ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰран мен сүннетті салиқалы сәЛӘфтардың ТҮсінуінен бөлек түсінбейді



жүктеу 132.16 Kb.
Дата29.04.2016
өлшемі132.16 Kb.
: files -> book -> kaz -> manhaj -> erezheler
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
erezheler -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а өзгеріп отыратын оқиғаларға деген қарым-қатынас шариғи дәлелдерді түсінудің және Аллаһтың Өз жаратылыстарына қатысты әдеті туралы білімнің үстінде негізделуі қажет екендігіне мығым сенеді»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлерге ұқсап-еліктеуден және олардың жолына ілесуден сақтандырады»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а шариғаттың Үш мақсаты бар екенін растайды, олар: зиянды қайтару, пайданы қамту және көркем мінезді ұстану қажеттігі
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а дінді дүниелік мүдде-мақсаттарға жетудің ҚҰралы етуден сақтандырады
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»
ӘҺЛЮ-С-СУННА УӘЛ-ЖАМА‘А ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТІ САЛИҚАЛЫ СӘЛӘФТАРДЫҢ ТҮСІНУІНЕН БӨЛЕК ТҮСІНБЕЙДІ

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَمَن يُشَاقِقِ الرَّسُولَ مِن بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُ الْهُدَى وَيَتَّبِعْ غَيْرَ سَبِيلِ الْمُؤْمِنِينَ نُوَلِّهِ مَا تَوَلَّى وَنُصْلِهِ جَهَنَّمَ وَسَاءَتْ مَصِيرًا ﴾

«Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүминдердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!» («ән-Ниса» сүресі, 115-аят).

(Ол ) сондай-ақ (былай деп айтты):



﴿ وَالسَّابِقُونَ الأَوَّلُونَ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ وَالأَنصَارِ وَالَّذِينَ اتَّبَعُوهُم بِإِحْسَانٍ ﴾

«Мухажир мен ансарлардан болған алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға қатаң ергендерден Аллаһ разы» («әт-Тәуба» сүресі, 100-аят).

Тағы (былай деп те):



﴿ وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ آمِنُواْ كَمَا آمَنَ النَّاسُ قَالُواْ أَنُؤْمِنُ كَمَا آمَنَ السُّفَهَاء أَلا إِنَّهُمْ هُمُ السُّفَهَاء وَلَكِن لاَّ يَعْلَمُونَ ﴾

«Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!», - делінсе, олар: «Ақымақтар сияқты иман келтірейік пе?», - деп айтады. Байқандар! Шын мәнінде, олардың өздері ақымақ, бірақ өздері осыны білмейді» («әл-Бақара» сүресі, 13-аят).

‘Абдуллаһ ибн Мас‘удтың сөздерінен Пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Ең жақсы адамдар – бұл менің кезімде (өмір сүрген) ұрпақ, ал содан соң олардан кейінгілер» (әл-Бухари, 6429; Муслим, 2533).

Сондай-ақ ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдың сөздерінен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Менің үмметім істейтін нәрселер Исраил ұрпақтары істеген нәрселері сияқты болады. Менің үмметім оларға ізбе-із ілесетіні соншылықты – тіпті олардың араларында өз анасымен ашық жыныстық қатынас жасайтындар болған болса, менің үмметімде де сондайлар пайда болады. Ақиқатында, Исраил ұрпақтары жетпіс екі топқа бөлінді, ал менің үмметім жетпіс үшке бөлінеді. Олардың бір тобынан басқасының барлығы Отта!» (Сонда) сахабалар: «Олар кім, уа, Аллаһтың елшісі?», - деп сұрады. Ол (болса): «Бұл - мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанатындар», - деді (ат-Тирмизи, 2640; Ахмад, 2/332; Абу Дауд, 4596.). Ал (хадистің) басқа бір риуаятында: «Бұл - әл-жама‘а», - деп айтылған (Ахмад, 4/102; Абу Дауд, 4597).

Әл-‘Ирбадтың сөздерінен жеткізілген хадисте сондай-ақ былай деп айтылған: «Менің Сүннетімді және тура жолдағы ізгі халифалардың сүннетін ұстаныңдар. Оған азу тістеріңмен жармасып алыңдар, әрі бидғаттардан (діндегі жаңалықтардан) сақтаныңдар, ақықатында, әрбір бидғат адасушылық болып табылады» (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; әт-Тирмизи, 2678 және басқалар).

Сондай-ақ ‘Аишаның сөздерінен (бірде) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына аятты оқығаны жеткізіледі:

﴿ هُوَ الَّذِيَ أَنزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ آيَاتٌ مُّحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ فَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ ﴾

«Ол (Аллаһ) саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ ұқсас ұғымдағы аяттары да бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі» («Әли Имран» сүресі, 7-аят). Содан кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер сендер өздеріне түсініксіз болған нәрселерге ілесетін адамдарды көрсеңдер, онда осы аят дәл солар жайында екенін біліңдер. Мұндай адамдардан сақ болыңдар!» (әл-Бухари, 4547; Муслим, 2665).

Сондай-ақ ‘Абдуллаһ ибн ‘Умардың былай дегені туралы да баяндалады: «Хауариждер Аллаһтың алдындағы ең жаман адамдар болып табылады! Олар кәпірлер туралы түскен аяттарды алып, оларды мүминдерге қатысты қолданады» (әл-Бухари му‘аләқ түрінде жеткізген. Хафиз ибн Хәжар асарды сенімді деген. Қз.: «Фатх ул-Бәри», 12/286).

Әл-Әуза‘и былай деді: «Сабырлықпен Сүннетті ұстан! Адамдар (яғни сахабалар) тоқтаған жерден сен де тоқта, олар айтқан нәрселерді сен де айт және олар бас тартқан нәрселерден сен де бас тарт. Салиқалы сәләфтарыңның жолымен жүр, өйткені оларға жеткілікті болған нәрселер саған да жеткілікті» (Қз.: «Шарх Усул әл-И‘тиқад», 315).

Сәләфтар (алдыңғы ұрпақтар) ең ұлы парасатқа, ең жақсы түсінікке, ұшқыр ой мен шебер ұғымға ие болатын. Бұл туралы ‘Абдуллаһ ибн Мас‘уд былай деп айтқанындай: «Сендерден кім әлдебіреуге ілесуді қаласа, қайтыс болғандарға ілессін, өйткені тірі (адам) бүліктен қорғалмаған. Олар — Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары, осы үмметтегі жүректері ең ізгі адамдар, олар ең терең білімге ие еді әрі өзгелерге қарағанда өздеріне пайдасыз нәрселерді азырақ жүктейтін. Олар — Аллаһ Тағала оларды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары болуы үшін және дінді орнату үшін таңдап алған адамдар! Олардың қақысын мойындаңдар, олардың жолын ұстаныңдар, өйткені дәл солар тура жолда болатын!» (Қз.: «Жәми‘у байан әл-‘илми уә фадлихи», 3/185).

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі жіберілген ұрпақты, содан соң олардан кейінгі ұрпақты, содан соң олардан кейінгісін ең жақсы ұрпақ деп атаған хадистері өте көп.

Ең ұлы артықшылық – бұл білім мен иман артықшылығы. Ал ғалымдар сахабалардың осы үмметтің ең білімді адамдары болғанына бірауызды келіскен. Олар ешқандай айыпталатын жолдарға және бидғаттарға ілеспеді. Бұл туралы ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз былай деп айтқанындай: «Олар басқалардың барлығына қарағанда заттардың (мәнін) көбірек түсінетін, әрі егер (діндегі) жаңалықтарда қандай да бір игілік болғанда, онда осы игілікке ең лайықты солар болатын еді» (Қз.: «Дару та‘аруд әл-‘ақль уән-нақль», 7/287).

Бұл олардың ерекше сипаты болып табылады. Бізбен салыстырғанда, олар – ең ізгі жүректердің, ең терең білімдердің иелері. Олар басқаларға қарағанда өздеріне керек емес заттарды ең аз жүктейтін. Аллаһ Тағала бізге көмектеспеген (көп) нәрселерде оларды Өз көмегіне жақын етті. (Мысалы,) Аллаһ Тағала оларды кейбір маңызды ерекше нәрселермен: жарқыраған ақыл-парасатпен, шешен тілмен, өте ауқымды біліммен, жеңіл түсінікпен, дұрыс әрі жылдам ұғумен, түсінуге апаратын жолда түрлі кедергілердің болмауымен, ізгі ниетпен, тақуалықпен ардақтап ерекшеледі, араб тілі солардың тілі еді, дұрыс түсінік олардың жүректері мен саналарында болатын. Оларда иснадтарды, жеткізушілердің жағдайын, хадистердің жасырын ауруларын қарап зерттеуге, «жарх уә та‘дил» ғылымымен айналысуға деген қажеттілік жоқ еді. Оларда «усул әл-фиқһ» ғылымының ережелерін және осы ғылым ғалымдарының еңбектерін оқып үйренуге деген қажеттілік жоқ еді. Олар осының барлығынан босатылған еді әре екі-ақ нәрсеге ие болатын: біріншіден, бұл – Аллаһ пен Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан сөздері, ал екіншіден, осы сөздердің мағыналары.

Олар ең бақытты адамдар болатын, өйткені осы екі негізге ие болатын. Олар осы үмметтегі басқа кімге болсын қарағанда осы екі негізге көбірек ие еді. Олар бүкіл зейінін осы екі негізге шоғырландырып, өз күштерін жинақтап отыратын. Ал кейінгі ұрпақтарға келер болсақ, олардың күштері әртүрлі бағыттарға қарай таралады. Олар араб тілін үйренуі керек, ал бұл күшті сарп етеді. Олар фиқһтың негіздері мен ережелерін жаттап алулары керек, бұл да күш (жұмсауды) талап етеді. Олар иснадтар мен (хадис) жеткізушілердің жағдайын оқып білуі керек, бұл да күшті алып қояды. Олар түрлі кітаптардың авторларының және өздерінің шейхтарының сөздерін түсінуі керек, ал олардың арасында келіспеушіліктер бар, бұл да күштің жұмсалуына алып келеді. (Сөйтіп) олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне жетіп, оның ішінде саяхат жасауға ниет еткенде, жүректері басқа жерлердегі жасаған саяхаттарынан шаршаған болады (Қз.: «И‘ләм әл-Мууаки‘ин», 4/148).



Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деді:

─ Бұл ережеде адам Құран мен Сүннетке ілескенінен соң оған сәләфтардың мәнһажына ілесуге деген ынталандыру бар. Басшылығында мухажирлер мен ансарлар тұрған сәләфтардың мәнһажына ілесу қажетті болып табылады. Мухажирлердің басында салиқалы халифалар: Абу Бакр, ‘Умар, ‘Усман мен ‘Али (Аллаһ оларға разы болсын) тұр. Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَالسَّابِقُونَ الأَوَّلُونَ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ وَالأَنصَارِ وَالَّذِينَ اتَّبَعُوهُم بِإِحْسَانٍ رَّضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُواْ عَنْهُ وَأَعَدَّ لَهُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي تَحْتَهَا الأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ذَلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ ﴾

«Мухажир мен ансарлардан болған алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға қатаң ергендерден Аллаһ разы. Олар да Аллаһтан разы. Ол солар үшін астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарын әзірлеп қойды. Олар онда мәңгі қалады. Бұл – ұлы жетістік» («әт-Тәуба» сүресі, 100-аят).

«...және жақсылықта оларға қатаң ергендерден» - яғни (олар) мухажирлер мен ансарлардың мәнһажына ілесті. Не себепті осы мәнһажға ілесу қажет? Өйткені мухажирлер мен ансарлар Құран мен Сүннетке ілесті. Бұл аятта мухажирлер мен ансарлар ақиқатты ұстанғаны туралы Аллаһ Тағаланың куәлігі бар. Ал біз соларға ілесеміз, өйткені бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің Сүннетімді және тура жолдағы ізгі халифалардың сүннетін ұстаныңдар», - деп айтқанындай, олар Құран мен Сүннетке ілесті (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; ат-Тирмизи, 2678 және басқалар).

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) құтылған топ туралы: «Бұл мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанатындар», - деді (әт-Тирмизи, 2640; Ахмад, 2/332; Абу Дауд, 4596). Ол өзінің сахабаларын атап кетті, өйткені олар тура жолда еді. Олар (шариғи) мәтіндерді бізден жақсы түсінетін. Олар Құран мен Сүннетті білуге жақын еді, өйткені бұл білімді Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алған еді. Олар онымен бірге жиһад жасады, аяттардың түсірілгеніне куә болды, түскен аяттардың тәпсірін білді. Міне, дәл сондықтан да олар бізге қарағанда көбірек білушілер. Олар басқаларға қарағанда ақиқатқа және дұрыс пікірге жақындау. Әрине, олардан біреу-міреу қателік жасаған болуы мүмкін, бірақ олар жалпы алғанда (топ ретінде) қателіктен қорғалған болатын. Егер олардың ішінен біреу қателескен болса да, ол бәрібір өзінің ижтиһады үшін сый-сауап алады. Бұл қателік оның абырой-мәртебесін және оның Аллаһ Тағала алдындағы орнын кемітпейді. Ал бұл қателіктерге келер болсақ, онда Аллаһқа шүкір, олар аз болатын. Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ең жақсы адамдар – бұл менің кезімде (өмір сүрген) ұрпақ, ал содан соң олардан кейінгілер», - деп, осы алғашқы ұрпақтарды мақтаған болатын (әл-Бухари, 6429; Муслим, 2533). Ал осы хадистің жеткізушісі: «Ол өзінің кезіндегі өмір сүрген ұрпақтан кейін қанша ұрпақты атағанын: екеуін бе, әлде үшеуін бе - менің нақты есімде жоқ», - деген.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бүліктер, Құран мен Сүннетке қайшы келетін нәрселер пайда болатынын айтып өтті. Осының барлығы туралы хабарлап, ол Құран мен Сүннетке ілесуді бұйырды. Пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген: Ақиқатында, сендердің араларыңдағы ұзақ өмір сүретіндерің көп келіспеушіліктерді көреді, сондықтан да менің Сүннетімді және тура жолдағы ізгі халифалардың сүннетін ұстаныңдар» (Ахмад, 4/126-127; Абу Дауд, 4607; әт-Тирмизи, 2678 және басқалар).

Аллаһ Тағала былай деп айтады:



﴿ فَإِن تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُول ﴾

«Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар» («ән-Ниса» сүресі, 59-аят).

Егер біздің арамызда белгілі бір нәрседе келіспеушілік орын алып жатса, онда Аллаһ Тағала Құран мен Сүннетке ілесуді бұйырды. Әрі Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тіпті Қиямет күніне дейін Құран мен Сүннетке ілесуді және келіспеушілік болған кезде соларға жүгінуді бұйырды. Ол былай деді: «Мен араларыңа сендер олардан кейін ешқашан адаспайтын екі нәрсе қалдырып бара жатырмын! Бұл — Аллаһтың Кітабы мен менің Сүннетім» (Бұл хадисті имам әл-Хаким «әл-Мустадракта», 1/172 келтірген. Сондай-ақ «Силсилә әс-Сахиханы», 1761 қараңыз).

Бұл – Аллаһ Тағаланың осы үмметке көрсеткен мейірімі. Аллаһ Тағаланың Кітабы өзгеріссіз сақталады, әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті де сахих кітаптарда жазылып сақталған. Аллаһ Тағаланың мейірімі - Ол осы үмметті адасушылықтан қорғағаны, тек егер бұл үммет осы нәрселерді ұстанса ғана.

Соңғы кезде мұсылмандарды салиқалы алдыңғы ұрпақтардан бөлгісі келетін жамағаттар пайда болды. Олар сәләфияны, яғни сәләфтардың жолына ілесуді айыптап сөгеді. Олар мұсылман адам заманауи болуы керек деп есептейді, әрі сол себепті де өздерін «заманауи мұсылмандар» деп атап қойыпты. Олар біздерді сәләфтарымыздан бөліп тастағысы келеді. Не үшін? Мұның барлығы адамдар Аллаһ Тағаланың жолынан таюы үшін.

Олардың арасында сырт көзге Құран мен Сүннетке ілесуді өсиет ететіндері, бірақ осы орайда бізді сәләфтардың жолына ілесуден сақтандыратындары бар. Біз қалайша Құран мен Сүннетке басқалардың барлығына қарағанда жақсырақ ілескен сәләфтардың мәнһажын тастап Құран мен Сүннетті ұстай алмақпыз?! Олар Құран мен Сүннетті басқаларға қарағанда жақсырақ түсінетін. Аллаһ Тағала және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл солардың жолымен жүруді өсиет етті. Егер біз олардың жолын тастап қалдырсақ, онда Құран мен Сүннетті қалай түсінбекпіз? Бұл Аллаһ Тағала мен Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойынсұнбаушылық болады. Олардың (яғни салиқалы сәләфтарға ілесуді сөгетіндердің – ауд.) шақыруы адасушылық болып табылады. Олар осы үмметтің соңғы ұрпақтарын салиқалы алдыңғы буындардан бөліп тастағысы келеді. Хадистерде Қиямет Күні жақындағанда ізгі алдыңғы буынды қаралап ұрысатындар, оларды балағаттайтындар пайда болатыны туралы хабарланады. Бұл үмметтің соңы оның басын лағнеттейтін болады1. Қазіргі кезде орын алып жатқан нәрселер осы айтылғанның басы болуы екіталай емес.

Олар дәлелге бір-ақ нәрсені ғана келтіріп: «Сәләфтарға ілесу тақлид болып табылады, ал бізге тек Құран мен Сүннетке ілесу бұйырылған. Тақлид тыйым салынған!», - деп айтады. Бірақ тақлид (ілесу) барлық жағдайда бірдей айыпталатын нәрсе емес. Егер (тақлид) дегенде ақиқатқа және ақиқатқа ілесушілерге ілесу меңзелетін болса, онда мұндай (тақлид) бізге бұйырылған. Аллаһ Тағала Юсуф пайғамбар туралы (оған Аллаһтың сәлемі болсын) былай деп айтады:



﴿ وَاتَّبَعْتُ مِلَّةَ آبَائِي إِبْرَاهِيمَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ ﴾

«Мен аталарым Ибраһимнің, Исхақтың және Яқубтың дініне ілестім» («Йусуф» сүресі, аят 38). Юсуф (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өзінен бұрынғылардың ізімен ілескені туралы хабарлайды, өйткені олар тура жолда еді. Бірақ басқа жағынан Аллаһ Тағала егер ата-бабалар білімге ие болмаған болса, оларға ілесуді айыптайды:

﴿ وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ اتَّبِعُوا مَا أَنزَلَ اللَّهُ قَالُواْ بَلْ نَتَّبِعُ مَا أَلْفَيْنَا عَلَيْهِ آبَاءَنَا أَوَلَوْ كَانَ آبَاؤُهُمْ لاَ يَعْقِلُونَ شَيْئًا وَلاَ يَهْتَدُونَ

«Егер оларға: «Аллаһ түсіргенге ілесіңдер», - делінсе, олар: «Жоқ, біз ата-бабаларымызды соның үстінде көріп үлгерген жолға ілесеміз», - дейді. Ал егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса ше?» («әл-Бақара» сүресі, 170-аят). Аллаһ Тағала оларды еш нәрсе түсінбейтін және тура жолмен жүрмейтіндерге ілескендері үшін сөгеді. Сондықтан да, егер бізге дейін болғандар білімге ие болып, Құран мен Сүннетті түсінген болса, онда оларға ілесу қажет. Аллаһ Тағала былай деп айтады:

﴿ وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا إِلَى مَا أَنزَلَ اللَّهُ وَإِلَى الرَّسُولِ قَالُواْ حَسْبُنَا مَا وَجَدْنَا عَلَيْهِ آبَاءَنَا أَوَلَوْ كَانَ آبَاؤُهُمْ لاَ يَعْلَمُونَ شَيْئًا وَلاَ يَهْتَدُونَ ﴾

«Қашан оларға: «Аллаһ түсіргенге және Пайғамбарға келіңдер», - делінсе, олар: «Аталарымызды тапқан жол өзімізге жетеді», - дейді. Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?» («әл-Мәида» сүресі, 104-аят). Бұл аятта егер адам білімге ие болған болса, онда одан үлгі-өнеге алу керек екеніне нұсқау бар. Білімі жоқ біреуге ілескендерге ғана сөгіс айтылады. Сондықтан да ілесу (тақлид) барлық жағдайда тыйым салынған деп айтуға болмайды, бірақ сондай-ақ ол барлық жағдайда рұқсат етілген деп те айтуға болмайды. Бұл жерде егжей-тегжейлі жауап беру керек. Егер біреу ақиқатты ұстанатын болса, онда біз оған ілесеміз, өйткені Құран мен Сүннетте бізге алдыңғы буынға (сәләфтарға) ілесу бұйырылған. Ал егер әлдебіреу ақиқатқа қайшы келсе, онда біз оған ілеспейміз. (Шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).

Мен Салих ибн Фаузанннан былай деп сұрадым: «Біз сахабалардың түсінуіне жүгінбейінше түсіне алмайтын көптеген түйінді мәселелер бар. Мысалы, біздің кейбір топтармен тағдыр мәселесіндегі келіспеушілігіміз, немесе ауыр күнә жасайтын адамдардың үкімі туралы мәселелер, немесе (Аллаһтың) есімдері мен сипаттары туралы сұрақтар. Өйткені егер осы жол жоғалса, онда әркім Құранды өз қалауы бойынша түсіне береді ғой?»



Шейх Салих ибн Фаузан (Аллаһ оған есендік берсін) былай деп жауап берді:

─ Иә, бұл осылай! Сәләфтардың мәнһажына ілеспей Құран мен Сүннетті дұрыс түсіну мүмкін емес. Соңғы замандарда әлдебір адам пайда болып, өзінің Құран мен Сүннетті тікелей ұстанатынын айтып, осы мәнһаждың күшін жоюы мүмкін емес. Бұл – адасушылық! Бұл – үмметті бөлу! Бұл кейінгі ұрпақты олардың алдыңғы ұрпақтарынан бөліп ажырату. (Шейх әл-Фаузанның сөздерінің соңы).


Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен) кітабы, 4-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.

1 Абу Умаманың хадисі туралы сөз болады. Қз.: «Жәми‘у байан әл-‘илми уа фадлихи», 2/229.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет