Әнуар тарақОВ, филология ғылымдарының докторы



жүктеу 100.25 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі100.25 Kb.
: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз
Files -> Куандыкова Д.Қ. Е. А. Букетов прозасындағы бейне жасау шеберлігі/Д.Қ. Қуандықова //Қазақст. Респ. Ұлттық Ғылым акад хабарлары, Тіл, Әдебиет сер.=Известия нан рк сер филолог. – 2006. №5. – 16-19 б
Files -> Зейтінова М
Files -> Уәлихан Ш. А. Ы. Қайран, менің асыл ағаларым-ай!/Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан//Егемен Қазақстан. 2004. 25 тамыз (№217-220)
Files -> Сәулебектегі, А. Біз білетін Бөкетовтің біз білмейтін қырлары / А. Сәуле-бектегі // Жас Алаш. 2005. 19 наурыз (№32-33)
Files -> Акылбаев Ж. С
Files -> Құлақ түрді тым ауыр сұрақ кірді
Files -> Асанұлы Қ. Е. А. Букетов публицистикасындағы ой мен тіл үйлесімі / Қ. Асанұлы // Ақиқат. – 2002.– №1. – 91-94 б
Files -> Жойқынбектегі, Қ. Айнымас серік / Қ. Жойқынбектегі // Орталық Қазақстан. 2014. 5 шілде
Files -> Абдыманапов С
Әнуар ТАРАҚОВ,

филология ғылымдарының докторы

Евней Букетов: «ҒЫЛЫМ ерлікті, жүректілікті тілейді»

Қазақ ғылымындағы есімі елге кеңінен танылған айтулы тұлға-лардың бірі - Евней Арыстанұлы Букетов. Ол техника ғылымының докторы ретінде өз саласына үлкен еңбектер қалдырумен бірге, әдебиет пен ѳнерге, әсіресе аударма ісіне қатысты толғамды тұжырымдар білдірді. Академик Е. Букетов қазақтың әйгілі ханы Абылай заманы мен тұлғасы туралы зерттеумен бірге, Шоқанның, Абайдың, Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы жайлы жан-жақты тұжырымдарын айтты. Жазушылық өнермен бірге көркем аудармамен айналысты, Шекспирдің «Макбет» драмасын сәтті тәржімалауы өз алдына, қазақ көркем аудармасы оның келешегі туралы пайымдаулармен қазақ аударматануына өзіндік үлесін қосты. Оның көркем аудармаға қатысты пайымдаулары бүгінгі күні де өзекті де өткір. Көркем аударманы оқытуда аталған ой-пікірлері пайдаланылып келеді.

Евней Арыстанұлы ұзақ жылдар Орталық Қазақстандағы ірі білім және ғылым ордасы Қарағанды мемлекеттік университетін басқарды. Ғалымдық-педагогикалық қызметтегі көңілге түйген байламдары, әсіресе, жастар тәрбиесі туралы ой-толғамдары көрнекті ғалымның азаматтық, ағартушылық тұлғасын биіктете түседі. Бұлар арнайы талдап, бағалап, байыптауды қажет етеді.

Біз бұл мақаламызға атақты ғалымның «Көкейкесті» кітабындағы ғылыми жұмыс жауапкершілігі мен шығармашылық ізденіс, ғылыми қызметкер келбеті туралы заманауи маңыздылықтағы ой-тұжырымдарын талдап, бағаламақпыз. Е. Букетов ең алдымен жас ғалым қандай болуы керектігіне тоқталады. «... ғылыми-тех-никалық революция кезеңінде жоғары білімін жемісті жолмен пайдаланам деген жас маман, әсіресе ғылым саласында қызмет істеуге дайын-далған жас маман, өте көп білуі керек те, сол білгенді творчестволық процесте пайдалана алу керек». Жас ғалымдарға көп оқу, көп білу, жан-жақты терең іздену кеңестік кезеңде басты талап болды. Бұл талап бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ғылымын өркендетуде де кун тәртібінен түскен жоқ. Өкінішке орай, бугінгі ғылым жастардың терең білімін, ұлкен ізденісін саралау, сараптаудан гөрі, диссертация қорғаудың тиімсіз шетелдік жүйесін негізсіз қабылдауда.

Е. Букетов: «Ғылыми ізденіс дегеніміз шығармашылық процестің барып тұрған биігі, шыңы. Олай болса бұл жолда қызмет істеудің өзі де қызғылықты нәрсе, өйткені шын шығарма адамның ойына қанат бітіріп, бойына қызу беретін нәрсе. Демек, ғылыми ізденіс дегеніміздің өзі шын мәнісінде табиғаттың әлі ашылмай, тұңғиығында жатқан ақиқатын, сырын іздеп табу болып табылды. Ал ақиқатты іздеп табу үшін, сол ақиқатты іздеуші, яки сол ғалым өзі мейлінше адал, ақиқатшыл болуға тиісті. Ондай адам ең алдымен өз қарабасының алдында адал болуы керек» - деп ғылыми ізденістің ерекшелігін көрсетеді, оның ең басты шарты адалдық деп біледі. Ғалым қашанда адалдықпен ғана өзінің жарқын жетістіктеріне жете алады. Ғылымға адалдық, ғалымның өз басының адалдығы қазіргі таңда да аса қажет құндылық. Ол ғылыми ақиқат үшін Джордано Бруно, Галилео Галилей мен Нико­лай Коперниктің қандай азапты тағдыр кешкенін жас ғалымдар есіне салады.. «Білім инемен құдық қазғандай» деген халық даналығының астарында ғылым жолының ауырлығын меңзеп отырғанын ұғыну қиын емес. Олай болса жас ғалым Абайша айтқанда «неге ғашық, неден қашық» болуы керек. Көкейкесті мәселе осыдан өрбиді.

«Жастардың болашаққа құлаш сермеп өсуіне бірден-бір кедергі - өз адалдығына нұқсанды заттарға кешіріммен қарау болып табылады; өсем деген жас мұндай қасиеттерге қайырымсыз, кешірімсіз болуы қажет. Ғылыми қызмет адалдықпен қатар қайсарлықты, қажырлылықты тілейді. Өйткені, ғылымда бірден болжаған мақсатыңа жету жолында шытырман бұлтарыстар, сәтсіз адымдар көп болады; көрікті мақсатына осының бәріне шыдаған қайсар, қажырлы адам ғана жетпек. Ғылым ерлікті, жүректілікті тілейді. Ғылымның ашқан жаңалығы көп жағдайда қалыптасқан ұғымға, әдеттенген тусінікке сай келмеуі мүмкін, тіпті қарсы бо­луы да мүмкін. Мүндайда ақиқатты, жаңалықты ұсынған адам, сол жаңалықтың шынайы екенін көпшілікке дәлелдеп болғанша, құбыжық та болып көрінетіндігі болады».

Е.А.Букетов осылайша жастардың ғылым жолындағы ізденісіне, өсіп-өркендеуіне кедергі келтірер кеселдерге кешірімсіздік танытуды өткір қояды, ғылыми қызметтің адалдық, қайсарлық, қажырлылықты қажет ететіндігін айқындап кетеді. Расында да жас ғалымдарда осы қасиеттерге қарама-қарсы салғырттық, немқұрайдылық, еріншектік, даярға маяр болу, белгілі бір ақыл-кеңестің ырқынан шыға алмау (кейде, тіпті оған атүсті қарайтындар бар) белең алып өзіндік іздену, тың жаңалық табу жоғалып барады. Осындай жат әдеттерден арылу үшін ол мынадай келелі кеңес ұсынады: «сіз-дер өздеріңізді дамылсыз тынышсыздық пен үздіксіз ізденіске үйретулеріңіз қажет. Ғылымдағы қызметтің қиындығы да осында, қызығы да осында». Бұл қашанда қадір-қасиетін жоймайтын, маңызды да құнды тұжырым. Әр жас ғалым өзінің жазу кабинетінің алдына көрнекілеп жазып қойса да болады. Ең бастысы өмір бойы жүрекке жаттап, көңілге сақтап жүретін қымбат қағида. Енді бірде әйгілі ғалым: «... біздің заманымыз жылдан-жылға білек пен бұлшық еттен гөрі ми мен басқа жүк артуын еселеп үдетіп келеді, бұл еселеп үдету күшейе түспесе, бәсеңдейтін түрі жоқ. Олай болса әрбір жас өз миын ауыр жұмыстарға ертеден баулып, ертеден үйретуге тиісті» - деп жас мамандарды алдағы уақыт талабына зер салғызады. Мұның не үшін қажеттілігін де санада жаңғыртады.

«Болашағымыз негізінен ғылым мен техниканың дамуына байланысты. Біз ғылыми-техникалық революция заманының адамымыз, сондықтан ғылыми қызметкер болуға дайындалыңыздар, ол үшін үздіксіз оқу керек, іздену керек. дамылсыз ми қызметін атқару керек, деп уағыздадым. Жобасы, мен бұлай үйрете берсем, сіздерде жастық шақ қалмайтын түрі бар. Туманбай ақынның осы лекция басында келтірілген өлеңіндегідей, «Бармаған таулар, жүрмеген жолдар, көрмеген қызық, шықпаған биік, бармаған базар» - сол болмаған күйінде қала беретін түрі бар».

Байыпты, байсалды байлам жасаған ғалым бір сәт әзілдей әрі өзінің сүйікті ақыны Тұманбай Молдағалиев өлеңдерінен үзінділер ала отырып, жастарға арнаған дәрісін әдебиетпен, поэзиямен нәрлендіріп, жетілдіріп отырғанын аңғарамыз. Қан-дайда бір пайдалы іске шығармашылықтан гөрі ықылас пен ұқыптылық қажеттілігін ойға тоқи оты­рып, тағы бір мәселені көлденең қояды да, оны жастармен кеңесіп, сырласып шешеді, ортақ ойға шақырады:

«Ал егер сендерге ешқандай нұсқау да, ереже де, дағды да жоқ, бірақ өмір талабынан, жаңа міндеттерден туған жаңаша, болашағы беймәлім жүмыс тапсырылса ше? Мұндай жүмысты қолға алып, нәтижелі аяқтап шығу үшін біліміңді, ойыңды, қиялыңды, бір сөзбен айтқанда творчестволык өрісіңді, творчестволық қабілетіңді пайдалануың қажет. Басқаша айтқанда, ғылымда, өнерде, әдебиетте қызмет ету үшін адамда шығармашылық түйсік болуы тиіс, сол шығармашылық түйсікті тәрбиелей білуің қажет, өрістете білуің қажет».

Студенттер бойынан болашақ ғылым адамына қажетті шығармашылық сезімталдық, түйсік, танымды байқай білу - баршамызға қажетті қасиет. Белгілі бір пәндерді басым оқытамыз да, оның ғылыми жұмысқа, шығармашылық ізденіске бейімділігін ескере бермейміз. Ғылым - айрықша ой-сана ізденісі мен жан дүние құштарлығының жемісі. Олай болса, болашақтың бүгіннен басталуын, студенттердің, жас мамандардың алғашқы қадамынан бағыт-бағдар беріп, баптау жағын мықтап есте ұстауымыз керек. Ғылымды туыстықтың, тамыр-таныстықтың даңғыл жолына айналдырушылар бар. Олар ел ертеңін, ғылым келешегін ойламайды. Оған қалтасы қампайса, көңілі марқайса болғаны. Ғылым- тамшылай төгілген тердің, тынымсыз еңбектенген ізденістің, оқыған үстіне оқып, белгілі бір дәлелдеу мен дәйектеудің түбіне тереңдеп бойлаудың,машақаттанудың жолы. Ғылымда даңғыл жол жоқ. Бұлтарысы көп, бұралаңы мол, тайғанап, тайып, қайта жығылып, қайта ілгері ұмтылуды керек етеді. Ғылыми-шығармашылыққа бет бұрған жас талапкерге білімін жетілдіріп, оқығанын ойға тоқып қана қоймай, пайдаға асыру жөнінде мынадай кеңес береді:

«Шығармашылық адамдарының өзгелерден айырмашылығы сол - оның ойында, миында қарама-қарсы фактілер мен құбылыстар қашан да қақтығыста жүреді, содан барып осындай драмалык шым-шытырық айқастың негізінде жаңа ой, жаңа тұжырымдар туып жатады. Ондай жаңа ой-лардың жүзеге асуы ескі нұсқалардың, көне әдістің, бұрынғы білімнің аясына сия бермейді. Демек, сту­дент қашан да білімге ұмтылып, оқып, үйреніп, жадына сақтап жүрумен қабат, сол үйренгендерін, оқығандарын, зерттегендерін сарапқа салып, ездерінше тұжырым, түйсік түйе білулері керек. Бір сөзбен айтқанда алған білімдерін бойларына шығармашылықпен сіңірулері тиіс».

Біздегі бүгінгі білім беру ісінде осы жағы жетісе бермейді. Алған білімді шығармашылықпен санаға сіңірудің мәні тереңде. Бүл - оқытушы мен сту­дент арасындағы нақты да мақсатты, табанды да қажырлы жұмыс. Өкінішке орай, қазіргі жоғарғы оқу орындарында, мектептерде қолданылып жүрген тест жүйесі оқушыларды да, студенттерді де үйренгендерін, оқығандарын, зерттегендерін сараптап, саралап, талдап, тұжырым жасап, бағалап, қорытындылауына еш мүмкіндік бермейді. Тест-мықты, қуатты білімнің нәтижесі емес, белгілі бір сөздерді жаттап алып, бірнеше сауалға дұрысы осы деп долбарлау. Тест - терең білімнің де, білімді түйсініп, ойға, миға тоқудың да тажалы. Біз бұдан құтылмайынша, білім мен ғылымда өркениеттік өлшемге жете алмаймыз. Батыстың, Американың тар ұғымдағы білімді сараптау нәтижесін шалқар даласындай шабыттана, көсіле ойын жеткізе алатын қазақ баласының білім деңгейіне телу -жетістік емес, ой-ѳрісті бұғаулау.

Академик, атақты ғалым В. И. Бернадскийдің мына бір терең толғанған пайымдауына тоқталған: «Әрбір ұлттың ғылыми әрекеті үкімет басшылығының саналы жігері мен қажырлы нұсқауының арқасында іске асуы мүмкін, ал үкіметтің өзі немқұрайды қарап, тіпті қарсылық білдірген кезінде, жеке адамдардың, әйтпесе, қоғам ұйымдарының қажырлы қайратының күшімен іске асуы мүмкін. Демек ғылым қазіргі мемлекеттің осы екі ѳмірлік күшінің әдейілеп бірлескен жағдайында ғана гүлденіп өркендемек».

Е. Букетов осы сѳздерге аса мән берген. Қоғамның қандай жағдайына, биліктің қандай ұстаған саясатына қарамастан, ғылым тоқырамай, тоқтамай, алға өрлей бермек. Демек ғылым - ғылым үшін емес, адамзат үшін керек. Бугінгі әлемдегі экономикалық дағдарысты былай қойғанда, экологиялық жағдайдың дүниежүзін алаңдатып отырғаны да, ғылымның жаңа мәселелерге, адамзатты сақтауға, табиғатты аялап, сақтап қалуға бағытталуын өткір талап етеді. Бүгінгі ғылым мақсаты да осыған батыл ден қоюы қажет.

Е.Букетовтың ғылыми жұмыстың ерекшелігін анықтап кѳрсеткен пайымдауы да ѳз ѳмірінен түйген тәжірибе үлгісіндей. «Ғылыми жұмыс, ғылыми ізденіс шығармашылық қызметтің шығар шыңы. ... Шынайы шығармашылық адамды қайта жаң-ғыртады, қанаттандыра түседі. Шығармашылық жұмысыңнан алған рахаттан артық рахат бар ма екен сірә! Шын мәнінде, нағыз азаптанып, ұзақ ізденіп жазған ғылыми жұмысыңның нәтижесіне жетіп, жарқын қуанышына ие болу үлкен бақыт». Ғалым ғылыми зерттеудің осындай ѳзгеше қасиетін енегелейді. Ол ғылымның ең ізгі мұраты адамза-тқа қызмет ету, адам игілігіне пайдалы жемісін беру, жаратылысты жаңалығымен жарқ еткізіп, өмірді сәулелендіру, адамдардағы бақыт пен шаттық дарыту деп ұғады. А. К. Толстойдан аударған, өзіне ұнаған өлеңінен мынадай шумақтарды мысалға келтіріпті:

Кеңістікте көрмес-білмес сиқырлы сыр кѳп әлі,

Жақсылықтың жанды аялар жарқын лебі соғады.

Бұл тылсымды ұқпағандар құрғақ қана ермек дер,

Ал тірілтер көңілі ояу мен сезімдері сергектер.

Жалғыз сәуле, жарасымды үн ұяласа көңілге,

Ғаламат бір жаңалықты берер олар, өмірге,

0, ақыным, тұңғиыққа үнсіз сүңгіп көрші бір,

Соқыр Гомер, таскереңді Бетховенше әнші қыл.

Жанмен тыңдап, көре білші көңіліңнің көзімен

Сонда нұрлы шуақ тарар қараңғылық өзінен.

Төңірегің жырға елтіп, сұлулықпен безенер,

Қилы-қилы әсемдікті қызықтай бер,сезе бер...

Сол шақта сен ғажап қалып деміңді ішке жиып ал,

Дүниенің дүлдүл сәтін жүрегіңе құйып ал!

Расында да ғылым Алексей Толстой жырымен түйіндесек: «Кеңістікте кѳрмес-бѳлмес сиқырлы көп сырларды, тылсым құпиясын ашу, ғаламат бір жаңалық енгізіп, жер жүзінің әсемдігіне жарқын сән беру, жақсылықты әр беру».

Осы жырға әйгілі ғалым өз пайымдауын да қосады: «Табиғаттың адамға белгісіз заңдылығын ашудың мәні адамзаттың ғасырлар бойы жинаған білім биігі деп аталатын шындық. Монбланына тағы бір шоқы қосу, тағы бір шындық, тағы бір ақиқат қосу деген сөз. Сонымен қатар мұның мәні нағыз ғылыми қызметкер, табиғат пен қоғамдық өмірден ақиқат іздеуші ретінде, өзі де басынан бақайшағына дейін әділетті, шыншыл болуы тиіс, ешқандай жалғандыққа, жасандылықтың қандай түріне де бой бермеуі тиіс деген сөз. Мұның мәні ғылым қызметкерлері ең алдымен өзіне талап қойып, бойындағы кейде шет бұрып әкетер кемшіліктеріне кешірімсіз болуы тиіс деген сөз».

Бұл - нағыз жанашырлықпен, ғұламалық ұлағатпен айтылған парасатты пайымдау. Бүгінгі ғылым жолына бет алған әрбір жас ғалымның, үміткердің ой-санасында жанып тұратын қанатты қағида.

Бұл пайымдау Әбу-Насыр әл-Фарабидің «Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай лөззат іздеу, кә-сіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек» - деген даналық тұжырымымен үндес, ғұлама ойының екінші қанаты тәрізді.

Э. Роттердамский «Маған тазалық әр кезде қадірлі. Тазалық сондай-ақ ғылым істерін де көріктендіреді» - дегендей, ғылым былыққа белшесінен батса, оның құндылығы да, қасиеті де жоғалады. Сондықтан да ғылым жолын қуған әрбір адам ар тазалығын ғылыми жұмыстарда да ұштастыра білуі керек. Алайда соңғы уақытта ғылым атақ-абыройдың қосымша құралы саналуда. Соны тежеген жөн.

Евней Арыстанұлы ғылыми шығармашылыққа, ой еңбегіне әзірлену қажеттілігін ойға салады. Е. Букетовтың ғылыми ізденіс, ғылыми шығармашылық жолындағы жас ғалымдардың мақсат-міндеті туралы өмірлік тәжірибеден түйген тұжырымдарының маңызы айрықша, өнегесі зор. Осынау тағылымды да танымды ой-тұжырымдар Д. И. Менделеевтің «Ғылымның рөлі қызмет ету, ол игілікке жету құралы болып табылады» деген ғибратты пайымдауы ойымызды алаулатады. Ең бастысы, отандық ғылымды өркендетуге ниеттенген талапкер жас түлектерге ғылымның ауыр да азапты жо­лында табандылық, батылдық, мақсаткерлік та-нытуды ойға салады.



Осынау терең тәжірибелік пайымдаулар, ой-толғамдар бүгінгі оқыту жүйесінде, ғылыми шығармашылықта, зерттеу ісінде зейінмен зер салуды қажет етеді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет