«ем – ДӘмдік тамақтанудың Ғылыми негіздері»



бет3/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5

Қолданылған әдебиет :

1. Тихомирова Н.А. Технология продуктов функционального питания. М.: ООО «Франтэра», 2002 , 213 с.

10 – 12 дәріс тақырыбы : Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі .

Жекелеген қысқа мерзімдер болмаса, ауру адамдардың көпшілігі үшін тамақтың толыққұнды болуға тиіс екені күмәнсіз. Аурудың әл дәрменін сақтау үшін оны толыққұнды тамақпен қамтамасыз ету қажеттілігінсонау ертедегі ойшылдардың өздері де атап көрсеткен болатын.

Аурудың толыққұнды тамақтануы дегеніміз не? Ең алдымен аурудың организмінегізгі тамақтық заттардың, бірінші кезекте белоктардың, витаминдердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуге тиіс.

Диеталық тамақтану рационында жекелеген тамақтық заттардың мөлшерін ақылға қонымды дәрежеде шектеуді немесе көбейтуді көздейді. Диеталық тамақтанудың сипатыаурудың ерекшелігіне байланысты екені және тамақтық технологиялық тұрғыдан өңдеудің арнайы тәсілдерін қолдануда, сондай-ақ ауруға қолайлы тамақтанурежимін сақтаудыкөздейтіні өзінен-өзі түсінікті.

Оның үстіне көптеген кісілер, әсіресе егде жасқа жеткендері кейбір созылмалы аурулардан және алмасу процесіндегі әртүрлі ауытқулардан зардап шегеді. Ауру кісінің қосалқы сырқаттары да болуы мүмкін. Сондықтан диеталық тамақтанудыдәрігер кеңесімен ғана қолдану керек, дәрігер сіздің науқасыңыздың ерекшеліктерін, органикалық жай-күйін біледі, дұрыс ақыл кеңес береді, әйтпесе бір ауруға пайдалы нәрсе екінші бір ауруға зиянды болып шығуы мүмкін.

Емдік тамақтанудың маңызы Салерндік денсаулық кодексінде тамаша бейнеленген:

«Бізге Гиппократ өлімнің неден болатынын айтып кетті.

Медицинаның ең жоғарғы заңы – диетаны бұлжытпай сақта.

Емделіп жүріп диетаны ұмытсаң, ем қонбайды.

Қанша, қашан, неге, қайда, неше мәрте және нені қолдану керек.

Осының бәрін диета тағайындаған дәрігер айтуға тиіс»

Иә, бұл өте орынды айтылған. Ауру түріне байланысты көптеген диеталар ұсынылады. Соның ішіндегі бүйрек ауруы, ол қалай пайда болады, ол кезде қалай тамақтану керек, қандай диета қолдану керектігіне тоқталайық.



1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

Бүйректің созылмалы аурулары созылмалы нефрит, екіжақты пиелонефрит, бүйректің амилоидозасы, нефросклероз, басқа да аурулар асқынуынан пайда болады. Бүйректің жұмысы дұрыс жүрмесе организмде белок алмасудағы өнімдер, қанда азот қалдықтары (азотемия) жиналады, су-тұз алмасу және қышқылдық негізгі жағдай (метаболикалық ацидоз) бұзылады. Бүйрек жұмыс істемеуінен уремия – организмнің «өздігінен улануы» пайда болады.



Бүйрек жетіспеушілігі кезінде диетотерапия принцптері:

1) Бүйрек жетіспеушілігінің белгілеріне байланысты белокты күніне 20-70г шектеу;

2) Рационның энергетикалық құндылығын май мен көмірсу есебінен толықтыру;

3) түскен натрий хлориді мен суды гипертензия және бүйрек несеп бөлу функфиясымен реттеп отыру;

4) тамақ рационынан азоты бар заттар, алкоголь, дәмдік қоспаларды (хрен, сірке қышқылы және т.б.) алып тастау.

Бүйрек жетіспеушілігінің бастапқы сатысында № 7 диетаны қолдануға болады, онда 70 г ақуыз, оның 20-30 % мал өнімдерінен немесе 60 г ақуыз, 30-40 мал өнімдерінен болады.

Бүйрек жетіспеушілігі белгіленген сатысында аурудың жағдайына байланысты №7а немесе №7б диетасын қолданады, құрамында 20г немесе 40г ақуыз болады, 70-75 дейін сүт өнімдері, жұмыртқа, балық және ет өнімдері әсерінен түсетін ақуыз. Аурулардың ақуызы аз диета №7а диетаны ұстауы жағдайының жақсаруына байланысты. Емделу шаралары жүргізілсе ауруға № 7 б диетаны ұстауға рұқсат етеді.Кей кезде күніне ақуызды 50-80 г асырмау керек. № 7 а диетасында ауруға 2-4 г натрий хлоридін береді, ол мүмкін азотемияны азайтады, белгілері көрінсе тұзды тоқтатады. 1-1,5 л бос сұйықтықты қолданса орташа мөлшерде ол зәр мөлшерімен сәйкес келу керек.

Метоболикалық ацидоз және азотемия пайда болуын төмендететін көмірсу күні қажет, ол үшін күріш-компотты, алма-қантты, картопты диеталар ұсынылады.

Созылмалы нефритте арнайы картопты диета қолданылады, ол 1 кг картоп (нетто массасы), 300 г басқа көкеністер мен жемістер, 50г өсімдік майы, 70 г сары май, 50 г қанттан тұрады.

Диеталарға ақуызсыз және тұзсыз нан, крахмалдан саго, белоксыз макарон өнімдері, жеміс-жидекті тағамдар (пюре, желе, муссы) қолданады. Тұзсыз тағамдар дәмін жақсарту үшін аскөк, тағамдық қышқылдар, қышқыл жемістер, жеміс шырындары қолданылады.

Бүйрек жетіспеушілігінің соңғы (терминальды) сатысында бірден төмендеуден диетадағы натрий хлоридін 2-3 г төмендетеді, бос сұйықтықты 700-800 мл төмендетеді, ал белокты 20-25 г азайтады.

Қазіргі уақытта бүйрек ауруының соңғы сатысында «жасанды бүйрек» аппаратымен гемодиализ-қанды азотты және басқа да заттардан тазарту жүргізіледі. № 7 г диетада, 60 г белок (70 % жануар белогы), 100-110 г май, 450 г көмірсу; 11,7 МДж (2800 ккал) болу керек. Тағамда натрий хлорид болмау керек, нан тұзсыз болады. Гемодиализ кезінде қанда калий мөлшері көбеюі мүмкін, сондықтан диетада 2-3 г болу керек, гиперкалий пайда болса рационнан калийге бай өнімдер шектетіледі.


2. Асқынған және созылмалы нефритте тамақтану.

Гломерулонефрит – бұл инфекциялық-аллергиялық ауру асқынған түрде жүреді. Бүйректің бөлу функциясы жұмысы бұзылса организмдегі алмасу процесіндегі өнімдер бөліну төмендейді. Диетаны таңдау және оның ұзақтығы бүйрек функциясының бұзылуына, ауру деңгейіне байланысты.

Асқынған нефрит. Диетотерапия негізгі принцпі натрий хлориді, белок, ет және балық эфир майы, көкеністің экстрактивті заттарын бірден шектеу. Диетадағы сұйық мөлшері бөлінген несеп мөлшерінен 0,3-0,4 л артық болу керек. Ауыр асқынған нефритте несеп бөліну тоқтатылса, 1-2 күнге тағамды және сұйықтықты тоқтатады; аштықпен және шөлмен емдеу. 2-3 күн қантты күндер белгіленеді: 150 г қант және 4-5 рет лимон қосылған 1,5-2 стакан шай. Ауырлығы орташа нефритте қантты күндер аурудың бірінші күнінде қолданады. Басқа да көмірсулы диеталарды қолдануға болады:картопты, қауынды, компотты, жүзім және т.б. Қауын, жүзім, компотты күндері ауруға сұйық бермейді. Одан кейін ауруды № 7 а диетаға көшіреді, ал жағдайы жақсарса № 7 б диетасы ұсынылады, жағдай одан да жақсарса № 7 а диетасы немесе жеңілдетілген күндер. Одан соң ауруды № 7 б диетадан № 7 диетаға ауыстырылады, 2-3 күн № 7 б диетаны қолданады. Жеңіл асқынған нефритке бірінші күннен бастап ауруға № 7 а немесе № 7 б ұсынылады. № 7 диетаның барлық тобында тағам тұзсыз жасалады, тұзсыз және белоксыз нан, рационды витаминдермен байытады. № 7 а, 7 б және 7 диеталарында белок шектелген, энергетикалық құндылық төмендетілген. Асқынған нефритте осы аурудың аллергиялық факторын есепке ала отырып, қант пен қанты бар заттарды шектейді.

3. Нефрит синдромы кезіндегі тамақтану.

Нефрит синдромы хроникалық инфекция (туберкулез) әсерінен дамитын хроникалық нефрит немесе бүйрек амилоидозасынан пайда болуы мүмкін. Нефриттік синдромға тән несеппен белоктың көп бөлінуі, белоктың төмендеуі және холестериннің жоғарлауы, организмде натрийдің жиналуы. Диета құрастырудың принцптері:

1) толыққұнды белокты көбейту;

2) натрий хлоридін бірден шектеу;

3) бос сұйықтықты, жануар майын, холестерин, қантты шектеу;

4) калий мен витаминдер құрамын көбейту.

№ 7 ірімшік, жұмыртқа белогымен, пісірілген ет және балық көмегімен белок мөлшерін 120-125 г көбейтеді.

Практикалық медицинада № 7 в диетасын қолданады, құрамында 125 г белок (65 % жануар), 80 г май (30 % өсімдік майы), 400 г көмірсу, 1107 МДж (2800 ккал); бос сұйықтық 0,8-1 л. Тағам тұзсыз, тұзсыз нан. Егер диетада натрийді шектес, сұйықтықты жеміс-жидек көмегімен толықтыруға болады. Тағамның дәмін келтіру үшін лимон, томат, соктар қосады; хрен, лавр жапырағы, уксус, тмин, аскөк, петрушка қосуға болады. Ауру жеңілдесе 3-4 күн «калийлі диета» немесе жеңілдетілген күндер тағайындалады.Бірақ натрий хлоридін бірден шектеу ұзақ болмау керек және 1-1,5 айда тұзсыз диетада 4-5г тұз ұсынылады. Хроникалық нефритпен ауыратындардың нефриттік синдром белгілері болмаса 7 диета ұсынылады, бұл диетаны ылғи да ұстау керек.



4. Ұсынылатын диета түрлері.

Д и е т а № 7.

Көрсеткіш: асқынған нефритте емделу кезінде (3-4 апта емделгеннен кейін), созылмалы нефрит және бүйрек жетіспеушілігі.

Ұсыну мақсаты: бүйрек функциясының аялауыш гипертензия төмендеуі, зат алмасу кезіндегі организмде азот және басқа заттар бөлінуінің төмендеуі.

Жалпы сипаттама: құрамында белок шектелген күйде, май мен көмірсу- физиологиялық норма бойынша. Тағамды натрий хлоридінсіз жасайды. Тұзды дәрігер ұсынған мөлшермен (3-6 г) береді. Бос сұйықтық мөлшері 1 л дейін.

Шектеледі: ет, балық, саңырауқұлақтың экстрактивті заттары, эфир майы және қымыздық қышқыл көздері. Механикалық және химиялық аялауышсыз кулинарлық өңдеу. Ет пен балықты (күніне150-200 г) пісіреді.



Химиялық құрамы мен құндылығы: белок- 80 г, май- 90 г, 2700-2900 ккал, бос сұйықтық- 0,9-1,0 л.

Тамақтану уақыты: күніне 5-6 рет.

Ұсынылатын және жеуге болмайтын тағамдар:

  • нан және ұн өнімдері. Тұзсыз нан, блинчик. Жеуге болмайтыны: жаңа піскен нан, натрий хлориді қосылған нан тағамдары;

  • сорпалар. Көкеніс, жарма, картоп салынған вегетериандық; өсімдік майы, қаймақ, аскөк ,уксус, лимон қышқылы, сарымсақ қосып, пісіреді және мыжғылайды. Жеуге болмайды: бұршақ тұқымдастардан жасалған, ет,балық, саңырауқұлақ сорпалары;

  • ет және балық. Семіз емес сорт:сиыр, бұзау, қой, тауық, күркетауық пісіріленг.Докторлық шұжық. Жеуге болмайтыны:еттің семіз сорттары, қаз, үйрек, бауыр, ми, консервілер;

  • балық. Балықтың семіз емес сорттары (көксерке, алабұға, шортан) суфле, биточки, тефтели түрінде және кесектей. Жеуге болмайтыны: семіз сорттары, тұздалған, сүрленген балық, басытқы консервілер;

  • сүт өнімдері.Сүт, сүт қышқылды өнімдер, ірімшік, сәбіз, алма, күріш, қаймақпен жасалған сүзбелік өнімдер. Жеуге болмайтыны: сыр, жұмыртқа, тек тамаққа салады;

  • жарма. Әртүрлі жармалар (күріш, бұршақ, саго( және макарон тағамдары. Жеуге болмайтыны:бұршақ тұқымдастар;

  • көкеніс. Картоп және көкеністер кең қолданылады. Жеуге болмайтыны: тұздалған, маринадталған, ашытқан көкеністер, саумалдық, қымыздық, шомыр, сарымсақ, бас пияз;

  • басытқы. Шикі және пісірілген көкеніс, жеміс салаты;

  • тәтті тағамдар, алуан түрлі жұмсақ піскен жемістер мен жидектер, компот, кисель, қайнатпа, бал, мармелад, желе, мусс;

  • сусындар. Сұйықтау шай, сүт қатқан кофе, итмұрын қайнатпасы, жеміс-жидек шырыны. Ішуге болмайтыны: шынайы кофе, какао;

  • майлар. Тұздалмаған сары май, өсімдік майы, қорытқан май. Жеуге болмайтыны: шошқа майы.

7 диетасына меню: 1-ші таңгы асқа: жұмыртқа, гречка ботқасы, шай; 2-ші таңғы асқа: пісірілген алма; түскі ас: қаймақты вегетериандық борщ (0,5 порция), құрғақ жемістерден компот; бесін асы: итмұрын қайнатпасы; кешкі ас: сәбіз-алма биточкасы, шай.
Д и е т а № 7 а.

Көрсеткіш: жеңілдетілген күндерден кейін ауыр формадағы асқынған нефрит, бүйрек жетіспеушілігі бірден білінген хроникалық нефрит.

Ұсыну мақсаты: бүйрек функцмясының максимальды аялауышы гипертензия төмендеуі, зат алмасу процесінің жақсаруы.

Жалпы сипаттама: бірден белокты шектеу, натрий хлоридін қолданбау. Маймен көмірсу төмендетіледі. Экстрактивті заттарға бай ет, балық, саңырауқұлақ, қымыздық қышқыл, эфир майы ұсынылмайды. Механикалық аялауышсыз кулинарлық өңдеу: жеңіл қуыру пісіру. Тағам, нан тұзсыз дайындалады. Сұйық мөлшері 300-400 мл.

Химиялық құрамы мен құндылығы: белок-80г, май-80г, көмірсу- 350 г; 8,8-9,2 МДж (2100-2200 ккал);

Тамақтану уақыты: күніне 5-6 рет.

Ұсынылатын және жеуге болмайтын тағамдар:

  • нан және ұн өнімдері. Тұзсыз, белоксыз жүгері крахмалды нан – 100г, тұзсыз нан өнімдері. Жеуге болмайтыны: жаңа піскен нан, тұз қосылған ұн өнімдері;

  • сорпалар. Есептелген сұйықтықта – саго, көкеніс, картп, жеміс-жидек сорпасы; пассирленген сарымсақ, қаймақ, аскөк қосады. Жеуге болмайтыны: ет, балық, саңырауқұлақ, сүтті сорпалар, бұршақ тұқымдастардан сорпа;

  • ет, құс, балық. 50-60 г дейін семіз емес сиыр, бұзау еті, шошқа, тауық, күркетауық, балық; пісірген соң кесектеп немесе ұсақтап қуыруға болады. Жеуге болмайтыны: шұжық, консерві;

  • сүт өнімдері. 60г сүт, қаймақ; сүзбе- ет және балық қоспай. Жеуге болмайтыны: сыр, жұмыртқа күніне ¼-1/2;

  • жарма. Саго, күріш- шектелген, сүте немесе суда пісірілген белоксыз макарон, ботқа, пудинг, күріш, котлет түрінде. Жеуге болмайтыны: басқа жармалар, макарон өнімдері, бұршақ тұқымдастар;

  • көкөністер. Картоп, балауса көкөністер әртүрлі тағам түрінде; аскөк, қурылған сарымсақ. Жеуге болмайтыны: бұршақ тұқымдас, баспияз, шалқам, түсті орамжапырақ, саңырауқұлақ, маринадталған көкөністер;

  • басытқы. Көкөніс салаты, өсімдік майымен винегрет;

  • тәтті тағамдар, тәттілер, жеміс-жидектер. Әртүрлі жеміс-жидектер, печенье, компот, кисель, желе, бал, қайнатпа, конфет, қант. Жеуге болмайтыны: шоколад, сүт киселі, балмұздақ;

  • соустар. Тұзсыз диеталарға – қышқыл тәтті соус, томатты, қаймақты, көкеністі, ванелин, лимон қышқылды соустар. Жеуге болмайтыны: етті, саңырауқұлақты соус, бұрыш, хрен;

  • сусын. Лимонмен шай, томат, жеміс-жидек шырыны, итмұрын қайнатпасы. Жеуге болмайтыны: табиғи кофе, какао, натрийге бай минералды су;

  • майлар. Тұзсыз сары май, рафинадталған өсімдік майы. Шектелген: басқа майлар.

7а диетасына меню: 1-ші таңғы ас: сәбіз-алмалы котлет, сүтте пісірілген саго ботқасы, шай; 2-ші таңғы ас: балауса жемістер; түскі ас: вегетериандық көкеніс сорпасы (0,5 порция), томат соусымен пісірілген ет, пісірілген картоп, кисель; бесін ас: қант қосылған бидай қайнатпасы; кешкі ас: жеміс қосылған саго күріші, өсімдік майымен көкөніс салаты, шай; түнге: жеміс-жидек шырыны.
Д и е т а № 7 б.

Көрсеткіш: 7 а диетадан кейін асқынған нефрит немесе бірден жеңіл түрі, хроникалық нефрит.

Ұсыну мақсаты: 7 а диетасында ұсынғандай.

Жалпы сипаттама:белок төмендеуі және натрий хлоридін бірден шектеу. Май, көмірсу, құндылық – физиологиялық формадағыдай. Кулинарлық өңдеу, ұсынылатын және жеуге болмайтын тағамдар 7 а диетасындағыдай ұсынылады.Тағамды тұзсыз дайындайды. 7 а диетамен салыстырғанда белок мөлшері 125 г ет немесе балық, 1 жұмыртқа, 125 г қаймақ және сүт көмегімен жоғары. Ет және балықты сүзбемен алмастыруға болмайды. 7 б диетада жүгерілі, крахмалды белоксыз, тұзсыз нан 150 г дейін өскен, май мен көмірсуды толықтыру үшін картоп, көкөніс, қант және өсімдік майы мөлшері жоғары.

Химиялық құрамы мен құндылығы: белок 40-50 г (хроникалық бүйрек жетіспеушілігінде – 70-75 %); май- 85-90 г; көмірсу- 450 г (100 г қант); 10,9-111,7 мдЖ (2600-2800 ккал). Бос сұйықтық 1-1,2 л.

Тамақтану уақыты: күніне 5-6 рет.

7 б диетасына меню: 1-ші таңғы ас: өсімдік майымен көкөніс салаты, алмамен күріш пудингі, шай; 2-ші таңғы ас: шикі сәбіз қантпен; түскі ас: көкөніс сорпасы, сүт соусымен пісірілген тауық, пісірілген картоп, құрғақ жеміс компоты; бесін ас: қантпен жүгері қайнатпасы; кешкі ас: алмадан жасалаған оладьи, шай; түнге: жеміс шырыны.



Д и е т а № 7 в.

Көрсеткіш: бүйректің созылмалы ауруының нефриттік синдромы.

Ұсыну мақсаты: несеппен бөлінген белок орнын толықтыру, белок, май, холестерин алмасуын қалыпқа келтіру.

Жалпы сипаттама: белок жоғары, май төмен, көмірсу қалыпты деңгейдегі диета. Қантты бірден шектеп, липотропты затты жоғарлату. Механикалық аялауышсыз кулинарлық өңдеу. Ет пен балықты пісіреді. Тағамды тұзсыз дайындайды.Тағам температурасы қалыпты.

Химиялық құрамы мен құндылығы: белок-120-125 г, май-80 г, көмірсу-400 г, 11,7 МДж (2800 кал); бос сұйықтық-0,8 л.

Тамақтану режимі: 5-6 рет күніне.

Ұсынылатын және жеуге болмайтын тағамдар:

  • нан және ұн тағамдары. Тұзсыз нан, тұзсыз, содасыз жасалған тағамдар. Жеуге болмайтыны: жаңа піскен, тұзды қамыр;

  • сорпалар. Жармамен, көкөністі, жеміс-жидекті вегетариандық. Жеуге болмайтыны: ет, балық, саңырауқұлақ сорпасы;

  • ет және құс. Майлы емес сиыр, бұзау, шошқа, құс. Жеуге болмайтыны: майлы сорттары, бауыр, бүйрек, ми, шұжық, қақталған өнімдер;

  • балық. Кесек және ұсақталған майлы емес түрлері, теңіз өнімдері. Жеуге болмайтыны: майлы түрлері, тұздалған, қақталған балық, консерві, икра;

  • сүт өнімдері. Сүт, сүт қышқылды өнімдер, майсыз сүзбе және одан тағамдар (пудинг, вареники). Жеуге болмайтыны: тұздалған, ашты сыр, жұмыртқа, белокты котлеттер, тағам үшін 1 жұмыртқа;

  • көкөністер. Картоптан, сәбізден, қызылшадан, томат, қияр, сарымсақтан әртүрлі тағамдар. Жеуге болмайтыны: бас пияз, шалқам, итмұрын, тұздалған көкөністер, көкөніс консервісі;

  • басытқы. Көкөніс салаты және өсімдік майымен винегрет, піскен етпен, балықпен салат. Жеуге болмайтыны: шұжық, сыр, барлық консерві, икра;

  • сусын. Лимонмен шай, сүтпен кофе, жемістердің балауса шырыны, итмұрын қайнатпасы. Жеуге болмайтыны: какао, натрийге бай минералды су.

7 в диетасына меню: 1-ші таңғы ас: «Океан» пастасымен көкеніс салаты, белокты омлет, сүтті шай; 2-ші таңғы ас: құрғақ жемістер; түскі ас: вегетериандықборщ, бұқтырылған сәбіз, балауса алма; бесін ас: итмұрын қайнатпасы; кешкі ас: пісірілген балық, майлы емес ірімшіктен пудинг, шай; түнге: кефир.

Д и е т а №7г.

Көрсеткіш: аурудың қанын «жасанды бүйрекпен» тазарту- гемодиализ әсерінен бүйрек жетіспеушілігінің соңғы сатысы.

Ұсыну мақсаты: ауыр бүйрек жетіспеушілігінде зат алмасу ерекшелігін есепке алып балланстық тамақтануды қамтамасыз ету.

Жалпы сипаттама: белок пен калийді шектеу, натрий хлоридін бірден шектеу және сұйықтықты азайту. Тағам, нан тұзсыз. Калийге бай тағамды шектейді. Механикалық аялауышсыз кулинарлық өңдеу: ет пен балықты пісіреді. Тағам дәмін соуспен, лимон қышқылы, дәмдеуішпен жақсартады.

Химиялық құрамы мен құндылығы: белок – 60 г, май – 100-110 г, көмітсу - 400-500 г, 11,7-12,1 МДж (2800-2900 ккал); калий – 2 г дейін; бос сұйықтық - 0,7-0,8 л.

Тамақтану уақыты: 6 рет күніне.
Ұсынылатын және жеуге болмайтын тағамдар:

  • нан немесе ұн тағамдары. Бидай наны немесе қара тұзсыз нан – 150-200 г. Жеуге болмайтыны: нанның басқа түрлері және нан тағамдары;

  • сорпалар. 250 г дейін, әртүрлі көкөністен вегетериандық борщ, жеміс-жидекпен капустамен щи.Шектеулі: жармадан, саог, сүттен сорпалар. Жеуге болмайтыны: ет, балық, саңырауқұлақ сорпасы;

  • ет, балық, құс. 100 г брутто: майлы емес сиыр еті, бұзау, тауық, индейка, балық; кесек, ұсақталған күйде пісіріледі. Жеуге болмайтыны: шұжық, тұздалған балық, консерві, икра;

  • сүр өнімдері. Шектелген- 140 г сүт, 140 г қаймақ, 25 г сүзбе күніне. Жеуге болмайтыны: сыр;

  • жұмыртқа. Күніне 2-3, омлет және басқа да тағамдар жасауға;

  • көкөністер. Орташа брутто 300 г картоп және 400 г көкөніс (орамжапырақ, қызылша, сәбіз, томат, салат, сарымсақ, аскөк), әртүрлі тағамдар мен гарнирлер түрінде. Шектеледі:бұршақ, тұздалған, маринадталған көкөністер, итмұрын;

  • майлар. Сары май- 40 г, өсімдік майы- 35 г;

  • басытқы. Винегрет, көкөніс, жеміс-жидек салаты. Жеуге болмайтыны: тұздалған, ашты басытқылар;

  • сусындар. Шай, кофе, итмұрын қайнатпасы, жеміс-жидек шырыны.

7 диетаға меню: 1-ші таңғы ас: 2 жұмыртқа, өсімдік майы көкөніспен салат, кисель; 2-ші таңғы ас:қантпен қосылған алма; түстік: қаймақпен вегетериандық борщ; бесін ас: жемісті мусс; кешкі ас: өсімдік майында жұмыртқа, белокты картоп, қаймақ, кисель; түнге: итмұрын қайнатпасы.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі?

2. Асқынған және созылмалы нефритте тамақтану?

3. Нефрит синдромы кезінде тамақтану?



  1. Ұсынылатын диета түрлері?


Қолданылған әдебиет:

1. Шарманова Т.Ш. «Лечебное питание» Алматы 1999

2. Гурвич М.М. «Диетология для всех»

3. А.А.Покровский «Тағам туралы толғау» Алматы. «Қайнар» 1990

4.Т.А.Комарова «Тамақтану әліппесі» Алматы «Қайнар» 1994
13 – 15 дәріс тақырыбы: Миокард инфаргіндегі тамақтану.

Миокард инфаргі көбінесе жүрек артериясы мен немесе созылмалы ішек ауруларынан туады. Қан айналымының бұзылуына орай жүрек қағысы, жұмысы баяулайды, сосын қатпарланады. Басындағы 1-1,5 аптада қатаң (төсек режимін) қадағалау керек.

Диетатеропияның мақсаты: жүрек бұлшықетінің қалыптасу сатысын қамтамасыз етеді. Орталық нерв жүйесімен қан айналысын жақсартады. Асқорту мен ішек-қарын жұмысын қалпына келтіреді. Диетатеропия науқас адамға дәл кезінде және өте дұрыс берілуі керек.(қатты, өте қатты, қатпарлы) және науқас адамның активті қозғалуына да сәйкес келуі қажет.(қант диабеті, асқазан аурулары және т.б.) қан айналымының жетіспеуі дәрі-дәрмектік терапия деп аталады (кіші дәрет пен жүрек гликозиді т.б.).

Диетатеропияның миокард инфаргінде қоятын талаптары:


  1. Төсек режимінде жатқан науқас адамның күнделікті тамақтанудан алған энергиясы мен күш қуатын бекер жоғалтпау жатады;

  2. Жануар майы мен холестеринді аз мөдшерде пайдалану, бауыр мен ішек ауруына пайдалы өсімдік майын пайдаланған абзал;

  3. Қант пен құрамында қанты бар тағамдарды аз қолдану, күніне бір рет қана қолдану рұқсат етіледі. Ол қан айналу процессіне залым тигізері айдан анық. Бұл дағдайда оны қолданбаған сауқат адамның денсаулығына жақсы әсерін тигізеді.

  4. Ішекте бөртетін тағамдарды жеуге 100 пайыз тыйым салынады. Құрамында газы бар,( қара немесе ақ нан, сүт, орамжапырақ, қияр, бидай, виноград шырыны, газдалған сусындар және т.б.).

  5. Натрий хлориді мен тамақтану қан айналымды және артерялық қысым әсерін туғызатындықтан тыйым салынады.

  6. бірінші қатаң күндерде 7-8 рет тамақтану керек. Кейін 5-6 рет. Тез сіңімді тамақтарды аз мөлшерде, жүрек диаграммасына ауыр болмайтындай етіп тамақтанып, қабылдау керек.

  7. Өте суық және өте ыстық тағамдарды жеуге тыйым салынады. Асты дәмділеу үшін және дәмін тұзсыздандыру үшін томат шырынын, уксус пайдалану қажет.

Бастапқы 2 күн миокард инфаргіне 7-8 рет 50-75 г аса тәтті емес, лимон қосылған шай ішу қажет, жылы және сумен араласқан шырындар, итмұрын қайнатпасы, компот сусыны, минералды газсыз су. Сосын 3 сатыдан тұратын № 10 (Емдеуге қажетті негізгі диета мінездемесі) сосын № 10 а диетасы басқаның талап теілуімен жазылады.

№ 10 диетаны № 10 а диетасымен сәйкестіре отырып пайдаланады. Бұлар энергия қуаттылығын арттырады, химиялық құрылысы № 10 и диетасына сәйкес келеді.

Науқас адамның бірінші ауырған күндерінде тамақ жеуге тыйым салынады кейін науқас адамға асын ашатын тағамдарды аз мөлшерде беру қажет. Құрамында май мен холестерині көп тағамдар ( жұмыртқа, уылдырық, қаймақ т. б.). Жазылған кезде семірген болса, онда тоқтату қажет екені көрсетілген.

Қан айналымының жетіспеушілігіде тамақтану.

Бұл ауру жүрек қағысының дұрыс болмауынан туындайды (жүрек қағысының баяу соғуы, кардиосклироз, гипертониялық аурулар).

Бұл кезде адам ағзасы керекті ауамен қамтамасыз етілуінен болады.(гипоксия) және өкпе мен бүйрек, бауыр ауруларынан болдырады. Бұл адам ағзасында: ақуыз, май мен көмірсудың тыныс алуына ауаның аз мөлшерде берілмей, өте көп мөлшерде берілуі қажыт деген сөз. Адам ағзасында сумен тұздың бұзылуы – натрий мен судың әсерінен ісік пайда болады.



Каталог: ebook -> umm
umm -> Типовая учебная программа по предмету «Музыка» для 1-4 классов уровня начального образования
umm -> -
umm -> Зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: «Кестелік процессор ms excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі» Мақсаты
umm -> «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша экономикалық емес мамандықтары үшін
umm -> Ғылымның эмпирикалық деңгейінің негізгі тәсілдері қандай?
umm -> Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы
umm -> История взрыва 1
umm -> Асенова Б. К. Ребезов М. Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет