«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»



Дата03.05.2016
өлшемі65.04 Kb.
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Елуінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Бірінші қателік: көпшілік құдайшыл болу (уара‘) — бұл харам нәрселерді тастау ғана, әрі бұған парыздарды орындау жатпайды деп ойлайды. Мұндай түсінікке өзін құдайшыл және діндар деп санайтын көптеген адамдар ие. Сіз адамның өтірік айтудан сақтанатынын, хәлал екендігінде күмән бар тіпті бір дирхамнан сақ болатынын, өзіне күнәні қамтитын түрлі қарым-қатынастан сақтанатынын көресіз. Адам дінге бидғаттар енгізетін т.с.с. заңбұзушыларға ауып кетуден сақтанады. Бірақ сонымен бірге адам өзіне жүктелген міндеттерді тастайды. Сөз жеке парыз (фард ул-‘айн) жайында да, ұжымдық парыз (фард ул-кифая) туралы да болуда. Мысалы, адамның мойнында туысқандық қатынастарды ұстану, көршінің қақысын орындау, кедейдің қақысын орындау, жолдастың құқықтарын орындау, жетімнің құқықтарын орындау, жолаушы-мүсәпірдің қақысын беру, мұсылманның қақысын орындау, билеушінің (әмірдің) қақысын беру, ғалымның қақысын орындау, жақсылықты бұйырып жамандықтан қайтару, Аллаһтың жолында ынта-ыждағат таныту т.с.с. міндеттер жүктелген болуы мүмкін. Бұл адамдарға не олардың дүние тіршілігінде, не олардың дінінде пайда тигізетін нәрселер болуы мүмкін. Сондықтан да мұндай «құдайшыл» болу үлкен бидғаттарға әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, хауариждердің, рафидилердің, му`тазилилердің және солар сияқтылардың «құдайшыл» болуы. Олар өздері заңсыздық деп санайтын нәрселерден аулақ болуға тырысатын. Әрі осының барлығы оларды ең үлкен парыздарды тастауына дейін жеткізді. Олар жұма намазын орындауды, парыз намаздарын жамағатпен бірге орындауды, қажылық пен жиһад жасауды тастады, мұсылмандарға ықыласты кеңес беруді қойды, оларға деген мейірімділікті қалдырды. «Құдайшыл» болудың мұндай түрін имамдар, солардың ішінде төрт имам сөгетін, ал олардың үкімі жайлы әһлю-с-Сунна уәл-жәма’аның ақидасы бойынша кітаптарда айтылып кеткен.



Екінші қателік: яғни дұрыс емес сенім (ақида). Егер адам уәжіптерді орындайтын және харамнан тыйылатын болса, ол харам мен хәлал туралы Құран мен Сүннетке негізделген сенімге ие болуы қажет. Бұл сенім әуес-қалаулардың емес, білімнің үстіне құрылуы керек. Өйткені қаншама адамдар әлдебір нәрселерден тек олардан сақтануға әдеттеніп кеткендіктерінен ғана сақтанады. Әлдебір зат іс жүзінде хәлал болса да, ол мұндай адам үшін харам болуы мүмкін. Сондықтан да кейбір адамдар осындай жалған жорамалдардың тұтқынында болады. Ал мұндай жалған жорамалдар «құдайшыл» болудың осындай бұзылған үлгісінің үстіне құрылады. Мұндай адамдар Аллаһ олар туралы: «Олар тек жорамалдарға және көңіл қалауларына ілеседі» («ән-Нәжм» сүресі, 23-аят), - деп айтқан адамдар сияқты.

Осы жерде мысал ретінде киімге немесе денеге нәжіс тию мәселесінде уәс-уәстар сезінетін адамдарды келтіруге болады. Бұл адамдар құдайшыл болу туралы бұзылған түсінікке ие. Олардың «құдайшылдығы» діндарлық пен ақыл-парасаттың кемдігінің қоспасы болып табылады. Тура сол нәрсе «адамдар иемденген мал-мүліктің көбі харам болып табылады» деп санайтын адамдардың «құдайшылдығына» да қатысты. Сондықтан да олар адамдардың мал-мүлкі билеушілер (әмірлер) үшін хәлал етілген, өйткені, олардың ойы бойынша, бұл адамдар оны харам жолмен тапқан деп шешім шығарды. Істің мән-жайы тіпті біреу-міреу адамдардың мал-мүлкін тартып алса да, ол тонаушы болып саналмайтындай, ал ұрының қолы шабылмайтындай болды. Имамдар құдайшыл болудың мұндай түсінігін сөгетін. Мысалы, имам Ахмад құдайшыл болу мәселесінде шектен шығушылық танытандарды қатты сөгетін. ‘Абдуллаһ ибн Мәс‘удтың сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Артық кетушілер опат болсын!» (Муслим, 2670), - деп айтқаны хабарланады.

Бидғатшылардың түсінуіндегі құдайшылдық әдетте дәл осындай болады. Тура осы нәрселер Аллаһ Тағала, олардың ойынша, тыйым салған, алайда іс жүзінде Ол мұның ешқайсысына тыйым салмаған нәрселерден бас тартуды құдайшылдық деп санайтындарға да қатысты. Мысалы, кейбіреулер Аллаһ бахираны, саибаны, уасиләні және хамиді харам етті деп санайды1.

Сондай-ақ бұған «құдайшыл» болудың оған қатысты Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде сөгіс келген түсінігі де жатады. Хадисте кейбір адамдар өздері үшін іс жүзінде хәлал болған нәрселерді харам еткендері туралы баяндалған. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған хәлал етілген нәрселерден бас тартатын адамдарға не болған?! Аллаһпен ант етемін, мен Аллаһ туралы олардан көбірек білемін, әрі Одан оларға қарағанда көбірек қорқамын!», - деп айтқаны хабарланады (әл-Бухари, 6101; Муслим, 2356). Тура осы ораза ұстаған бола тұра өз әйелін сүйген адам туралы айтылатын хадиске де қатысты2. Дәл сондықтан да діндар және құдайшыл болған адам Құран мен Сүннеттің үлкен біліміне, әрі соған қоса дінді түсінуге мұқтаж. Кері жағдайда оның құдайшылдығы бұзылған болады да, пайдаға қарағанда көбірек зиян келтіреді. Мұндай жағдай кәпірлерге, сондай-ақ бидғаттардың жақтаушыларына, нақты айтқанда хауариждерге, рафидилерге және солар сияқтыларға тән.

Үшінші қателік: адам әлдебір нәрсені істейді, әрі осыған қарама-қайшы болған нәрседен бас тартады, алайда бұл (оның бас тартқан нәрсесі істеген нәрсесіне қарағанда) абзалырақ болып табылады. Яғни өзіне осы затты тастауды меңзейтін қандай да бір бұзылған нәрсені қамтитын әлдебір зат бар (делік). Құдайшыл болуды қалайтын (әлдебір) адам осы заттағы зиянға қарағанда анағұрлым көбірек болған пайдалы нәрселерді байқамай, оны тастайды. Мүндай адамның құдайшылдықты бұрыс түсінуінің салдарынан Исламдағы қол жеткізген нәрселеріне қарағанда қолдан жіберіп алған нәрселері анағұрлым көбірек болады.

Бұл сондай-ақ өздерін дүние игіліктерін тәрк етушілікке (зуһдтыққа) телитін кейбір адамдарға да қатысты. Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан заңды етіп бекітілген зуһдтыққа келер болсақ, бұл адамның Ақыретте өзіне пайда бермейтін хәлал нәрселерге ұмтылмауын білдіреді. Яғни зуһдтық — бұл хәлал нәрселердегі Ақыретте пайда бермейтін артығын тастау. Өйткені дүние тіршілігіне, ақша мен билікке ұмтылу адамға қатты зиян тигізетіні күмәнсіз. Ка‘б ибн Маликтен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қой отарына шабуыл жасайтын екі аш қасқырдың оларға тигізетін зияны мал-мүлік пен құрметке ұмтылудың адам дініне тигізетін зиянына қарағанда аздау», - дегені хабарланады (Ахмад, 3/456; әт-Тирмизи, 2376. Хадис сахих).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамның мал-мүлік пен құрметке, билікке ұмтылуын сөгеді. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мал-мүлік пен құрметке ұмтылудың кісі дініне тигізетін зияны екі аш қасқырдың қойларға тигізетін зиянынан үлкен екенін хабарлады. Бұл екі қауіпті нәрсе «Малым, маған еш пайда бермеді. Күш-қуатым жойылып кетті («әл-Хаққа» сүресі, 28-29 аяттар), - деген аятта аталады. Бұл екі нәрсені Аллаһ сондай-ақ «әл-Қасас» сүресінде де атап өтеді. Оның басында Аллаһ Тағала жер бетінде үстем болуды қалаған Перғауын туралы баяндайды. Содан соң Карун мен оның ашкөздігі туралы хабарланады. Кейін сүреде ұлықтыққа (билікке) деген ұмтылыс пен байлыққа деген ұмтылыстың соңы неге алып келетіні жайлы баяндалады. Ал содан соң Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сол Ақырет мекенін Біз жер бетінде тәккапарлануды және бұзақылық таратуды қаламайтындар үшін нәсіп етеміз. Тек тақуалардың ғана соңы игі болмақ» («әл-Қасас» сүресі, 83-аят). Яғни сол Ақырет мекені Перғауын мен Карун сияқтыларға әзірленбеген. Өйткені мал-мүлікті жинау және оны Аллаһ бұйырған жерге жұмсамау, сондай-ақ мал-мүлікті харам жолмен алу да бұзықтық таратуға жатады” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 20/143).

Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 50-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.

1 Аллаһ Тағала олар жайында: «Аллаһ бахираға, саибаға, уасиләға және хамиға қатысты бұйрық еткен жоқ. Бірақ кәпірлер Аллаһқа өтірік жала жапты. Олардың көбі түсінбейді» («әл-Мәида» сүресі, 103-аят), - деп айтқан адамдар меңзелуде. Шейх әс-Са‘ади (Аллаһ оны рахым етсін) бұл аятқа түсіндірме жасап, былай деді: «Бахира деп көпқұдайшыл-мүшриктер қасиетті санайтын ұрғашы түйе (іңген) аталатын. Олар оның құлағын тілетін және оған мінуге және жүк тасуға тыйым салатын. Саиба деп белгілі бір жасқа жеткен соң қасиетті болып саналатын інгендер, сиырлар немесе қойлар аталатын. Мүшриктер оларға мінбейтін, олармен жүк тасымайтын және етін жемейтін. Тура осылай деп көпқұдайшыл-мүшриктердің берген нәзірлерін орындап қараусыз қалдыратын мал-мүлкі аталатын. Хами деп пұтқа табынушылар кейбір белгілі себептерге сәйкес мінуден және жүк тасудан қорғайтын түйе аталатын».

2 Бұл жерде ‘Умар ибн Аби Сәләма (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаған адам әйелін сүйе алады ма?», - деп сұраған хадис айтылып тұр. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Бұл жайында (өзіңнің анаң және менің әйелім) Умм Сәләмадан сұра», - деп жауап берді. Ал ол оған Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыны істейтіні туралы хабарлағанда, ‘Умар ибн Әби Сәләма: «Уа, Аллаһтың елшісі, Аллаһ сіздің бұрынғы да, кейінгі де күнәларыңызды кешіріп қойды ғой», - деді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұған: «Ақиқатында, сендердің іштеріңдегі ең тақуаларың және (Аллаһтан) ең қатты қорқатындарың менмін деп үміттенемін», - деп жауап берді (Муслим, 1108).

: files -> book -> kaz -> manhaj -> erezheler
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
erezheler -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а өзгеріп отыратын оқиғаларға деген қарым-қатынас шариғи дәлелдерді түсінудің және Аллаһтың Өз жаратылыстарына қатысты әдеті туралы білімнің үстінде негізделуі қажет екендігіне мығым сенеді»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰран мен сүннетті салиқалы сәЛӘфтардың ТҮсінуінен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлерге ұқсап-еліктеуден және олардың жолына ілесуден сақтандырады»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а шариғаттың Үш мақсаты бар екенін растайды, олар: зиянды қайтару, пайданы қамту және көркем мінезді ұстану қажеттігі
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а дінді дүниелік мүдде-мақсаттарға жетудің ҚҰралы етуден сақтандырады
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет