«ем – ДӘмдік тамақтанудың Ғылыми негіздері»


Халықтың негізгі тобының тамақтану сипаттамасы



бет2/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5

Халықтың негізгі тобының тамақтану сипаттамасы

Адам көптеген факторлар әсеріне байланысты – жасына, организмінің физиологиялық жағдайына, еңбектенуіне, климаттық ұшу жағдайына және т.б. байланысты өмір сүру үрдісінде энергия жұмсайды. Барлық адамның организмі бірдей емес, сондықтан жұмыс істеуіне қарап қана тамақтану мөлшерін айтуға болады.

Қазіргі уақытта АМН РФ институтында әр мамандықтың топтарының бір күндік энергия шығаруы, ккал есептегенде:


1 топ

денешынықтырумен еш байлынысы жоқ мамандық



2 топ

механикалық өндіру мамандығы және



3 топ

жеке механикалық өндіру мамандығы



4 топ

механикаландырылмаған өндіру мамандығы және ауыр еңбек


Еркектер

2600 – 2700


2700 – 3000

2900 – 3200

3600 - 3900



Әйелдер
2200 – 2400

2350 – 2550

2600 – 3100

3400 - 3700



Жеке адамның тамақтану рационын пайдалану барлық факторларға жасына, жынысына, өмір тіршілігіне байланысты. Осы факторларға байланысты халықтың кейбір топтарының тамақтану рационы.
Интетеллектуальді еңбектегі адамдардың тамақтануы
Ақыл – ой еңбегімен жұмыс істеу барысында күніне 2500 ккал энергия жұмсалады. Еңбек талабына қарай ғалымдардың, инженерлердің, администратордың, бизнесмендердің және т.б. қозғалыстары жүйке жүйелеріне ауыр әсер етеді.

Бұлшық еттің толық жұмыс жасамауынан, жоғары калориялы тазартылған тағамдар дене салмағының жоғарылауына, дамудың атеросклероттық өзгеруіне әкеледі.

Өмір тіршілігінде аз қозғалу реттелген энергия балансын төмендетеді: тәбеттің ақырын реттелуі энергия шығарудың өзгеруіне әкеледі.

Ақыл – ой еңбегімен жұмыс істейтін адамның тамақтануында липотропты және склеротқа қарсы қасиетке ие болуына компоненттер әсер етеді. Осы липотропты заттарға аминқышқыл мен метионин жатады. Оның негізгі көзі ірімшік метиониннің және аминоқышқылдың негізгі көздері сыр, тауық еті, кейбір балық түрлері (арқан балық, нәлім балық, майшабақ балық және т.б.) пайдалануға болмайды.

Ақыл – ой еңбегімен шұғылданатын адамдар үшін белгілі бір климаты жоқ, бірақ жалпы мінездің өзгеруіне, соның ішінде еңбекке қабілеттіліктің, әсіресе ақыл ой жұмысының төмендеуіне әкеп соқтыратын витамин жетіспеушіліктің жасырын түрін алдын алу маңызды болып табылады. Гипокинезия және витамин жетіспеушіліктің жасырын түрі маңызды роль атқарады және ол склероз бен гипертониялық аурудың дамуына әсер етеді. Сондықтан да халықты сауықтыру шараларының бірі – витаминге бай әртүрлі тағамдарды пайдалану, сондай-ақ қыс, көктем мезгілдерінде поливитаминді препараттарды қосымша пайдалану болып табылады. Адам ой еңбегімен шұғылданғанда бірінше кезекте қышқылдандырушы қалпына келтіргіш реакцияны тұрақтандыратын витаминдер қажет етеді. Мұндай қасиетке барлық витаминдер әсіресе В2, В6, С, Р, РР витаминдері ие. Сонымен қатар, липотропты және ұмытшақтыққа қарсы әсер ететін витаминдерді пайдалану да аса маңызды. Оларға холин, инозит, сондай – ақ Е, Р, В12 және фолий қышқылы жатады.

Ақыл - ой еңбегімен шұңылданғанда тағамда рационалды түрде төрт рет пайдаланған дұрыс ол астың дұрыс қорытылуына және тағамдық заттардың жақсы сіңіуіне әсер етеді. Мұнда тәртіпте тағамды пайдалану уақытының аралығы 4-5 сағаттан аспауы тиіс, сонда ас қорыту аппаратына бірқалыпты күш түседі де, тағам толыққанды ас қорыту сөлдерінің әсерімен толықтай қорытылады. Ас қорыту бездерінің жұмысын қалпына келтіру үшін олар күнделікті 10-11 сағат дем алуы тиіс. Ал асты кем ішу демалыстың секреторлық аппаратын бұзады да, ас қорыту бездерінің жұмысын бұзады. Осыған орай тағамды ұйықтардан 3 сағат бұрын қабылдау керек. Осылайша, ақыл – ой еңбегімен шұғылданғанда және аз қозғалатын жұмыс істегенде тағамды аздап пайдалану керек және тағамдық талшықтарға бай және витаминдерге бай өсімдікті сүт бағытындағы тағамдарды пайдаланған жөн.


Зиянды жағдайларда жұмыс істейтін адамдардың тамақтануы
Зиянды жағдайларда жұмыс істейтін адамдардың ағзасына өндірістің әртүрлі химиялық және физикалық факторлары жағымсыз әсер етеді. Бұл факторлар, өз кезегінде адамның ішкі ортасын қорғайтын және оның тепе- теңдігін қамтамасыз ететін ағзаның метаболикалық жүйесіне зиянын тигізеді. Арнайы тамақтанудың көмегімен ағзаның жалпы иммунитетін жоғарылатуға, зиянды химиялық заттардың ағзаға сіңу (асқазан-ішек жолдары, тері, өкпе арқылы) дәрежесін төмендетуге, ағзадан удың шығуын күшейтуге, бауырдығ антитоксикалық функциясын жоғарлатуғаболады.

Рациондағы ақуыздың мөлшерін ұлғайту фосфорорганикалық қосылыстардың, трихлорэтиленнің метанолдың, формальдегид, акрил қышқылының нитритінің әсерінен қорғайды. Сондай-ақ күкіртті көміртектің, хром типті аллегенттің және никельдің әсерін жою үшін, керісінше тағам құрамынан белоктың мөлшерін азайту керек.

Зиянды жағдайда жұмыс істейтін адам тамағының құрамында май аз мөлшерде болу керек, майлар бауырға артық күш түсіреді. Мұнымен қоса, майлар баяу қорытыла отырып, ас қорыту жолында тағамдық қалдықтардың қалып қоюына және оның зиянды заттарды сіңіруін ұлғайтуға әкеп соғады. Әсіресе тағам құрамындағы аз еритін жануар (қой және сиыр) майларының мөлшерін азайтып, көбінесе өсімдік және сары майды пайдалану қажет, зиянды ортада жұмыс істейтін адамдардың тағамдарының құрамындағы май мөлшерін азайтумен қоса, зиянды заттарды сіңіруді күшейтетін ас тұзының мөлшерін де азайтқан дұрыс.

Көмірсуларды рафинадталмаған күйде пайдалану қажет, яғни табиғи өнімдердің құрамында тағамдық талшықтар (клетчатка, пектин т.б.) көп болғандықтан олар байланыстырғаш қасиетке ие және ағзадағы зиянды заттарды шығарып тастайды.

Зиянды ортада жұмыс істейтін адамдардың тағамының құрамында витаминдер, әсіресе антитоксидантты және тері қабаты мен шырышты қабаттарды қатайтатын әсерге ие витаминдер (С, Е, РР, А, В2, және В6) көп болуы тиіс.

Шу, вибрация әсер еткенде күкірт құрамды амин қышқылдарына (метионин, цистин), С, Е, А витаминдеріне бай тағамдарды пайдаланып, рафинадталмаған (жасанды ) көмірсулардың мөлшерін шектеу керек .

Зиянды ортада жұмыс істейтін жұмысшылардың тағамдарынығ дайындалу технологиясы, өңделуі диеталық тағамға ұқсас болу керек, неғұрлым тұздалған, ащы, қуырылған және ысталған тағамдардың орнына, пісірілген, бұқтырылған тағамдарды пайдаланған жөн.

Балаларды тамақтандыру

Балардың дұрыс дамып жетілуі үшін оларды туғанынан бастап дұрыс рационды тамақтандыру, олардың өмірін сақтауға және денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды әрі тиімді шаралардың бірі болып табылады. Балаларды тамақтандыру - өсіп келе жатқан жас ағзаны толық қамтамасыз ету, қалыпты жетілу, иммунитетін жақсарту, жағымсыз әсерлерге төтеп беру қабілетін арттырады.

Өсу кезеңінде және ағзаның даму барысында зат алмасу қарқындылықпен және кейбір анаболикалық процестерді игерумен сипатталады.

Бала алғашқы туған жылда азот алмасу 10 – 12 жастағы балаға қарағанда 2-3 есе, ересектерге қарағанда 4-10 есе жылдамырақ өтеді. Негізгі алмасудың қатынас мөлшері 1 кг дене массасына 1 ккал өрнектеледі және 2-3 жастағы балаларда 55; 7-6 жаста - 42; 10 – 11 жаста – 33; 12 – 13 жаста - 34; ал ересек адамдарда - 24 ккал.

Балалық шақта және жасөспірім кезде энергия шығыны көп болады. Энергия шығыны 1 кг дене массасына: 1 – 5 жасар балалар үшін – 80 – 100; 13 – 16 жастағы жасөспірімдер үшін – 50 – 65; ал ересектер үшін 45 ккал.

Балалар мен жасөспірімдерде энергия шығыны көп болатындықтан оларды тамақтандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.

Балаларды рационалды тамақтандыру бала ағзасына тағамның жеткілікті мөлшерде түсуін қарастырып қана қоймай, сонымен қатар баланың асқазан- ішек жолдарының және зат алмасу процесінің дәрежесіне сәйкес келетін сапалық құрамын да қарастырады. Осыған байланысты әрбір жас мөлшеріне сәйкес тамақтанудың ерекше формуласы жасалады, ол зат алмаус ерекшеліктерін, физиолгиялық және биохимиялық пісіп-жетілу шегін игеру дәрежесін анықтайды.

Медико-биологиялық аспектілерге сәйкес емшектегі балаларды тамақтандыруда негізгі қоректік заттарды пайдалану нормасы жасалған . Бала алғаш туғанда оның жасын үш кезеңге бөледі: 0 – 3 айлық, 4 – 6 және 7 – 8 ай. Әрбір жас топтарына сәйкес ақуыз, май, көмірсу және энергия мөлшерінің ұсынылатын нормалары № 7 кестеде көрсетілген.

Бала алғаш туғанда ақуыз бен май құрамы тамақтандыру түріне байланысты белгілі бір қатынаста болу керек . Баланы табиғи қоректендіруде 3 айға дейін, 4 айдан 6 айға дейін және 7 айдан 12 айға дейін бұл қатынастар сәйкесінше 1:3; 1:2; 1:1,7; 1:5 құрайды.

Көмірсулар энергияның басты көзі ретінде алғаш туған баланың тамақтану рационындағы калориясының 55 % - тін құрайды.

Балалардың тағамына минералды заттарды енгізу аса маңызды болып табылады, олар сүйек, бұлшық ет ұлпасы мен қан айналым және жүйке жүйесінің дұрыс дамуына аса қажет. Жаңа туған нәрестелерге ұсынылатын минералды заттың қажетті нормасы № 8 кестеде көрсетілген.

Витаминдер мен көптеп қамтамасыз ету өсіп келе жатқан ағзаның реактивті және метоболиттік үрдістеріне жақсы әсер етеді . Емшектегі балалар үшін қажетті витаминдердің ұсынылған нормасы № 9 кестеде көрсетілген.

Бала 1 жастан асқан соң асқазан - ішек жолдарының ас қорыту қабілеті ұлғаяды. 1 – 3 жас аралығындағы балалардың тағамдық заттарға қажеттілігі бұл кезде жоғары болады, дене салмағының өсуі жалғасып, бала белсенді көп қозғалатындықтан энергия шығыны ұлғаяды. Бір күндегі орташа энергия қажеттілігі 6452,6 кДж құрайды. Ақуызға деген қажеттілік 1 кг дене салмағына 4 г. Жануар ақуызының үлесі рациондағы жалпы ақуыз мөлшерінің 60 – 70 % - тінен кем болмауы тиіс. Майдың есебінен ағзаның энергияға деген қажеттілігі 30 % қанағаттандырылады. Майды қолданудың тәуліктік мөлшері – 40-55 г, қанықпаған май қышқылы – 2-4 г кем емес, өсімдік майы – 5-10 г . Бір жастан үш жасқа дейінгі балалар үшін энергияның басты көзі көмірсулар болып табылады. Олардың үлесі энергетикалық құндылығына қарай 45 - 50% рационды сіңімді көмірсулар мен қатар (глюкоза, фруктоза, сахароза), сіңбейтін көмірсулар 5-10 г мөлшерде болу керек. Өсу процесі, бала ағзасының дамуы тез негізгі пластикалық заттар есебінен қамтамасыз етіліп қоймай, сонымен қатар көптеген минералды заттармен қамтылады. Олар: тәулігіне мг есебімен: кальций – 800; фосфор – 800; магний – 150; темір – 10. Көбінесе темір элементі жас ағзаға жеткіліксіз болып жатады. Ол тағам құрамында аз кездеседі. Сондай - ақ балалардың витаминге қажеттілігі олардың анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бала ағзасы белгілі бір витаминді тұрақты түрде қажет етпейді және ол тамақтану рационында белгілі бір дәрежеде анықталады. Ағзаның негізгі витаминдерге тәуліктік қажеттілігі келесідей: А – 450 мкг; Е – 7 мг; Д – 10 мкг; В1 – 1 мкг; В6 – 100 мкг; РР – 10 мг; С – 15 мг.

Бұл жаста рационда ақуыздың , майдың және көмірсудың арақатынасы 1:1:4 - ке жуықтауы керек. Егер бала салмағы өсіп кетсе, май мен көмірсудың үлесін азайту керек (1:0,8:3).

3 жасар балалар күніне 4 рет тамақтану керек. Таңғы ас пен кешкі ас тәуліктік рациондағы калориялықтың 25 %, түскі ас –25-35 % екінді (полдник) ас – 15 % құрайды. Бесінші рет тамақтану кезінде 1 стакан сүт және айран ішуге болады.

Жаңа туған бабалар сияқты, мектеп жасына дейінге балаларды да дұрыс тамақтандыру өте маңызды.

Баланың туған күнінен бастап тамақтануына ұсынылатын белоктар, майлар, көмірсулар және энергиялары.
Кесте 7

Жасы

Тамақтандыру түрі

Белки г на 1кг массы тела ﴾в том числе животные %отвсего белка﴿

Жиры г на 1кг

Массы


тела

Углеводы

г на1кг


массы

тела


Энергетическая ценность на 1кг массы тела в день Кдж

0-3

Табиғи

Жасанды (адап қоспалармен



2, 0 -25 100

6,5

13

503

4-6

Табиғи

3,5 100

6

13

503




Жасанды (неадап.Смесями

4,0(100)

6

13

503

7-12

Жасанды (адап.продукты )

3,5-4,0 (80)

5

13

482

Кесте 8 – Балалардың бірінші жылдарында ұсынылатын витаминдер нормасы минералдық заттар



Бір күндегі минералды заттар , мг

0-29 күн*

1-3мес.

4- ай.

7-12ай

Кальций

240

500

500

600

Фосфор

120

400

400

500

Магний

50

60

60

70

Темір **

1,5

5

7

10

* Табиғи тамақтандыру жағдайында

** 10 % темір енгізілген жағдайда


Баларадың бірінші жылдарында ұсынылатын витаминдер нормасы

Бір күндік витамин

0-3 мес

4-6 мес

7-12 мес

В1, мг

03

04

05

В2,мг

04

05

06

В6,мг

04

05

06

В12,мкг

03

04

05

Вс,мкг

03

04

05

РР, ниацинды экв. мг

5

6

7

С,мг

30

35

40

А, ретинолды экв. мкг

400

400

400

Е, м.е

5

5

6

Д,м.е

400

400

400

Кесте 10 - Балалар мен жасөспірімдердің ақуыз, көмірсу, май энергиясының тәуліктік қабылдау нормасы





Жасы

Энергетикалық құндылығы, ккал

Ақуыздар, г

Майлар, г

Линоленді қышқыл

Көмірсу


лар, г

Бар - лығы

жануардікі

Бар - лығы

жануардікі

1-3

1540

53

37

53

5

4

212

4-6

1970

68

44

68

10

3

272

7-10

2300

79

47

79

16

3

315

11-13 ұлдар

2700

93

56

93

19


3

370


11-13

(қыздар)

2450

85

51

85

17

3

340


14-17

(ұлдар)

2900

100

60

100

20

3

400


14-17 (қыздар)

2600

90

54

18

18

3

360

Кесте 11 - Балалар мен жасөспірімдердің негізгі дәрумендерді қабылдаудың тәуліктік нормасы.

Жасы

В1, мг

В2, мг

В6, мг

В12 , мкг

Вс, мкг

РР, мг

С, мг

А, мкг

Е, ме

Д , ме

1-3

0,8

0,9

0,9

1,0

100

10

45

450

7

400

4-6

1,0

1,3

1,3

1,5

200

12

50

500

10

100

7-10

1,4

1,6

1,6

2,0

200

15

60

700

10

100

11-13

ұлдар

1,6

1,9

1,9

3

200

18

70

1000

12

100


11-13қыздар

1,5

1,7

1,7

3

200

16

60

1000

10

100


14-17 ұлдар

1,7

2,0

2,0

3

200

19

75

1000

15

100


14-17 қыздар

1,6

1,8

1,8

3

200

17

65

1000

12

100



Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар :


        1. Негізгі халық топтарының тамақтану түрлерін атаңыз ?

        2. Негізгі халық топтарының тамақтануының арасында қандай айырмашылық бар ?

        3. Зиянды жағдайда жұмыс істейтін адамдардың тамақтану ерекшелігі?

        4. Балаларды және жасөспірімдерді тамақтандырудағы негізгі қажеттіліктер?


Каталог: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет