Әлихан бөкейхан еңбектеріндегі мал шаруашылығЫ



Дата11.10.2019
өлшемі77.42 Kb.
Қоңырбаев Нұржан Өсерханұлы

ЕНУ 1-курс докторант

8702-477-46-39 nurjan12.kz@mail.ru

Астана қаласы. Ақмешіт көш 17. 804 «Г» блок



ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ (Алтыбай болысы бойынша)

Аннотация: Аталған мақалада ұлт қайраткері Әлихан Бөкейханның Щербина экспедициясы (1897-1903 ж.ж.) кезіндегі Алтыбай болысы қазақтары туралы жазған этнографиялық еңбектері еніп отыр. Онда Алтыбай болысы сол кездегі халықтырының географиялық оналасуы, тұрмыс тіршілігін зерттеу жұмыстарының тарихы сипатталған. Атап айтқанда, болыстардың орналасу тарихы, халықтың қыстаудан жайлауға көшуі, жайлаудан қайта қыстауға көшуі және шыңырау құдықтар туралы айтылады.


Аннотация: В эту статью включены этнографические работы, написанные националистом Алихана Бокейхана о казахах Алтыбайской волости время экспедиции Щербина (1897-1903 г.г.). В нем описывается географическое преобразование племени адай и его история жизни. В частности, речь идет о местонахождении поселений, переселении населения на пастбища, переселении пастбищ с пастбищ и бездны.
Аннотация: This article includes ethnographic works written by nationalist Alikhan Bokeikhan about Kazakhs of Altybai district during Shcherbina expedition (1897-1903 ad). It describes the geographical transformation of the Altybai district tribe and its history of life. In particular, it speaks about the location of the settlements, the relocation of the population to the pastures, the relocation of the pastures from the pastures and the abyss.
Түйін сөздер: қазақ этнографиясы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тұрмыс тіршілік, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, құмды шөл, шыңырау құдықтар, бидай, болыстар, рулар, көш, қыстау, жайлау, өріс, өзендер, күйек, отын, ауылдар т.б.
Әлихан Бөкейхан - қоғам қайраткері, саясаткер, Алаш партиясы мен Алашорда қозғалысының жетекшісі. Сол себепті Әлихан Бөкейханның жазған ғылыми мұрасы, зерттеу еңбектері де әр қырынан жан-жақты зерттелуі тиіс. Әлихан Бөкейхан қазақ халқының тарихына, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне қатысты жариялаған еңбектерінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының өзекті мәселелері маңызды орын алды. Әлихан Бөкейхан 1896-1901 жылдары Ф.А. Щербина бастаған экспедицияның мүшесі ретінде далалық облыстарды статистикалық тұрғыда зерттеуге қатысуы барысындағы тәжірибесі мен соның нәтижесінде жинақталған деректік материалдары қазақ халқының шаруашылық жүйесіне қатысты айтылған ғылыми пікірлері мен қорытындыларына негіз болды.

Қысқта мал ұстау. Әрбір түлік түріне жеке қора болады. Жем шөптерін де әр қайсысына жететіндей етіп жинайды. Жылқы мен қойды тебіндеп жаяды.. Семіз жақсы тоқтылар үлкен ту қойлармен тұра береді. Егер арықтай бастаса жеке ұстайды. Жем шөпті ашық қорада береді. Ал түнде күн суытқанда «бітеу қораға» (төбесі жабық, автор Н.Қ) қамайды. Күн қысқа уақыттарда, күн қызарып шыққаннан малды өріске шығарып, тоғыз сағаттай жайып келеді. Егер күн суық болса, сәл кештеу яғни күннің көзі жылығанда ғана малды жайылымға шығарады. Мал қолда болса шөпті екінші рет сағат түскі бірлерде шашады. Егер малдар тез жеп қойса үшінші рет тағы да шашады. Шөп көп тасталып қойса, аяғымен таптап тасатуы мүмкін. Жем шөп аз болғанда, үйіп немесе бұрышқа жинап береді. Шөптен қалған қалдықты кешке бірақ жинайды. Егер тоқтылар буаз болса, күні түні жеке ұстайды. Шөпті екі үш рет аздап береді, сонда жақсы желінеді. Күніне бір рет суға айдайды. Әдетте малды суға екінші рет шөп шашқан соң жібереді. Суғарылып келген малға тағы да аздап шөп шашып, содан соң ғана «бітеу қораға» қамайды. Тұзды үлкен-үлкен етіп ашық қораға үйіп қояды. Елу-жүз қойға үш төрт пұт тұз кетеді. Көктем шыға малды көктеуге айдайды. Жылы күндері далада малды түн жарымға дейін ұстайды. [1. 245-254]

Ірі қараларды және торпақ, бұзауларды «жабық» немесе «ашық қорада» ұстап шөп береді. Көктемде бұзауларға шөпті аздан яғни күніне екі үш рет береді. Сиырларға қоймен бірдей шөп береді. Бірақ бірінші сиырға, екінші қойға салады. Басқа малдар ашық қорада тұрғанда жас бұзаулар мен құлындарды шөпке қоя береді. [2. 27-52]

Суық күндері малға шөпті бітеу қорада (төбесі жабық, автор Н.Қ) береді. Жылқыларға шөпті күніне үш төрт рет ал түнде күндізгіден де көп береді. Малға жем шөп беру тәртібі төмендегідей, бірінші жылқыға, келесі сиырға, үшінші қойға, ең соңынан түйеге береді.[3. 252-261] Түйеге шөпті жерге шашпайды, керісінше қабырғаға жанастырып, үйіп қояды. Түйе шөпті жерден алып жемейді. Шөпті түйегe төрт рет аздап береді. Ерекшелігі түйе шөпті жылқыға қарағанда, бір бумаға аз жейді.

Саулық қойлар сәуір айының екінші жартысынан бастап, ай соңына дейін туа бастайды. Кедейлердікі ерте, ал байлардікі кеш туады. Кедейлер жас төлдерді күзге жақын анасынан айырып, бөлек жаяды. Жылқының биелері де наурыз, сәуір және май айларында құлындайды. Алғашқы бие сауым май айының бірі мен жиырмасы аралығы. Биені өте тез әрі қысқа уақытта сауып отырады. Тіпті соңғы биені сауып болған соң қайтадан бірінші биені саууға кіріседі. Бие күніне алты сауымға түседі. Қымызды қазан айында піседі. [4. 89-90]



Жүін қырқу. Саулық қой көктемде төрт фунтқа дейін жүн берсе, еркек қой үш төрт фунт жүн береді. Қозылар екіден бір фунт қана жүн бере алады. Жақсы, толық жабағы жүнді семіз саулық қойдан алуға болады. Сонымен қатар еркек қой, ту қой, бойдақ қой жабағыны аздап жарым жартылай ғана береді. Базарда саулық қойдың жабағысы бағалы саналады.

Жүннің және қылдың алынуы.

Түбіт жүн................................................төрттен бір.

Арқа жүні...............................................бір.

Құнандікі................................................бестен бір.

Дөнежін байталдікі...............................төрттен бір.

Қылдан әдетте арқан еседі.



Күзгі қырқын немесе күзеу. Күзгі қырқандағы жүннің көп немесе аздығы малдың тұқымына байланысты болады. Мәселен жүз жиырма қойдан алты пұт жүн алынады. Бір қойдан шамамен екі фунт жүн алынады. Елушақты үлкен қойдан он аршын киіз шығады. [5.136-142]

Түйені күзде қырқады. Бір түйеден он бес немесе одан да көп фунт жүн алынуы мүмкін. Алынған жүннен күпі, шекпен немесе алаша тоқуға болады.



Сиыр майы. Он сиырдан үш пұт алуға болады. Тілмаш Василев жатақтар жеті сиырдан бес пұт май алғанын мысалға келтіреді.

Терісі. Үлкен малдың терісі алпыс жетпіс коп. Орташа малдың терісі қырық елу коп. Шағын малдың терісі отыз бес коп. Ту сиыр мен дөнен өгіздің терісі бес рубль. Үлкен бұқанікі алты рубль. Құнан өгіздің терісі үш рубль. Тайыншанікі бес рубль, қырық коп. Ту биенің терісі екі рубль елу коп. Тай мен құнанның терісі үш рубльге дейін. Жабағының терісі алпыс жетпіс коп. Жабағы жүні бір жарым рубльден екі рубльге дейін барса, түйенің жүні төрт жарым, бес рубльге дейін барады.

Ірі жер иесінің бірі сарт Наурумов өз жұмысын былай жүргізеді. Шөпті Алтыбай болысынан шабады, ал Ертіс пен Маралдының маңынан жылқыға қажетті шөпті таңдап жүріп орады. Сонымен қатар егін егуді де таңдап істейді. Атыздың жалпақтығы үш төрт аршын, тереңдігі екі қарыс. Бір күнде бір десятина жерді жыртуға болады. Жұмысты үш соқамен, он алты он жеті тісімен жүргізеді. Шөп шапқанда да ерекшеліктері бар. Алдыңғы түйеде екі адам отырады. Бір жұмысшы атпен түйенің қасында жүріп отырса, келесі бір жұмысшы түйенің жолын дұрыстап отырады. Орылған жерді екі ре жүріп өтеді. Орылған жерде төрт жұмысшы, екі ат айдаушы (қырғыз), Барлығы алқапқа он екі адам шығады. Жұмыс уақыты алтыдан он екіге дейін немесе екіден сегізге дейін жалпы он екі сағатқа созылады. Бір десятинаға кететін шығын шамамен, үш рубль, бес пұт шабындыққа алпыс копейка, барлығы он рубль. Шөп шабушы жиырмасыншы апрельден май айының соңына дейін отыз рубль еңбек ақысын алады. Бір жұмысшы бір десятинаға елу копейкадан отыз күнге жалданады. Атты айдаушы айына бес рубль ғана алады. Шаруалар жұмыс барысында етпен қамтамасыз етіледі. Күніне үш рет бауырсақпен шай, бидай көже ( бидайды келіге түйіп екі үш сағат қайнатып, сүтпен араластырып тағы да қайнатады) сонымен қатар тары көже де жасайды.

Шөп шабу бастапқыда бір десятинаға төрт рубльден басталып келе келе бес алты рубль, соңына таман сегіз рубльге дейін барады.

Сабаннан бидайды ажырату. Пішеннді жинап үстіне су құяды. Содан кейін үстінен отыз атты жүргізеді. Отыз атты екі қатар мен он бес аттан бөліп ораналастырылады. Ортасында ат айдаушы аттарды бақылап жүрісін туралап отырады. Үйілген пішеннің радиусы бірте бірте қысқарып ортаға қарай жинала береді. Бір күнде отыз ат бес жүз пұт пішен дайындайды. Келесі күні таза бидайды қаптап, жаңбыр тимес үшін үстін жауып тастайды. Қыста бидайды ағаш қамбада сақтайды. Тоқсаныншы жылдары Малды да тоқсан мың пұт пішен шабылған, Орта егін алқаптары алпыс жетпіс пұт береді. [6. 71-76]

Алтыбай болысындағы шөл құдықта сексен алтыншы жылы жақсы пішен орылса, сексен сегізінші жылы бұл жерге мысық құйрық пен қаңбақ (мысық қйрық пен қаңбақ шөптің аты) шығып кетті. Жұмыс істеп отыз бес десятина пішен орып алғандар да болды. Ең жақсы десятинадан қырық пұт, қалғандарынан жиырма, жиырма бес, отыз пұт тіпті онбес пұтқа дейін өнім алды. Сексен тоғызыншы жылы (1889 жылы) жиырма десятина пішен орылды. Яғни бір десятинаға жиырма он бес қырық пұт пішен орылды. Тоқсаныншы жылдары қырық десятинадан жиырма пұт пішен алынды. Тоқсан үшінші жылы тас қораның маңына жарты десятинаға қарбыз егілді. Кіші (аз, автор Н.Қ) жерге пісте егілді. Қарбызды ертерек, шамамен жиырмасыншы сәуірде егеді. Қарбыздар маусымның аяғында жетіледі. Алтыбай болысында көпшіліктің атынан екі ат пен отыз рубль бөлінеді. Бұл старшинаның қажеттіліне жұмсалады. Үлкен басшылар өздерінің жеке көлігін жалдайды. Саудагерлер мен алыпсатарлар қарызды келісіммен береді. Егер кедейлер бір бұзауға қарызға алса келесі жылы тайынша етіп қайтарады. Кедейлер байлардан әртүрлі мал алады, шаруа жылқылар, мүйізді ірі қаралар, қой алады. Қарызын бөліп төлейді немес еңбекпен өтейді. Қағаз жүзіндегі куәлік үлкен ақсақалдың қатысумен жазылады [6. 133-140].

Соңғы уақытта жақсы қыстаулар салынуда. Бұрындары базар жәрмеңкелердің алыстығынан кйімдерді терілердіен тігетін. Қазір барлық киімдер жаңа және сатып алынған. Ілгеріде қырғыздардың (қазақтардың автор Н. Қ) тағамы қымыздан, қатықтан, айраннан, құрттан, ірімшік, май мен еттен тұрса, қазір, шай, көже және нанды да асқа пайдаланып жүр. Нанды бірінші рет алпысыншы жылдары (1860 жылдары) сатып ала бастады. Алғаш Павлодар, Барнауыл өлкесінен қырық елу коп, бір пұтқа бағаланып келді. Салыстырмалы түрде бұрынғы тіршілік нашар, ал қазіргі тіршілік бұрынғыдан жақсы деген пікірге келуге болады.

Әлихан Бөкейханның қазақтың дәстүрлі шаруашылығына қатысты жазған еңбектерінің түпкі мақсаты – патшалық Ресей үкіметінің отарлық мәнге ие қоныс аудару мен қазақ жерін жаппай тартып алу саясатына ғылыми тұрғыда негізделген дәлелдері арқылы қарсы тұру. Қазақ даласының табиғи-климаттық ерекшеліктері мен көшпелі мал шаруашылығының заңдылықтарын есепке алмай жүргізілген аграрлық саясаттың жергілікті халықтың да, қоныс аударушылардың да шаруашылығына зиянын тигізетініне патша чиновниктерінің көзін жеткізу еді.




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бөкейханов Ә. Н. Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. – Астана: Сарыарқа, 2009. 2 том. - 566 б.

2. Бөкейханов Ә. (Полное собрание сочинений)Астана: Сарыарқа, 2009. -564 б.

3. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. -477 б.

4. Бөкейханов Ә. Н. Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. – Астана: Сарыарқа, 2009. 3 том. - 555 б.

5. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. – Алматы. «Қазақ энциклопедиясы», 1995. -477 бет



6. Омарқожаұлы Н., Әлімбеков Б., Мал шаруашылығы. – Астана: Фолиант. 2010. - 424 б.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет