Әож 373. 016;821. 512. 122 Қолжазба құқығында



жүктеу 451.23 Kb.
бет2/4
Дата03.04.2016
өлшемі451.23 Kb.
түріДиссертация
1   2   3   4
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

Зерттеу жұмысының пәні. Орыс тілді мектептердің 10–11 сыныптарында жүргізілетін қазақ ақын–жазушылары шығармаларын түсінік беру арқылы оқытудың әдістемелік негіздемесі.


Зерттеудің әдіснамалық негіздері.

М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов жөніндегі зерттеудің негіздерін Бердібай Р, Дәуітов С, Елеукенов Ш, Жұмағали З, Қирабаев С, Қамзабекұлы Д, Мұхаметқанов Қ, Мамраев Б, Нұрғалиев Р, Пірәлиева Г, Ромашева Г, Сағынбекұлы Р, Тасымбетов А, Тоғжанов Ғ, Тұрыспеков Р, Хамзин М, т.б. ғалым-зерттеушілердің еңбектері құрады.

Психологиялық – дидактикалық негіздерін анықтауға Асмус В, Борев Ю, Выготский Л, Гальперин П, Есипов Б, Узнадзе Д, Никифорова О, Якобсон П. зерттеулері негіз болды. Көркем шығарманы қабылдау туралы ғалымдар Беленький Г, Жабицкая Л, Кудряшев Н, Курдюмова Т, Кушаев Н, Молдавская Н, Маранцман В, Рез З, Черкезова М. әдіснамалық жұмыстарында көрсеткен.

Әдебиет пәнін дидактикалық негізден өрбіте оқыту мәселесіне белгілі әдіскер-ғалымдар Ақшолақов Т, Бітібаева Қ, Жұмажанова Т, Қаламбаева Г, Қасымбеков Ә, Құтқожина Р, Оразбаева Ф, т.б. еңбектеріне сүйендік. Сонымен қатар дидактика принциптеріне ғалымдар Беспалько В, Бабанский Ю, Скаткин М, Талызина Н және әдебиет әдіскерлері Шейман Л, Занков М, т.б. зерттеу еңбектері арналған.



Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.

- қазақ әдебиетін түсінік беру арқылы оқыту әдісі ұсынылды;



  • қазақ әдебиетін оқытудағы орыс мектептерінің жоғары сынып оқушыларының білім мен білік дағдыларының қанағаттанарлық деңгейінің негізгі кедергілері толықтырылды;

  • зерттеуге негіз болған ақын–жазушылардың шығармаларын түпнұсқада оқыту әдістемесінің бір түрі ұсынылып, оның тиімділігі тәжірибе арқылы дәлелденді.

Зерттеу әдістері.

  • Теориялық: зерттеуге қатысты әдебиеттанушылық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік еңбектерге салыстырмалы талдау, зерделеу, сараптау, эксперименттік тәжірибе нәтижелерін қорыту әдістері пайдаланылды;

  • әлеуметтік–педагогикалық: қазақ әдебиетін орыс сыныптарында қазақ тілінде оқыту үрдісінде оқушылардың қызығушылығын анықтап, қалыптастыру мақсатында сауалнама, тест, әдеби тапсырмалар, проблемалық сұрақтар қойылды; бағдарламалар, оқулықтар, хрестоматияларға анализ жүргізілді; орыс мектептеріндегі қазақ әдебиеті сабақтарына қатысып, оқушылардың іс - әрекетіне бақылау, мұғалімдер мен оқушылар арасында әңгіме жүргізілді, ұсынылған әдістемелік тәжірибелер байқаудан өткізілді.

Зерттеудің теориялық құндылығы. Диссертацияның негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдары қазақ әдебиетін орыс мектебінде оқыту әдістемесіне үлес қосып, дамуына жол ашады. Зерттеу жұмысында ұсынылған түрлі әдіс–тәсілдерді орыс сыныптарында қосымша материал ретінде пайдалануға әбден болады. Сондай–ақ жоғары оқу орындарындағы басқа ұлт өкілдеріне қазақ әдебиетін танытуда әдістемелік теорияны толықтыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу бойынша айтылған ой–тұжырымдар, ұсынылған түсінік беру арқылы оқыту әдістемесі, қазақ әдебиетін орыс сыныптарында оқытудың әдіс–тәсілдерін жетілдіру, осы пән бойынша бағдарламаларды құрастыру және толықтыру мақсатына, зерттеуде ұсынылған жұмыс түрлері қазақ әдебиеті пәнінің оқытушы мұғалімдерге әдістемелік көмекші құрал ретінде және жоғары оқу орындарында да қазақ әдебиетін оқытуда кеңінен қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

- орыс тілді мектептерде қазақ әдебиетін оқыту мемлекеттік тілді терең меңгеруге кеңінен жол ашады;

- ұсынылған түсінік беру арқылы оқыту әдісі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жаңа бір әдіспен толықтырады;

- қазақ ақын–жазушыларының шығармаларын толық түсіну үшін мәтіндерді түпнұсқада оқыту қажеттігі туындайды: себебі аударма сапасы ойдағыдай бола бермейді, түсінік беру түпнұсқада оқылған мәтіннің түсінікті болуына барынша көмегін тигізеді.



Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы. Жұмыстың мазмұнын құрайтын негізгі тұжырымдары мен нәтижелері еліміздің жоғары оқу орындарында өткізілген халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасалып, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен ғылыми жинақтарда 11 мақала жарық көрді.

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.



Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі негізделіп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады. Зерттеудің дереккөзі, нысаны мен пәні, зерттеудің ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, теориялық маңызы мен практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары, жұмыстың талқылануы мен жарияланымы туралы баяндалады.

Бірінші тарау «Орыс тілді мектептердегі қазақ әдебиеті сабағындағы түсінік беру арқылы оқытудың теориялық негіздері» деп аталады. Бұл тарауда зерттеудің әдебиеттану негіздеріне шолу жасалып, ғалымдар пікірлері негізінде оқытудың психологиялық-дидактикалық негіздері қарастырылды. Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров шығармаларына оқушылардың қызығушылығын қалыптастырудың тиімді жолдары көрсетілді.

Бірінші тараудың «Зерттеудің әдебиеттану негіздері» атты тараушасында зерттеудің әдебиеттану негіздері және қазақ ақын – жазушыларының шығармаларын оқытудың психологиялық – дидактикалық негіздері баяндалып, олардың маңызды тұстары айқындалды. Жазықсыз жазаға ұшырап кеткен қоғам қайраткерлерінің шығармаларын соңында қалған ұрпақтарына мұра қылып жеткізу және тек қана қазақ баласына емес, өзге ұлт өкілдеріне де таныстыру маңызы зор істердің бірі болып табылады. Осы ретте қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығының зерттелу барысы жан-жақты баяндалды.

Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытұлы - осы қатардағы аса ірі тұлғалар. Олар – ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Әдебиеттің әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Мағжан мен Жүсіпбек революциядан кейін туған жаңа кеңестік әдебиеттің негізін салушылардың алғы легінде болды.

С.Торайғыров да 27 жыл ғұмырында еліне көп еңбек сіңірген аяулы азаматтардың бірі.Туған еліне, жеріне деген махаббатын, жанашырлығын, елі үшін күйзелісін оның әр шығармасынан көреміз. Егер сұм ажал ерте алып кетпеген болса, Сұлтанмахмұтта Мағжан мен Жүсіпбектің қатарында болатыны сөзсіз. Оған Сұлтанмахмұттың өмірдегі ұстанымы, шығармаларының тақырыбы және естеліктердегі, архивтердегі құжаттар мен деректердегі сол кездегі зиялылармен қарым-қатынасы дәлел болады.

«Күміс кездік қап түбінде жатпайды» дейді халық даналығы. Бұл ой мен сөздің түпкі сырына ден қойсақ, шын асыл, қымбат қазына қилы кезең, шытырман уақытта да сыны мен сипатын өзгертпейді. Біз мұны қоғамдық- саяси, мәдени-рухани өмірімізде демократиялық бағыт кең өріс алған бүгінгі шақта айқын аңғарамыз.

Бұған төл әдебиетіміздің барлық жанрында өнімді еңбек еткен, «елі үшін күйген» М.Жұмабаев, С.Торайғыров пен Ж.Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы жан-жақты дәлел. Олардың қаламынан туған өлеңдері, прозалық, драмалық шығармалары, аудармалары мен тәлім-тәрбие тақырыбындағы еңбектері идеялық-көркемдік дәрежесі биік, көтерген мәселелері маңызды туындылар болып табылады.

М. Жұмабаев пен Ж. Аймауытұлының тағдырлары ауыр, өмірлері қысқа болғанымен, шығармашылық мұралары өте бай. Бұлардың шығармашылығы әр жанрды қамтыған. Дегенмен, Мағжан прозадан гөрі поэзияға бейім болса, Жүсіпбек шығармаларының денін прозалық еңбектері құрайды. Қаламгерлер сондай-ақ әдеби-сын мақалалар және балаларға арнап шығармалар жазды. Қаламгерлер аударма саласында да жемісті еңбек етті.

Негізінен алғанда, Ж. Аймауытұлының ағартушылық, жазушылық, ғалымдық қырлары-бірінен-бірін бөліп қарауға келмейтін өзара тығыз байланысты, біртұтас әлем. Қаламгердің ұстаздық жолы да үйренерлік, үлгі аларлық ғибрат мектебі болды.

М. Жұмабаевтің поэзиясын өзгеден ерекше, ірі қасиеттері хақында тұжырып айтсақ, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – ұлттық ақындығында.

С. Торайғыровқа әдебиет бақшасында ұзақ жылдар бойы еңбектенуге тағдыр жазбады. Алайда, оның аз уақыт ішінде қалдырған қордалы дүниелері барынша қамтылды.

Тараушада аталмыш ақын-жазушылардың шығармалары жөнінде кең зерттеу жүргізген С.Қирабаев[5], Т.Кәкішев[6], Т.Қожакеев[7], Ш.Елеукенов [8] т.б. еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын, аудармашылық, ағартушылық т.б. жұмыстарын ғылыми тұрғыдан нысана еткен зерттеушілердің еңбектерінің бірсыпырасы зерттеу барысында сөз етілді.

«Қазақ ақын–жазушыларының шығармаларын оқытудың психологиялық–дидактикалық негіздері» аталатын тараушада әдебиет пәні білім беру жүйесіндегі басты пәндердің бірі болып саналатындығы және оның алдындағы мақсаты да пәнге қойылатын талаптар деңгейіне сай болуы қажет екендігі баса айтылды. Әдебиет пен басқа ғылым салаларының өзара тығыз байланысы ғылыми ой-пікірлермен түсіндіріліп, тұжырымдалады. Орыс мектебіндегі әдебиет пәнінің басты міндеттерінің бірі – оқу материалдары негізінде оқушылардың санасына қазақ халқына деген құрмет сезімін ұялатып, өзі тұратын еліне патриоттық рухты сіңіру болып табылатындығы дәлелденеді. Дидактикалық ұстанымдар жүйесі, түрлі оқыту әдістерінің ерекшеліктері мысалдармен жан-жақты талданып беріледі.

«Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптарында түсінік беру арқылы оқытудың әдістемесі» атты екінші тарау деп аталады және оның мазмұндық құрылымы 3 тараушадан тұрады.

«Түсінік беру арқылы оқыту жоғары сыныптарда көркем шығармаларды талдаудың негізгі тәсілі ретінде» атты тараушада оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптарында қазақ әдебиеті пәнінде түсінік беру арқылы оқытудың әр түрлерін қолданып оқытудың әдістемесі көрсетілді. Аталмыш ақын-жазушылардың шығармаларын түсінік беру арқылы оқыту әдісінің жетілдіру жолдары, сабақ барысындағы лингвистикалық комментарий, тарихи комментарий, географиялық комментарий, этнографиялық комментарий үлгілері ұсынылды. Тәжірибелік байқау нәтижелері сарапталды. Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтың шығармаларын оқыту барысында тәрбиелеу мақсаты көзделді.

Оқушының білім мазмұнын қабылдауына және практикалық, танымдық қызметін қалыптастыруға бағытталған мұғалімнің әрекеті оқу әдісі болып түсіндіріліп, Н.М.Шанский[9], М.Н.Скаткин[10], В.В.Голубков[11], т.б. әдіскер-ғалымдардың пікірлерімен дәлелденеді. Оқу әдістерін саралаудың негізіне мұғалімнің оқыту қызметінің және оқушының танымдық (оқу процесінің екі жақты түрі ретінде) қызметінің принциптері салынған. Осыған сәйкес дидактикада оқыту әдістерінің келесі түрлері берілген: иллюстративті түсіндіру, репродуктивті, эвристикалық, зерттеу.

Сонымен қатар, әдебиеттанудың және әдебиетті оқыту әдістерінің дамуы, бір жағынан қазіргі мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерге, екінші жағынан бұл дәстүрлі әдістердің мазмұнына жаңалық енгізеді.

Әдебиетті оқыту әдістемесінің ажыратылмас бөлігі - тәсіл болғандықтан, әдебиетті оқытудың негізгі тәсілі ретінде түсінік беру арқылы оқыту баса назар аударылып, айрықша қарастырылды. Өйткені, әдеби шығарманы түсіндіру оқушы мен мұғалімнің біріккен шығармашылық әрекетін қажет етеді. Өз кезегінде, әдебиеттік білімді меңгеру тілдік кедергіні шешетін сөздік жұмыс дайын болған жағдайда толық бағана болады. Қазақ әдебиетін меңгеруде орыс мектептерінің оқушыларында “психологиялық кедергі” жиі кездеседі. Психологиялық характерлі қиындықтар ұлттық этикалық - эстетикалық дәстүрлерінің әр түрлілігімен байланысты болады. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуын бұл курстық спецификалық ерекшелігін анықтауда курстың мазмұны мен құрылымын оптимальді нұсқасын белсенді ізденушілерінің этапы деп түсіндіруге болады. Соңғы жылдары негізгі бағдарламалар мен оқулықтар шығарылды. Оқушылардың әдеби білімінің мазмұнын екінші тілде анықтайтын жаңа бағдарламалар - авторлардың ұсынылған нұсқаға ғылыми негіз беру бағыты және республикада аталмыш пәннің оқытылу жағдайын тіркеу, жұмыстың көп жылдық тәжірибесін талдау, мектеп тәжірибесіндегі бағдарламалар мен оқулықтарды тексерудің нәтижесі.

Берілген бағдарламалардың нәтижесі оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптардағы қазақ әдебиетінің мазмұнын және қазақ әдебиетінің әдістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістер теориясында талассыз тұрақталған “оқыту тәсілдері” деген ұғым жоқ, тек тәсілді әр түрлі саралау бар. Әдебиет спецификасын оқу пәні ретінде және көркем әдеби шығарманы оқудағы негізгі әрекетін ескере отырып, тәсілдерді саралау тізімін түсінік беру арқылы оқыту тәсілімен толықтыруға болады.

Ең алғаш рет бұл тәсілді орыс әдебиетінің әдіскерлерімен ғылыми әдебиеттанушылары қолданған. Олар түсінік беру арқылы оқыту әдеби шығарманы оқытудың негізгі және белсенді тәсілі дей отырып, бұл тәсіл мұғалім жұмысында үлкен орын алу керек деп есептеген.

Мектепте әдебиетті тиімді оқыту оқытылып отырған шығарманы, оның поэтикалық ойын толық ашып берумен байланысты болып келеді. Егер мұғалім жазушы тұлғасы мен шығармашылығына қызығушылық тудыра алмаса, ол жазушымен алғашқы кездесудің соңғы кездесуі болады.

Әдебиетті мектепте оқыту - көркемділікке жетуді қамтамасыз ететін, көркем бейне ұғымын қабылдауды ұйғаратын белсенді оқырманды қажет етеді. Мұғалім-тілші оқушыларды көркем бейне, көркем қатынас тудыратын поэтикалық ассоцияцияға терең енуді, көркем шығарманың тілін қарастыруды үйретуі керек. Ол өзінің бойында нақты көркем шығарманың жолында интерпретатор бейнесі мен әдебиетті оқыту қажет ететін тарихи - әдеби, теориялы мәліметтерді оқушыларға хабар ететін әдебиет тарихшысы бейнесін біріктіруі керек.

Қазақ әдебиеті пәнін түсінік беру арқылы оқыту орыс тілді мектептерде ерекше орын алуы керек. Орыс тілді мектеп оқушысы әдеби шығармаларда бұрын таныс емес қазақи тұрмыстың суреттелуін, түсіндіруді қажет ететін тарихи-мәдени және саяси өмір фактілерін кездестіреді.сол себепті қазақ әдебиетінің орыс мектебінде басқа ұлт тілі ретінде оқытылуы-көркем шығарманы түсінік беру арқылы оқытудың рөлін арттырады. Көркем шығарманы оқу мен талдау процесінде түсінік беру-оқушыларға мәтінді дұрыс түсінуге, көркем шығарма ойына енуге, поэтикалық өзгеше сөйлеу ойларын ашуға; оқытылып отырған шығарманың идеялық тақырыптық мазмұнын ашуға көмектеседі. Мұғалімнің түсіндіруі оқытылып отырған шығармаға қызығушылық, қабылдау эмоциясын туғызады. Шығарма тақырыбын, мазмұны, жанры байланысты тілдік құралдарды таңдауда оқушылардың қазақ тілі сабағында алған білімдерін пайдалану керек. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер тәжірбиесі лингвистикалық қиындықтарды, мәселелерді қарастыру, тілдік құбылыстар мен фактілерді қарастыру. Жазушының тілдік шеберлігін, шығармаларының өзіне тәндігін танып - білуге жол ашады. Көркем шығарма туралы түсініктер мұғалімге кешенді түсіндіру кезінде үлкен көмек береді.

Қазақ әдебиетінің түпнұсқа негізінде оқытылуы кешенді түсінік беру ұстанымы болып табылады. Оны мынадан көреміз:

- Тарихи - мәдени түсінік беру. Мұнда оқылып отырған көркем шығармада немесе ақын-жазушы өмірбаянын оқуда және орыс мектебі оқушыларына түсініксіз немесе белгісіз жағдайларда көрініс тапқан қазақ тарихы мен мәдениетінің фактілерін ашып беру;

- Географиялық - қазақ халқы тұратын географиялық (табиғи) жағдайларды (климат, рельеф, жануарлар, өсімдіктер әлемі) түсіндіру;

- Лингвистикалық түсінік беру - тілдің әр түрлі элементтерін, мағынасын шығармада қолдануын түсіндіру;

- Этнографиялық - орыс халқының тұрмысында кездеспейтін, қазақ халқының дәстүрлері мен ырымдарын, ұлттың бөлек тұрмысын түсіндіру.

Түсінік берудің жоғарыда көрсетілген барлық түрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Дегенмен, орыс мектебінде қазақ әдебиетін лингвистикалық комментарий арқылы өткізу - оқушылардың екі тілділігін есептеуді талап етеді, белгілі шамада осыған сүйенеді: орыс тілді мектеп оқушысының санасында туған тілінің логикасының жүйесі бар, ол басымды болып, екі тілдік жүйе элементтерінің араласып кетуіне әкеледі. Сондықтан лингвистикалық комментарий салыстырмалы талдау элементтерінен тұру керек екендігі диссертацияда арнайы сөз етіледі.

Қорыта айтқанда, орыс мектебінде қазақ әдебиетін лингвистикалық комментарий арқылы өткізу әдісінің маңызды екендігін айтпақпыз. Алайда оны жеке дара емес, әдебиетті оқытудың басқа түрлерімен бірлікте қарау қажеттігі ең дұрыс жол демекпіз.



«Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің жоғары сыныптарында түсінік беру арқылы оқытудың әр түрін қолданып оқытудың әдістемесі» деген тараушада орыс мектептерінің жоғары сыныптарында түсінік беру арқылы оқытудың маңызы жоғары екендігі дәлелденді. Орыс тілді мектептердің жоғары сыныптарында қазақ әдебиеті шығармаларын түсінік беру арқылы оқытудың рөлі басқаша сипатта болатыны кеңінен сөз етілді. Орыс тілді мектептің жоғары сыныптарындағы қазақ әдебиетін түсінік беру арқылы оқытудың әр түрлерін қолдану қарастырылды. Түсінік беру арқылы оқытудың түрлері: а) алдын-ала түсіндіру; б) талдау барысында түсіндіру; в) жанрлық түсіндіру. Оқытудың мұндай түрлерінің тиімділігін арттыру үшін келесі міндеттер қойылады:

- Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, музыка және бейнелеу өнері пәндерінің пәнаралық байланысын ажырату;

- Көркем шығарманы талдау негізі ретіндегі эвристикалық әңгімелесу;

- Қазақша мәтіндерді орфоэпиялық дұрыс оқуға жаттықтыру және осы негізде мәнерлеп оқуды үйрену;

- Оқушылардың екі тілді сөздікпен жекеше жұмыс жасауы;

- Түпнұсқа мен аударманы мына деңгейлер бойынша салыстырып талдау:

а) лексика-семантикалық в) интонациялық-ритмикалық

б) бейнелі-мағыналы г) синтаксистік

- Өлең мәтіндерін жаттау

- Қазақ поэзиясын әлемдік контексте үйрену.

Ақын немесе жазушының шығармасын оқыту әрқашан оның өмірін оқытудан басталады. Көркем мәдениеттің, ең алдымен, әдебиеттің ірі құбылыстарын толық меңгеру - оны құрастырушылардың рухани әлеміне енуді талап етеді. Көркем шығармада бейнеленген суреттердің терең өзара байланысын тауып, бағалау үшін, әсіресе жазушы шығармаларында бұл суреттерді көру мен тартыстарын бақылау жеткіліксіз. Мұнда сонымен қатар мәтін жолдарындағы автор дауысын ести алу керек және оның қайталанбас шығармашылық жекелігін сезіну керек.

Мұғалімнің жазушы өмірбаянын мазмұндауы - бұл жай ғана өмірді суреттеу емес. Бұл суретші өмірінің, оның шығармашылық және азаматтық қызметінің, қоғам өмірінің сипаттамасы мен прогрессивті дәстүрлі ұлттық мәдениетпен байланысты тұлғасының қалыптасуын қайта ұйымдастырып құру болып табылады. Осыған байланысты түсінік беру арқылы оқытудың толық кешені қолданылады.

С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығын оқу, білу жалпы мәселелермен біріккен және көркем шығарманы түсінік беру арқылы оқыту жүйесі түрінде құрала алады.

Шығарманы мәндік үйрену де сол шығарманы оқытудағы кіретін сабақтардың толық циклінің ортақ мәселесі, түсіндіруді қажет ететін сұрақтар түрінде де беріле алады. С.Торайғыров шығармаларының негізгі тақырыбы қандай? Ол неліктен халықты білімді игеруге шақырады? С.Торайғыров зор күшпен қазақ әдебиетіне енгізген “ішкі құлдылық” бейнесі нені бейнелейді? Ақын “ішкі кұлдылықты” жеңудің қандай жолын ұсынады?

С. Торайғыров өмірі - ерлік үлгісі. Сырттай өмірі шытырман оқиғаларға толы емес. Себебі ол аз өмір сүрді. Сондықтан оқушыларға оның өмірінің шынайы ерлігін көрсету керек. Қатты ауырғанына қарамастан, өмірінің соңына дейін халқын қараңғылықтан алып шығудың бір ғана жолын ұсынды. Ол жол - білім жолы. Осының өзі оның ерлігі мен батылдығын танытады. Осы жерде лингвистикалық түсіндіру керек: жазушыны психологиялық суреттеуге өте қажет сөздерді бөліп алып, жеткілікті деңгейде түсіндіру керек. Мысалы, Сұлтанмахмұттың шығармаларындағы құл сөзінің семантизациясына назар аударайық. Бұл сөзді ұғындыру үшін алдымен оның тура мағынасы түсіндіріледі. Содан кейін сөз мағынасы жаңа мәтіндік мысалдардың, түсіндірулердің және жаттығулардың көмегімен кеңейеді. Тура мағынадан соң оқушылар жаңа, ауыспалы мағынаны меңгереді: эгоист - молдаларға қатысты – пенделік сезімдерінің құлдары; халыққа қатысты - белгіленген тәртіпте өмір сүретін құл.

С. Торайғыров тұлғасы туралы әңгіме барысында қайсар, “рухының күштілігі” сөздері толық түсіндірілуі керек. Бұл бейнелеулер қазақша түсіндіріліп, орысшаға аударылады, содан кейін мәтіннен қарастырылады. Осылай орыс тілді мектептің оқушылары қазақтың ақын-азаматының ұлттық бейнесінің өзгешілігін түсіндіруді, ал түсіндіре оқыту өнегелілікті тәрбиелейді, эстетикалық идеал қалыптастырады. Оқушылардың қазақша сөйлеуін қалыптастырады және дамытады.

Географиялық түсіндіру ақын-жазушылардың туып-өскен жері туралы түсіндіргенде қолданылады. Мысалы, М. Жұмабаев туып-өскен Сасықкөл Петропавл облысында орналасқаны айтылады. Көл неге Сасықкөл деп аталған? Сасықкөл “сасық” деген мағананы білдіргенімен шынында өте әдемі және жайлы жер. Сондықтан, мұндай әдемі жерге көз тимеу үшін сақтанғаннан атаған. Көз тиюден сақтау үшін қымбат нәрсені басқаша атау керек деген сенім болған.

Ақын өлеңіндегі Сасықкөл - армандаған өлке, жер жаннаты. Сонымен қатар, көп қасіретті көрген жер - патша билігінің жаманшылығын көрген, кейіннен үлкен жайылымдардың бос қалуына, көлдің тазалығының ластануына әкеп соққан революциялық жағдайды көрген.

Ал, Ж. Аймауытов пен С. Торайғыров - әсем табиғаты мен қызыл тастары (Ж.Аймауытов туған Қызыл тау мекені осыдан шыққан), ақ қайыңдары және таста өсетін шыршалы ағаштары белгілі, Торайғыр көлі, Сабындыкөл көлі (су өздігінен сабынды), емдік суы бар Жасыбай көлі, Жасыбай курортымен белгілі Баянауылында туған.

Ақын-жазушылар өмірін оқытқанда этнографиялық түсіндіруді қолдануға болады. Мысалы, М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын өткенде, оның Қазақстандағы алғашқы ғалым-педагог екенін айтумен қоса, ұлттық әдет-ғұрып, мінез-құлық жөнінде де құнды пікірлер қалдырғанын айта кеткен жөн. Ғалым өзінің “Мектеп және оның бағыттары” атты публистикалық мақаласында: “Жаңа мектепті құрушылар, қазақтардың мінезінің және әлемді қабылдауының ұлттық ерекшелігін міндетті түрде ескертуі керек”, - дейді [12,41]. Сонымен қатар орыс тілді мектептерде қазақтың лирикалық поэзиясын оқыту оқушыларды мемлекеттік тілге үйретудің ұтымды әдісі болып табылады. Егер мұғалім оқушыларды тебіренте алса, поэтикалық бейнелердің шынайы тереңдігін ашып берсе, суреттелгенді автормен бірге сезуге көмектессе, поэзияда өзінің ойы мен сезіміне жауап табуға көмектессе - лирикалық шығарманың тереңдеріне оқушыны бойлатқаны болып табылады. Осы ретте мұғалімнің белгілі бір қаламгер шығармасын оқушылардың толық қабылдауы үшін тарихи-тұрмыстық, этнографиялық, лингвистикалық мәліметтермен таныстыруы аса қажет екендігі осы тараушада кеңінен сөз етілді.



«Қазақ әдебиеті пәнінің әдістемелік әдебиетінің талдауы» атты тараушада С.Торайғыров, Ж.Аймауытов және М.Жұмабаев шығармалары көрініс тапқан бағдарламалар, оқулықтар, қазақ әдебиеті хрестоматиясы, яғни ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау мәселесі қозғалады. Орыс тілді мектептердегі қазақ әдебиеті оқулықтары қарастырылып, оларға терең талдаулар жасалды. Ө. Әбдиманұлы, С. Дүйсебаев. Р. Зайкенова, Х. Адибаев, Б. Жетпісбаева., Ф. Оразбаева, С. Мақпырұлы, Т. Тебегенов, Н. Әбілқасымова , Б.Әрінова, т.б. әдіскер-ғалымдардың авторлығымен шыққан бағдарламалар мен оқулықтарға талдаулар жасалды. Бұл авторлардың берілген нұсқаға ғылыми негіз беру талпынысы (педагогика және әдебиеттану ғылымының қазіргі жетістіктеріне; берілген жас шамасы психологиясына сүйене отырып) және берілген нұсқаға республикада пәнді оқыту шарттарын тіркеу; көп жылғы еңбек тәжірбиесін жалпылау; мектеп тәжірбиесінде бағдарламалар мен оқулықтарды тексеру нәтижелері кіреді.

Жоғарыда аталған авторлардың орыс тілді мектептер үшін дайындаған бағдарламалары мен оқулықтарына, хрестоматияларға жасалған талдау мынандай шешу жолдарын қарастыруды қажет етеді:

- бағдарламалар және қазақ әдебиеті оқулығындағы ақын-жазушылардың шығармашылығы ықшамдалған түрде қарастырылған. Сондықтан мұғалімге мүмкіндігінше басқа да нақты-методикалық тапсырмалары бар өзге оқулықтарды пайдалануына болады; сабақ барысында нақтылы-методикалық мақсаттарын шешуде вариациялық және шығармашылық мүмкіндіктерді пайдалану қажет;

- орыс мектептерінде қазақ әдебиеті мен хрестоматиясының аудармасы түпнұсқасымен сәйкес келмейді, оқулықтар мен хрестоматияның тарауларында Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтың шығармаларын оқытуда мәтінге ешқандай түсініктеме берілмеген, көркем аударманың авторлары көрсетілмеген, түпнұсқадағы сұрақтар мен тапсырмалар.

- бақылау оқулығына анализ жасау кезінде бір оқулықтар өмірі мен шығармашылығы және туындыларын, методикалық аппаратын тек қазақ тілінде, ал кейбіреуінде тек орыс тілінде берілген.

Біздің көзқарасымыз бойынша, нағыз оптимальді вариант түпнұсқа мен аударма қатысқан кезде, шығарманың анализі орыс тілінде берілуі керек. “Қартқожа”, “Ақбілек”, “Қамар сұлу”, “Батыр Баян” сияқты шығармаларға қазақ мектептерінде оқитындар үшін де анализ жасау оңай емес. Сонымен қатар қазақтың ақын-жазушылардың шығармаларын оқытқанда мәнерлеп оқу, түсінік беру арқылы оқытуды және оның әр түрі қолданылуы керек.

Қазіргі таңда мұғалімге оқушыны жұмысқа тез қатыстыруға көмектесетін, жалпы сабақты ұйымдастыруға, оқушылардың өзіндік жұмыстарын жетілдіретін және оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор болатын оқулық өте қажет. Тәрбиенің осы функцияларын қамтыған оқулық, мұғалімнің сыныппен жұмыс жасауына жағдай туғызатындығы баяндалады.



1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет