Әож 378. 14. 016. 02 Ќолжазба ќ±ќыѓында



жүктеу 0.81 Mb.
бет3/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.81 Mb.
түріАвтореферат
1   2   3   4
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде
Болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді қолдануға даярлығының құрылымдық-мазмұндық моделі




Компоненттер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

1

Мотивациялық

-Өзінің кәсіби шеберлігін ақпараттық -компьютерлік технология бойынша дамытуға талпынуы

- ақпараттық-компью терлік және математи калық модельдеуге қызығушылық таныту



-Кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы

-Ақпараттық және компью-терлік технология бойынша инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы

-Ақпараттық жүйелерді модельдеу, компьютерлік модельдеу туралы мотивтер

-Мультимедиялы технология-ларды қолдануға ұмтылуы



2

Мазмұндық

-Өзінің ақпараттық және компьютерлік технология бойынша сауаттылығы

- ақпараттық-компью терлік және математи калық моделдеу туралы білімдер жүйесі





-Педагогикалық іс-әрекет теориясының кәсіби біліктілік тұрғысындағы негіздерін білуі

-Барлық мүмкіндіктерді ескере отырып инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болғандығын сезінуі

-Ақпараттық жүйелерді модельдеуді, компьютерлік модельдеуді түсінуі

- Мультимедиялы технология лар туралы түсінік

-Пән сабақтарында компьютерлік модельдеуді қолдану керектігін түсіне білуі


3

Іс-әрекеттік

-Өзінің кәсіби іс-әрекетін инновациялық тұрғыда меңгеру

-Ақпараттық-компьютер лік және математикалық модельдеуді қолдану іскерлігі



- Ақпараттық және компьютерлік технология негізінде іс-әрекетін инновациялық тұрғыда шеше алуы

-Ақпараттық жүйелерді модельдеуді меңгеру

- Компьютерлік модельдеуді игеруі

- Мультимедиялы технология ларды қолдана алуы

- Пән сабақтарында ақпараттық-компьютерлік модельдеуді қолдану мүмкіншілігін меңгеруі

Сонымен, болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді қолдануға даярлығы: мотивациялық құндылықтарды; мазмұндық және іс-әрекеттілік сияқты көрсеткіштерді қамтиды.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, білік, дағды, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтижелері құралады.

Модельдің негізінде біз әртүрлі көрсеткіштерді сипаттайтын деңгейлерді (төмен, орташа, жеткілікті, жоғары) анықтадық.



Төмен деңгей: Кәсіби шеберлігінде ақпараттық және компьютерлік технологияны қолдануға талпынысы жеткіліксіз, инновациялық іс-әрекетке құлқы жоқ, ақпараттық жүйелерді модельдеу, компьютерлік модельдеу іс-әрекеті төмен, мультимедиялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін біле бермейді. Осы ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігін қалыптастырудың төмен деңгейімен байланысты іскерліктер:

-белгілі бір информатикалық ұғымдардың анықтамаларын, ережелерді біледі, бірақ ақпараттық-логикалық тұрғыдан талдай алмайды;

- оқулықтағы оқу материалының тарауын, пунктін логикалық-
дидактикалық тұрғыдан талдай алмайды;

- объектілер мен құбылыстарға байланысты мәселерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу арқылы шешуді іздестіруді ұйымдастыра алмайды;

- қарапайым мультимедиялық, электронды көрнекі құралдарды дайындай алмайды;


  • нақты кәсіби ақпаратты оқып үйрену үшін, қажетті әдебиетті және Интернет сайтын таңдай біледі;

Орта деңгей: Кәсіби шеберлігінде ақпараттық және компьютерлік технологияны қолдануға талпынуы тұрақты емес, инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігіне мән бере бермейді, ақпараттық жүйелерді модельдеу туралы түсінігі бар, бірақ меңгеруі орташа. Компьютерлік модельдеу туралы туралы қабілеті бар, бірақ ішінара қолданады. Мультимедиялық технологияларды қолдану туралы талпынысы бар.

Болашақ мұғалімінің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігінің қалыптасуының орта деңгейі әдістемелік немесе оқу-таным іс-қимылының орындалу мақсаттарын саналы түрде түсінуі, оны орындауда белгілі бір нұсқауға, үлгіге сүйенуі болып табылады. Осы ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігін қалыптастырудың орта деңгейімен байланысты іскерліктер:

-белгілі бір информатикалық ұғымдардың анықтамаларын, ережелерді, алгоритмдерді, модельдерді, ақпараттық мазмұнды есептерді ақпараттық-логикалық тұрғыда талдай алады;

- оқулықтағы оқу материалының тарауын, пунктін логикалық-


дидактикалық түрғыда талдай алады;

- ақпараттық мәселелерді модельдеу арқылы шешуді іздестіруді ұйымдастыра біледі;

- информатикалық ұғымдарды қалыптастыру, информатикалық тұжырымдарды дәлелдеу, белгілі бір ережені қалыптастыру немесе модель құру үшін қажетті есептерді таңдап алып, оларды тиімді пайдалана алады;


  • анықтамалық құралмен, кестемен және басқа да дидактикалық материалмен жұмыс істей біледі және оған білімгерлерді үйрете алады;

  • оқушылардың білімін тексеру мақсатында сұрақтар жүйесін, өз
    бетімен орындайтын және бақылау жұмыстарының тапсырмаларын құра біледі;

  • білімгердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модель құру жұмыстарын тексеріп, бағалау және олардың нәтижелерін талдай алады;

- ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдердің дәптерге
жазылу мәдениетін және компьютер үшін бағдарлама құра алады.

Жеткілікті деңгей: Өзінің кәсіби шеберлігінде ақпараттық және компьютерлік технологияны барынша қолдануға талпынуы тұрақты, инновациялық іс-әрекетке ұмтылысы ұдайы еркін көрінеді, ақпараттық жүйелерді модельдеу, компьютерлік модельдеуді, мультимедиялы технологияларды қолдана алады.

Жеткілікті деңгей - қалыптастырылған жекелеген, кейде тіпті ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігінің толық бір кешенін жаңа нысанға, оқу материалының неғұрлым ірі блогына (модельдеу әдісіне, тақырыпқа, ақпараттық мәселелердің типтеріне, т.б.) көшіре білуі. Мұндай көшіру көбінесе жалпы ұсыныстарды пайдалану жолымен, оның мақсатының мағынасын түсіну негізінде жүзеге асады.

Болашақ мұғалімнің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігін қалыптастырудың жеткілікті деңгейіне сәйкес келетін іскерліктер:


  • нақты ақпараттық оқу материалын оқыту мақсатын анықтай білу;

  • осы мақсаттың негізінде оны логикалық-дидактикалық түрғыдан
    талдау (өзекті материалды, тақырыптың негізгі идеясын анықтау,
    модельдерді типке бөле білу және т.б.);

- нақтылы материалды (тақырыпты, математикалық және ақпараттық модельдерді, т.с.с.) не үшін оқып-үйрену қажет екендігін негіздей білу;

  • оқу мақсатын айқын қою және оған сәйкес келетін іс-қимыл мен
    амалдарды іріктеп ала білу;

  • оқушылардың іс-әрекетін үйымдастыра білу және оқу үдерісінде
    оны басқара білу;

  • ақпараттық-логикалық талдау негізінде тақырыптың күнтізбелік жоспарын жасай білу;

  • қарапайым мультимедиялық, электронды көрнекі құралдарды дайындай білуі;

  • оқушылардың жауаптарын талдап, оны әділ бағалай білу.

Жоғары деңгей: Болашақ кәсіби іс-әрекетінде, инновациялық іс-әрекетінде ақпараттық-компьютерлік технологияны, ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді еркін қолдана алады, мультимедиялы технологияларды қолданып, бағдарламалық құралдарды жасай алады.

Жоғары деңгей - жоғары дамыған ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігі, ол мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тек мақсаттарын ғана емес, сонымен бірге оның мотивтері мен құралдарын таңдай білуімен анықталады. Бұл деңгейде нақты педагогикалық ситуацияға сәйкес әртүрлі оқу-әдістемелік құралдар мен ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді пайдалана білу іскерлігі тән болады.

Болашақ мұғалімнің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іскерлігін қалыптастырудың жоғары деңгейі алдыңғы қалыптастырылған іскерліктердің барлық деңгейлерін де дамытады және арнайы пән бойынша кез-келген оқу материалын оқытуда жүзеге асырылады, яғни:


  • логикалық-дидактикалық тұрғыдан мектеп оқулығын талдау, сол
    сияқты белгілі бір ақпараттық идеялардың, бағыттардың сол оқулықта қалай жүзеге асырылғандығын талдай білу;

  • курсты, пәнді, нақты тақырыпты, оқыту мақсатын анықтау, сол
    мақсаттарға қол жеткізу жүйесін құра білу;

- оқытудың мақсаттары мен нақты жағдайларына байланысты
ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге оқыту әдістемесінің бірнеше нұсқаларын жасай білу.

Осы келтірілген деңгейлерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде қалыптастыру үшін теориялық және практикалық даярлық жүйесі қажет. Ол арнайы мамандық пәндер циклі арқылы қамтамасыз етіледі.

Білім, жалпы кәсіби, техникалық арнайы болып бөлініп, кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Ол жалпы мектептерде, гимназия, колледждерде, жоғары оқу орындарында беріледі. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, ісшаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру керек.

Іс-әрекет - әрекеттен, операциядан, қимыл-қозғалыстан тұрады. Бұл үдерістің орындалып, игерілуі қажет. Игеру – қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, бекіту, жүзеге асыру, қолданудан тұрады. Барлық үдеріс байланыса орындалған соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іс-әрекетінің негізі болатын логикалық құралдарды қалыптастыру және оны дамыту — мамандық пәндерді оқытудың басты құралы.

Оқыту үдерісінде студенттердің кәсіби белсенділігін арттыру мәселесі соңғы кезде жалпы бағытта кең мағынада қарастырылып келеді. Арнайы пәндерді бұл әдіспен оқыту, ақпараттық-логикалық ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін ескермей, жалпы белсенділікті қамтамасыз етуді оқыту екендігі белгілі. Сондықтан болашақ мұғалім пәндердің өзіндік ерекшелігін ескере отырып қамтамасыз етілетін белсенді оқыту білігін меңгеруі қажет. Белсенді оқытуды қамтамасыз ету мақсатында оның әдістемесін жасау үшін ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің құрамын, құрылымын анықтау қажет болады.

Білімгер қандай да бір ақпараттық модельдеу іс-әрекетін қаншалықты жүзеге асыра алатындығы мен соған сәйкес мұғалімнің оқыту іс-әрекеті қандай болу керек екендігін анықтау үшін білімгердің ойлау деңгейі мен біздің оны үйретуге тиісті ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу іс-әрекетінің деңгейін анықтауымыз керек. Осы деңгейлерді салыстыру арқылы студенттің ойлау әрекетін қажетті ақпараттық деңгейге жеткізу үшін мүғалімнің қандай көмегі қажет болатындығын анықтауға болады, немесе деңгейлердің арасындағы алшақтық аса үлкен болса, оқытудың бүл кезеңінде қол жеткізілуге тиіс ақпараттық модельдеу іс-әрекеті деңгейін төмендетуге тура келеді.

Пәндерді оқыту теориясын құру үшін ең алдымен ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің моделін құру керек. Әдебиетте ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің негізгі үш жағын қамтитын әртүрлі моделі бар; 1) нақты жағдайды ақпараттық түрде сипаттау, немесе эмпирикалық материалды ақпараттандыру әрекеті; 2) оқу материалын логикалық ұйымдастыру; 3) ақпараттық модельдеу теориясын қолдану. Бұл модель шынайы ақпараттық модельдеу әрекетін бейнелейді.

Ақпараттық модельдеу іс-әрекетіне үйрету информатиканы және мамандық пәндерді белсенді оқыту. Сондықтан болашақ мұғалім оқушыны дайын материалды жаттатпай, ақпараттық модельдеу шындығын ашуға, ақпараттық материалды тәжірибе жолымен логикалық түрғыда ұйымдастыруы, сөйтіп теорияны әртүрлі нақтылы жағдайларда пайдалануға үйретуі тиіс. Болашақ мүғалім оқытудың әртүрлі кезеңіндегі ақпараттық моделдеу іс-әрекетінің тиімді өзара қатынасын анықтауды үйренуі тиіс. Ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің бірінші және үшінші кезеңі (жағдайды модельдеу және теорияны қолдану) екінші кезеңге (теорияны логикалық құру) қарағанда ғылыми зерттеуде де, әсіресе оқыту үдерісінде аса маңызды. Мұғалімнің ақпараттық модельдеуге оқыту әдісі осы үш кезеңнің бір түрінен екіншісіне ретін сақтай отырып жүйелі түрде көшуі керек.

Жоғары білім беру стандарттарында болашақ мұғалімнің іскерлігіне қойылатын жалпы талаптардың негізінде пән мұғалімінің білігіне арнайы талаптар қойылады.

Сондықтан біз білімді ақпараттандыру барысындағы болашақ мұғалімді кәсіби мамандыққа АКММ негізінде дайындаудың кешенді жолдарын ұсынамыз. Біздің көзқарасымыз бойынша, мұғалім мына дайындықтарды меңгерген болуы қажет:

- қоғамды ақпараттандыру үдерісінің мәнін, әлеуметтік алғы шарттары мен салдарын түсінетін;

- жеке тұлғаға ақпараттандыру үдерісінің әртүрлі аспектте әсер етуін талдай білетін;

- информатика ғылымының пән ретінде дамуындағы мәнін қарастыра алатын;

- білімдегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеудің орны және оны пайдаланатын орталар мен оның нәтижесін болжай алатын;

- ғылыми прогрестің дамуындағы информатика ғылымының қалыптасуын, алатын орнын түсінетін;

- мектеп бағдарламасындағы информатика пәнінің орны мен ролін және оның оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін түсінетін.

Ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу мәселелері бойынша студенттердің қабілеттілігінің және біліктіліктерінің, білімдерінің мазмұны, оның құрылымдық мазмұнына және оның болашақ кәсіби – педагогикалық жұмыстарына тәуелді, өйткені шығармашылық әрекет үшін ақпараттық технология негізінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу мәселелері бойынша психологиялық- педагогикалық дайындық жүйесінде алынған методологиялық білімдер және білімді ақпараттандыру жөніндегі қабілеттілігі мен біліктілігі алынады.

Обьектілі – бағдарлы бағдарламалау (ОББ) – негізінде объект ұғымына жататын бағдарламаларды жасау әдістемесі жатады. Объект – бұл нақты өмірдегі объектке, оның қасиетіне сәйкес келетін кейбір құрылым. ОББ әдістемесін пайдаланып шешілетін есеп, объектілер терминдері мен оларға қолданылатын амалдар арқылы сипатталады, ал программа осы объектілер жиынтығы мен олардың арасындағы байланыстардан тұрады. Бұлар ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқыту технологиясын білдіреді.

Оқытудың әдістемелік жүйесін жобалаудың негізгі кезеңдеріне В.М.Жучков мыналарды жатқызады:

1) Оқу жоспарларының мазмұнын және құрылымын талдау;

2) Мазмұнды жобалау;

3) Оқыту формаларын жобалау;

4) Оқытудың әдістерін жобалау;

5) Оқытудың құралдарын жобалау;

6) Оқу үдерісін ұйымдастыру талаптарын тұжырымдау.

Сонымен оқытудың әдістемелік жүйесі мынадай белгілі бір кезеңдерден өтеді: әдістемелік жүйені жобалау; оқытудың әдістемелік жүйесін құрастыру; оқытудың әдістемелік жүйесін іске асыру; оқытудың әдістемелік жүйесін іске асыруды талдау; оқу пәні тудырған оқытудың әдістемелік жүйесін талдау; әдістемелік жүйені дамыту.

Біздің зерттеуіміз бойынша болашақ мұғалімдерге кәсіби білім беруде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негіздеріне оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда оның келесі элементтері ерекшеленеді:

1. Мақсаты: оқу үдерісінде модельдеу іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру; оқу-танымдық үдерісте модельдеу іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру.

2. Мазмұны: ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негіздерінің мазмұны; модельдеу әрекетінің тәсілдерін қалыптсатыру бойынша іс-әрекеттердің мазмұны (оқу үдерісінде; оқу-таным үдерісінде; таным үдерісінде);

3. Әдістері: таным әдістері; оқыту әдістері: оқытудың қарқынды әдістері; сөздік, көрнекілік, практикалық, проблемалық баяндау, репродуктивті, зерттеушілік, өзіндік жұмыс, интегративті таным мен оқыту;

4. Формалары: дәрістер, семинарлар, лабораториялық жұмыстар, арнайы практикумдар, ғылыми-әдістемелік лабораториялар базасындағы сабақтар, консультациялар, түлектік және курстық жұмыстарды қорғау, ғылыми семинарлар, конференциялар және т.б.

5. Құралдары: дидактикалық: ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу үшін тапсырмалар; курстық және түлектік жұмыстар; техникалық; ақпараттық.

6. Бақылау тәсілдері: ағымдық; қорытынды: сынақ, емтихан, курстық және түлектік жұмыстарды қорғау; өзіндік бақылау модельдеу іс-әрекеті мазмұнының элементі ретінде; пікір беру: ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу әрекетінің нәтижелерін талқылау.

7. Коррекция тәсілдері: ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу үшін тапсырмалардың аталуын нақтылау, модельдеудің жекелеген кезеңдерін құру, эксперимент «тазалығын» сақтау арқылы теориялық мәнділігін нақтылау.

8. Нәтиже.

Ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша оқытудың әдістемелік жүйесі болашақ мұғалімдерге мамандық пәндерді оқытудың барлық деңгейлерін қамтитын тұйықталған циклден тұрады; студенттердің оқу-зерттеу жұмысы, студенттердің модельдеу жұмыстары; студенттердің ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары.

Сонымен болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негіздеріне оқытудың әдістемелік жүйесін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы ретінде қарастырамыз.


Біздің зерттеу барысында ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді оқытудың мақсаттарына байланысты: «Мультимедиалық технологиялар», «Ақпараттық жүйелерді модельдеу», «Компьютерлік модельдеу негіздері», «Мәліметтер қоры және сараптамалық жүйелер», «Ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу» курстарының мазм±ны және бағдарламалық және технологиялық практиканың мазмұны анықталды.

Демек, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді кәсіби ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде даярлаудың мазмұндық негізін айқындадық.

Бұл біз ұсынған курс студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша сауаттылығын арттыра түсуге бірбен-бір себеп болатын әдістемелік жүйенің негізгі элементі болып табылады.

Болашақ мұғалімдерді оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу заңдылықтарын ашатын, оларды іріктеп орынды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін көрсететін теориялық біліммен қаруланған жағдайда ғана оқытудың тиімділігі артатындығы жөнінде жоғарыда айтылған болатын. Ал ол шарттар орындалу үшін болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруға арнайы даярлау қажет. Біз зерттеу жүмысына мынадай болжам қойған едік: егер болашақ мұғалімнің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруға даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтап, оларды қамтамасыз ететіндей жүйені оқыту үдерісінде қолдансақ, онда жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді даярлаудың тиімділігі артады, өйткені мұғалімнің болашақ қызметінде кәсіби іс-әрекетті меңгеру деңгейінің жоғары болуына мүмкіндік туады.

Бұл болжамның дұрыстығын эксперименттік тексеру мақсатында 2000-2007 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде эксперимент жұмыстары жүргізілді. Эксперимент жұмысына барлығы 752 студенттер қамтылды. Олар информатика, математика, физика және кәсіптік білім мамандығының студенттері болды.

Анықтау эксперименті кезеңінде (2000-2002 ж.ж.) зерттелінетін проблеманың нақты жағдайының деңгейін анықтау мақсатында мектеп информатика оқулықтарына, оқу-әдістемелік құралдарға, жоғары оқу орнында информатиканы оқыту әдістемесі жүйесіндегі пәндердің бағдарламалары мен оқу, оқу-әдістемелік қүралдарына талдау жасалды. Талдау негізінде олардың студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруды жүзеге асыратын теориялық материал мен есептер жүйесінің қаншалықты қамтамасыз ете алатындығының жәйі анықталды. Сонымен бірге ЖОО-ның алғашқы семестрінде оқитын студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігінің деңгейі талданды.

Студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша біліміне сандық және сапалық талдау жасау, оларды қорыту мамандық пәндерді оқыту барысында оның мазмұны мен әдістеріндегі кемшіліктерді анықтап, оларды жетілдіру мәселесіне назар аудару қажет екендігін көрсетті. Студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеу білігінің нақты жағдайын білу үшін жүргізілген тексеру олардың даярлығының төмендігін көрсетті. Сол сияқты жоғары оқу орнында қазіргі қолданылып жүрген бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеудің қандай да бір теориялық және әдістемелік негіздерін жеткілікті түрде қарастырмайды; студенттердің - болашақ мұғалімдерінің информатика және ақпараттық-компьютерлік модельдеу бойынша қажетті білім мен біліктің жеткіліксіз екендігін көрсетті. Нақтырақ айтқанда:

- ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыру міндетін атқаратын мамандық пәндердің есептер мен оларды шығарудың теориялық және әдістемелік негіздеріне оқытудың айқын, мақсатты, жүйелі, бірізділігі жасалмаған;

-оқытуда қолданылатын есептерді іріктеудің кәсіби педагогикалық сипаты және олардың болашақ мұғалімдерді дайындау ісіндегі ролі анықталмаған;

- қазіргі қолданылып жүрген мамандық пәндер бағдарламаларында «модель» және онымен байланысты «ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу», «ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу үдерісі», «ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді үйрету», «ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдерді жіктеу», т.с.с. үғымдарды, жалпы алғанда модельдеу теориясы, оның психологиялық-педагогикалық негіздеріне оқыту қарастырылмаған;



  • мамандық пәндері мен әдістемелік циклдегі пәндердің (тіпті олардың өздерінің) арасында ішкі байланыс, сабақтастық, үйлестіру іске асырылмаған;

  • ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу әдістемесін оқытуға арналған арнайы курстар, студенттердің таңдауы бойынша жүргізілетін
    курстардың мазмұны (бағдарламасы, оқу материалы) жеткілікті түрде
    анықталмаған;

- ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу әдістемесінен сабақтарды ғылыми теориялық және әдістемелік түрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүргізу, студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу барысындағы іс-әрекеттерін белсенділендіру мәселесі әрқашанда оқытушы тарапынан іске асырыла бермейді; бұл сабақтарда көбінесе тек жаттығулар орындалып, дайын үлгі бойынша қалыпты есептерді шығарумен ғана шектеледі де, модельдеудің әдістемесіне, әдістемелік негіздеріне, мектеп практикасына бағдарлау сияқты маңызды әдістемелік мәселелерге жеткіліксіз назар аударылады;

  • студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастырылу деңгейіне, оның кәсіби-педагогакалық бағыттылығына (құбылыс, объект туралы ақпаратты оқу, талдау, оны модельдеу жолын іздестіру, моделдеуді негіздеу, құру, жауабын тексеру сияқты) оқытушы тарапынан ұдайы талап қойылып отырмайды;

  • студенттердің өз бетімен жұмыс істеу білігін қалыптастыруды, оның ішінде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруды ұйымдастыру (тапсырма беру, әдебиетпен, баспасөзбен жұмыс істеуге үйрету; бақылау, тексеру және бағалау, т.с.с.) тетіктері де жеткілікті
    дәрежеде анықталмаған;

-студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруға арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар (әсіресе мемлекеттік тілде) жеткіліксіз екендігі анықталды.

Сондықтан студенттерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу үшін қажетті біліммен қаруландырып, олардың модельдеу білігін қалыптастыру үшін оқытушының өзі сол білімді жетік білуімен қатар үйрету әдістемесін жанжақты терең меңгеруге қол жеткізілуі қажет болды.

Анықтау кезеңінде алынған бұл нәтижелер зерттеу болжамын құруға және студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеу білігін қалыптастыруға болашақ мұғалімді даярлаудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасауға негіз болды.

Бұл кезенде қойылған мақсатқа сәйкес әдебиетті талдау, талдау нәтижесін жалпылау әдістері қолданылды, онда теориялық та, практикалық та әдістер қолданылды: психологиялық және педагогикалық әдебиетке, әдістемелік және информатикалық әдебиеттерге талдау жасау, тәжірибелерді жинақтау және жалпылау, жоғары оқу орнында жүмыс істеу барысында жинақталған тәжірибемізге талдау жасау, анкеталау, оқытушылармен пікірлесу.

Эксперимент кезеңінде, яғни 2002-2004 жылдарда мұғалімнің іс-әрекетінің сипаттамасы мен мұғалім даярлаудың түжырымдамасы, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып оның әдістемелік негізі құрылды. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда әдістемелік пәндерді оқыту проблемасы бойынша теориялық және практикалық еңбектерге талдау жасау арқылы, нақты айтқанда, болашақ мұғалімдерді кәсіби іс-әрекеті функцияларын орындауға бағыттап, олардың ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруды көздейтін даярлау жүйесінің жеткіліксіздігін, алдыда осы жүйені жасап қалыптастыру үшін зерттеуді жалғастыру қажет екендігі анықталды.

Жүргізілген талдау жұмысы мамандық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін тереңдету және кеңейту арқылы олардың білігін көтеруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар енгізу қажет екендігі белгілі болды. Ол үшін әдістемелік даярлық жұмысын жаңа деңгейге көтеру міндеті қойылды.

2004-2007 жылдары эксперимент жүргізілетін, эксперимент топ студенттерінің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігі деңгейін анықтау, болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастырудың арнайы әдістемесін жасау, зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығына көз жеткізу мақсатында қалыптастыру экспериментін өткізу, тәжірибе қорытындысында эксперименттік топтардың ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеу білігінің бастапқы және соңғы деңгейлерін салыстыру арқылы сандық және сапалық талдау нәтижелеріне қорытынды жасау жұмыстары орындалды.

Студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеу білігін қалыптастыру әдістемесі арнайы жасалған әдістемелік жүйе (бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, құралдар мен ұсыныстар) негізінде жүргізілді.

Болашақ мұғалімдерде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруға даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау мақсатында жүргізілген талдау жұмысы мамандық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білімін тереңдету және кеңейту арқылы олардың білігін көтеруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар енгізу қажет екендігі, арнайы және әдістемелік даярлық жұмысын жаңа деңгейге көтеру міндеті қойылды. Осы жұмыстарды жүргізу үшін экспериментке қамтылатын топтар мен олардағы студенттердің саны белгіленді (Кесте-2).

Оқыту кезеңінде ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігі кешенді тексеру арқылы жүргізілді. Олар:

- студенттердің жаңа әдістемелік жүйе бойынша оқытуға дейінгі және кейінгі білім деңгейін анықтау;


  • студенттердің информатика курсы материалдары бойынша жасалған тестерді орындай білуі;

  • ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу мақсаттарын қоя білуі;

  • қарастырылып отырған тақырып мазмұнының ерекшелігін ескере отырып қойылған мақсатқа сәйкес тапсырмалар құра білуі;

  • модельдеу теориясын білуі;

  • модельді әдістемелік талдай білуі;

  • мультимедиялық технологияларды білуі.

Кесте-2. Тексеруге әр оқу жылдарында қатыстырылған студенттер құрамы




Топ түрі

Оқу жылдары

2000 - 2002

2002 - 2003

2003 - 2004

2004 - 2005

2005 - 2006

Барлығы

Эксперимент тобы

76

75

77

77

74

379

Бақылау тобы

74

74

76

75

74

373

Студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігінің қалыптасу деңгейінің өзгеруін тексеру үшін дайындалған тапсырмалардың нүсқаларын көрсетейік. Мұндай тұрғыдағы тапсырмалар оқытудың әр жылдарында беріліп, тексерілді.

ЖОО-да болашақ мұғалімдерді іс-әрекеттік компоненті тұрғысындағы кәсіби даярлық көрсеткіштері мынадай түрде ескеріліп отырды (модель бойынша):

1. Ақпараттық және компьютерлік технология негізінде кәсіби іс-әрекеттін инновациялық тұғыда шеше алуы.

2. Ақпараттық жүйелерді модельдеуді меңгеруі.

3. Компьютерлік модельдеуді игеруі.

4. Мультимедиялық технологияларды қолдана алуы.

Бұл көрсеткіштер мамандық пәндерді оқытуда біз тарапымыздан ұсынылған тақырып, қосымша материалдарың алғашқы 2001-2002 оқу жылынан бастап ұсынылған «Мультимедиялық технологиялар», «Компьютерлік модельдеу негіздері», «Ақпараттық жүйелерді модельдеу» және «Ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу» курстарының кезең-кезеңмен бірнеше оқу жылдары бойына эксперимент есебінде ендірілу нәтижесінде жүзеге асырылып отырды.

Болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруға даярлауда оның кәсіби білігінің қалыптасу деңгейінің өзгеруі бақыланып отырды (Кесте-3).
Кесте-3. Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеу кәсіби білігінің қалыптасу деңгейінің өзгеруі (% есебімен)


Деңгей

Деңгейге сәйкес білік

Оқу жылдары





2001-2002

2002-2003

2003-2004

2004-2005

2005-2006

Төменгі




78

69

46

24

7






















Орта


19

24

24

25

26



Жоғары



3

7

30

51

67

Кестеден студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруға бағытталған әдістемемен оқыту нәтижесінде жыл өткен сайын ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігінің қалыптасуының төменгі деңгейінің көрсеткіштері бірте-бірте кеміп, ал орта және жоғары деңгейі көрсеткіштері артып отырғандығын байқаймыз.

Жоғары оқу орнын бітірушілердің - болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетті меңгеру көрсеткіштері ретінде олардың әдістемелік циклдағы пәндер бойынша баллдарының қосындысы алынды. Осыған сәйкес анкеталауға (экспериментке) қатысқан барлық студент үш топқа (өте жақсы, жақсы және қанағаттанарлық) бөлінді. Өзара байланыс коэффициенттерін есептеуге қажетті мағлұматтар матрица түрінде берілді (Кесте-4), оның әр тор көзіне көрсетілген белгілердің әрқайсысын меңгерген студенттердің саны орналастырылды.
Кесте-4. Экспериментке қатысқан студенттердің кәсіби білігінің қалыптасу деңгейінің оқу нәтижелері деңгейіне байланыстылығы


Кәсіби біліктің қалыптасу деңгейі

Оқу нәтижелері (балл жинағы)

қанағаттанарлық

(45-58)


Жақсы

(63-73)


өте жақсы (84-100)

I

Төменгі

10

0

0

10

Орта

20

5

0

25

Жоғары

0

9

6

15

I

30

14

6

50



Берілген матрица үшін түйіндестік көрсеткіші фи2-пен Пирсон коэффициентін есептеу болашақ мұғалімдердің кәсіби білігінің қалыптасу деңгейі мен оқу нәтижелерінің арасында корреляциялық байланыс бар екендігін көрсетеді.

Сонымен болашақ мұғалімдердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыру жұмысына даярлау моделінің негізінде оқу процесінде информатикалық, әдістемелік циклдағы пәндерді, ұсынылған курстарды, яғни таңдау пәндерін кәсіби бағыттап оқыту мұғалім даярлау сапасын көтеру қажеттілігі мен оның кәсіби білігін қалыптастыру мүмкіндігінің арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік береді, сөйтіп арнайы және кәсіби білімді жетілдіруге, маман даярлау сапасын көтеруге оң әсер етеді.

Эксперименттік зерттеу нәтижесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби білігінің қалыптасу деңгейінің оқыту әдістемесіне тәуелді екеніндігін байқадық (Кесте-5).


Кесте-5. Болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетті меңгеру деңгейлері


Кәсіби іс-әрекетті меңгеру көрсеткіштері

Деңгейлер (%)

жоғары

орта

төменгі

1-10

39,8

46,2

14

Оған көз жеткізу үшін Пирсон коэффициентін (корреляция коэффициенті) пайдаландық.

Студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыру жұмысына бағытты жөне мақсатты түрде даярлау тиімділігін тексеру үшін жүргізілген эксперименттің нәтижелерінің негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.

Бұл ұсынылып отырған әдістеме жүйесін қолдану нәтижесінде:


  • студенттердің жалпы ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігінің деңгейі көтеріледі;

  • информатика курсындағы теориялық материал мен есептер жүйесін анықтауға мүмкіндік туады;

  • студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге қажетті білімін жетілдіруге және дамытуға қол жеткізіледі;

  • студенттер ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыру әдістемесін меңгереді, олардың кәсіби даярлық сапасы көтеріледі де, болашақ қызметінде біліктілік деңгейі жоғары маман болады.

Демек, зерттеу болжамы болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруға информатикалық, әдістемелік пәндер циклы аясындағы пөндерді оқыту үдерісінде даярлаудың мүмкіндігі мен қажеттілігі теориялық негіздеу жолымен ғана емес, сонымен қатар эксперимент жұмысының нәтижелерін статистикалық түрғыдан тексеру, өндеу негізінде де дәлелдейді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері ұсынылып отырған әдістеме бойынша студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеу білігін қалыптастыру жүмысына бағыттап арнайы даярлау болашақ мұғалімінің кәсіби біліктілігі деңгейін көтеруге оң өсерін тигізеді.

Зерттеудің негізгі нәтижелері ретінде "Алгоритмдеу және программалау негіздері" (2003), "Бағдарламалық және технологиялық практикум"(2004), "Практикум по MS ACCESS" (2002), "Мәліметтер қорын басқару жүйесі Ms Access" (2004), "Бағдарламалау негіздері. Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар"(2004), "Ақпараттық және математикалық модельдеу негіздері"(2005), "DELPHI ортасында бағдарламалау практикумы"(2005), "Ақпараттық модельдеу элементтері"(2006), "Информатика пәнінен ақпараттық мәліметтер"(2007), "Основные справочные данные по предмету информатики"(2007), "Информатика. Бағдарламалау негіздері" (2007), "Информатика. Объектілі-бағдарлы бағдарламалау негіздері" (2008) және "Информатика. Мәліметтер қорын жобалау негіздері" (2008) оқу-әдістемелік құралдары баспадан басылып шығарылды.

Қорыта келе айтарымыз, ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу проблемасын талдау, болашақ мұғалімдердің оқу үдерісіндегі іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымын талдау қазіргі заманғы жаңа формация мектептерінде жүмыс істеуге қабілетгі болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұны мен тәсілдеріне өзіндік өзгерістер енгізуге мүмкіндік берді.

Болашақ мұғалімдерде ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастыруға даярлаудың экспериментальдық тексеру нәтижесі біз ұсынған жүйе негізінде қолданғанда студенттердің жалпы ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігі деңгейінің көтерілетіндігіне; студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуге қажетті білігін жетілдіруге және дамытуға қол жеткізілетіндігіне; студенттердің ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу білігін қалыптастырудың әдістемесін меңгеретіндігіне көз жеткізілді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері зерттеу проблемасы болжамының дәлелденгендігін көрсетті.





1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет