Олардың ойынша жұмыссыздық, көбінде ерікті сипатта болады және де «еркін таңдау» нәтижесінде пайда болады: жұмыстан шығып қалған адамдар кәсібін, тұрғылықты жерін өзгерткілері келмейді, төменгі еңбек ақыға келіспейді. Кейде бұл бағыттың өкілдері төменгі жалақы деңгейін төмендетуді және жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақыны қысқартуды қолдайды, сол арқылы жұмыспен қамтуды ұлғайтуға болады дейді Жұмысбастылықтың жаңа микроэкономикалық теориясы еңбек нарығына жаңа көзқарас береді, оны ішкі біртекті емес және өте динамикалық, қозғалмалы жүйе деп көрсетеді. Динамикалық көзқарас ең алдымен Ч.Холт, Р.Холл, Ч.Перри, М.Фелдстейн зерттеулерімен байланысты. Бұл авторлар жұмыссыздықтан көп жағдайда жанұяның асыраушысы емес әйелдер мен жастар зардап шегетінін көрсетеді. Ғылыми айналымға жаңа көрсеткіш енгізілді – аяқталған жұмыссыздықтың орташа мерзімі, яғни жұмыссыздықтың басталғанынан аяқталғанына дейінгі мерзімі. Бұл мерзім әдетте бір – бір жарым айды құрайды деп белгіленген. Динамикалық көзқарастың жақтастары жұмыссыздық түрлерін жіктеуді талдауда еңбек нарығындағы жұмысшы күшінің ағымын алды. Бұл авторлар, жалпы жұмыссыздықты емес, жұмыс күшінің еңбек нарығындағы әрбір ағымдағы жекелеген категориялар үшін жұмыспен қамтылмаудың ерекше себептері мен көздерін іздеу керек дейді. Жұмыспен қамту проблемасын олар жұмыс орындарының жетіспеуінен емес, көптеген адамдар алған жұмыс орындарында ұзақ бола алмайтынымен түсіндіреді. Экономикаға әсер ету шарасының бірі ретінде бұл экономистер салықтарды азайтуды, жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақы мөлшерін қысқартуды, жалақының заңды түрде бекітілген төменгі деңгейін азайтуды немесе алып тастауды, еңбек нарығындағы ақпарат жүйесін жетілдіруді ұсынады.

Жұмысбастылықтың жаңа макроэкономикалық теориясына теңсіздік моделі мен тазартылмайтын нарықтар парадигмасы кіреді. Бұл тұжырымдар жұмыссыздыққа ұзақ мерзімді тұрақты теңсіздік феномені ретінде қарауға түрткі болады. Онда жұмыссыздық шаруашылықтың жекелеген нарықтарының жалпы дәйексіздігімен түсіндіріледі. Бағалардың қатаңдығы және өзгермейтіндігі – теңсіздік моделінің басты алғы шарты болмақ. Екі нарықта да бағалар қандай деңгейде белгіленгеніне байланысты экономикада мына режимдердің бірінде болады: кейнсиандық жұмыссыздық режимі, басылған инфляция режимі (жалпы сұраныстың артуы), классикалық жұмыссыздық режимі (аталған екі режимнің арасында – еңбек нарығында және тауарлар нарығында сұраныстың артуымен), толық тұтынбау режимі (тауар нарығында сұраныстың жетіспеуі, еңбек нарығында ұсыныстың жетіспеуі), вальрасиандық тепе-теңдік (барлық төрт режимнің бірігу нүктесін білдіреді: бірде бір нарықта артық сұраныс, артық ұсыныс жоқ, келісімдер тепе-теңдік бағамен жүргізіледі). Жұмыспен қамтудың келісім-шарттық теориясы ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында пайда болды. Ол Д.Гордонмен, М.Бейлимен және К.Азариадиспен бірге «өмірге келді». Келісім-шарттық теорияның басты идеясы – еңбек нарығында субъектілердің циклдық іс-әрекетін іргелі аксиомамен сәйкестендіру, яғни бұл субъектілер өздерінің жеке мүдделері үшін әрекет етулері. Бұл теория авторларының айтуы бойынша, қатынастардың келісім-шарттық сипаты еңбек нарығында субъектілерді, олар жазбаша түрде келісім-шарт жасаспаса да байланыстырады. Бұл кезде келісім-шарт «имплициттік» болып шығады, яғни анық емес, заңды түрде рәсімделмеген, ал оның шарттарын екі жақ та бәрібір сақтауға тырысады, өйткені ол өзара пайда түсуіне әкеледі.

Мысалы, фирмалар дағдарыс кезінде жалақыны төмендетпей білікті мамандарды ұстап тұруға тырысады, өйткені жұмысшылар ерікті түрде жұмыстан кете бастаса, олар одан да көп зиян шегеді. Бірақ экономикалық көтерілу болғанда олар жалақыны көтермеуіне болады. Жұмысшылар да тәуекелден қашады: жұмысқа тұрмай қалу ықтималдығы қашан да бар, сондықтан да олар үлкен тұрақты жалақы болуын қалайды. Жұмыспен қамту мәселесіндегі тағы бір бағыт – ол институционалды бағыт. Бұл бағыттың өкілдері саясатты, идеологияны, құқықты және психологияны экономикалық жағдайға және еңбектің әрекет етуінің заңы мен оның қолданылуына қатысты шешуші факторлар ретінде қарастырады. Бұл авторлар макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарайды, еңбек нарығының сипатын олар жекелеген салалардың, кәсіби және демографиялық топтар ерекшеліктерімен түсіндіргілері келеді, тіпті кейбірі мысалы, Адам Шредер, Лейн неоклассиктердің көзқарасын жоққа шығарады – толық жұмысбастылық қоғамның үлкен жетістігі және де ол социалистік экономиканың үлкен бір артықшылығы болатын деп есептейді. Толық жұмысбастылықты институционалистер, әрбір еңбекке құмар адам жұмыс ала алады, оның ішінде толық жұмыс күнінде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар деп есептейді. Адам, социализм кезіндегі «шектен тыс жұмысбастылықтан» немесе «жасырын жұмыссыздықтан» болатын жоғалтуларды батыс елдеріндегімен салыстыра отырып, «шектен тыс жұмысбастылық» - оңды шектерде қалатын болса, ол өзін ақтады деген қорытындыға келеді. Жұмыссыздық, моральдық және психологиялық тұрғыда ауыр соғатын, тіпті экономикалық жағын айтпағанда, қоғамға қымбатқа түседі, толық жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және оны ұстап тұрудан да қымбат болар.



Флексибилизация тұжырымдамасы. Флексибилизация тұжырымдамасы ақпараттандыру және компьютерлендірумен байланысты болған технологиядағы, техникадағы, өндірістегі түбегейлі өзгерістер кезеңінде басқару инновациясы ретінде пайда болған. Бұл тұжырымдамалар, еңбекті ұйымдастырудың көп формалығын, жұмыс уақытының икемді кестелерінің және жалдаудың жаңа жүйелерінің кеңеюін (уақытша орнын ауыстыру, қызметтерді қосымша атқаруды) білдіреді. Икемді жұмысбастылық саясаты көбінде, оның жүйелі түрде қосымша жұмыс күшін тартуға басты назар аударатынымен немесе тұрақты ядро – еңбек ұжымының кәсіби икемділігін дамытуға бағытталатынымен сипатталынады. Бірінші жағдайда жұмыспен қамтудағы экстернализациялау туралы сөз болып отыр (яғни сандық икемділік), екіншісінде, интернализациялау туралы (яғни қызмет атқарудағы икемділік). Негізінде қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында еңбек нарығында мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиясының және айқын нақты жасалынған нормативтік базаның жоқтығынан болып отырған қиыншылықтарға қарамастан, жұмыспен қамтудың нарықтық экономика қажеттіліктеріне жауап беретін қазіргі парадигмаларының қалыптасуы жүруде. Алайда, аталған себептерге орай бұл процесс белгілі мөлшерде стихиялы және де жұмыссыздықтың және қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің өсуі түріндегі маңызды әлеуметтік шығындармен жүруде. Жоғарыда келтірілген жұмыспен қамтудың кейбір тұжырымдамаларының қысқаша шолуы батыс елдерінде жұмысбастылық қатынастарын реттеудің тәжірибесінің жинақталғанын және де ол тәжірибелерді Ресей мен Қазақстан Республикасы тәжірибесінде қолдану мүкіншілігінің бар екендігі туралы көрініс береді. 
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет