«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»



жүктеу 49.67 Kb.
Дата16.04.2016
өлшемі49.67 Kb.
: files -> book -> kaz -> manhaj -> erezheler
erezheler -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а өзгеріп отыратын оқиғаларға деген қарым-қатынас шариғи дәлелдерді түсінудің және Аллаһтың Өз жаратылыстарына қатысты әдеті туралы білімнің үстінде негізделуі қажет екендігіне мығым сенеді»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰран мен сүннетті салиқалы сәЛӘфтардың ТҮсінуінен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлерге ұқсап-еліктеуден және олардың жолына ілесуден сақтандырады»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а шариғаттың Үш мақсаты бар екенін растайды, олар: зиянды қайтару, пайданы қамту және көркем мінезді ұстану қажеттігі
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а дінді дүниелік мүдде-мақсаттарға жетудің ҚҰралы етуден сақтандырады
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Елу үшінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَمِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ مَنْ إِن تَأْمَنْهُ بِقِنطَارٍ يُؤَدِّهِ إِلَيْكَ وَمِنْهُم مَّنْ إِن تَأْمَنْهُ بِدِينَارٍ لاَّ يُؤَدِّهِ إِلَيْكَ إِلاَّ مَا دُمْتَ عَلَيْهِ قَائِمًا ذَلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُواْ لَيْسَ عَلَيْنَا فِي الأُمِّيِّينَ سَبِيلٌ وَيَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ وَهُمْ يَعْلَمُونَ ﴾

«Кітап иелерінің ішінде оған толып жатқан нәрсені аманат етсең де, оны саған қайтарып беретіні бар. Бірақ олардың арасында сен оған бір-ақ динарды аманат етіп тапсырсаң, басында қақшиып тұрмағаныңша оны саған қайтармайтыны да бар. Оның себебі олардың: «Надандар (яһуди еместер) жайында бізге тергеу жоқ», - дегендіктерінен. Олар біле тұра Аллаһ туралы өтірік айтады» («Әли Имран» сүресі, 75-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ لا يَنْهَاكُمُ اللَّهُ عَنِ الَّذِينَ لَمْ يُقَاتِلُوكُمْ فِي الدِّينِ وَلَمْ يُخْرِجُوكُم مِّن دِيَارِكُمْ أَن تَبَرُّوهُمْ وَتُقْسِطُوا إِلَيْهِمْ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُقْسِطِينَ ﴾

«Аллаһ дін үшін сендермен соғыспаған және елдеріңнен қуып шығармағандарға жақсылық және әділдік жасауларыңа тыйым салмайды. Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді» («әл-Мумтахана» сүресі, 8-аят).

Ибн Касир былай деді: “(Аллаһ) Тағаланың «Аллаһ дін үшін сендермен соғыспаған және елдеріңнен қуып шығармағандарға жақсылық және әділдік жасауларыңа тыйым салмайды» деген сөздері Аллаһ Тағаланың сендермен діндерің себепті соғыспаған және өзгелерге де сендерге қарсы соғысуда көмектеспеген кәпірлерге жақсылық істеуге тыйым салмайды дегенге нұсқайды. Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді.



Асма бинт Аби Бакрдің (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Біз бен құрайштықтар арасында келісім-шарт жасалған кезде, маған анам (қыдырып) келді, ал ол мүшрик болатын. Мен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барып: «Уа, Аллаһтың елшісі, менің анам келді, ол менімен туыстық қатынасты (үзбей) ұстағысы келеді. Мен не істейін?», - дедім. Ол: «Анаңмен туыстық қарым-қатынасты (үзбей) ұста», - деп жауап берді” (әл-Бухари, 2620; Муслим, 1003; Ахмад, 6/345).

Амир ибн ‘Абдуллаһ ибн әз-Зубайрдің сөздерінен оның әкесінің былай деп баяндағаны жеткізіледі: “(Бірде) Қутайлә өзінің қызы Асма бинт Аби Бакрге сыйлықтарын алып (қыдырып) келді, әрі осы орайда ол мүшрик еді. Асма оның сыйлықтарын алғысы және оны өз үйіне кіргізгісі келмеді. Кейін ‘Айша бұл туралы Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрады, әрі сол кезде Аллаһ Тағала: «Аллаһ дін үшін сендермен соғыспаған және елдеріңнен қуып шығармағандарға жақсылық және әділдік жасауларыңа тыйым салмайды», - (деген аятты) түсірді” (Ахмад, 4/4). Тура осыны Ибн Жәрир мен Ибн Аби Хатим Мус‘аб ибн Сабиттің тізбегімен жеткізген. Имам Ахмад пен Ибн Жәрирдің риуаятында: «Оның есімі Қутайлә бинт ‘Абд ул-‘Узза ибн ‘Абду Ас‘ад болатын (әрі ол) Мәлик ибн Хисл тайпасынан еді», - деп айтылған. Ал Ибн Аби Хатим бұған: «Бұл құрайштықтар мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арасында келісім-шарт болған кезде орын алған болатын», - деп қосымша жасаған (Ахмад, 4/4; Ибн Жәрир өзінің тәпсірінде, 23/322; Ибн Аби Хатим өзінің тәпсірінде, 12/302).



Аллаһ Тағала: «Расында, Аллаһ турашылдарды жақсы көреді», - деді. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Ақиқатында, турашылдар Аллаһтың алдында екі Қолы да оң болып табылатын Аса Мейірімдінің оң жағында орналасқан нұрдан жасалған мінберлердегі орындарды иеленеді. Турашылдар дегеніміз – бұл өз пікірлерінде әділдікті ұстанатындар және оны өз жанұя мүшелеріне әрі билік жүргізетін адамдарына қатысты танытатындар» (Муслим, 1827).

Аллаһ Тағала былай деді: «Шын мәнінде, Аллаһ сендермен дін үшін соғысқандарды, жұрттарыңнан қуып шығарғандарды және қуылуларыңа көмекші болғандарды дос тұтуларыңа тыйым салады» («әл-Мумтахана» сүресі, 9-аят). Аллаһ Тағала сендерге дұшпандық пиғылда болатындармен, сендерге қарсы соғысатындармен немесе оларға осыда көмектесетіндермен дос болуға тыйым салды. Аллаһ Тағала мұндайлармен дос болуға тыйым салды да, жауласуды бұйырды. Кейін Аллаһ Тағала мұндайларға достық сезімде болатындарға жасаған қорқытуларын растап: «Ал кім оларды көмекші және дос етіп алса, солар залымдар», - деді («әл-Мумтахана» сүресі, 9-аят). Бұл Аллаһтың басқа (мына) сөздері сияқты: «Әй, мүминдер! Яһудилер мен христиандарды көмекші және дос тұтпаңдар, өйткені олар бір-біріне көмектеседі. Сендерден кім оларды көмекші және дос тұтса, сонда, күдіксіз, ол солардан. Расында, Аллаһ залым елді тура жолға салмайды» («әл-Мәида» сүресі, 51-аят).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кәпірлермен жасалған келісім-шартты қиянатшылдықпен бұзу Аллаһ кәпірлерді мұсылмандарға қарсы бағыттайтын себептерге жататынын түсіндірді. Абу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) былай дегені хабарланады: «Егер сендер бір дирхам да, бір динар да (жизия) жинай алмасаңдар не болмақ?» Адамдар: «Мұндай да болу мүмкін бе, уа, Абу Хурайра?», - деп жауап берді. Ол: «Иә, Абу Хурайраның жаны Қолында болған (Аллаһпен) ант етемін! Мен мұны оған сену міндетті болып табылатын шыншылдың сөздерінен айтып тұрмын!», - деді. (Сол кезде) олар: «Ол не айтты?», - деп сұрады. Абу Хурайра былай деді: “Ол: «Егер Аллаһтың қорғау кепілдігі мен Оның Елшісінің қорғау кепілдігі бұзылса, Құдіретті де, Ұлы Аллаһ (мұсылмандардың) қорғауы астындағы (зиммилердің) жүректерін соншалықты мығым етеді – олар қолдарындағысын беруден бас тартады», - деп айтты”» (әл-Бухари, 3180).

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мұсылмандар беретін қауіпсіздік кепілдігі біртұтас, ал кім мұсылманның осыда беделін түсіріп қадірін кетірсе, сол Аллаһтың, періштелердің және барлық адамдардың лағынетіне ұшырайды, әрі одан істеген парыз амалдары да, нәпілдері де қабыл етілмейді» (әл-Бухари, 1870).

‘Абдуллаһ бин ‘Амрдың (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпірді өлтірген адам Жәннаттың хош иісін сезбейді. Ал оның хош иісі одан қырық жылдық жол қашықтығынан сезіледі» (әл-Бухари, 3166).



Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 53-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет