Әож 377-057. 21 Баекова Гүлшат Серікбайқызы оқытушы Өтегенова Гүлзат Амандыққызы оқыушы, заң ғылымдарының магистрі



жүктеу 66.47 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі66.47 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ӘОЖ 377-057.21
Баекова Гүлшат Серікбайқызы оқытушы

Өтегенова Гүлзат Амандыққызы оқыушы, заң ғылымдарының магистрі

Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

2012 жылдың 5 қыркүйегінде Астанада «Назарбаев Университетінде» Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан білім жолында» - атты тақырыпта интерактивті дәріс өткізді. Дәріс өткізу барысында Президент болашақ жастардың біліміне басты назар аудару қажеттігін айтқан болатын.

Елбасымыздың ерекше назар қойған тақырыптарының бірі – жалпыұлттық білім беру жүйесін жақсырту, білім алу сапасын көтеру және жоғары технологиялар саласын дамыту болды. Сондай-ақ Елбасы жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің инновациялық-интеллектуальдық потенциалын арттыру керектігі жайлы да сөз қозғады және оны индустриалды-инновациялық кластерге айналу керектігіне де тоқтады. Елбасының осы ретте ұтымды ұсыныстары, жастардың өмір талабына сай білім алып, оны ертеңі үшін тиімді пайдалануы ортақ міндет екендігін еске салғаны – көпшіліктің көңілінен шықты. Елбасының аталмыш дәрісі – Қазақстан жастарын білімге шақырып, «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халық нақылын алға тартып, жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, салауаттылыққа, жетістікке деген ұмтылыс, өмірге құштарлық және жаңа идеяларды жүзеге асыруға бағытталып отыр. Елбасының «Инемен құдық қазғандай», қиын да күрделі орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін, «Білімсіз - өмір тұл» - деген сөздері білім саласы қызметкерлеріне аса үлкен жауапкершілік жүктейді [1].

Инновация ағылшын тілінде жаңаны енгізу, жаңаша бастау деген ұғымды білдіреді екен. Сөздің кең мағынасында алғанда ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибеге негізделген техника мен технологияларды және еңбекті ұйымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге енгізу болып табылады. Ал инновациялық қызмет сөзіне «елдегі жинақталған білімді, технологияларды, құрал-жабдықтарды коммерцияландыру, яғни пайда табу бағытында шоғырландыру» деген анықтама берілген [2,303 бет].

Демек, инновациялық жүйе дегеніміз мемлекеттің макроэкономикалық саясатынан бастап, венчурлық (тәуекелді) бизнесті, шаруашылық қызметінің көптеген түрлерін, ақыл-ой мен қаржы инвестицияларын, кадрлар біліктілігін, елдің білімі мен кәсіптік деңгейін, инновациялық құрылымдар мен технологияларды және басқа да көптеген мәселелерді қамтитын тұтас бір дүние.

Университет – білім ордасы, өнеге ұясы. Жақсы, білікті маман даярлап шығу өз алдына, университет атына кір келтірмейтін, адамгершілігі мол азамат даярлап шығару басты парызымыз. Ең біріншіден, студенттердің жан дүниесін рухани әлемін байыта отырып, олардың бойына ұлттық болмысты, салт-санамызды, ел мен жерді сүюді сіңіре білуіміз қажет. Нарыққа бет бұрдық, заман, адам, қоғамдық сана көп өзгерістерге түсті. Сондықтан тәрбие мен білім жүйесіндегі ішкі механизмдерді білу керек.

Қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жоғары кәсіби білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ел экономикасының тұрақтылығы үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамытуға қол жеткізу бағытында кешенді жұмыстар жасап келеді. Біздің университет болашақ маманның білім алу кеңістігіндегі жаңалыққа ұмтылысын қамтамасыз ету мен білім алуы үшін қолайлы жағдай жасауда.

Осы мақсатта оқу ордасы Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдаулары мен еліміздің білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ұдайы назарда ұстап келеді. Бұған қоса, Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты бағдарламалық бағдарламасы мен жоғары аталған «Қазақстан – білім қоғамы жолында» тақырыбындағы интерактивті дәрісі бізден зор жауапкершілікті талап етеді. Осы орайда университет ұжымы ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктерге жету жолында барынша басымдықпен жұмыс атқарып келеді [3].

Жалпы, университет отандық ғылымды дамыту мен жастардың ғылыми әлеуетін жоғарылату мақсатында да ауқымды істерді жүзеге асыруда. Соның бір көрінісі, университеттің оқытушы-ғалымдары инновациялық жобалардың гранттық қаржыландыруы негізінде ұлттық ғылыми кеңестің шешімі бойынша 10 грантты жеңіп алды. Бұл да болса университет ғалымдарының 75 жылдық мерейтойға жасаған үлкен сыйы. Негізі бүгінде елімізде жалпы білім беретін мектептерді 12 жылдыққа көшіру мен көптілділікті меңгеруге айрықша көңіл бөлінуде. Осы орайда, біздің университет болашаққа сол салаларға қажетті педагог-мамандарын дайындау ісін қазірден бастап қолға ала бастады.

Сондай-ақ университетімізде кәсіби білікті жас мамандар тәрбиелеп шығару мен олардың белгілі бір орынға тез сіңісіп кету жолында да атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер: еңбек пен ізденіс, жаңалықтар мен өзгерістер – университет өмірінің айнасына айналуда.

«Құқықтану» мамандығының құрылғанына үстіміздегі жылы 20 жыл толып отыр. Заман талабы сол – аз уақытта көп жұмыс жасап үлгеру керек. Алдымызда тұрған міндет, бітірер жұмыстар аз емес. Университеттің материалдық та, оқу-әдістемелік те базасын нығайту, маман-кадрлар құрамын ғылыми дәрежесі бар оқытушылармен толықтыру, өз студенттерімізді табу, оқу-тәрбие жұмысын қазіргі өскелең талаптарға сай ұйымдастыру, қосымша қаржы көздерін қарастыру секілді істер жетерлік. Осы орайда университетіміздің «Құқықтану» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамының нәтижелі, оңды істерін атап өтуге болады. Аталған кафедра 2002 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Кафедрада 1 профессор, 3 доцент, 5 заң ғылымдарының кандидаты және 17 заң магистрі еңбек етеді. Осы жылдары университет кафедрасының материалдық-техникалық базасы нығайды. Кафедраның сот залы, полигоны мен криминалистикалық зертханасы, мультимедиялық кабинеттері мен компьютерлік кластары бар, яғни студент-жастарға сапалы білім, арнайы тәрбие алуға барлық жағдайлар жасалынған.

Кафедраның профессор-оқытушылары студенттерге оқитын лекцияларын мазмұнды да тартымды өткізуге талпынуда. Ол үшін олар ғаламтор-интернет технологиясының, мультимедиялық кабинеттер мен компьютер кластардың, сондай-ақ кафедраның ғылыми зертханалары мен интерактивті тақталардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануда.

Сонымен бірге университет кафедрасы теориялық білім мен практиканы берік ұштастыру, жаңа біліктілікті меңгеру бағытына да аса мән беріп отыр. Біздің студенттер мемлекеттік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес аймақтағы құқық қорғау органдарында өндірістік практикадан өтуде.

Дана халқымызда «Ғылым-теңіз, білім-қайық» деген қанатты сөз бар. Жастарға ең алдымен сапалы кәсіптік білім керек. Сол білімнің арқасында олар жетістікке жетіп, еліміздің де дамып, өркендеуі анық. Басты мақсат – оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттық, пәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік униерситетінің оқытушылары мен студент жастарының ұйымы мемлекет пен Президенттің саясатын толығымен қолдай отырып, Елбасының тапсырмаларын орындау және жоғары кәсіптік білім беру жүйесі алдына қойыған міндетті жүзеге асырудың әрекет ету бағдарламасы ретінде қабылдайды. Бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асыра отырып, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп, олардың бойына адамгершілік қасиеттер мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру біздің негізгі мақсатымыз болып табылады. Себебі, жастар – еліміздің ертеңі демократиялық үдерістердің жарқын болашағының кепілі. Міне, сондықтан да жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің артуына, саналы құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруына, өмірлік қағидасы күшті, рухты болып бекітілуіне көңіл бөлу барлығымыздың алға қойған мақсатымыз болуы керек. Сол себепті қоғамға ең керегі – елдің ертеңіне деген сенімі мен үміті.

Әрбір Қазақстан азаматы тәуелсіз мемлекетіміздің дамып, әлемдік өркениетке қосылуына, экономикасы қуатты елге айналуына аянбай еңбек етуі шарт деп есептейміз, ел халықтың жарқын болашағы үшін кемелді істерді атқаруға жұмыла кірісу – барша қазақстандықтардың абыройлы борышы болмақ.

Әрбір Қазақстан азаматы елге айналу, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру мақсатындағы іс қимылды біз өзімізден бастауымыз қажет. Еліміздің индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру ел болашағы үшін бірінші мәселе. Егер, әрбір азамат өз мүддесін мемлекет мүддесімен ұштастырып, ел әлеуетін арттыру, әлеуметтік жаңғырту халықтар бірлігін нығайту жолында еңбек етсе, егемен еліміздің алмайтын асуы, бағындырмас биігі болмайтындығына бек сенімдіміз. Себебі, ұлтымыздың Ұлы тұлғасы – сөз бен істің бірлігінің біртұтас белгісі.

Біз де еліміздің білімі мен мәдениетін одан әрі өркендету ісіне, мемлекетіміздің келешегінің кемел болуына барлық қажыр-қайратымызды жұмсаймыз деп сендіреміз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан білім жолында» - интерактивті дәріс. 05.09.2012ж.

2. Инновациялық білім беру үрдістерінің мәні, түрлері және құрылымы // Ізденіс. Алматы, - 2005. № 3 (2). – Б.303-306.

3. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына: 20 қадам» // Ақиқат журналы, - 2012. - №8


Резюме

1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан білім жолында» - интерактивті дәріс. 05.09.2012ж.

2. Инновациялық білім беру үрдістерінің мәні, түрлері және құрылымы // Ізденіс. Алматы, - 2005. № 3 (2). – Б.303-306.

3. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына: 20 қадам» // Ақиқат журналы, - 2012. - №8

Summary

This article considers the main aim of the educated universities which is to train the educated and highly skilled specialists, and forming of personality who is able to survive in modern society and to respond to all its changes. The actual problems of the contemporary pedagogy is to get education corresponding to the world educational standards, to improve the quality of professional training, to perfect the scientific methodological system and methods of teaching and to ensure the continuity of educational process. The wide use of research, computer, project and other kinds of innovations are noticed at all stages of educational process. Most of them cannot have positive influence on the comprehensive educational process due to the lack of techniques and weak theoretical principles. Nevertheless the listed examples prove the necessity of a renewal of old paradigms by new methods in higher educational institutions.


1. Баекова Гүлшат Серікбайқызы оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

8 705 522 05 82

Өтегенова Гүлзат Амандыққызы оқытушы, заң ғылымдарының магистрі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

8 777 271 74 82


2. Авторлар: Баекова Гүлшат Серікбайқызы, Өтегенова Гүлзат Амандыққызы

Тақырыбы: Кәсіби білікті мамандар даярлау – заман талабы


3. Секция. Толеранттылық: Оқыту және тәрбие



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет