ӘОЖ: 327. 56 Үнді-пәкістан арасындағЫ ҚАҚТЫҒЫС: шығу себептері мен салдары



жүктеу 100.51 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі100.51 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ӘОЖ: 327.56

ҮНДІ-ПӘКІСТАН АРАСЫНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС: ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ

А.Р. Әліпбаев – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, т.ғ.к. Е-mail:aman19@mail.ru

А. Туркстанова - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «халықаралық қатынастар» мамандығының 2 курс магистранты.
Аңдатпа: Бұл мақалада Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстардың тарихы қарастырылады. Кашмир мәселесі аясындағы қақтығыстар 1947 жылғы тамыздан бергі Үндістан мен Пәкістан қатынастарындағы шешімін іздеген ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ол іс жүзінде Британ Үндістанының бұрынғы аумағында екі тәуелсіз иеліктің пайда болуымен қатар құрылып, бүгінгі күнге дейін екіжақты мәселелердің жай ғана бірі болып қоймай, сондай-ақ осы екі көршілес мемлекеттердің қатынастарына тікелей ықпал етуде. «Екі ұлт» (үндіс және мұсылман) қағидасы бойынша құрылған секуляристік Үндістан мен мұсылмандық Пәкістан тарапынан Кашмир тағдырын шешудегі көзқарастардың әрқилы болуы, мәселенің негізін құрауда. Бұл қақтығыстардың ерекшелігі, оның жағрапиялық тұрғыдан үздіксіз қақтығыстар туғызатын тұрақсыз өңірге, өркениеттер қақтығысының өңіріне жататындығында. Осыған орай, осы аймақтың қақтығысқа бейімділігін зерделеу ерекше мәнге ие болуда.

Түйін сөздер: Үндістан, Пәкістан, БҰҰ, аймақ, келісім, келіссөздер, мемлекет, реттеу, қақтығыс, дін, отар, қарулы қақтығыс.
Адамзат баласы өзінің тарихында қақтығыстарды қарусыз саяси жолмен шешуде біраз тәжірибе жинаған сияқты. Бірақ та, тек ХХ ғасырдың екінші жартысында қақтығыстар адамзат баласының өмір сүруіне, тірі қалуына нақты қатер-қауіп туғызатындығы анықталды, сондықтан да ғылыми еңбектерде кең көлемде қақтығыстар мәселесін жан-жақты ашу қалыптаса бастады. Оның мақсаты - қақтығыстардың ашық, қарулы түрінің алдын алу, оларды реттеу немесе жөнге салу, сондай-ақ қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу еді.

Қақтығыстардың алдын алу, реттеу жөніндегі зерттеулер, ең алдымен әр түрлі деңгейдегі (мысалы халықаралық және этникалық, сондай-ақ әртүрлі мәдениеттегі немесе тарихи кезеңдегі) қақтығыстарға және оларды реттеудің тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасауға бағытталады. Ғылыми тұрғыдан қақтығыстардың ортақ заңдылығын айқындау және оларға салыстырмалы талдау жасау қақтығыстарды терең түсінуге және оның мәнін ашуға көмектеседі. Тәжірибелік тұрғыдан мұндай тәсіл қақтығыстардың пайда болуы мен дамуы жөнінде болжам жасауға, оны реттеудің тиімді тәсілдерін анықтауға, қақтығыстардың одан әрі етек алуын тоқтатуға мүмкіндік береді.

Осы ретте Оңтүстік Азия аймағындағы қақтығысты жағдайлар да өзінің шешімін әлі тосуда десе болады. Сондай қақтығыстардың бірі - Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир мәселесі.

Тарихқа жүгінсек, Үндістан мен Пәкістан мемлекеттері өз тәуелсіздігін алмай тұрып-ақ даулы қақтығыстардың ортасында болған еді. Сонау 1846-1947 жылдары Кашмир жартылай тәуелсіз болған кезінде-ақ ислам дінін ұстанушылар қоныстана бастаған болатын. Сол кездегі Ұлыбританияның қол астындағы Үндістан мен Пәкістан үкіметі индуизм ұстанушыларын қолдап, мемлекеттік қызметтерге үндістерді көбірек араластырады. Осыған наразы болған мұсылмандар 1931 жылы үндістермен алғашқы даулы қақтығысқа тап болды [1]. Міне, осы кезеңнен бастап Кашмир қақтығысы өзінің шешімін іздеуде. Кашмир қақтығысы – ішкі аумақтық қана қақтығыс емес, оның кейін екі ел арасындағы қақтығысқа айналуы, аймақтағы қауіпсіздік мәселесіне тікелей әсер етуде. Бүгінгі Кашмир мәселесінің шығуының алғы шарты екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңге келеді.

1947 жылы ақпанда Ұлыбритания премьер-министрі Клемент Эттли лейбористік үкіметтің Үндістанға қатысты жаңа саясаты белгіленген ІІІ-декларацияны қабылдайды [2]. Яғни, Декларацияда Ұлыбританияның 1947 жылдың шілдесінде Үндістаннан толық шығатындығы жөніндегі міндеттеме белгіленген еді. Егер осы уақытқа дейін Орталық үкімет қалыптаспаса, онда билік тізгіні провинцияларға беріледі деп шешілген болатын. Елдегі Үнді Ұлттық Конгресі (ҮҰК) мен Мұсылман Лигасы (МЛ) саяси партияларының арасында ортақ пікірдің болмауы, қауым аралық және дін аралық қақтығыстардың өрши түсуі, сондай-ақ Үндістанның бөлшектену қауіпінің төнуіне байланысты елді екі доминионға бөлу қиын жағдайдан шығудың ең тиімді жолы ретінде қарастырылды. ҮҰК Үндістанның екі бөлшекке бөлінуіне қарсы болса, МЛ екіге бөліну теориясын ұстанып, соңында екі партия да тәуелсіздікті қолдады. Осындай саяси бағыттардың негізінде Британдық Үндістанда 1947 ж. 15 тамызында екі тәуелсіз мемлекет - Үндістан мен Пәкістанның пайда болғаны белгілі.

Қазіргі кезде көптеген саясатшылар бұл шешімнің қате болғандығын, бірнеше ғасыр бойы бүтін бір өңір болып саналған аймақты екіге бөліп, ымырасыз шиеленістің тууына жол ашты деп айыптайды.

Шын мәнінде де, Кашмир қақтығысы аумақтық талас-тартыс пен діни қайшылықтарға негізделген. Өйткені, бастапқыдан-ақ қақтығыс діни-этникалық көзқараста дамығаны белгілі. Бірақ, Үндістан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қақтығыс ашық түрде саяси және халықаралық көзқараста ұлғайды. Жалпы екі елдің қарым-қатынастарының тарихи дамуында әйгілі үш қарулы қақтығыс орын алған еді.

Атап айтқанда: біріншісі - 1947-1948 жылдардағы үнді-пәкістан қақтығысы, екіншісі - 1965 жылғы үнді-пәкістан қақтығысы болса, үшіншісі - 1971 жылғы үнді-пәкістан қақтығысы. Сонымен қатар, екі мемлекет арасында басқа да қарулы қақтығыстар орын алған, бірақ олар жергілікті және бірмезеттік соғыс сипатында болды [3]. Сол ретте аталған қарулы қақтығыстардың шығу себебі мен салдарына көңіл бөлетін болсақ, Бірінші Үнді-Пәкістан соғысы немесе Бірінші Кашмир соғысының басты себебі Джамму мен Кашмир корольдігін басқарған махараджа (үнділік князь) Хари Сингх провинциядағы халықтың көпшілігі мұсылман  болуына қарамастан, Үндістанға қосылу туралы шешім қабылдауы болатын. Осыған орай князьдіктің бірнеше аудандарында махараджаға қарсы бас көтерулер орын алған еді.

Кейін, 1947 жылдың 21 қазанында мұсылман-ағайындарына көмек беруді сылтауратқан пәкістандық пуштун және дарий тайпаларынан құрылған жартылай қаруланған, саны екі мыңға жететін әскерінің басып кіруі, қарулы қақтығыстың аумағын кеңейте түсті. Сонымен бірге, пәкістандықтар басып алған аумақта, яғни князьдіктің солтүстік бөлігінде Азат Кашмир егеменді бірлігінің құрылғанын, оның Пәкістан құрамына кіретіндігі жарияланды.

Князьдіктің астанасы Сринагар қаласына пәкістандықтардың таяп келуі, махараджа Хари Сингхті Үндістаннан көмек алуға мәжбүрлеген болатын. Үндістан тарапы өз кезегінде Кашмир Үндістанға қосылса ғана көмек беретіндігін алға тартуы, соңында Кашмир князьдігінің келісімімен аяқталады. Үнді әскерлері Кашмир княздігінің астанасы Сринагар қаласына таяу маңда пәкістандық әскерлерді тоқтатады. Осыдан кейін екіжақты соғыс қимылдарымен қатар Кашмир қай елге тиесілі деген мәселе бойынша 28 қазаннан бастап екі ай көлемінде Үнді-Пәкістан келіссөздері өткенімен, екі тарап та Кашмир халқының еркі шешуге тиіс деген қағиданы құптағанымен, нақты нәтижеге жетпеген еді.

БҰҰ тарапынан да бірнеше қарар қабылданғанымен (1948 жылы 21 сәуірде, 13 тамызда және 1949 жылы 5 қаңтарда) екіжақты қақтығыс толық шешілмеді. Дегенмен 1949 жылы 27 шілдеде Үндістан мен Пәкістан оқ атуды тоқтату шебін белгілеу туралы келісімге қол қойды. Кашмирдің шамамен 60%  Үндістанға өтті, 40% Пәкістан ықпалында қалды. Шарт бойынша бүкіл аумақтың қай елге өтетінін анықтау мақсатында  плебисцит өткізілуі керек еді, алайда бұл мүмкін емес болып шықты да, келісімге келу үдерісінің барлық талпыныстары жоққа шығарылды [4].

Жағдай әлемдік ұлы державалардың, яғни АҚШ пен КСРО-ның араласуы негізінде қиындады, олар өздеріне «қырғи қабақ соғысында» Оңтүстік Азия өңірінде одақтас болатын мемлекетті табу мақсатында араласты. Пәкістан АҚШ-пен әскери келісім жасады, ал Үндістан КСРО-мен сауда және мәдени қарым-қатынастарын дамытты. Осылайша Кашмир шиеленісі «қырғи қабақ соғыстың» тағы бір алаңына айналған болатын.



Ал, екінші үнді-пәкістандық қақтығыс 1965 жылғы қыркүйекте орын алғаны белгілі. Бұл жолғы қарулы қақтығыстың негізгі себебі - Пәкістанның үнді штаттары болған Джамму мен Кашмирде көтеріліс ұйымдастыру әрекеттерінен шықты. Соңынан, 1 қыркүйекте Пәкістан ресми түрде Кашмирдің үнді бөлігіне өз әскерлерін енгізуі екі ел арасындағы ашық түрдегі соғыстың басталуы еді. Үндістан да әскери қимылдарын жылдамдатып, 6 қыркүйекте олар пәкістандықтарды алғаш рет Кашмир аумағынан тысқары ығыстыра отырып, Пәкістан аумағындағы Лахор қаласына дейін басып кірді. Алайда, үнділіктер Пәкістан әскерлерімен қайта артқа шегіндірілген болатын [5].

Үнді-Пәкістан қақтығысы бойынша 22 қыркүйекте БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі жауласып жатқан тараптардан әскери қимылдарды тоқтатуы туралы талап еткен қарарын қабылдайды. Сонымен, бірайлық үнді-пәкістандық соғыс ешбір тарапқа «жеңіс» әкелмеді. 1966 жылы КСРО-ның араласуымен Пәкістан президенті Аюб Хан мен Үндістан премьер- министрі Шастри соғыстың соңғы нүктесін қойған «Ташкент» декларациясына қол қойды [6]. Алайда, бұл факт не Пәкістанға не Үндістанға өз елдерінде өздерін жеңімпаз деп жариялауға кедергі болған жоқ, Пәкістан әлі күнге дейін ресми түрде өзін жеңіске жеттім деп есептейді. Бірақ түптеп келгенде саяси тұрғыда Пәкістан жеңіліс тапқан болатын. Мұның негізі ретінде НАТО-ның қарсыласушы тараптарға қару-жарақ жеткізіп беруге эмбарго енгізуі болатын. Бұл алғашқы ретте Пәкістанға үлкен соққы болды, себебі, оны негізгі одақтасының қолдауынсыз қалдырды, ал сол ретте КСРО Үндістанды қару-жарақпен, техникамен қамтамасыз етуді жалғастыра берді.

1971 жылдағы үшiншi дау тікелей Кашмир мәселесіне қатысты болмағанымен, соғыс қимылдары Кашмир аумағында да жүргізілген еді. Бұл соғыс екі ел арасындағы ең ірі соғыс болды. Нәтижесінде Пәкістанның шығыс бөлігінде тәуелсіз Бангладеш мемлекеті жарияланды [7]. Екі тарап 1972 жылдың жазында үндістандық Симла қаласында соғыс нәтижесімен келіскендіктері туралы келісімге қол қойып, болашақта екіжақты даулы мәселелерді бейбіт түрде шешу бойынша ымыраға келді.

Екі тарап та қарулы-қақтығыстармен мәселені шешу мүмкіндігінің азайғандығын түсінгенімен, екі ел арасындағы қатынастар бейбіт арнаға соңғы кездері ғана аяқ басқандай. Өйткені, ХХ ғасырдың соңғы кезеңінің өзі де қарулы қақтығыстармен жалғасып жатқан еді. Екі елдің бақылау шебіндегі жағдайлар үнемі зеңбіректік атысулармен жалғасын тауып отырды. Ал, 1999 жылғы мамыр-маусымындағы шиеленіс Каргиль жанжалы деген атаумен белгілі. Сондай-ақ екі ел қатынасында лаңкестік топтардың іс-әрекеттері де екіжақты байланысқа өз кесірін тигізіп келеді.

Жалпы алғанда, Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир үшін талас-тартыстар мен жанжалдар халықаралық саясатқа ерекше ықпал етіп, халықаралық қауымдастық тарапынан алаңдаушылықты тудырып отыр. Бастапқы кезден ақ аталмыш мәселені реттеуге сыртқы күштер, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ұлы державалар араласқан болатын. Дегенмен, басты мәселе екі елдің бір-біріне деген саяси ұстанымын өзгерту арқылы ғана жету мүмкіндігіне ие болатындығын түсінетін кез келгендей.

Осы ретте, 2001 жылдың мамырында Үндістан тарапынан ұсынылған елге шақыру бастамасын Пәкістан басшысы П.Мұшаррафтың қабылдауы, кейін екі ел арасындағы аса жоғары деңгейдегі кездесу нақты нәтижеге әкелмегенімен, екі ел басшыларының енді мәселені бейбіт келіссөздер арқылы шешуге ұмтылысының өзі құптарлық жағдай екендігін көрсетті. Алайда, бұл жақындасудың тағдыры ұзаққа бармады, екі ел арасындағы қақтығысты жағдайлар қайта жиілеп кетуі, тіпті әлемдік қоғамдастық пен Ресей, АҚШ елдерінің қақтығысты тоқтауға атсалысуының нәтижесінде 2002 жылғы мамырында екі ел арасындағы жаңа соғыстың алды алынды десе болады.

Соңғы онжылдықта да екі ел арасында орын алған лаңкестік іс әрекеттер екіжақты келіссөздердің жүйелі дамуына өзіндік кедергісін тигізуде. Дегенмен, Үндістан мен Пәкістан арасындағы дипломатиялық реттеулердің соңы 2003 жылы дипломатиялық қатынастарды қайта орнатуға мүмкіндік туғызды.

Қазіргі кезде де билікке қарсы топтардың бүлікшіл аумақта тәуелсіз мемлекет құрсақ деген ойлары айқын байқалып жатыр. Бұл қандай да топтардың Кашмир мәселесін өз мүдделеріне сәйкес пайдаланып қалғылары келетіндігінің айғағы. Ал, бүгінгі күні Кашмирді тәуелсіз ел ретінде құру дегеніміз ол бүтін елді болашақта бөлшектеуге жол ашумен тең. Сол себепті Үндістан үкіметі Кашмирдің бүгінгі мәртебесін сақтап қалу үшін бар мүмкіндіктен бас тартпайтындығы аян.

Сондай-ақ Кашмир мәселесі бүкіл Оңтүстіказиялық аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей ықпал етуде. Оңтүстік Азиядағы екі негізгі мемлекеттің әрқашан шиеленісті жағдайда және өзара сенімсіздік күйде болуы, аймақта жаңа қарулы қақтығыстың шығып кетуіне әкелуі мүмкін. Оның ең басты қауіптілігі, бұл екі елдің де ядролық қаруға ие мемлекет болуында. Осыған орай, аталмыш аймақтағы қақтығысқа әсер етуші факторларды жан-жақты зерделеу ерекше мәнге ие. Соның негізінде аймақтағы қақтығыстарды реттеу мүмкіндігін айқындауға ерекше көңіл бөлінуге тиіс.
1.Белокреницкий В. Пакистан-Индия: конфронтационная стабильность? //Международные процессы. 2006. Т.4. -№2 (11). –С.36.

2. Там же, -С.37.

3. Льюс Э. Без оглядки на богов: Взлет современной Индии. –М.,2010.-С.156.

4. Конфликты на Востоке. Этнические и конфессиональные. Под ред. А.Д. Воскресенского. –М.,2008. // http://www.razym.ru/biz/politica/285326-voskresenskiy-ad-red-konflikty-na-vostoke-etnicheskie-i-konfessionalnye.html.

5. Манойло А.В. Цветные революции и технологии демонтажа современных политических режимов // НБ:Международные отношения. – 2015. -№1. –С. 16.

6. Лунев С.И., Широков Г.К. Трансформация мировой системы и крупнейшие страны Евразии. М.,2001. –С.262.

7. Манойло А.В. Цветные революции и технологии демонтажа современных политических режимов // НБ:Международные отношения. – 2015. -№1. –С. 19.

Индо-пакистанский конфликт: истоки и последствия

Алипбаев А.Р. – КазНУ им.аль-Фараби, доцент кафедры международных отношений и мировой экономики, E-mail: aman19@mail.ru

Туркстанова А. – магистрант 2 курса специальности «международные отношения» КазНУ им.аль-Фараби
В данной статье рассматриваются история конфликта между Индии и Пакистана. Конфликт вокруг проблемы Кашмира является одним из важнейших нерешенных вопросов в отношениях Индии и Пакистана с августа 1947 года. Он возник практически одновременно с появлением двух независимых доминионов на территории бывшей Британской Индии и остается по сей день не просто одной из двусторонних проблем, но и непосредственно влияет на развитие отношений этих соседних стран. Основу проблемы составляет несовместимость подходов к решению судьбы Кашмира со стороны секуляристской Индии и мусульманского Пакистана, само создание которого базировалось на принципе «двух наций» (индусской и мусульманской).

Особенность этого конфликта заключается в том, что он географически входит зону нестабильности, зону столкновения цивилизаций, порождающую перманентные конфликты. В связи с этим, исследование факторов конфликтогенности в данном регионе приобретает особое значение.



Ключевые слова: Индия, Пакистан, ООН, регион, соглашение, переговоры, государство, урегулирование, конфликт, территория, религия, колонии, вооруженное столкновение.

Indo-Pakistani conflict: sources and consequences

Alipbayev A. - KazNU of al-Farabi, associate professor of the international relations and world economy, E-mail: aman19@mail.ru

Turxtanova A. – Master student 2 courses of the specialty "international relations" KazNU of al-Farabi
In this article are considered conflict history between India and Pakistan. The conflict round a problem of Kashmir is one of the major unresolved questions in the relations of India and Pakistan since August, 1947. It arose practically along with emergence of two independent dominions in the territory of the former British India and remains to this day not simply to one of bilateral problems, but also directly influences development of the relations of these neighboring countries. The basis of a problem is made by incompatibility of approaches to the solution of destiny of Kashmir from saecularists India and Muslim Pakistan which creation was based on the principle of "two nations" (Hindu and Muslim).

Feature of this conflict is that it geographically enters an instability zone, the zone of collision of civilizations generating the permanent conflicts. In this regard, research of factors of a conflictogenity in this region is of particular importance.



Key words: India, Pakistan, UN, region, agreement, negotiations, state, settlement, conflict, territory, religion, colonies, armed conflict.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет