«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлерге ұқсап-еліктеуден және олардың жолына ілесуден сақтандырады»



Дата29.04.2016
өлшемі60.74 Kb.
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Қырық екінші ереже:
«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлерге ұқсап-еліктеуден және олардың жолына ілесуден сақтандырады»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ كَالَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ كَانُواْ أَشَدَّ مِنكُمْ قُوَّةً وَأَكْثَرَ أَمْوَالاً وَأَوْلادًا فَاسْتَمْتَعُواْ بِخَلاقِهِمْ فَاسْتَمْتَعْتُم بِخَلاقِكُمْ كَمَا اسْتَمْتَعَ الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ بِخَلاقِهِمْ وَخُضْتُمْ كَالَّذِي خَاضُواْ أُوْلَئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ فِي الدُّنْيَا وَالآخِرَةِ وَأُولَئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ ﴾

«Олар сендерден бұрынғылар сияқты. Олар сендерден күшті еді, әрі олардың малдары мен балалары да көбірек еді. Олар дүниеде өздеріне берілген несібелерінен масайрады. Бұрынғылар өз несібелерінен масайрағандай, сендер де несібелеріңнен масайрадыңдар. Олар бос сандыраққа сүңгігендей, сендер де бос сандыраққа сүңгідіңдер. Олардың бұл дүниедегі де, Ақыреттегі де амалдары жойылып кетті. Міне, солар зиянға ұшырағандар» («әт-Тәуба» сүресі, 69-аят).

Абу Са‘идтің (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, сендер өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әдеттеріне сүйемнен сүйемге, шынтақтан шынтаққа ілесетін боласыңдар. Әрі тіпті егер олар кесірткенің ұясына кіріп кетсе де, сендер де міндетті түрде солардың ізінен ілесетін боласыңдар!» (Абу Са‘ид, Аллаһ оған разы болсын, былай деді:) «Біз: «Уа, Аллаһтың Елшісі, сіз яһудилер мен христиандарды меңзеп тұрсыз ба?», деп сұрадық, ол болса: «Басқа кімді?!», - деп жауап берді» (әл-Бухари, 3456; Муслим, 2669).

‘Абдуллаһ ибн ‘Аббас (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) жоғарыда келтірілген аятқа қатысты былай деді: «Бүгінгі күн кешегі күнге нендей ұқсас! Бұл – Исраил ұрпақтары, ал біз оларға ұқсаспыз!» ( Ибн Жәрир әт-Табари өз тәпсірінде келтірген, 14/342).

Ал Ибн Мәс‘уд болса (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «Сендер исраилдықтарға ең ұқсайтын үмметсіңдер! Сендер олардың амалдарына қадамнан қадамға ілесесіңдер. Бірақ сендердер бұзауға табынасыңдар ма, әлде жоқ па – мен мұны білмеймін

Хузәйфа ибн әл-Йаман (Аллаһ оған разы болсын) (бірде): «Сендердің араларыңдағы осы күні өмір сүретін екіжүзділер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде өмір сүрген екіжүзділерден жаман», - деді. (Сонда) адамдар: «Қалай сонда?», - деп сұрады. Хузәйфа (болса): «Олар екіжүзділігін жасыратын, ал мыналар ол туралы ашық мәлімдейді», - деп жауап берді (Жә‘фар ибн Мухаммад әл-Фирьяби «Сыфат әл-Мунафиқ», 51).

Сүннетке келер болсақ, онда кәпірлерге дүниелік нәрселерде ұқсап-еліктеу туралы, сондай-ақ мұның айыпталатыны және тыйым салынатыны туралы хабарлар келтіріледі. Тура осы (үкім) дінде ұқсап-еліктеуге де қатысты. Дүние тіршілігіндегі ұқсап-еліктеуге қатысты айтар болсақ, онда аятта келтірілгендей, «...өздеріне берілген несібелерінен масайрады». ‘Амр ибн ‘Ауфтың сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу ‘Убәйда ибн әл-Жәррахты Бахрейнге, ол осы аймақ тұрғындарынан жиналған жизияны алып келуі үшін жібергені туралы хабарланады. Бұл (оқиға) Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Бахрейн тұрғындарымен бейбітшілік келісімін жасасып, олардың билеушісі етіп әл-‘Алә ибн әл-Хадрамиді тағайындағаннан кейін орын алған болатын. Абу ‘Убәйда Бахрейннен ақшаны алып келген кезде, ансарлар оның келгенін естіп, Пайғамбармен бірге (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таң намазына келеді. Намаздан кейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кеткісі келеді, бірақ ансарлар оның жанына келеді. Оларды көріп, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жымиып күлді де: «Сендер Абу Абу ‘Убәйданың Бахрейннен бір нәрселер алып келгенін естідіңдер ғой деймін», - деді. Олар: «Иә, уа, Аллаһтың Елшісі, - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Қуаныңдар және өздеріңді қуантатын нәрсеге үміт етіңдер. Аллаһпен ант етемін, мен сендердің кедейлікте өмір сүретіндеріңнен емес, сендерден бұрынғыларға бұл дүниенің барлық игіліктері берілгендей, олар сендерге де беріліп, олар бір-бірімен бақталасқандай, сендер де сол (игіліктер) үшін бір-біріңмен бақталасатындарыңнан, әрі бұл оларды опат еткендей, сендерді де опат ететінінен қорқамын», - деді (әл-Бухари, 4015; Муслим, 2961).

Ал аятта аталған бос сандыраққа келер болсақ, онда Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Яһудилер 71 (немесе 72) топқа бөлінді. Христиандар да тура солай. Ал менің үмметім 73 ағымға бөлінеді» (әт-Тирмизи, 2640 және басқалар).

Сондай-ақ осы хадистің басқа бір нұсқасында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені туралы хабарланады: «Расында, екі Кітап иелері өздерінің діндерінде 72 топқа бөлінді. Ал бұл үммет 73 топқа бөлінеді. Олардың біреуінен басқасының барлығы Отта! Міне, сол - жәма’а».

Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің үмметімде сондай адамдар пайда болады – оларға әуестіктері адамға құтыру қалай кіретін болса солай кіріп кетеді, ал содан соң іштерінде осы құтыру кірмеген бірде-бір тамыр, бірде-бір буын қалмайды» (Ахмад, 4/102; Абу Дауд, 4597; әл-Хаким, 1/128).

Шейхул-Ислам ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Аятта1: "...сендер де несібелеріңнен масайрадыңдар...", - деп айтылған. Бұл сөздерде тән құмарлықтарына ілесу туралы айтылады. Бұл – күнәһарлардың ауруы! Ал содан соң: «Олар бос сандыраққа сүңгігендей, сендер де бос сандыраққа сүңгідіңдер», - деп айтылды. Бұл сөздерде түрлі күмән-шүбәларға ілесу туралы айтылған. Бұл – бидғатшылардың, өз әуестіктеріне ілесушілердің, қайтпас даукестердің ауруы. Осы екі аурудың екеуі де бір адамның бойынан табылатыны жиі болып тұрады. Кесірлі сенімдерге ие бола, сол сенімдері амалдарынан көрінбейтін адамды өте сирек көруге болады. Әрі аятта бізге дейінгілер осы екі аурудың екеуіне де батқаны туралы айтылады» (Қз.: «И‘ләм әл-Мууақи’ин», 1/137).



Сондай-ақ Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: "Кітап иелері мен басқа да кәпірлерге ұқсап-еліктеуге тыйым салынады, әрі бұл тыйым көптеген жерлерде келген. Өйткені сырттай еліктеу кейін іштей еліктеуге алып келеді. Және егер екі адамның іс-амалдары ұқсас болса, демек олардың жүректері де ұқсас болғаны! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біздің жолымыз кәпірлердің жолына ұқсамайды», - деген (әл-Бәйһақи «әс-Сунан», 2/322). Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім қандай халыққа еліктесе, ол солардан», - деп те айтқан (Ахмад, 2/50; Абу Дауд, 4031)" (Қз.: «Иғасату әл-Ләхфан», 1/364).

Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 42-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.

1 «Олар сендерден бұрынғылар сияқты. Олар сендерден күшті еді, әрі олардың малдары мен балалары да көбірек еді. Олар дүниеде өздеріне берілген несібелерінен масайрады. Бұрынғылар өз несібелерінен масайрағандай, сендер де несібелеріңнен масайрадыңдар. Олар бос сандыраққа сүңгігендей, сендер де бос сандыраққа сүңгідіңдер. Олардың бұл дүниедегі де, Ақыреттегі де амалдары жойылып кетті. Міне, солар зиянға ұшырағандар» («әт-Тәуба» сүресі, 69-аят) деген аят меңзелуде.

Каталог: files -> book -> kaz -> manhaj -> erezheler
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
erezheler -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а өзгеріп отыратын оқиғаларға деген қарым-қатынас шариғи дәлелдерді түсінудің және Аллаһтың Өз жаратылыстарына қатысты әдеті туралы білімнің үстінде негізделуі қажет екендігіне мығым сенеді»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰран мен сүннетті салиқалы сәЛӘфтардың ТҮсінуінен бөлек түсінбейді
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а шариғаттың Үш мақсаты бар екенін растайды, олар: зиянды қайтару, пайданы қамту және көркем мінезді ұстану қажеттігі
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а дінді дүниелік мүдде-мақсаттарға жетудің ҚҰралы етуден сақтандырады
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет