«Энтомология» пәні бойынша 050113- «Биология», 050607-«Биология» мамандықтары студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ тапсырмалар мәтіні



жүктеу 1.5 Mb.
бет4/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.5 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

Тест


1. Насекомдардыњ денесі неше бµлімге бµлінеді.

а) 3


б) 2

с) 4


д) т±тас болып біткен

е) д±рыс жауабы жоќ

2. Насекомдардың денесі немен қапталған?

А) Бақалшақпен

Б) Терімен

С) Кутикуламен

Д) Хитинмен

Е) Эктодермамен

3. Насекомдарды зертейтін ғылым

А) орнитология

Б) Биология

С) Зоология

Д) Экология

Е) Энтомология

4.Тері жамылғысы қанша компоненттен тұрады?


  1. 10

  2. 3

  3. 6

  4. 7

е) 1

5.Қандай насекомдарды мандибула скилетка айналған?

А)маса

В)кене


С)қоңыз

Д)таракан

Е)инелік

6 Насекомдардыњ денесі ќандай бµлімдерге бµлінеді.

а) алдыњѓы, артќы

б) алдыњѓы, ортањѓы, артќы

с) басы, кµкірегі, ќ±рсаѓы.

д) бас жєне кµкірек

е) бас жєне ќ±рсаќ

7. Кутикуланың өзі неше қабаттан тұрады?

А) 3

Б) 2


С) 1

Д) 4


Е) 5

Глоссарий

Мандибула

Фассет


Кутикула

Тергит


Тимпанальды мүше

Омматидия

Стигма
2 апта
ОБСӨЖ № 3.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Насекомдардың бас бөлімінің құрылысы
2.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.


3.ОБСӨЖ мәтіні:

Насекомдардың денесі бас, көкірек және құрсақ деп аталатын 3 бөлімнен, ал олардың әрқайсысы әр түрлі қосымша мүшелермен (қосалқылар) жабдықталған бірнеше бунақтардан тұрады.

Бас – ұлпалары мейлінше тығыздалған және мидың сауыты болып есептеледі де, өзара бірігіп бітіскен 5 бунақтан тұрады. Онда симметриялы орналасқан 1 жұп күрделі көз, қарапайым көздер (1-3) және қозғалмалы мұртшалар мен ауыз мүшелері болады.

Бас сауыты өзі бір-бірінен тігіс арқылы ажырайтын бірнеше бөлшектерден құралады. Бастың алдыңғы жағындағы кеңірек келген маңдай бөлігі үстіңгі жағына қарай төбе, одан соң желке (шүйде) деп аталатын жоғарғы ерінмен шектескен жақтау маңдайшасы орналасады. Бастың қырын жағы шекараларын нақты ажыратуға болмайтын самай (көздің үстіңгі жағында орналасқан) және бет (көздің астыңғы жағында) деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Бет жоғарғы жақпен жалғасады.

Мұртшалар мен антенналар маңдайдың екі жағында көз аралығында орналасқан, бірнеше буыннан тұрады. Иіс және сезім мүшелерінің қызметін атқарады. Насекомның мұршаларының құрылысы қандай түрлерге немесе топтарға жататынына байланысты әр түрлі болады.
4.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары

1. Насекомдардың бас бөлімінің құрылысы

2.Насекомдардың бас бөлімінің ерекшелігі

2 апта
ОБСӨЖ №4
Тақырыбы: Насекомдардың ауыз апараттарының пайда болуы жене типтері.
Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Тест


1. Биттер тәулігіне қаңша қан сорады

А) 15 -20

В)5 -10

С) 10 -15



D)2 - 5

Е)20 -25


2.Жалағыш ауыз аппараты насекомдар көпшілігі қайсы отрядқа кіреді?

  1. Жарғақ қанаттылар

  2. Қабыршақ қанаттылар

  3. Қатты қанаттылар

  4. Қос қанаттылар

  5. Тура қанаттылар

3. Өсімдік зиянкестері жапырақ жегіштерге

А) 3000 түрі белгілі

Б) 1000 түрі белгілі

С) 50 түрі белгілі

Д) 5000 түрі белгілі

Е) 50000 түрі белгілі

4. Қосқанаттылардың ауыз аппаратының құылысы

А) Кеміруші

Б) Сорғыш

С) Жалағыш

Д) Тесіп сорғыш

Е) Кеміргіш сорғыш

5. Қандай ересек түрлерде ауыз аппараты толық жойылып кетеді

А) Колорад қоңызында

Б) Шаншарларда

С) Бал арасында

Д) Біркүндіктерде

Е) Күздік көбелекте

6. Ауыз мүшелері кеміргіш зиянкестер жапырақты әдетте шетінен бастап, жеп тек сабақшасы мен жуан жүйкелерін қоздырады. Мұндай зақымдау қандай насекомдарға тән
А) Шыбын

Б) Біз тұмсық апион қоңыздары

С) Өрмекші, шыбын

Д) Тарақан

Е) Шегірткелер мен қабыршақ қанаттылар

7. Өсімдіктерді әртүрлі тұқымдастарға жататын көптеген түрлерімен қоректенетін насекомдар


А) Мина жасап жеу

Б) Тесік жасап жеу

С) Қаңқалап жеу

Д) Әшекейлеп жеу

Е) Көп қоректі насекомдар

Бақылау сұрақтары

1.Насекомдардың ауыз аппаратының құрылысы

2.Насекомдардың ауыз аппаратының типтері

3.Кеміргіш ауыз аппаратты насеком түрлері

4.Сорғыш түтік ауыз аппаратты насекомдар

5.Жалағыш ауыз аппаратты насеком түрлері



3 апта
ОБСӨЖ № 5.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Насекомдардың қанаттарының шығу тегі. Құрылыс ерекшеліктері
2.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

3.ОБСӨЖ мәтіні:

Насекомдарда әдетте екі жұп қанат болады. Алайда кейбіреулерінде тек қана алдыңғы жұп қанат (қос қанаттылар немесе шыбындар, кокцидтердің біраз түрлерінде) кейде артқы жұп қанат (желпуіш қанаттылардың еркегінде) дамыған. Қанаттары мүлде жөқ немесе дамымаған насекомдарда (алғашқы қанатсыздар клас тармағының өкілдері , біте, бүрге,төсек қандаласы тағы басқаларда) жиі кездеседі. Насекомдардың қанаты шығу тегі жағынан тері жамылғысының екі қабатты қатпары болып саналады: ересек насеком пайда болар кезде тері қабаттары бірімен-бірі жанасып жұқа және икемге өте көнгіш (эластикалы) пластинкаға айналады.

Насеком қанаттарын қатайтатын тіреуіш қызметін жүйкелері атқарады. Жүйке тамырлар немесе жүйкелер деп трахеялар мен гемолимфа түтікшелерінің қатайып кеткен бөліктерін айтады.

Қанаттың жүйкелену сипаты, яғни жүйкелердің пішіні, саны және олардың орналасуы әр түрлі насекомдардың түрлерін анықтау үшін ең қажетті негізгі белгілерінің бірі болып саналады.

Насекомның қанатында бойлық жүйкелерден басқа көлденең жүйкелерде кездеседі. Олр көбінесе өздеріне көрші бойлық жүйкелердің аттарымен аталады. Мысалы, радиомедиальды жүйке (радиальды және медиальды жүйкелерді қосатын), және тағы басқалары. Кейбір насекомдар қанаттарының жүйкеленуі әдеттегіден өзгеше: жекеленген бунақтары бірімен-бірі қосылып немесе жоғалып кетеді.

4.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары

1. Насекомдардың қанаттарының шығу тегі.

2.Құрылыс ерекшеліктері
3 апта
ОБСӨЖ №6

Тақырыбы: Насекомдардыњ аяќтарыныњ ќ±рылысы жєне типтері.
Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Тест

1. Arthropoda

А) Шаян тәрізділер класы

Б) Желбезектыныстылар типі

С) Буынаяқтылар типі

Д) Көп аяқтылар класы

Е) Аяқ құйрықтылар отряды

2. Насекомдардың аяғы неше бунақтан және қандай болып келеді?


А) Дұрыс жауап жоқ

Б) Аяғы, жамбас, ұршық, сан, жіліншік, табан

С) Құрсақ, жамбас, сан

Д) Жіліншік, сан, табан

Е) Алдыңғы, артқы

3. Насекомдардың аяғы нешеге бөлінеді?


А) 4

Б) 2


С) 3

Д) 1


Е) 5

4. Насеком аяғының ең жуаны

А) Жіліншік

Б) Ұршық


С) Сан

Д) Жамбас

Е) Табан

5. Көбелек, ара, шыбынның дәм сезу мүшелері қай жерінде орналасқан?

А) Қанатында

Б) Ауыз бөлімінде

С) Аяғының табанында

Д) Тұмсығында

Е) Құрсағында

6. Құрсақ аяқтылар неше топқа бөлінеді?


А) 7 топқа

Б) 2-5 топқа

С) 6 топқа

Д) 3-4 топқа

Е) 2 топқа

7. Аралардыњ аяќтары ќандай болады?

А) Ж‰згіш

Б) Жинаѓыш

С) Ќозѓыш

Д) Ж‰гіргіш

Е) Ќармалаушы

4 апта
ОБСӨЖ № 7.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Насекомдардың құрсақ бөлімінің құрылыс ерекшелігі
2.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

3.ОБСӨЖ мәтіні:

Құрсақ. Құрсақ насекомның женесінің үшінші бөлігі, ол азды-көпті өзара ұқсас бірқатар бунақденелерден тұрады. Ересек насекомның құрсақ бунақтарында аяқ болмайды. Ең қарапайым насекомдардың құрсағы ІІ бунақтан тұрады. (протуралар). Жойылып немесе жекеленген мүшелерінің қосылып кетуіне байланысты, көзге көрінетін бунақтардың саны 9..10 (тура қанаттыларда) немесе әуелі 4..6 (жарғақ қанаттыларда, қос қанаттыларда) шамасына дейін қысқарған. Көптеген насекомдардың жекелеген бунақтарында қосалқы мүшелер болады. Жыныс қосалқылары VIII және IX құрсақ сегменттерінде орналасқандықтан, оларды генитальдық бунақтар деп, І- VIII бунақтарды прегенитальдық, ал Х-ХІ бунақтарды постгенитальдық бунақтар деп атайды. Прегенитальдық сегменттерде қосалқылардың болуы тек алғашқы қанатсыздар класс тармағының өкілдеріне ғана тән. Мысалы, құрсақ аяқтарының қалдығы протуралардың І- VIII бунақтарында сақталған: аяқ құйрықтылардың І-бунағында құрсақ түтігі, ІІІ-бунағында ілгек және І V-бунағында секіргіш айыр болады.

Құрсақ артқы көкіркекпен тұтаса жалғасады. Құрсақтың мұндай түрін қондырма құрсақ дейді. Жарғақ қанаттылардың көптеген түрлерінің құрсағы көкірекпен түрі өзгерген ІІ және ІІІ құрсақ бунақтары болып саналатын сабақша арқылы жалғасады. Бұл жағдайда сабақша қысқа болса, онда аспа құрсақ (арада түкті арада), ал ұзын болса сабақшалы құрсақ (құмырсқада, шаншарда) деп аталады.
4.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары
1. Насекомдардың құрсақ бөлімі

2.Насекомдардың құрсақ бөлімінің ерекшелігі


4 апта
ОБСӨЖ №8

Тақырыбы: Насекомдардыњ ас ќорыту ж‰йесініњ ќ±рылысы жєне атќаратын ќызметтері.
Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Тест

1.Қан соратын насекомдар сөлінде қандай ерекше зат болады

А) амилаза

В) гемоцианин

С) гемолимфа

Д) антикоагулин

Е) кармин

2.Насекомның ас қорыту жүйесінің ең негізгі бөлімі



  1. Ортаңғы ішек

  2. Алдыңғы ішек

  3. Артқы ішек

  4. Қарын

Е) Жуан ішек

3.Насекомдарда ас (тамақ) қайсы бөлімде сіңіріледі?



  1. Алдыңғы ішекте

  2. Ортаңғы ішекте

  3. Артқы ішекте

  4. Қарында

Е) Тік ішекте

4. Ішек неше бөліктен тұрады?

А) 2

Б) 1


С) 3

Д) 4


Е) 5

5. Алдыңғы ішек қандай организмнен тұрады?

А) Сүзгіш камералар

Б) Мальпиги түтікшелер, ас ішек

С) Тура ішек

Д) Гемоилимфа

Е) Жұтқыншақ, өңеш, жемсау және алдыңғы қарын

Реферат


1.Насекомдардың сыртқы құрылысы

2.Насекомдардың ішкі құрылысы

3.Насекомдардың ауыз аппараты және оның типтері

4.Насекомдардың ас қорыту жүйесі

5.Насекомдардың зәр шығару жүйесі


5 апта
ОБСӨЖ № 9.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Насекомдардың зәр шығару жүйесінің құрылысы және атқаратын қызметтері
2.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

3.ОБСӨЖ мәтіні:

Насекомдарда зәр шығару экскреция, секреция және инкреция (немесе ішкі секреция) деп аталатын 3 түрлі процестен тұрады.

Экскреция – зат алмасу кезінде ас қорыту жүйесінен тыс жерде пайда болатын, организм үшін зиянды және керексіз заттар – экскреттерді денеден шығару процесі. Экскреттерге несеп қышқылы және оның тұздары, сонымен қатар калий, натрий, кальций, магний катиондары қымызыдық қышқылы мен фосфор қышқылы және басқа зат алмасуының ерітінді түріндегі өнімдері жатады. Экскерттерді бөліп шығаратын мүшелерде мальпиги түтікшелері, алғашқы қанатсыздардың төменгі ерін бездері және майлы денесінің клеткалары жатады.

Мальпиги түтікшелері – зәр шығару жүйесінің негізгі мүшесі. Түтікшелердің бос жатқан бір ұшы тұйық болады да, екінші ұшы ішекпен жалғасады, олардың саны екі шамасынан (сымырларда) 150 шамасына дейін (араларда) құбылып тұрады. Бірақ, түтікшелер санының осындай айқын өзгеріп тұруына қарамай, олардың салмақ бірлігіне келетін көлемі әр түрлі нсекомдарда қарайлас шамада болады. Мысалы тарақанда 60 түтікшенің жалпы аумағы 132000 мм2 болады. Сонда 1 мг дене салмағынан 412 мм2 келеді. Піллә иіргіштер тұқымдасына жататын көбелектерде 6 түтікшенің жалпы аумағы 209000 мм2 болады, немесе бір мг дене салмағына 500мм2 келеді.

Мальпиги түтікшелері атқаратын қызметі жағынан омыртқалы жануарлардың бүйрегіне ұқсас несеп қышқылды калций және натрий тұздарының судағы ерітіндісі (ураттар) түтікшенің ішін шайып өтетін гемолимфада бөлінеді де, түтікшенің ақырғы бөлімінің қуысына өтеді. Сол кезде түтікшедегі бос көмір қышқылы ураттардан несеп қышқылын ығыстырады. Осының нәтижесінде көмір қышқылының сілтісі және бос несеп қышқылы түзіледі. Несеп қышқылы концентрациясының көтерілуіне қарай ұсақ кристалдарға айналады да түтікшеден ішекке, одан соң артқы ішектегі экскрменттермен де аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
4.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары

1. Насекомдардың зәр шығару жүйесі

2.Насекомдардың зәр шығару ерекшелігі

5 апта
ОБСӨЖ №10

Тақырыбы: Насекомдардыњ ќан айналу ж‰йесініњ ќ±рылысы жєне ерекшілігі
Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Тест


1.Насекомдардың қан айналу жүйесі

А) жоқ


В) тұйық

С) ашық


Д) қосарлы

2.Насекомдардың қаны

А) генофонд

В) гемолимфа

С) ашық

Д) қызғылт



3.Насекомдар –

А) жыртқыштар

В) гомотермді организмдер

С) ұшатын организмдер

Д) пойкилотермді организмдер

4 Насекомдардың жүрек камераларының бүйірінде орналасқан саңылаулар

А) клапандар

В) осцидиялар

С) остиялар

Д) планула

5.Бражник көбелегі ұшқанда жүрегі минутына неше рет соғады?

А) 80-90


В) 120-130

С) 100-110

Д) 140-150

Глоссарий

Гемолимфа

Қолқа


Амебоцит

Гемоцит


Фагоцит

6 апта
ОБСӨЖ № 11.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Насекомдардың тыныс алу жүйесінің құрылысы мен ерекшелігі
2.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

3.ОБСӨЖ мәтіні:

Насекомның тыныстануы денесінің өн бойына түгел таралған трахея (кеңірдек) жүйесі арқылы, өте сиректері жамылғы арқылы жүзеге асырылады. Трахея дегеніміз ішкі керегелері хитинді қабықпен астарланған қуыс түтікшелер. Хитинді қабық бұрала спиральданып қалыңдалған. Бұл жағдай қозғалған немесе иілген кезде түтікше қуысының тарылуына кедергі жасайды.

Трахеялар ауадағы оттегін тікелей клеткалар мен тканьдарға жеткізетін диаметрі 1 мкм-ден кіші өте ұсақ капиллярларға –трахеолдарға тармақталған. Трахеялар сыртқы дененің екі жақ бүйіріне орналасқан жұпты тыныс тесіктері арқылы ашылады. Әдетте 10 жұп тыныс тесігі болады. Оның екі жұбы кеуденің екі бөлігінде және 8 жұбы құрсақта орналасады. Кейде олардың оннан аз болуы немесе біржола жоқ болуы (алғашқы қанатсыздарда, суда және паразиттік тіршілік ететін насекомдардың личинкаларында) мүмкін. Тікелей тыныс тесіктерінен басталатын трахеалар кеңейіп ауа қапшықтарына айналады. Олар әдетте жақсы ұша алатын насекомдарда жетілген. Ауа трахеа жүйесіне құрсақтың қимылдау әрекеті нәтижесінде қарқынды түрде енеді. Осы кезде тыныс тесіктерінің біреуі ашылып, екіншісі жабылып тұрадыда дем алу немесе дем шығару қызметі орындалады. Тыныстану қимылы насекомның қай түріне жататынына, оның физиологиялық күйіне және сыртқы орта жағдайларына байланысты минутына 4-5 шамасынан 120 дейін өзгеріп тұрады. Ауада көмір қышылы орта шамадан артық болса немесе оттегі жеткіліксіз болса, онда тыныс тесігінің ашылып тұру мерзімі ұзарады. Насекомдарға қарсы фумигаттарды пайдаланғанда осы жайды есепке алудың маңызы зор.

Суда тіршілік ететін насекомдар ауық-ауық су бетіне көтерілгенде жиналған атмосфера ауасымен (сүңгуір қоңыз, су өлшеуіш қандала және басқалары) несесе өсімдіктердің өткізгіш түтікшелері арқылы алатын ауасымен (құбылмалы қоңыз) тыныс алады. Сонымен қатар олар желбезектің көмегімен суда еріген ауаны да пайдаланады. Желбезектер жойылып кеткен тыныс тесіктерінің орнына бунақталған немесе тақта тәрізді сыртқы мүшелер түрінде пайда болған. Олар біркүндіктердің, инеліктердің және кейбір қосқанаттылардың личинкаларында кездеседі.
4.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары

1. Насекомдардың тыныс алу жүйесі

2.Насекомдардың тыныс алу ерекшелігі
6 апта
ОБСӨЖ №12
Тақырыбы: Насекомдардың нерв жүйесі орталыќ, вегетативті ж‰йелердіњ ќ±рылысы.
Студенттің орындайтын тапсырмасы

Тест


1.Насекомдардың миы неше бөлімге бөлінген

А) 4


В) 2

С) 3


Д) бөлінбеген

2.Насекомдардың миының алдынғы бөлімі

А)протоцеребрум

В)дейтоцеребрум

С)тритоцеребрум

Д)осфрадий

3.Насекомдардың миының ортаңғы бөлімі

А) тритоцеребрум

В) протоцеребрум

С) дейтоцеребрум

Д) осфрадий

4. Насекомдардың миының артқы бөлімі

А) осфрадий

В) протоцеребрум

С) дейтоцеребрум

Д) тритоцеребрум

5.Протоцеребрум бөлімі нервтендіреді

А)фасеттік және қарапайым көздерді

В)антенналарды (мұртшаларды)

С)үстіңгі ерінді

Д)ауызды

6.Дейтоцеребрум бөлімі нервтендіреді

А) антенналарды (мұртшаларды)

В)фасеттік және қарапайым көздерді

С)үстіңгі ерінді

Д)ауызды


7. Тритоцеребрум бөлімі нервтендіреді

А) фасеттік және қарапайым көздерді

В) үстіңгі ерінді

С) антенналарды (мұртшаларды)

Д) ауызды

Коллоквиум





1.Насекомдардың сыртќы құрылысыныњ ерекшілігі.

2.Насекомдардың ауыз апараттарының пайда болуы жене типтері.

3.Насекомдардыњ аяќтарыныњ ќ±рылысы жєне типтері.

4.Насекомдардыњ ас ќорыту ж‰йесініњ ќ±рылысы жєне атќаратын ќызметтері.

5.Насекомдардыњ ќан айналу ж‰йесініњ ќ±рылысы жєне ерекшілігі

6.Насекомдардың нерв жүйесі орталыќ, вегетативті ж‰йелердіњ ќ±рылысы.

7.Насекомдардың сезім мүшелері ќ±рылысыныњ ерекшілігі.


7 апта
ОБСӨЖ № 13.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Протоцеребрум, дейтоцеребрум және тритоцеребрум құрылыс мен ерекшелігі
2.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

3.ОБСӨЖ мәтіні:

Насекомда 3 түрлі нерв жүйесі болады: орталық, шеткі және симпатикалық нерв жүйелері. Орталық нерв жүйесінің негізін бунақ аралық ұзын тәжілермен (немесе коннективтермен) жалғасқан нерв түйіндері (немесе ганглиялар) құрады. Орталық нерв жүйесі бас және құрсақ бөлімінен тұрады. Бас бөлімге өңештің үстіне орналасқан өте жақсы жетілген “жұтқыншақ үсті” түйін (немесе бас миы) және одан гөрі нашар жетілген өңеш астында орналасқан “жұтқыншақ асты” түйін жатады. Осы екі нерв түйіні өзара конективтермен жалғасып, жұтқыншақ жанындағы нерв сақинасын құрады. Құрсақ бөлімі құрсақ нерв тізбегін құратын бірқатар ганглялардан тұрады.

Мидың құрылысы өте күрделі: өзара тұтаса біріккен үш ганглядан тұрады. Алдыңғы бөлімі (протоцеребрум) басқаларына қарағанда жақсы жетілген және ол күрделі көздермен бір сабақшалы немесе саңырауқұлақ тәрізді, денелерді нервтендіретін екі көру төмпешігін өзіне қосып алған. Сабақшалы денелер нерв жүйесінің ең жоғарғы ассоциялаушы және координациялаушы орталығы болып саналады және олар қауымдасып тіршілік ететін насекомдарда жақсы дамыған. Мидың ортаңғы бөлімі (дейтоцеребрум) мұртшаларды, ал артқы бөлімі (тритоцеребрум)-жоғарғы ерінді нервтендіреді және симпатикалық нерв жүйесімен байланысты болады.

“Жұтқыншақ асты” түйін бастың жақ бөлімінің 3 ганглиясының тұтасып қосылуы нәтижесінде пайда болған. Ол ауыз мүшелерімен ішек түтігінің алдыңғы бөлігін нервтендіреді.

Құрсақ нерв тізбегі қарапайым насекомдарда 3 жұп көкірек және 8 жұп құрсақ гангляларынан тұрады. Насекомдардың нерв жүйесінің ең негізгі ерекшеліктерінің бірі-құрсақ нерв тізбегі ганглиаларының кейбіреулерінің тұтаса бірігіп кету ықтималдығында. Бұл әсіресе дамудың жоғарғы сатысында көтерілген қоңыздар мен шыбындарда байқалады. Мысалы, өлексемен қоректенетін сұр шыбынның көкірек және құрсақ ганглялярының барлығы қосылып, көкірек бөлімінде бір түйін түзеді. Ал құрсақ та тек нервтер ғана қалады.
4.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары

1.Протоцеребрум құрылыс мен ерекшелігі

2.Дейтоцеребрум құрылыс мен ерекшелігі

3.Тритоцеребрум құрылыс мен ерекшелігі


7 апта
ОБСӨЖ №14

Тақырыбы: Насекомдардың сезім мүшелері ќ±рылысыныњ ерекшілігі.
Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Тест

1.Насекомдардағы рецепторлар

А)сенсилла

В)сколекс

С)сколопофора

Д)стигма


2.Нағыз есту рецепторлары

А) кутикула

В) сколопофора

С)омматидия

Д) тимпанальды мүше

3.Үй шыбынының көзіндегі омматидиялардың саны

А) 4550

В)4450


С)4800

Д) 4600


4.Насекомдардың личинкаларының басының екі бүйірінде орналасқан көзшелер?

А)латеральды

В) фасеттік және қарапайым көздерді

С) антенналарды (мұртшаларды)

Д)ауызды

5.Насекомдардың көздеріндегі жарық сезгіш таяқшалары

А) омматидия

В)Сифон


С) Рабдом

Д)кутикула

6.Әртүрлі жиіліктегі тербелістерді қабылдайтын хордотональды сенсилла

А)механикалық

В)хеморецепторлар

С)барорецепторлар

Д)биорецепторлар

Бақылау сұрақтары


1.Насекомдардың сезім мүшелері

2.Механорецепторлар

3.Насекомдардың есту рецепторлары

4.Насекомдардың хеморецепторлары

5.Насекомдардың көру мүшелер

ЕКІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ






Тақырыптар

Апта

Бағасы

Бақылау түрі

1

2


Насекомдардыњ кµздері жєне кµруі.
Иіс сезу жене дєм сезу м‰шелерініњ ќ±рылысы.

8 апта


4 балл




Тест


Бақылау сұрақтары



3

4


Насекомдардың көбею типтері ерекшілігі.
Насекомдардың ж±мыртќаларыныњ ќ±рылысы жєне бµлшектенуі.

9 апта


4 балл


Тест


Реферат

5

6


Насекомдардың эмбриональдық типтерініњ ерекшілігі.
Насекомдардың постьэмбриональдық типтері

10 апта


4 балл



Тест


Коллоквиум

Бақылау сұрақтары


7

8


Насекомдардың постьэмбриональдық типтері
Насекомдар мен µсімдіктердіњ ќарым – ќатынасы.Заќымдану типтері.

11 апта


4 балл


Тест


Глоссарий

9

10


Насекомдардың экологиясыныњ негіздері.
Экологиялыќ факторлар сипаттамасы.

12 апта


5 балл



Тест


Глоссарий

Бақылау сұрақтары




11

12


Биотикалыќ факторлардыњ жалпы сипаттамасы.
Насекомдар классыныњ систематикасы

13апта


4 балл

Тест

Бақылау сұрақтары



13

14


Насекомдар классыныњ классификациясы. Ќос ќанаттылар отряды.
Ќатты ќанаттылар отрядыныњ класификациясы.

14 апта


5 балл



Тест


Реферат



15

16


Кµп ќоректі зиянкестер экологиясы.
Зиянды шегіркелердіњ даму динамикасы.

15 апта








Жалпы ОБСӨЖ – нан 30 балл


8 апта
ОБСӨЖ № 15.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Насекомдардың көздері және көруі
2.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

3.ОБСӨЖ мәтіні:

Насекомдарда көру мүшелері жақсы жетілген . Тек өмір бойы жер астын немесе үңгірді мекендейтін насекомдардағана көз болмайды немесе ол дамымаған. Насекомдарда көздің екі түрі бар: күрделі және қарапайым көз. Күрделі немесе фасетті көздер бастың екі жағына орналасқан. Олар көптеген көру элементтерінен-омматиттерден, немесе фассеттерден тұрады. Олардың саны өте көп. Мысалы, үй шыбынының көзіндегі оматиттердің саны 400, ал инелікте әуелі 28000 жетеді. Омматиттер екі жағы дөңес линза пішінді мөлдір хрусталиктен немесе қасаң қабықтан және оның астында жатқан хрустальды конустан тұрады. Бұлар бірігіп бір тұтас оптика жүйесін құрады. Конустың астында жарық сәлесін қабылдайтын тор орналасқан. Тордың клеткалары мидың көру төмпешіктер



4.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .

Бақылау сұрақтары

1.Насекомдардың көздерінің құрылысы

2.Насекомдардың көру ерекшелігі
8 апта
ОБСӨЖ №16

Тақырыбы: Иіс сезу жене дєм сезу м‰шелерініњ ќ±рылысы.
Студенттің орындайтын тапсырмасы:

Тест

1.Насекомдардың иіс сезу және дәм сезу сенсиллалары

А) барорецепторлар

В) механикалық

С) хеморецепторлар

Д)биорецепторлар

2.Насекомдардың ауыз аппараты және ақтарының табанында қандай сенсиллалар орналасқан

А)дәм сезу

В)иіс сезу

С)көру


Д)тепе-теңдікті сақтау

3.Бал араларда иіс сезу сенсиллаларының саны

А) 100

В) 500


С) 400

Д) 600


4.Насекомдардың сезім мүшесі

А) мандибула

В) жоғарғы ерін

С) қанат


Д) мұртша

Е)максилла

5.Буынаяқтылардың сезім клеткалары

А) мұртшасы

В) сенсилла

С) тифлозоль

Д) тимпанальды мүше

Е) резанатор

6.Улы жәндіктердің қорғаныштық ескерту реңі

А) статоцист

В) адаптация

С) тифлозоль

Д) мимикрия

Е) стилет


9 апта
ОБСӨЖ № 17.
1.ОБСӨЖ тақырыбы: Насекомдардың көбею типтерінің ерекшелігі
2.ОБСӨЖ мақсаты: Тақырыпты толық меңгеріп студенттердің өз бетімен жұмыс жүргізуіне жол ашу.

3.ОБСӨЖ мәтіні:


1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет