ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а дінді дүниелік мүдде-мақсаттарға жетудің ҚҰралы етуден сақтандырады



Дата03.05.2016
өлшемі90.97 Kb.
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
ӘҺЛЮ-С-СУННА УӘЛ-ЖӘМА’А ДІНДІ ДҮНИЕЛІК МҮДДЕ-МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУДІҢ ҚҰРАЛЫ ЕТУДЕН САҚТАНДЫРАДЫ

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ مَّن كَانَ يُرِيدُ الْعَاجِلَةَ عَجَّلْنَا لَهُ فِيهَا مَا نَشَاء لِمَن نُّرِيدُ ثُمَّ جَعَلْنَا لَهُ جَهَنَّمَ يَصْلاهَا مَذْمُومًا مَّدْحُورًا ﴾

«Кім өткінші дүниені қаласа, Біз сол сәтте-ақ қалаған кісімізге қалағанымызды береміз. Сонсоң оны Жәһаннамға саламыз. Ол оған қорланған әрі мәрхаметке зақ болған түрде кіреді» («әл-Исра» сүресі, 18-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ فَخَلَفَ مِن بَعْدِهِمْ خَلْفٌ وَرِثُواْ الْكِتَابَ يَأْخُذُونَ عَرَضَ هَذَا الأَدْنَى وَيَقُولُونَ سَيُغْفَرُ لَنَا وَإِن يَأْتِهِمْ عَرَضٌ مِّثْلُهُ يَأْخُذُوهُ أَلَمْ يُؤْخَذْ عَلَيْهِم مِّيثَاقُ الْكِتَابِ أَن لاَّ يَقُولُواْ عَلَى اللَّهِ إِلاَّ الْحَقَّ وَدَرَسُواْ مَا فِيهِ وَالدَّارُ الآخِرَةُ خَيْرٌ لِّلَّذِينَ يَتَّقُونَ أَفَلاَ تَعْقِلُونَ ﴾

Олардан кейін Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің игіліктеріне жармасатын топ келіп: «Жуықта кешірілеміз», - деді. Егер оларға осындай игіліктер тағы да кездессе, олар қайтадан соларға жармасар еді. Олардан Аллаһ туралы тек шындықты ғана айтуларына Кітапта уәде алынбады ма? Олар ондағы (Кітаптағы) нәрселерді оқып-үйренді. Негізінде, Ақырет мекені тақуалар үшін хайырлырақ. Сонда да түсінбейсіңдер ме? («әл-Әғраф» сүресі, 169-аят).

Сондай-ақ (былай деп те):

﴿ فَإِذَا قَضَيْتُم مَّنَاسِكَكُمْ فَاذْكُرُواْ اللَّهَ كَذِكْرِكُمْ آبَاءَكُمْ أَوْ أَشَدَّ ذِكْرًا فَمِنَ النَّاسِ مَن يَقُولُ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا وَمَا لَهُ فِي الآخِرَةِ مِنْ خَلاقٍ ﴾

Қашан рәсімдеріңді аяқтасаңдар, Аллаһты ата-бабаларыңды зікір еткендей, тіпті одан да артық зікір етіңдер. Адамдардың арасында: «Раббымыз! Бізге осы дүниеде жақсылық бер!», - дейтіндері бар, бірақ оларға Ақыретте несібе жоқ” («әл-Бақара» сүресі, 200-аят).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Динардың құлы, дирхамның құлы және киімнің құлы бақытсыз болсын! Ол өзіне (осы нәрселер) берілген кезде разы болады да, ал берілмесе – наразы болады. Ол бақытсыз болсын әрі аяғымен төбесіне төңкерілсін! Тіпті (денесіне) тікен қадалса да, соны шығара алмасын!» (әл-Бухари, 2887).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Бидғаттың жақтаушысы өз әуестігінің (көңіл қалауының) жақтаушысы болып табылады. Ол дін үшін емес, өзінің көңіл қалауы үшін амал етеді. Егер ақиқат оның көңіл қалауына (әуестігіне) қайшы келсе, ол одан бұрылып кетеді. Мұндай адамды Аллаһ осы әуестігі үшін жазалайды. Ол бұл дүниеде де, Ақыретте де жазаға лайық болды. Сәлафтардың арасында хауариждерді пасықтар деп атағандары да болды, мысалы, бұл Са‘д ибн Аби Уаққастан, ол Аллаһтың «Алайда, Аллаһ ол (мысал) арқылы Аллаһпен келісім-шарт жасасқан соң оны бұзатын, Аллаһ (үзбей) ұстауды бұйырған нәрсені үзетін және жер бетінде бұзықтық тарататын пасықтарды ғана адастырады. Міне, дәл солар зиян шегетін болады» («әл-Бақара» сүресі, 26-27 аяттар) деген сөздері туралы: «Бұл аят хауариждер жайында», - деп айтқаны жеткізіледі. Бұл, әсіресе, өзі және өз айналасындағылары үшін билікті қалайтындарға қатысты. Мысалы, мұсылман адам кәпірлермен ержүректігі, ашу-ызасы, өзгелерге көріну үшін соғысуы мүмкін, бірақ мұндай соғысу Аллаһтың жолындағы соғысу болып саналмайды. Ал, ендеше, өз бидғаттары үшін ғана қастасатын және соғысатын бидғатшылар туралы не айтуға болмақ?! Олар қателескендері үшін емес, Аллаһтың басшылығын тастап, өз әуестіктеріне ілескендері үшін жазаланады” (Қз.: «Минһажу-с-Сунна ән-Нәбауийа», 5/251).

Сондай-ақ шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Өте жиі жағдайда адамның жан-рухына жасырын әуестіктерден болған бір нәрселер араласып, Аллаһқа деген шынайы махаббатты, шынайы құлшылық пен ықыласты бұзады. Бұл туралы Шәддад ибн Аус (есімді сахаба): «Уа, арабтардың қалдықтары, мен сендер үшін ең көп рия мен жасырын әуестіктен қорқамын», - деп айтқан екен (әл-Бәйһақи «әш-Шу‘аб» кітабында, 6559-6560). Бірде Абу Дауд әс-Сиджистаниге: "Жасырын әуестік деген не?», - деген сұрақ қойғанда, ол: «Билікке ұмтылу», - деп жауап берген екен (әл-Хатыб «Тарих әл-Бағдад», 9/58). Сондай-ақ Ка‘б ибн Маликтен де Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Қой отарына шабуыл жасайтын екі аш қасқырдың оларға тигізетін зияны мал-мүлік пен құрметке ұмтылудың адам дініне тигізетін зиянынан аздау» (Ахмад, 3/456; әт-Тирмизи, 2376. Хадис сахих). Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мал-мүлік пен құрметке ұмтылудың кісі дініне тигізетін зияны екі аш қасқыр қойларға тигізетін зияннан үлкен екенін түсіндіріп берді. Ақиқатында, (дерттерден) сәлемет болған дінде мұндай ұмтылыс жоқ. Егер жүрек Аллаһқа құлшылық етудің және Оны сүюдің ләззатын сезінсе, онда ол үшін еш нәрсе осы ләззаттан артық бола алмайды. Сондықтан да Аллаһ Тағала бұл туралы: «Біз одан жамандық пен арсыздықты бұруымыз үшін өстідік. Өйткені ол ықыласты құлдарымыздан еді» («Юсуф» сүресі, 24-аят), - деп айтқанындай, Ол жамандық пен арсыздықтарды ықыласты адамдардан алыстатады” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 10/215).

Сондай-ақ шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Кім жетекші-көсем болуды қаласа, сол Перғауын сияқты болғысы келгені. Ал кім мал-мүлік жинаумен айналысса, сол Қарун сияқты болғысы келгені. Алайда Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында Перғауын мен Қарунның жағдайын түсіндіріп берді. Ол былай деді: Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғылардың соңы қандай болғанын көрмеді ме? Ал олар бұлардан да күштірек әрі жер жүзінде көп деректер қалдырған еді ғой. Бірақ Аллаһ оларды күнәлары себепті қолға алды және ешкім оларды Аллаһтан қорғамады» («әл-Ғафир» сүресі, 21-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Сол Ақырет мекенін Біз жер бетінде тәккапарлануды және бұзақылық таратуды қаламайтындар үшін нәсіп етеміз. Тек тақуалардың ғана соңы игі болмақ» («әл-Қасас» сүресі, 83-аят).



Ақиқатында, адамдар төрт топқа бөлінеді:

Бірінші топ: Бұл – жер бетінде тәккапарлануды және бұзақылық таратуды қалайтындар. Мысалы, Перғауын мен оның айналасындағылар сияқты жер бетінде бұзақылық таратып жатқан патшалар мен көсем-жетекшілер. Олар жаратылыстардың ең нашарлары. Аллаһ Тағала былай деді: «Рас, Перғауын жер бетінде тәккапарсынып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын олардың ұлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қалдырып, әлсіз ететін еді. Өйткені ол жер бетінде бұзақылық таратушылардың біреуі болатын» («әл-Қасас» сүресі, 4-аят).

Абдуллаһ ибн Мас‘удтың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жүрегінде тозаңның салмағындай тәккапарлығы бар адам Жәннатқа кірмейді! Жүрегінде тозаңның салмағындай иманы бар адам Отқа кірмейді!», - дегені жеткізіледі. Сонда бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі, мен әдемі киім мен аяқ киім киюді жақсы көремін. Бұл тәккапарлыққа жатады ма?», - деп сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ – Аса Әдемі, әрі Ол әдемілікті жақсы көреді. Ал тәккапарлық дегеніміз – бұл ақиқатты қабылдамау және адамдарды кемсіту (менсінбеу)", - деп жауап берді (Муслим, 91).



Екінші топ: Бұл – бұзақылық таратқысы келетіндер, бірақ жер бетінде тәккапарлануды қаламайтындар. Мысалы, қарапайым халық ішіндегі ұрылар мен қылмыскерлер.

Үшінші топ: Бұл – жер бетінде тәккапарлануды қалайтындар, бірақ бұзықтық таратқысы келмейтіндер. Мысалы, азды-көпті діндар және адамдардан дін арқылы үстем болғысы келетін адамдар.

Төртінші топ: Бұл – жер бетінде тәккапарсынуды және бұзақылық таратуды қаламайтын Жәннат тұрғындары. Осы орайда олар онсыз да үстем халде. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деген: «Босамаңдар да, қайғырмаңдар. Егер мүмин болсаңдар, әлбетте, үстемсіңдер» («Әли Имран» сүресі, 139-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Сондықтан босамаңдар, келісімге шақырмандар, сендер үстемсіңдер. Аллаһ сендермен бірге. Әсте амалдарыңды зая қылмайды» («Мухаммад» сүресі, 35-аят). Әрі былай деп те: «Негізінде, күш-қуат Аллаһқа, Елшісіне әрі мұсылмандарға тән» («әл-Мунафиқун» сүресі, 8-аят).

Ұлылықты қалағандар қаншама болатын, алайда бұл оларды тек қорлыққа алып келді! Ұлылық пен бұзақылық таратуды қаламағандардың қаншамасы үстем болған еді!” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 28/393).

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ الَّذِيَ آتَيْنَاهُ آيَاتِنَا فَانسَلَخَ مِنْهَا فَأَتْبَعَهُ الشَّيْطَانُ فَكَانَ مِنَ الْغَاوِينَ (175) وَلَوْ شِئْنَا لَرَفَعْنَاهُ بِهَا وَلَكِنَّهُ أَخْلَدَ إِلَى الأَرْضِ وَاتَّبَعَ هَوَاهُ فَمَثَلُهُ كَمَثَلِ الْكَلْبِ إِن تَحْمِلْ عَلَيْهِ يَلْهَثْ أَوْ تَتْرُكْهُ يَلْهَث ﴾

«(Мухаммад,) оларға Біз аяттарымызды сыйлаған, бірақ ол оларды кері лақтырған біреу туралы қиссаны оқып бер. Шайтан оны қуып жетіп, ол адасушы болды. Егер Біз қалағанымызда, әрине, оны осы арқылы үстем ететін едік. Бірақ ол жерге еңкейіп, нәпсісіне ерді. Сонда оның мысалы: қусаң да тілін салақтатын, қойып қойсаң да тілін салақтататын ит тәрізді» («әл-Әғраф» сүресі, 175-176 аяттар).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Осы аятта қандай сөгіс қамтылғанына қарашы!



Біріншіден, бұл адам оған білім берілгеннен кейін адасты деп айтылған. Ол саналы түрде күпірлікті иманнан абзал көрді.

Екіншіден, бұл адам иманды кері лақтырғаны соншалықты күшті еді – ол енді оған ешқашан оралмайды деп айтылған. Өйткені аятта « انسلخ » (әнсәләха) сөзі келген. Мысалы, жылан туралы « انسلخ » (әнсәләха)— яғни «терісін ол тері оған қайта оралмайтын етіп тастады» деп айтылады.

Үшіншіден, шайтан оны өз торына аулап алып, жеңді деп айтылған.

Төртіншіден, ол тура жолда болғаннан кейін адасушыға айналды деп айтылған.

Бесіншіден, Аллаһ Тағала бұл адамды білім арқылы жоғарылатқысы (үстем еткісі) келмеді деп айтылған. Әрі осы бұл адамның опат болуының себебіне айналды. Егер ол білімді болмағанда, бұл, бәлкім, ол үшін жақысырақ болар ма еді, өйткені ол жеңілдеу жаза алған болар еді?!

Алтыншыдан, Аллаһ Тағала бұл адамның мақсат-ниеті арам екенін айтты. Ол өзі үшін жексұрын-жиіркенішті болған нәрсені таңдап алып, жоғары болған нәрсені кері лақтырып тастады.

Жетіншіден, «ол жерге еңкейіп» деп айтылған, яғни ол өзі үшін жексұрын болған күйде күнелтуді таңдап алды. Бұл оның нәпсісісің тек уақытша ұмтылысы ғана емес еді. Жер дегенде бұл жерде дүние тіршілігі меңзеліп тұр.

Сегізіншіден, бұл адам тура жолдан теріс бұрылып, өз әуестіктеріне ілесіп кетті. Ол өз әуестігін өзіне имам етіп алды.

Тоғызыншыдан, Аллаһ бұл адамды итпен, яғни ең жексұрын және ашқарақ-ашкөз жануармен теңеді.

Оныншыдан, Аллаһ Тағала бұл адамды және оның дүниелік нәрселерге деген ұмтылыс-құштарлығын иттің тілін салақтатуымен теңеді. Сен оны қусаң ол тілін салақтатады, егер өз жөнімен қалдырсаң, ол тағы тілін салақтатады. Бұл адам да тура сол (ит) сияқты: егер оны өз жөнімен қалдырсаң, ол дүниелік (нәрселерге) ұмтылып, тілін салақтатады, егер сен оны насихаттай бастасаң және оған тыйым сала бастасаң, ол бәрібір дүниелік нәрселерге ұмтылып, тілін салақтатады.

Ибн Қутайба былай деді: «Иттен басқа кез-келген жануар не шаршауы, не шөлдеуі себепті тілін салақтатады. Ал ит тілін шаршағанда да, қалыпты күйінде де салақтатады. Ол өз тілін шөлдесе де, суға тойып алса да салақтата береді. Дәл сондықтан да Аллаһ Тағала бұл кәпірді итпен теңеді. Егер сен оны насихаттасаң, ол адасушылығында қала береді, ал егер оны өз жайына қалдырсаң да, ол бәрібір адасушылықта. Ол ит сияқты: егер сен оны қусаң, ол тілін салақтатады, ал егер сен оны өз жөніне қалдырсаң, ол тағы да тілін салақтатады. Бірақ бұл әрбір итке қатысты емес екенін айтып кеткен жөн. Бұл тілін салақтататын иттерге қатысты» (Қз.: «әл-Фауаид», 101-бет).
Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 26-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.
Каталог: files -> book -> kaz -> manhaj -> erezheler
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
erezheler -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а өзгеріп отыратын оқиғаларға деген қарым-қатынас шариғи дәлелдерді түсінудің және Аллаһтың Өз жаратылыстарына қатысты әдеті туралы білімнің үстінде негізделуі қажет екендігіне мығым сенеді»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰран мен сүннетті салиқалы сәЛӘфтардың ТҮсінуінен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлерге ұқсап-еліктеуден және олардың жолына ілесуден сақтандырады»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а шариғаттың Үш мақсаты бар екенін растайды, олар: зиянды қайтару, пайданы қамту және көркем мінезді ұстану қажеттігі
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет