Елі үшін елжіреген азамат



Дата24.04.2016
өлшемі35.13 Kb.
Елі үшін елжіреген азамат.

Мына алмағайым заман талайымыздың мінез болмысымзды өзгертті ғой. Кімнің бойына қасиет үстемдік алды, бұрынғы жасырынып жүрген мінезі сыртына шықты, қай мінезі басым түсті, мұны сырласа жүріп бағамдамасаң, сенімді түрде айту қиын. Тура жиырма жыл бойы жан сырымен ой – арманы іркусіз бөліскен Роллан Шәкенұлы мен жылда көз жазып қалдым. Сондықтанда оның дәл қазіргі іс - әрекетінен бейхабармын. Бірақта, “ерді кебенек ішінде таны” деген мәтел бар ғой. Бұл сөз кез – келген азаматқа үлкен сын. Ал мен білген Роллан Сейсенбаев тура сондай, елі үшін жүрегі елжіреп тұратын азамат. Үнемі жат жұрттан ішіне қызымет еткендіктен бе , қайдам, егер де сәл ғана ұлты туралы пікір қозғала қалса болды, жан алып жан берге дайын тұрады. Мұны Ролланмен аздап дәмдес және сапарлас болған азаматтың қай – қайсысы да жоққа шығара алмайды. ӨЗ мүддесін көздемей өмір сүрді ддей алмаймын. Бірақта жатқа өзінің де, елінің де намысын жіберіп көрген жігіт емес. Өз басым Ролланның осы қасиетін өте жоғары бағалаймын.

Екінші бір қасиет; ол тумысынан өнерге, оның ішінде әдебиетке өте ғашық және шын берілген жан. Жастық шақта басын тау мен тасқа ұрмаған жігіттің өзін жігіт деп тану да қиын. Роллан аты шыққан палуан да, атаман да, сал – сері де атанды. Инженер мамандығын алды. Сөйтіп Семейдің серісі үнемі жазу столына қайта оралып отырды. Аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары дәрежесіне отызға жетпей еншілеген Роллан бір – ақ күнде одан бас тартып, жазушылыққа бірегей бет алды. Ол әдебиетті жас жазушы болып емес, бірден Роллан Сейсенбаев болып келді.Мұндай мінез әркімнің қолынан келе бермейді. Оның жазушылық талантын қазір тарзыға салып жатудың өзі артық. Иә, Ролланды мойындамағандар бар, қазір де кезігеді. Кімнің классик болып қаларын бір құдайдың өзі біледі. Бірақ соңғы жиырма жылда Роллан әдебиетке адал қызымет етті. Халықаралық беделге ие болуы тегіннен – тегін емес. Олар да әдебиетті біздің дәрежемізден артық білмесе кем түспеді. Арзанды қымбат бағаламайтынын дәл қазір қай жағынан да түсіндік қой. Ендеше, ол туралы айтылып жүрген желеу сөздерді байсалды пікір дей алмаймын. Қазақ тілінде жаза ма, орыс тілінде жаза ма әркімнің өз еркі. Қолымнан келсе мен тартынбас ем. Бірақ қазақ жазушысы – қазақтың мүддесін қозғауы, қорғауы тиіс. Бұл ретте Ролланға қояр өкпе жоқ – ау деймін.

Роланның бойындағы үшінші қасиеті – көпшілдігі. Қаншама жылдар бойы қатар жүргенде қонақсыз күнін көргенім жоқ. Дүниенің төрт бұрышындағы ұлыс пен ұлттың өкілдерінің дені оның дәмін татқанына еш күмәнім жоқ. Қаншама біреуді – біреуге таныстырып, табыстырып, қолпаштап, қорғаштай жүргені. Соңғы тиынын, соңғы киімін қонағына беретін көпшіл жоматтың нағыз өзі осы Роллан. Сондвқтан да болар, ол жұртпен тез тіл табысады, жатырқап жатпайды. “Идиот!” деп қойып маңына кісі жия береді. Оның бұл қасиетін түсінгендер де бар, пайдаланып, алдап соғып кеткендер де бар. Соған қарап жасыған Ролланды көрмедім, содан кедейленіп қалған Ролланды да көрмедім. Мүмкін,қазір қаражатқа тәуелсіз күн кешіп жүрген шығар. Ол жағын білмеймін. Бірақ сараңдық табиғатында жоқ екені рас. Төртінші қасиеті – жанының нәзіктігінде. Өмірде қиыншылықты көрмеген еркеұлдың жандүниесін таза сақтап қалуы өте қиын іс. Баршылықтың биліктің тізгінін қатар ұстап өскен Роллан осынау бір адмгершілік қасиетті бәрінен жоғары қояды. Шындығын айтайын, Ролланның көрмеген қызығы, бармаған жері, кездеспеген адамы жоқ. Кілең лауызымды төрелердің арасында жүрді. Соның өзінде де есік алдындағы күзетшімен үй сыпырушыға басын имей кеткен кезін көргемін жоқ. Бала көрсе басынан сипайды. Ал оны соншама тәжірибелі өмір сүргеніне қарамастан бір торыста үш рет ашуландырып, үш рет жылатуға болады. Мүмкін, соңғы жылдары есейгендік танытып, өзін өзі қатал ұстайтын шығар. Мен білгендегі Роллан ағамыз сондай әрі өжет, әрі нәзік жігіт болатын.

Бесінші ерекшелігі - өжеттігі мен өтімділігі. Қандай жауың болса да басын жерге игізбей қоймайды. Егер темірді кесу қажет болса, онда Роллан сол темірді ебін тауып тіліп береді. Нағыз алмас қылыш. Оның өткірлігі алкеуде өжеттікте емес, болатты да балқыта білетін жұмсақ әрі майда мінезінде. Мысалы: сонау Лондон шаһарнан “Абай үйін” ашу оңайға соқты дейсіз бе? Республикамыздың үкіметінің төрағасы бітіре алмайтын, қиуын таппайтын қиын жол. Роллан тапты. Дүние жүзінің ақындарына бас щұлғытып, әр қаисысына Абайдың өлеңдерін өз тілінде аударту да әркімнің, мен айтар ем, Ролланнан басқаның қолынан келе бермейді. Ендеше, елуге келген ағамыздың алаш азаматы ретінде құрмет көріге толық қақысы бар.

Мен бұл үш парақ лебізде оның творчествасына тоқталып жатқым келмеді. Көзі қарақты қауымға онсыз да мәлім. Ал, қай мінезі ұнамайды дейсіз бе? Соңғы жылдары ол біраз телесұхбаттар жүргізді. Ашынған мақалалар жазды. Бәрі менің естіген кезде үнемі жүрегім шым ете қалатын бір жағдай, ол үнемі өзінің Ресей азаматы екенін басым көрсететіндігі. Рас, халықаралық дәрежеде Мәскеу мен Алматыдан көрі Лондон мен Пармжде көбірек си көріп, сол арада ұзақ тұратын шығар. Алайда: елінің тәуелсіздік алып, қиын да жауапты күндерді басынан кешіп жатқанда, сол елінен алыс, азаматтығынан қалыс жүргендігін қайталап айта беруін өз басым қабылдамаймын. Мүмкін, әлде бір есеп үшін керек те шығар. Көңілін де қалдырған шығармыз. Дегенменде…



Ал жеке басына, азаматтығына, ұлтжандылығына еш шүбәм жоқ. Дәл осындай іскер өнер адамдары үкімет басында отырса мәдениетіміздің мүсәпір күйге түсуіне тоқтау салмағанымен де, жүрек жалғайтын бір амал табатынына толық сенімдімін.

Тұрсын Жұртбаев
Каталог: repository -> history -> %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Байғали Досымжанов
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ақын әрі әкім досқа жауап
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ШАҒабутдин маржани
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Танант дегеніміз мінез
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай қос қайырым мағауияның БӘйтерегі
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Жұртбаев Т. Жазушы, ғалым қайым (Ғабдұдқайым) Мұқамедханов 75 жаста // Қазақ әдебиеті. 1991. 1 ақпан. 4 бет
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ТҰҢҒыштар тынысы
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Елі үшін елжіреген азамат
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тамырлас тағдырлар
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай нағыздың нығызы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет