«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»



жүктеу 67.25 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі67.25 Kb.
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Қырық тоғызыншы ереже:



«Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а мәңгілік өмірге деген толыққанды ұмтылыс дүниелік нәрселерге қатысты ұстамды болғанда ғана мүмкін болатынына сенеді»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ مَا كَانَ لِنَبِيٍّ أَن يَكُونَ لَهُ أَسْرَى حَتَّى يُثْخِنَ فِي الأَرْضِ تُرِيدُونَ عَرَضَ الدُّنْيَا وَاللَّهُ يُرِيدُ الآخِرَةَ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ ﴾

«Пайғамбарға ол жер жүзінде жауға өктем болғанға дейін тұтқын алу тиісті емес. Сендер дүниенің пайдасын ойлайсыңдар, бірақ Аллаһ (сендерге) Ақыретті қалайды. Аллаһ – өте Үстем, Дана» («әл-Әнфәл» сүресі, 67-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ فَأَعْرِضْ عَن مَّن تَوَلَّى عَن ذِكْرِنَا وَلَمْ يُرِدْ إِلاَّ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا ﴾

«(Мухаммад,) үгітімізден жалтарып, дүние тіршілігін ғана қалаған кісіден бет бұр» («ән-Нәжм» сүресі, 29-аят).

Шейхул-Ислам Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Зуһдтық1 тек екі дұрыс көзқарастың болғанында ғана дұрыс болады.



Біріншіден, дүние тіршілігіне назар салу. Адам оның тез өтетіндігіне, өткінші екеніне, жуық арада жоқ болатынына қарасын. Оның кемшіліктеріне, оның опасыздығына қарасын. Дүние тіршілігінің күйініштері мен қиындықтарына қарасын. Ал дүниелік өмірдің соңы бәрібір оның жоқ болуы болып табылады.

Екіншіден, Ақырет өміріне назар салу. Ол міндетті түрде келеді, әрі мәңгі жалғасады. Бізді Ақыретте күтіп тұрған игіліктер мен қуаныштардың ұлылығына қарашы. Аллаһ: «Ал Ақырет – жақсырақ және тұрақты» («әл-Әғлә» сүресі, 17-аят), - деп айтқанындай, ол жерде болатын және осы жердегі нәрселердің арасындағы айырмашылықа қарашы. Ақыретте бізді мәңгі және тұрақты игіліктер күтуде! Ал дүниелік өмір – бұл кемеліне жетпеген, жоқ болып жойылып, тозаңға айналатын армандар ғана.

Егер адам осыған екі назармен қараса, онда оның ақылы таңдауға тиістіні таңдап, тастауға тиістіні тастайды. Әрбір адам дәл қазір қолында болған пайданы болашақтан күтетін пайда үшін тастамайтындай етіп жаратылған. Адам мұны ешқашан істемейді, тек егер оған сол алыс нәрсенің оның дәл қазір қолында тұрған нәрседен артық екендігі айқын болмаса ғана. Тек сол кезде ғана оның жақсырақ және жоғарырақ нәрсеге деген ұмтылысы күшейе түседі! Ал егер адам тез өтіп кететін және кемелдікке жетпеген нәрсені таңдаса, демек, ол не Ақыреттің артықшылығын түсінбегені, не жақсырақ болған нәрсеге ұмтылмағаны. Ал бұл не иманның әлсіздігіне, не ақылдың кемдігіне нұсқайды.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Бұл дүние мен үшін не! Ақиқатында, мен ағаштың көлеңкесінің астына дамылдау үшін тоқтаған, ал содан соң сол ағашты қалдырып кеткен салт атты біреумін» (Ахмад, 1/301, 309; әт-Тирмизи, 2377). Сондай-ақ ол былай деді: «Аллаһпен ант етемін, бұл дүние Ақыретпен салыстырғанда не екенін нақты түсіну үшін сендердің кез-келгенің мына саусағын теңізге малып алсын да, сосын одан не алып шыққанына қарасын» (Муслим, 2858).

Аллаһ Тағала былай деді: «Шын мәнінде, дүние тіршілігің мысалы – Біз көктен жаудырған жаңбыр тәрізді. Ол арқылы адамдар мен малдар жейтін өсімдіктер аралас өсіп, жер жүзі құлпырып зейнеттенген, ал оның тұрғындары оны пайдалануға күшіміз жетеді деп ойлаған сәтте, түнде, не күндіз оған Біздің әміріміз келіп түседі. Біз оны, ол кеше ғана тіпті мол болмаған тәрізді, түбінен орылған затқа айналдырамыз. Ойланатын қауымға аяттарымызды осылайша түсіндіреміз. Аллаһ есендік мекеніне (Жәннатқа) шақырады да, қалағандарын тура жолға салады» («Юнус» сүресі, 24-25 аяттар). Аллаһ Тағала бізге бұл дүниенің мардымсыз екенін хабарлады да, бізді оған қатысты ұстамды болуға шақырды!

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «(Мухаммад,) оларға дүние тіршілігінің мысалын келтір. Ол Біз көктен жаудырған жаңбыр сияқты. Жердің өсімдіктері онымен араласып, (құлпырып,) кейін жел ұшырып кететін құрғақ үгіндіге айналады. Расында, Аллаһ барлық нәрсеге Құдіретті. Мал мен балалар – дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи (мәңгі) қалатын игіліктер болса Раббыңның қасында сый-сауабы бойынша жақсырақ, әрі соларға үміт артқан да жақсырақ» («әл-Кәһф» сүресі, 45-46 аяттар). (Ол) тағы да (былай деді): «Біліңдер! Шын мәнінде, дүние тіршілігі – бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. Бұның мысалы – өсірген өсімдігі егіншілерді таңырқатқан жаңбыр сияқты. Бірақ сосын олар қурайды, әрі сен олардың сарғайғанын көресің. Содан кейін олар үгінді болады. Ал Ақыретте қатты азап әрі Аллаһтан жарылқау мен ризалық бар. Негізінде, дүние тіршілігі – бір алданышты нәрсе ғана» («әл-Хадид» сүресі, 20-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Адам баласы үшін әйелдер, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Осы – дүние тіршілігінің өткінші ләззаты. Бірақ қайтар орынның жақсысы Аллаһтың қасында. ухаммад,) оларға: «Сендерге осылардан да жақсы нәрседен хабар берейін бе? Сондай тақуалар үшін Аллаһтың қасында астарынан өзендер ағатын, олар онда мәңгі қалатын бақтар, сондай-ақ тап-таза жұбайлар әрі Аллаһтың ризалығы бар», - де. Аллаһ құлдарын толық көруші» («Әли ‘Имран» сүресі, 14-15 аяттар).

Аллаһ Тағала тағы да былай деді: «Олар дүние тіршілігіне мәз болады. Бірақ дүние тіршілігі Ақыреттің жанында бір өткінші ләззат қана ғой» («әр-Ра‘д» сүресі, 26-аят).

Аллаһ Тағала Оның аят-белгілерін елемей және Оған жолығатындарына үміттенбей, дүние тіршілігімен мәз болатындарды былай деп қорқытады: «Расында, бізге жолығуларын үміт етпегендер мен дүние тіршілігіне мәз болып, сонымен көңілдері жай тапқандардың, сондай-ақ біздің аяттарымызды елемейтіндердің істеген күнәлары себепті орындары От (Тозақ) болады» («Юнус» сүресі, 7-8 аяттар).

Аллаһ Тағала дүние тіршілігімен ғана қанағаттанатын мүминдерді де (былай деп) сөгеді: «Әй, иман келтіргендер! Сендерге не болды? «Аллаһ жолында соғысқа шығыңдар»,- делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар. Ақыреттен көрі дүние тіршілігін қоштадыңдар ма? Негізінде дүние тіршілігінің пайдасы Ақыретке қарағанда тым мардымсыз» («әт-Тәуба» сүресі, 38-аят).

Әрі (адам) зуһдтыққа ұмтылу үшін оған Аллаһ Тағаланың мына сөздерінің өзі жеткілікті болады: «ухаммад,) Біз оларды жылдар бойы қамтамасыз еткеннен соң оларға уәде етілген апат келсе, өздеріне пайдалануға берілген нәрселер оларды қорғай алмайтынын білесің бе?» («әш-Шу‘ара» сүресі, 205-207 аяттар).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Оларды жинайтын күні олар (дүниеде) күндізгі бір-ақ сағат тұрғандай болып, бір-бірін таниды» («Юнус» сүресі, 45-аят).

(Ол) тағы да (былай деді): «Олар өздеріне уәде етілгенді көрген күні дүниеде күндізден бір дем ғана түрғандай болып көрінеді. Бұл бір ұқтыру. Бұзақы ел ғана жоқ етіледі(«әл-Әхқаф» сүресі, 35-аят»).

Әрі былай деді: «(Мухаммад,) олар саған: «Қиямет қашан болады?», - деген сұрақ қояды. Ол жөнінде түсінік беру сенің ісің бе? Тек Раббың ғана ол туралы біледі. Негізінен сен Қияметтен қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың. Олар Қияметті көрген күні дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай болып көрінеді» («ән-Нәзиғат» сүресі, 42-46 аяттар).

(Ол) тағы да (былай деді): «Қиямет-қайым болатын күні күнәһарлар (жер бетінде немесе қабірлерінде) бір сағаттан басқа тұрмадық деп ант ішеді» («әр-Рум» сүресі, 55-аят).

Әрі былай деп те айтты: «Аллаһ оларға: «Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?», - дейді. Олар: «Бір күн немесе одан да аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра», - дейді Ол: «Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар», - дейді» («әл-Муминун» сүресі, 112-114 аяттар).

(Аллаһ) сондай-ақ (былай деді): «Сүр үрілген күні күнәһарларды көздері көгерген түрде жинаймыз. Олар араларында: «Дүниеде он-ақ тәулік тұрдық», - деп сыбырласады. Олардың не айтқандарын жақсы білеміз. Олардың ең туралары: «Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар», - дейді» («Та Ха» сүресі, 102-104 аяттар).

Әрі біз тек Аллаһқа көмек тілеп сиынамыз және Оған ғана тәуекел етеміз!» (Қз.: «әл-Фәуаид», 96-98 беттер).
Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 49-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.

1 Аудармашының ескертпесі: Зуһд – (аскет – рус.) араб тілінен енген сөз. Сәләфтардың «зуһд» сөзіне берген кейбір түсіндірмелері келесідей:

Суфиян әс-Саури былай деген: «Зуһд – бұл жаман тамақ жеу және жүннен (тоқылған) киім кию емес, (бұл -) үлкен үміттердің болмауы». Уаки’ «әз-Зуһд» 1/222.


Уаһб ибн әл-Уард «зуһд» ұғымына қатысты былай деген: «Зуһдтық - қолыңнан тайған дүниелік нәрселерге қайғырмауыңда әрі қолың жеткен дүниелік нәрселерге қуанбауыңда». Абу Ну’айм «әл-Хилия» 8/140.
Абу Идрис әл-Хәуләни былай деген: «(Адам) зуһдтыққа хәлалды харам етумен және мал-мүлікті босқа шашумен келмейді. Ақиқатында, зуһдтық сенің өз қолыңда бар нәрселерге емес, Аллаһтың Қолындағы нәрселерге көбірек сенім артуыңда, ал басыңа қайғы түскенде, жоғалтқаныңды қайтарудан гөрі осы үшін (Ақыретте) сый алуды көбірек қалауыңда». Ахмад «әз-Зуһд» 96.
Имам Ахмад былай деген: «Зуһд – бұл болашаққа деген үлкен үмміттердің болмауы және басқа адамдарға тиісті нәрселерден бас тарту». Қз.: «Жәми’ул-‘улюми уәл-хикам» 297.

: files -> book -> kaz -> manhaj -> erezheler
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлердің барлығы бір деңгейде емес деп есептейді, әрі кәпірлердің барлығына бірдей қатынас жасалады деп есептемейді»
erezheler -> «Сәләфтардың жолына қайшы келетін адамдар екі нәрсеге түседі: не шектен шығушылыққа
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰранды сүннеттен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Бидғатты жақтаушылардың (әһлю-л-бид’а) мұсылмандарға тигізетін зияны кәпірлердің зиянынан да көп болуы мүмкін»
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а өзгеріп отыратын оқиғаларға деген қарым-қатынас шариғи дәлелдерді түсінудің және Аллаһтың Өз жаратылыстарына қатысты әдеті туралы білімнің үстінде негізделуі қажет екендігіне мығым сенеді»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жама‘А ҚҰран мен сүннетті салиқалы сәЛӘфтардың ТҮсінуінен бөлек түсінбейді
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а кәпірлерге ұқсап-еліктеуден және олардың жолына ілесуден сақтандырады»
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а шариғаттың Үш мақсаты бар екенін растайды, олар: зиянды қайтару, пайданы қамту және көркем мінезді ұстану қажеттігі
erezheler -> ӘҺлю-с-сунна уәл-жәМА’а дінді дүниелік мүдде-мақсаттарға жетудің ҚҰралы етуден сақтандырады
erezheler -> «Әһлю-с-Сунна уәл-жәма’а діндарлықты түсіну мәселесіндегі қателік үш түрлі болады деп санайды»




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет