ӘӨЖ. 378. 016. 02: 004. 9(574) компьютерлік бағдарламалау тілдерін оқыту әдістемесі



Дата27.04.2016
өлшемі42.14 Kb.
ӘӨЖ. 378.016.02:004.9(574)

КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Пердебаева Э.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.
Ғылыми жетекшілері: Медетбекова Р.Ә. – ф.м.ғ.к., доцент, Бүркіт Ә.Қ. – аға оқытушы
Алгоритмді және алгоритмдеуді оқытқанда алдымен, алгоритм терминінің шығу тарихына тоқталған жен. Алгоритм сезі IX - ғасырда өмір сүрген Орта Азиялық ұлы ғалым, математика Әл-Хорезмидің есімімен тікелей байланысты. Ол кісінің арифметикаға және теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешуге қатысты «Әл-жебр ва мукабалама» деген ұлы еңбегі болған. Бұл жұмыста теңдеуді шешу үшін белгілі әдіс-тәсілдерді кезең-кезеңімен орындау кректігі баяндалған. Ал алгортм легеніміз белігілі бір нәтижеге жету үшін арнайы кезеңдерді орындау реті дегенді білдіреді. Сонымен Әл-Хорезми сөзі латынша Algorithmi деген сөз екен. Алгоритм программа құрудың әліппесі болып табылады. Алгоитмнің блок-сүлбесіне мысалдар келтіріп, оқушыларға түсіндіру керек.

Бағдарламалау тілі мұғалім мен оқушының есепті шығару құралы. Көптеген есептер осы арнайы жазылған бағдарламалар көмегімен орындалады. Бағдарламалау тілінің мынадай кең тараған түрлері бар: Бейсик, Паскаль, Дельфи және т.б. Бағдарламалау тілі тарихы. 1954 жылы математикалық формулаларды (FORmula TRANslator) машиналық кодқа түрлендіруге арналған алғашқы бағдарламалық тіл - Фортран жобасы жасалды. 1960 жылдар математикалық және ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған Алгол-60 тілі жазылды. Одан кейінгі жылдары экономикалық есептерді шығаруға арналған Кобол (Comman Bussinness – Opiented Language), Корал, Бейсик (BASIC – Beginners All-pyrpose Symbolic Instruction Code) тілдер, APL (A Programming Language), ЛИСП тілдері жасалды. Сосын Р1/1 (Programming Language), PL/M, PL/Z, MPL (Multyporpose Programming Language) бағдарламалары дайындалды. Микро ЭЕМ-де Паскаль (Philips Automatic Seguence Calculator - PASCAL) тілі кең қолданысқа ие болды [1-7].

Қазіргі кездері VISUAL BASIC, DELPHI тілдерінің ролі айрықша орын алуда.

ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ СҮЛБЕСІ



1946- Планкалкюль

Қысқаша код

Ассемблер

1951-А-0

1953Автокод 1955Жылдам кодтау

1956-А-2

1957-Флоу-мәтик, ИПЛ-1

1958-Мат-Мәтик, Фортран

1959-Алгол-58

1960-АПТ, ЛИСП, Кобол, Бейсик, Алгол, -60, Джовиал

1964-ПЛ/І Бейсик

1965-Алгол-\Ү

1967-Лого

1968-Алгол-68

1969-АПЛ

1970-Паскаль

1971-Форт

1972-Пролог, Си

1979-Ада

1980-Смолтак

1981-Модула

1994-Delphi 1.0

1995- Delphi 5.0

2001-Delphi 6.0

Бейсик тілін оқыту әдістемесі. Бейсик тілі АҚШ-та 1960 жылдары алғашқы үйренушілер үшін жасалынды. Бейсик сөзі ағылшынша Beginner All purpose Symbolic Instruction Code (BASIC) - қазақшасы көпшілікке қолдануға арналған тіл.

Мектеп информатика курсында компьютерде Бейсик тілі қолданылады. Бұл үйренуге өте жеңіл тіл. Өйткені 10-15 нұсқаулар мен операторлардан тұрады. Мұғалім оқытушы бағдарлама жасауда тиімді пайдалануына арналған, әрі бұл тіл арқылы сұхбаттық түрде жұмыс істейді.

Паскалъ тілі. Паскаль тілін Н.Виртом жазды. Бұл бағдарламалауды үйретуге арналған мүмкіндігі мол тіл. Сосын мектептерге Турбо Паскаль тілдері енгізілді. Турбо паскальдің 5.5, 6.0, 7.0 түрлері кәсіптік бағдарламалау тілдері болып отыр.

Қазіргі кезде ІВМ (Internationall Business Machiness - стандартная деловая машина) фирмасы жасаған дербес компьютерлерде кең қолданылады.

Есептеу қуралдары: Көпшілік авторлар сұхбатты есептеу құралы ретінде электрондық кестені қолдану керек деп санайды. Бірақ бұл формуланы ұяшықтарға жазуды талап етеді, оның үстіне бұл жүйені меңгеру мен т.б. жұмыстарда тиімсіздік танытады. Дәл осы оқулықтың 98-бетінде диалоггты режимді Бейсиктен бастау қажет делінген. Бейсиктің ролі айрықша екендігі бәрімізге белгілі, ейткені ол меңгеруге оңай қарапайым тіл. Бейсик тілі қаншалықты ескіргенімен, келешекте қолданылмағанымен де біз осы тіл арқылы есептеу жүргізу тәсілдерін үйренуіміз қажет.

Оқыту әдісі мен түрлері. Сұхбат бұйрықтарын меңгеру тікелей формуланы қолдана отырып, практикалық есептеу арқылы жүзеге асады. Алдыменен мұғалім нұсқау дайындап алып, оның бір үлгісін оқушыларға компьютерде орындап керсетеді. Содан кейін оқушылардың барлығы зертханалық жұмыстарды орындауға көшеді. Бұл тілді калькулятор ретінде де қолдануға болады. Тақтаға қажетті терминдерді, бұйрықтарды, кілтті сөздерді жазып мысалдар келтіру керек. Атап айтқанда, енгізу, шығару, арифметикалық операциялардың орындалу барысын, «түбір», «тригонометриялық» функциялардың және т.б. Бейсик тілінде жазылу үлгілерін көрсеткен жөн.

Сонымен бірге, оқушылар үйге тапсырмаға өздерің тұрған бөлмелеріңнің ауданын есептеңдер деген тапсырма беруге болады.

Білімді жалпылау. Оқушылардың алған білімін қорытындылау сұрақтар әзірлеу керек.

оқушыны тәрбиелеу мақсаты. Бұл мақсатта мектеп информатика курсының мақсаттарымен қатар қарастырылады. Оның негізгі бағыты информациялық мәдениеттің компоненттері этикалық және эстетикалық тәрбие беруді қалыптастыру.
Әдебиеттер

1.Р.Ә.Медетбекова. Информатика. Шымкент, 2012. –Б. 450-451.

2.Ә.Қ.Бүркіт. Компьютерді басқару технологиясы. Шымкент, 2010. –Б. 565-567.

3.Ә.Қ.Бүркіт. Информатиканы оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі. Электрондық кітап. Астана, 2006.

4.Ә.Қ.Бүркіт. Информатиканы оқыту әдістемесі. Электрондық кітап. Астана, 2007.

5.Ә.Қ.Бүркіт. Информатика. Электрондық кітап. Астана, 2008.



6.Ә.Қ.Бүркіт. Бағдарламалау тілдері. Электрондық кітап. Астана, 2009.

7.Ә.Қ.Бүркіт. Алгоритм. Электрондық кітап. Астана, 2010.
Каталог: repository -> repository2012
repository2012 -> Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы
repository2012 -> Әож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында тапанова сәуле есембекқызы қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
repository2012 -> Махсат Алпысбес
repository2012 -> Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар
repository2012 -> Қаржаубай Сартқожаұлы, тарих ғылымының кандидаты, доцент, түрколог байырғы түркі «Ж» фонемі қАҚында
repository2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
repository2012 -> Қ. Т. Қозыбаев, М. Н. Иманқұл Wimax технологиясы
repository2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет