Әож 796. 4 Аудандарда дене мәдениеті және спорт жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары



Дата03.05.2016
өлшемі86.46 Kb.
ӘОЖ 796.4
АУДАНДАРДА ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Байдосова А.А., Асильбекова К.Б., Сералиева У.О.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
Қазіргі нарық экономикасы кезінде, көптеген қайта құрулардан кейін орындалып жатқан ауылдық жерлердегі дене мәдениеті және спорт жұмыстары, Кеңес уақыты кезіндегі деңгейге әлі келе қойған жоқ. Аудан әкімшілігі дайындық және дене тәрбиесіне жауапты әдіскер, өз мүмкіншіліктері бойынша жұмыс істеп жатқандармен, ол жұмыстарды ұйымдастыру құрамындағы дене мәдениеті және спорт білім бөліміне қарасты бастапқы әскери бағыттарын әлі анық бағдарлаған жоқ.

Ол бағыттар:



  1. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.

  2. Жұмыс істейтін жастар және үлкен жастағы адамдар арасындағы спорттық және сауықтыру жаттығулары, жарыстар.

  3. Көпшілік спорт жұмыстары.

  4. Жоғары жетістіктер спорты.

Осы белгіленген ауылдық жерлердегі дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі, спорт және көпшілік спорт жұмыстарының негізгі бағыттарын қалай дамытуға болады, қалай тиімді жұмыс істеуге болады, сол мәселерге жеке-жеке тоқталайық.

  1. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі және спорт жұмыстары.

Қазіргі нарық экономикасы кезіндегі Қазақстан мемлекетінің ауылдық жерлердегі мектептері, олардағы жағдай бірталай өзгерістерге ұшырады. Ол өзгерістер: 1. Ауыл мектептерінде оқушылар саны азайды. Ол көптеген адамдардың нарық экономикасына байланысты аудандық, қалалық жерлерге көшіп кетуіне, жанұядағы бұрынғы кезге қарағанда балалар саны азайғанына байланысты деп түсіндіруге болады. 2. Аз кешенді мектептер саны көбейді. 3. Компьютерлендіру заманы туды, мектептердің негізгі қаржылары электронды жабдықтау жағына ауысты. 4. Ауылдық жерлерде компьютер, тарелкалы теледидар көбейді, балалар аз қимылдайтын, аз ойнайтын болды. Ол ауылдық жердегі оқушылар арасында қимыл тапшылығын (гиподинамия) туғыза бастады. 5. Мектеп бітірген оқушыларды қорытынды тестілеу кіргізілгелі, үлкен сыныптарда дене тәрбиесі сабақтары тестке дайындалуға арналып кетті.

Осы көрсетілген ауыл мектебіндегі жағдайлар дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының нашарлауына әкелді. Мектептер компьютерлік жабдықтауға ауысқаны себепті спорттық құрал-жабдықтау өте аз мөлшерде алынды. Кеңес кезеңіндегідей орталық қамтамасыз ету өзгертілді. Қытайдан келіп жатқан құрал-жабдықтар сапасыз, ұзақ пайдалануға жарамсыз болып қалды.

Осы себептерді ескере отырып ауылдық жерлерде дене тәрбиесі және спорт жұмыстарына көп мән берілу қажет. Ауыл мектептерінде дене тәрбиесі сабақтары бір жетілік циклде дұрыс, сабақ кестесіне күн аралатып қойылуы керек. Ауылдық жерлерде дене тәрбиесі сабақтары, күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, ұзақ үзіліс кезіндегі дене жаттығулар мен қозғалмалы ойындар, теориялық сабақтар кезіндегі сергектік сәттері, ұзартылған күн топтарындағы «спорт сағаттарын», спорт түрлерінен жаттықтырулар, жарыстар, саяхат, жорықтар, президенттік сынама, президенттік көпсайыс жұмыстары, сорттық мерекелер әрбір мектепте өткізілуі, жүргізілуі керек. Мектеп басшылары, орынбасарлары, сынып жетекшілері, дене тәрбиесі, бастапқы әскери дайындық мұғалімдері, ата - аналар, ауыл әкімі, шаруашылық басшылары балалардың денсаулығы, оған дене жаттығуларының маңызы туралы терең түсініп, олардың келешектері үшін жұмыс істеп, оларға қамқор бола білулері керек. Ауыл мектептерінде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді.[1]

1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (үйірмелер). Дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен бастап үйірме жұмыстарын ұйымдастырады, жаттықтырулар жүргізіледі.

2.Мектептегі жаттығулар ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, обылыстық, республикалық жарыстар т.б. жарыстар.

3.Президенттік сынама сынамақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспарын құрып, коммиссия құрамы бекітілуі керек.

4.Жазғы және қысқы Президенттік көп сайыс. Президенттік көпсайыс спорт түрлерінің жарыстарына дайындық және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысу қажет. Жас ерекшелік топтарына байланысты мектеп ішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, обылыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.

5.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар. Оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.

6.Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғатты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әр түрлі кедергілерден өту, күрке (палата) құру, от жағу, тамақ пісіру, және т.б. жорық дағдыларын меңгереді.

7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдерге арналған денсаулықтарын нығайту, дене қуаты дайындығы деңгейін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттығулар.[2]

8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.

2. Көпшілік спорт жұмыстары. Көпшілік спорт жұмыстарына көп адамдар қатысатын, көпшілік түрінде орындалатын, нәтижесі көп адам саны қатысуымен бағаланатын спорттық жаттығулар, дене жаттығулары және жарыс түрлері жатады. Олардың ауыл жағдайларында орындауға болатын түрлеріне сипаттама берейік:

1.Президенттік сынама жұмысы. Ауылдық жерлерде, ауыл жағдайында жүргізілуге болатын, міндетті түрде жүргізілуі керек, президенттік сынама жұмысы. Президенттік сынама жұмысы ауылдық жерлерде өте жылдам шешімін табатын мәселе болуы қажет. Президенттік сынама сынақтарын тапсыру бүкіл ауыл адамдарын қатыстыра, салтанатты, әсем безендіріле, мемлекеттік ту көтеріп, ән ұран ойланып, жауапты адамдар, басшылар, ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, тиянақты дайындалынып, өткізілуі керек.

2. Спорттық саяхаттар, жорықтар. Ауыл маңындағы тарихи, әсем тау, өзен, көл жерлерге саяхаттап барып, ойнап-күліп неше түрлі қимыл қозғалыстар жасап, таза ауа жұтып, түскі тамағын таза ауа аясында ішіп, қайтып келсе. Адам баласы осыған үйренсе, шіркін сонан соң үйде тоқтамас еді. Біз теледидар, видеофильм, компютер деп диванда жатып жаман үйренгенбіз. Балаларымызды саяхаттарға, 3-4 күн барып, қона жатып келетін жорықтарға үйретсек қандай тамаша болар еді.

3. Ас беру, сүндет той, наурыз той, айтулы мерекелер.

Осындай қазақ ауылдарында халық көп жиналатын мейрамдардың бәрін спорттық көпшілік шараларына айналдыру керек. Ас беру немесе мерекелер кезінде қазақтың ұлттық спорт түрлерімен қатар классикалық спорт түрлерінен жарыстар өткізілуінің маңызы зор. Ауыл жастарының классикалық спорт түрлеріне, әлем халықтары қатысып отырған Олимпиадалық спорт түрлеріне деген көзқарастарын жақсарту, қызығушылықтарын тудыру үшін тұрақты насихаттар жүргізуіміз керек. Осы көпшілік шаралар кезінде, халық көп жиналған кездерде дене тәрбиесі жаттығуларының, спорттық маңызы, адам ағзасына жағымды әсер туралы дәрістер, әңгімелер өткізіп тұрса өте жақсы болар еді. Өйткені адам баласы әр нәрсенің қажеттілігін, керектігін түсінбей оған ұмтылмайды. Жеке жаттығуларының керектігін, жаңбыр жауғандағы қолшатырдың керектігіндей екенін түсіндіре білуіміз керек.

4. Атақты, халық арасында беделді, халыққа еңбегі сіңген адамдардың атындағы немесе өмірден өтіп кеткен адамдарды еске алу турнирлері. Бұл турнирлер халық арасына көп тараған спорт түрлерінен немесе сол адамның өзі айналысқан спорт түрлерінен болуы мүмкін. Жарыс сол адамды еске алу, қадірлеу, спорт түрлерін насихаттау, мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізіледі. Жарыстың тәрбиелік мәні өте зор. Жарыстар күнтізбелік жылдық жоспар бойынша өткізіледі.

3. Жоғарғы жетістіктер спорты. Жоғарғы жетістіктер спортын аудандарда жақсы дамыту, деңгейін жоғарылату үшін мынадай тиімді жолдар ұсынамыз.

1. Бағдарлау және іріктеу жұмыстары. Ауылдық жерлердегі дарынды талантты балаларды табу, оларды анықтау үшін біз мақсатты түрде жұмыстар істеуіміз керек. Әр бір мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері өз сыныптарындағы балаларды білуі, оның қай спорт түріне икемі бар екенін анықтау қажет. Қабілетті, дарынды оқушыларды мектептегі, спорт мектебіндегі филиалындағы спорт түрлерінен жүргізіліп жатқан спорт секцияларына бағыттауы керек. Ауылдық жерлерде ондай спорт түрлерінен спорттық жаттығулар жүргізіліп жатса, дарынды балалар аудандық, обылыстық, республикалық спорт интернаттарға жіберілуі қажет. Біз спорт мамандары ауылдық жерлердегі біреуін қалдырмай анықтап спортқа қабілетті, дарынды балаларды елеусіз қалдырмауымыз керек. Сондай көзқарасты бізден патриоттығымыз, елдік намысымыз талап етеді. Іріктеу дегеніміз спорт түрлеріне жаттықтыруға келген оқушыларға жаттықтырушының кәсіптік шеберлігін пайдаланып, дұрыс іріктеп алуы.Ол бапкерден тиянақтылықты, ыждағаттылықты, өз жұмысына, бала тағдырына жауапкершілікті талап етеді. Әр бапкер келешек бала тағдырына, қазақстандық үлкен спортқа жауапкершілікпен қарауы, өз спорт түріне балалрды дұрыс іріктеу алуы қажет.

2.Аудандарда көптеп мектептерін ашу, ашылған спорт мектептерінде спорт түрлерін көбейту, аудандық спорт мектептерінен ауылдарда көптеп филиалдар ашу жұмыстары. Бұл өте жауапты жұмыс, өйткені оқушылар спорт түрлерімен айналысқысы келеді, ал ауылдарда сол спорт түрлерінің секциясы жұмыс істемейді. Бізге жоғарғы оқу орындарына ауылдардан жалпы дене қуаты жақсы жетілген балалар оқуға түсіп жатады. Бірақ олардың разряды жоқ, ауылдық жерлерде спорт сексиясы жоқ болғандықтан спорт түрлерімен айналыспаған балалар. Олардың қаланың спорт мектептерінің бапкерлеоі жасың асып кетті, кеш қалдың деп жаттықтырушыларға қояды. Бұл үлкен проблема. Біз ауылдық жерлерде балалар жаттығатын секциялар ашып бетмей олардың обалына қалып отырмыз. Осының кеселінен қаншама келешек Үшкемпіровтер, Тұрлыхановтар, артаевтардың талантты ізбасарлары ашылмай белгісіз болып қалып жатыр.

3. Классикалық спорт түрлерінен терең мән беру жұмыстары. Әлемдік аренада, мемлекеттер арасында тең дәрежеде болуымыз үшін біз ауылдық жерлерде қазақ арасында классикалық, бүкіл әлем халықтары айналысатын спорт көптеп үйрмелер (секциялар) ашуымыз керек. Бұл жұмысқа мемлекеттік тұрғыдан үлкен мән берілмесе, мемлекеттік қарарлар қабылданмаса болмайды.

4. Спорт мектеп-интернаттарын ашу. Республикалық, әлемдік деңгейде ауылдардан жоғары дәрежелі жеңімпаздар шығарғымыз келсе, міндетті түрде әр бір ауданда спорт интернаттары ашылуы керек. Сол интернаттарда ауданның қабілетті, дарынды балалары іріктеліп алынып, кәсіби шебер жаттықтырушылар да жаттығады. Олардың мықтылары облыстық, облыстың мықтылары республикалық спорт-интернаттарында жаттығуы керек. Сонда ғана Қазақстан мемлекетінің жоғары жетістікті спорты жақсы дамиды.

5. Жарыстарды көбейту (ауданішілік, көрші аудандар арасында, облыстық жарыстар). Әр бір бапкер спорт маманы білетіндей спортшы өсуі, спорттық шеберліктерін сынауы, жоғары жетістіктерге көтеріле беруі үшін жарыстар көп өткізілуі керек. Ол үшін әлі дайын емес балаларды облыс орталығына ала жүгіру мақсат емес, алдымен аудан ішінде көп жарыстар ұйымдастырып, сол жарыстарға қатыстыру керек. Ауданда жеңген балаларды көрші аудандар арасындағы турнир, ашық аудан біріншіліктеріне апарып, сынақтардан өткізіп, сонан кейін ғана облыстық үлкен жарыстарға апарса дұрыс болады. Ол үшін мүмкіншілік болғанша спорт түрлерінен аудан ішілік жарыстарды көп өткізу керек. Мерекелерге арналған (Республика күні, Тәуелсіздік күні, Конституция күні) қоғам қайраткерлерін, спорт ардагерлерін еске түсіруге арналған жарыстарды көбейтіп, көп жарыстарды өткізе берсе артық болмайды.

Қорыта келгенде спортшыларымыз Азия, Әлем, Олимпиада жеңімпаздары болғанда ғана басқа мемлекеттерде Қазақ мемлекетінің туы желбіреп, ән ұраны ойналады, қазақ халқы, оның жемісі әлемге паш етіледі. Осы екі, қазіргі Қазақстанға өте қажет мәселелер тез, жуық арада шешімін тапса, әр-бір азамат осыған өз үлесін қосса, біздің мемлекетіміз нығаяды. Өйткені мемлекеттің мықтылығы сол мемлекетте тұрып жатқан адамдардың денсаулығы мен рухының мықтылығына байланысты. Дені сау, рухы мықты ел ғана Президент Н.Ә.Назарбаевтің жолдауындағы айтқан әлемдегі 50 елдің қатарлы елдер сатына кіре алады. [3].
Резюме

В данной статье рассматриваются проблемы сельских спортивных школ и секций, которые готовили бы одаренных и талантливых детей для совершенствования их спортивного профессионализма. Которые в дальнейшем внесут свой вклад в повышение спортивного авторитета Республики Казахстан.



Әдебиеттер:

  1. Адамбеков К.Т. «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» -Алматы, 1995ж.

  2. Куланов К.А. «Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің дамуы»-Алматы, 1990ж.

  3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.-Алматы, 1998ж.


Фамилиясы, аты-жөні: Байдосова Азиза Абуталиевна

Ғылыми дәрежесі, атағы:

Жұмыс орны: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,Байтұрсынов көшесі 13

Телефоны, факс, E-mail: 8-7252-21-14-27. 87025518610

Баяндама тақырыбы: Аудандарда дене мәдениеті және спорт жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары.

Секциясы: Педагогика.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет