Әож 94 (574) 02 /. 08. Қолжазба құқығында



жүктеу 470.28 Kb.
бет2/3
Дата02.05.2016
өлшемі470.28 Kb.
түріДиссертация
1   2   3
: images -> stories -> downloads -> avtoreferaty
avtoreferaty -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
avtoreferaty -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
avtoreferaty -> Әож 94(574. 1): 332 021(043) Қолжазба құқығында
avtoreferaty -> Бердіғожин лесқали базарғалиұлы қазақстанның мұнай-газ өндірісі саласындағы жұмысшы, инженер- техникалық кадрларының қалыптасуы және өсуі
avtoreferaty -> Аликулова нұрлыгүл сапақҚызы ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы
avtoreferaty -> Ахметова ұлжан төлегенқызы орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі
avtoreferaty -> Салмырза жайна ізбасарқызы сыр өңірі қазақтарының азаттық қозғалысы
avtoreferaty -> Демеуова нұРГҮЛ ҚажымұҚАНҚызы XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау
avtoreferaty -> Дюсенгалиева мерзат ғҰбайдоллақызы бөкей Ордасындағы сауда-саттық және кәсіпкерлік
avtoreferaty -> Әож 94 (574. 1): 664. 95 (574. 1) Қолжазба құқығында

Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ қоғамындағы тархандар институты, оның қалыптасу және даму тарихы, XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ тархандарының қоғамдық-саяси қызметтері болып табылады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертация Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертация жұмысының негізгі тұжырымдамалары тоғыз халықаралық, бір республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Зерттеу тақырыбының мазмұнына сәйкес төрт ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізіміндегі басылымдарда жарық көріп, оқырман сынынан өтті.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, үш тараудан, алты параграфтан, қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделіп, мәселенің зерттелу деңгейі сипатталады. Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері, деректік негізі, хронологиялық шеңбері, методологиясы, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар мен тәжірибелік маңызы айқындалды.

«Тархандық институттың қалыптасу тарихы» деп аталатын бірінші тарауда «тархан» сөзінің терминдік мағынасы және осы лауазымды иеленген әлеуметтік топтардың қоғамдағы атқарған ролі мен әлеуметтік статустық деңгейі, тархандар институтының пайда болуының тарихи бастаулары және даму эволюциясы талданды.

«Тархан» сөзінің этимологиясы мен терминдік мағынасын және осы лауазымды иеленген әлеуметтік топтар жайында түркі жұрты туралы жазылған тарихи-этнографиялық, лингвистикалық еңбектерде түрлі деңгейде сараланған. «Тархан» сөзінің шығу төркіні туралы бүгінгі күнде бірауызды келісілген тұжырымды пікір жоқ. Мысалы, осетин ғалымы В.И.Абаев скиф тайпаларының тіліндегі «сот, төреші» деген мағына беретін тархан сөзінен этрустік «тархан», латын тіліндегі «тарквиниус», соғдыдағы «тархун» тараған деген пікір айтқан болатын [29,с.19]. Бұл пікір кейін Ресей тарихшылары тарапынан қолдау тапты. Олар иран тіліндегі «тархан, баһадүр» терминдерінің тегін скиф тайпаларының тілінен шығара келіп, одан түркілерге, түркілерден шығыс славяндарға ауысқан, – деп санайды [30,с.54].

«Тархан» атауына қатысты тілдік тарихи деректер түркі жазба мұраларында молынан сақталған. «Тархан» атауының әскери лауазым ретіндегі терминдік мағынасы және олардың тақ жанындағы орны «Күлтегін», «Білге қаған» жазба ескерткішінде біршама анық көрінеді. Жырда: «Тәңірітек Тәңірде болған түрік Білге қаған // бұ шаққа отырдым сап сөзімді түгел есіт // ұласу іншектерім ұлым // біріккен оқ-уысым бүтін халқым // бергі (оң қол) шад апыт бектер // арғы (сол қол) тархан бұйрық бектер», деген жолдар бар [31,78; 100 б.]. Көне жазу тархандық лауазым хан тарапынан берілетіндігін де айқындайды.

Түркі дәуірінде тархандық лауазымның өзі іштей «апа тархан», «бойла баға тархан» деген бірнеше сатыға бөлінген. «Бойла баға тархан» бас қолбасшы, яғни әскери қолбасшы шеніндегі армия генералы шенін, ал «апа тархан» жорық жолындағы қолбасшы дегенді білдіреді [32,10 б.]. «Бойла» сөзінің ұғымының шығу тегі ғұндар дәуіріне баратын, «шен, жоғары атақ», «мемлекеттік алқа мүшесі, атақ дәреже» сөздерінің мағынасына саяды [33, 206 б.].

Сонымен қатар, руникалық жазбалардың дерегі тархандардың бұйрық беруші қызметтері де болғанын көрсетеді. Мысалы, көне жазбалардағы «Я-огя-бюрюк (бұйрықшы, бұйрықты) бақытты тәңірі-тарханмын» дейтін жолдар «аға бұйрық» деген мағынаны береді [34, с. 214].

Х ғасырдың басындағы оғыздарда тархандар ордада қызмет жасайтын ірі, сыйлы лауазым иелері болған [35, с.65]. Еділ бұлғарларында тархандар хандықты құрайтын түрлі өлкелердің басшылары ретінде белгілі болған [36, с.91]. Махмуд Қашқаридің «Диуани лұғат-ат түрік» еңбегінде де «тархан» жекелеген өлкенің билеушісі «бек» мағынасында беріледі [37, 494б]. «Тархан» лауазымы моңғолдарда сәл-пәл дыбыстық өзгеріспен беріліп, «дархан» деп аталады. Бұл сөздің түп мағынасы «ұста» /кузнец/ адам дегенді білдіреді. Ұсталық моңғолдар арасында үлкен құрметке ие [38, 27-29 б.] және халықты тығырықтан алып шыққан ұста кісінің құрметіне орай дархандар шенін беру дәстүрі де қалыптасқан [39, с.303].

ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан құрған алып империя Алтын Орда да тархандық институт кең құлашын жаяды. Айталық, бұл кезеңде тархандық хан тарапынан берілетін арнайы жарлық грамотасы арқылы бекітіліп, тархандар түрлі алым-салықтан босатылатын және белгілі бір бос жерлерге меншік ете алатын құқыққа ие болады. Сонымен қатар, Алтын Орда билеушілері мұсылмандық дінді таратуда ерекше көзге түскен дін басыларына тархандық грамота берген. Орда иелігіндегі жердің Хаджи Тархан (Астрахань) атанып, кейін орда ыдыраған уақытта оның жеке хандыққа айналуының бастауында тархандық құқықтың себебі тұрғаны сөзсіз [40, с.136]. Өйткені, Алтын Орда хандары кейбір жаңа қалаларды өркендету үшін, қалаға тархандық келісім куәлік қағазын беретін болған. Қазақ хандығымен Сырдария өңіріндегі қоныстар үшін кескілескен ұрыстар жүргізген Мұхаммед Шайбани ханға бағынған бектердің арасында да тархан лауазымымен жүрген тұлғалар кездеседі [41,с.27-29]. Түркіленген, мұсылманданған Моғолстан мемлекетінде Шыңғыс қаған қалыптастырған билік иерархиясы қатаң сақталды. Мұнда тархандық лауазымының функциясына ұқсас мазмұндар ханның жанындағы ірі әмірлердің статусынан көрінеді. Мысалы, М.Х.Дулати Дулат тайпасының ірі әмірі Хұдайдадтың арғы атасы Өртөбе деген кісі Шыңғыс ханның жарлығымен тархандық лауазым құқықтарына аса жақын жеті артықшылық алады. Лауазымның аты араб тілінен түркілерге өткен «әмір»-ге ауысқанымен, оның мемлекет ісінде атқаратын қызметтері тархандық құқыққа жақын. Демек, түркі-моңғол халықтарында тархандық лауазым әрдайым жетілдіріліп, дамытылып отырған. Әмір Хұдайдад атасының Шыңғыс ханнан алған артықшылықтарын Моғолстан ханы Қызық Қожаның тұсында қайта жаңғыртады. Ал оның баласы Әмір Болатшы Тоғылық Темір хан тұсында ол жеті артықшылықтың санын тоғызға жеткізеді [42, 92 б.].

Орта ғасырлық тархандық грамотада тархандардың тоғыз құқықтық пәрменді жеңілдіктерді иеленгендігі көрсетілген [39, с. 310 ].

Қорыта келе, біріншіден, Орта ғасырлық мемлекеттерде тархандық тоғыз ұрпаққа дейін кететін мұра ретінде берілген. Екіншіден, тархандық грамоталар мен тархандық шендер ақсүйектерге (оғландарға, сұлтандарға) дін басыларына және ерекше қызметтері үшін кейбір адамдарға да берілген.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда күш-қуаты артқан Ресей патшалығы империялық отарлау саясатын Орта Азияға қарай бағыттай бастады. Отарлаудың алғашқы белгілері бодандық ноқтасын киген елдердің саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымдарын реформалау ісінен басталды. Ресей патшалығы бұл саясатты алдымен башқұрттар қоғамында жүргізді. Башқұрттарға тархандық грамотаны үкімет пайдасына елшілік мәмілегерлік тапсырмаларды орындағаны үшін берілген. Мәселен, Кіші жүз қазақтарының Ресей протектораттығын қабылдауындағы орыс елшілігінің құрамында болып, Әбілқайыр ханмен жүргізген келіссөздер мен ханның депутациясын Петерборға апарып келген елшілік қызметі үшін башқұрт Таймас батырға және оның алты ұлына Ресей патша үкіметі тарапынан 1733 жылы 27 сәуірде ұрпағына мұраға кететін тархан атағы берілді [43, с.5-6]. Сондай-ақ 1734 жылдың 24 желтоқсанында Алдар Есенгелдинге де Әбілқайыр ханды ұлысымен Ресей империясының құрамына енгізу жөніндегі сіңірген еңбегі үшін ұрпағына мұраға кететін тархан атағы берілді [44, 28 п.].



«XVIII ғасырдағы қазақ тархандық институты» деп аталатын екінші тарауда Ресей патша үкіметінің отарлау саясатына байланысты тархандық институтты қазақ қоғамында қайта жаңғыртып, дамыту саясаты қарастырылды.

Башқұрттардың белгілі азаматтарына тархандық атақ беру тәжірибесін қазақ қоғамына да енгізуге болатынын түсінді. Патша үкіметінің таңдауы Әбілқайыр хан жанындағы елге беделді би-батырлар ішінен Орта жүздің Арғын руының ру басы Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы мен Кіші жүздегі Жетірулықтардың ру басы Тама Есет Көкіұлына түскен. Ресей патша өкіметі тархан атағын 1742 жылдың 26 тамызында Шақшақ Жәнібекке берді [45,16 б.]. Шақшақ Жәнібекке берілген тархандық ұрпақтан – ұрпаққа берілетін тархандық. Мұндай тархандық жағдайында тарханның баласы да тархан аталып, әкесінің тархандық құқықтық пәрменділігін пайдалану құқы берілген. Жәнібек тарханның немересі Мұса Дәуітбайұлы да мұралық жолмен тархан атағын иеленген [46, 315-316 пп.]. Ал, Жәнібек тарханның шөбересі Шеген Мұсаұлы 1848 жылдың желтоқсан айында мұралық жолмен берілуге тиісті тархандық атағын беруін сұрағанымен, патша үкіметі оған тархандық атақ бермеді [46,315-316 пп.]. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тархандық құқықты заңдылықтарын патша үкіметінің өзі бұзып отырғандығын осыдан байқаймыз.

Жоңғар билеушісі Абылай сұлтанды тұтқынынан босатудағы келіссөздер нәтижесінде Арғын Малайсарыға 1743 жылы тархандық грамота береді [47,с.302]. Ресей мен Жоңғар билеушілері қазақтың Орта жүзіне өздерінің саяси ықпалын жүргізу мақсатында тархандық грамоталарын жарыса бере бастаған. Ал, патша үкіметі 1743 жылы 3 шілдеде Кіші жүзден Тама Есетке тархан атағын берді [48, с.162]. Есет Көкіұлының қайтыс болған жылы да нақтылауды қажет етеді. Өйткені, Есет Көкіұлының 1667 жылы туылғандығы жөніндегі пікір орынды. Ал, тарханның 1749 жылы қайтыс болғандығы қате [49,149 б.]. Кезінде зерттеуші М.Вяткин де Есет тарханның қайтқан жылын анықтай алмаған [50,с.149 ].

1755-1756 жылғы башқұрттардың ұлт-азаттық көтерілісіне дайындық кезінде башқұрт көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Бурзян болыстығының старшыны – Бекболат Арқаев қазақ тарханы – Тама Есет бастаған Жетірулықтар ауылдарымен байланысып, қазақ-башқұрт бірлесіп патша үкіметіне қарсы көтеріліске шығуға өзара құпия келіссөздер жүргізеді [51, 204-208 пп.].

Мәселен, И.Неплюев 1756 жылы башқұрт көтерілісі кезінде қазақ ауылдарын паналаған башқұрттарды кері қайтарып алу талабын қойып, оны қазақтардың қолымен жүзеге асырғысы келді. Бұған көнбеген Серке батыр, Есет тархан, Алданазар ауылдарында Нұралы хан адамдары мен Жетірулықтар арасында қан төгіс болған [52,161п.]. Мұнан кейін, Губернатор И.Неплюев қазақ даласындағы естектерді кері қайтаруға арнайы патша үкіметінің тапсырмасы орындауға жіберер бұрын А.И.Тевкелевке генерал-майор шенін берді және ол бастаған елшілерге патша үкіметі қазақ ханы мен сұлтандарына сый ретінде 10 мың рубль ақша және әрбір қайтарған башқұрт үшін тоқыма шапан берген [53,346 п.]. Мұнда да шен берумен, пұлға сатып алу арқылы «тапсырмаларын» орындатудың отаршылдық айласы іске асқан.

1755 жылы башқұрттың атақты тарханы Жұмағазының ұлы Бердіғұл тархан өзіне қарасты 100 қосын отбасымен Жетірулықтар аулына келген. 1756 жылы патша үкіметі Бердіғұл тарханды ұстап әкетеді. Орынборда жүргізген «тергеу» кезіндегі азаптан башқұрт тарханы қаза болған [54,71п.]. Мұрағат дерегі башқұрт-қазақ тархандарының жақсы қарым-қатынаста болғандығын және олардың көтерілісті ұйымдастыруда басшылық жасағандықтарын дәлелдейді.

Қазақ-башқұрт арасындағы қарым-қатынасты біржолата үзуді көздеген патша әкімшілігі отарлық саясаттың жүзеге асуына кедергі болған Есет тарханнан құтылу жолын «өздерінше» қарастырған [49,148-149 бб.].

1755-1756 жылдардағы башқұрттардың ұлт-азаттық көтерілісін басқан патша үкіметі 1757 жылы арнайы көтерілісті ұйымдастыруға қатысқандар мен күдіктілерді ұстап жазалауға бұйрық түсіреді [55, с.109]. Мұнан кейін көп ұзамай қайтыс болған Есет тарханның қазасына патша үкіметінің қатысы болуы әбден мүмкін.

Орта жүз бен Қытай арасындағы оң қарым-қатынасты білген патша үкіметі оны қайткенде де бұзуға тырысты. Патша үкіметі қалайда қазақ-қытай қатынасын бұзу үшін, Абылай сұлтанға ақшалай, заттай сыйлықтар беру арқылы Қытай жағынан бас тартқызуды, Кіші жүз ханы Нұралыны Қытайға қарсы соғыс ашуға көндіруді А.Тевкелевке тапсырған [56, 5п.]. Осындай саясаттарын іске асыру мақсатында, тархан атағын беруді одан әрі дамыта түсуіне байланысты, патша үкіметі 1759 жылғы 9 қаңтарда Дәуітбай Жәнібекұлына тархан атағын берді [48,с.163]. Тархандық институтты пайдаланып, саяси ықпал ету арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруды көздеді.

1760 жылы генерал-майор Вейморн Орта жүздегі Атығай Құлсары тарханнан Қошқарбай батыр тұтқындап отырған Ресей адамдардарын босатуға көмектесуін сұраған. Құлсары тарханға қытай мен монғол әскерлерінен төніп тұрған қауіп болса, бүкіл Орта жүзді патша үкіметінің қорғайтынын жеткізген [57,18-19пп.]. Бұл мәліметтер Құлсары тарханның қазақ-орыс қатынастарында тархандық грамотасын еркін пайдалануына мүмкіндіктер ашқандығын ал, патша әкімшілігінің қазақ-орыс қарым-қатынас мәселелерін тархандар арқылы шешуді ұйғарғандарын көрсетеді.

Патша үкіметі Сырым Датұлы мен Тіленші Бөкенбайұлына 1787 жылдың 19 қарашасында бас старшын атағын [23,с.197] және ұрпақтарына мұраға кететін тархан атағын берді [50,с.230]. Ресей патшалығы бас старшын тархандар арқылы қазақ қоғамының билігіне тікелей араласуды көздеді.

Отаршылдық мүдделерін жүзеге асыру мақсатында Ресей тархандық институтты дамыта түсті. Мысалы II Екатерина патшайым 1793 жылдың 28 ақпанында Кіші жүздегі Алаша руының биі Сыпыра Қарабатырұлының тархан атағын тану жөнінде грамота берді [58,11п.]. Алаша руының биі Сыпыраға тархандық беру кезінде Сырым тархан бастаған көтерілісшілер мен патша үкіметі арасындағы шиеленіс және Сырым бастаған тархан-билер мен сұлтан-төрелер арасында өзара тартыс күшейді. Осы тұста, патша үкіметінің көздегені, Сырым тарханның серіктеріне тархандық шен беру арқылы оларға ықпал жасау болатын.

Қорыта келе, қазақ тархандары тархандық атақты орыс-қазақ шекарасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіруге еркін пайдаланды. Мұның өзі қазақ-орыс қатынастарындағы мәселелерді реттеуде қазақ тархандарына мол мүмкіндіктер берді.

«Ресей империясының қазақтың дәстүрлі билік жүйесін реформалау шаралары және тархандық институттың жойылуы» деп аталатын үшінші тарауда Ресей патша үкіметінің дәстүрлі хандық билік дағдарысын реформалау арқылы қолдан жасау шаралары мен тархандық институттың жойылуы қарастырылады.

1799 жылдан бастап Бөкей сұлтанның Нарын құмын мәңгілік иеленуге рұқсат сұрап берген өтінішін 1801 жылғы 11 науырыздағы император І Павел қанағаттандырды [59,7 п.]. Ішкі Орданың құрылуына биліктегі топ өкілдері аса қуана қоймаған. Өйткені орыс шекарасына ішкері орналасу – патша үкіметінің Ішкі Ордаға әлеуметтік-саяси ықпалын күшейтеді. Ішкі билік пен басқару ісіне үкімет тікелей араласады. Ордалық би-сұлтандар бұрынғы дәстүрлі билік дербестігінің жойылатынын түсінген [60,3 п.].

Сырым тарханның саяси ұстанымы хақында профессор Х.Әбжановтың: «Сырым Датұлы объективті қажеттіліктен дүниеге келген хандық билікті құлату үшін қол жиған жоқ, отарлаушылардың сойылын соғып, ақсүйектік, ұлтжандылық тарихи-табиғи болмысынан ажыраған Нұралы ханды нысанға алып, биліктен тайдырды»,– деген пікірі Сырым тарханның азаттық үшін күрестегі саяси көзқарасын анықтай түседі [61,160 б.].

1806 жылдың 31 мамырында Кіші жүзде Хан кеңесі құрылды. Оның құрамына әр рудан 6 кеңесші кірді. Ереже бойынша: Хан кеңесіне шекарадағы барымта-бүліктерді болдырмай, тыныштықты қамтамасыз ету міндеттелді. Қандай да болмасын мәселелер Хан кеңесінде қаралуы тиіс болды [62, 81-82 п.]. Империяның қазақ даласындағы отаршылдық саясатын Хан кеңесі арқылы заңды түрде жүзеге асыру еді.

1807 жылғы 16 қыркүйекте Орта жүздегі сұлтандар мен Мұса тархан, Меңдібай батырлар Бағланды қорғанының командирі полковник Петров пен тілмәш Юсуптың қазақтарға түрлі қысым көрсеткені туралы Г.С.Волконскийге шағым түсіреді. Губернатор шағымды тексеруге жолдайды [3,200-221п.]. Патша әкімшілігі қазақтардың шағымын аяқсыз қалдыруға бүлік шығаруынан қорыққан.

1822 жылы патша үкіметі Орта жүзде, 1824 жылы Кіші жүз қазақтарын басқару туралы қайта құруларын енгізді. Дәстүрлі хандық басқару жойылды. Қазақ даласын әкімшілік басқарудың отаршылдық құрылымының бастамасы салынды [64,1п.]. Хандық билік дағдарысын қолдан жасаған, патша үкіметі «Бөліп ал да билей бер саясатын» жүзеге асырып жатты.

Отаршылдыққа қарсы И.Тайманұлы мен Жоламан тархандардың біріккен ұлт-азаттық қозғалыстары қанат жайған тұста патша үкіметі Жем өзенінің балық кәсіпшілігін қорғауды сылтау етіп, Жем өзеніне 37 адамнан тұратын «Дон» әскери транспорттық кемесі мен екі қарулы қайық аттандырады. 3 желкенді қайық 1837 жылы 11 наурыз бен 11 қараша аралығында, ал, 2 қайық 7 сәуір мен 11 қараша мерзімінде Жем өзенінің мұзы еріп, күзгі су қатқанға дейінгі аралықта рейдтер жүргізеді. Сондай-ақ әскери команданың №1, 2 палубалық қайықтары 1738 жылғы 11 сәуірден 3 қарашаға дейін, су жолдарын бақылайды [65,14-22пп.]. Осы кездегі азаттық үшін болған шайқасты И.Ф.Бларамберг: «Жоламан тархандар бастаған көтерілісшілер бірнеше рет үлкен қол жинап, ата-қоныс үшін соғысып қан төкті. Ата қоныстан айырылғанша, жан қиғанды қалағандарын жеткізді» [5, с. 96].

Қазы тархан Сырымұлының бір басына патша үкіметі бірнеше шен атақ берді: хорунжий, сотник, есауыл, әскери старшын [66,32-33п.]. Деректер патша үкіметінің атақ-дәрежені беруде бірте-бірте сатылап, Ресей әскерилерінің атағын енгізгендігін және әскери атақ дәрежелерін енгізудегі ұстанымдарын көрсетеді.

Орта жүзде Жәнібек тархан ұрпақтары ел басқару дәстүрін жалғастырған. Жәнібек тархан шөбересі Шеген Мұсаұлы 4 мың түтін Арғын руының Жоғарғы Шекті бөлімін басқарған [67,200п.]. Мұса тархан немересі Қазыбек Шегенұлы хорунжий атағымен 37-дистанцияны басқарған [68,133п.]. Мұның өзі тархандар әулетінің ел басқару билігінде ұзақ уақыт бойы болғандықтарын дәлелдейді.

Бөкей Ордасындағы жаңа ру басқарушылары, сұлтандар, билер, старшындарға қосымша «тархан», «хан биі», «хан қызметкері» т.б. атақтары берілді [16,97 б]. Осындай себептер Бөкей Ордасындағы сұлтандар институтына «баланс» жасау үшін тархандар институтының қалыптасып, одан әрі дамуына негіз болған.

ХІХ екінші жартысындағы Бөкейлік тархандарға келсек, Ішкі Орданың тарханы Хайрулла Есенбайұлы халқына әр уақытта көмек беріп отырған кәсіпкер болған [69, 30-32пп.]. Сөйтіп, патша үкіметі өз дегеніне жетті. Дәстүрлі басқару жүйесі жойылған соң тархандық атақты берудің қажеті болмай қалды. Сенат 1869 жылы жарлығымен тархандық атақты беруді мүлдем тоқтатты [70,с.42].

Қорытындыда диссертацияның мазмұнынан туындайтын ойлар жүйеленіп, тұжырымдары нақтыланды.

Біріншіден, тархандық әлеуметтік институт ретінде көне дәуірлерден бастау алып, түркі-моңғол тұтастығы ыдырай бастаған ХVІ ғасырға дейін түрлі даму кезеңінен өткендігі анықталды.

Екіншіден, Ресей патша үкіметі түркілік тархандар институтын дәстүрлі билікке қарама-қарсы қоятын саяси күш ретінде пайдалануға ұмтылып, оны ХVІII ғасырдан бастап қайта жаңғыртып дамытты. Отаршылдық институттың саяси сынақтары (зарго институты) алғашқыда Қалмақ хандығында жүзеге асырылса, кейін одан жинақталған «бай тәжірибелерді» башқұрт, қазақтардағы дәстүрлі хандық мемлекеттігін жоюға пайдаланды.

Үшіншіден, Қазақ тархандары мен башқұрт тархандарының салыстырмалы айырмашылығы мен ерекшеліктері мынадай: бірінші, қазақ тархандары Ресей патша өкіметінің пайдасына башқұрт тархандарындай әскери қызмет атқармады, алым-салықтың қандай түрі болмасын төлемеді. Екінші, қазақ қоғамында тархандық атақ патша үкіметінің тарапынан берілгенімен, патша үкіметі қызметіндегі адамдары санатына кірмеді.

Төртіншіден, тархандық грамотада көрсетілген – мұралық түрі (атадан балаға көшетін тархандық) іс жүзінде бәріне бірдей жүзеге асып сақталмады.

Бесіншіден, XIX ғасырда хандық билікті нығайту үшін тархандар институтын пайдаланған Ішкі Орда ханы – Жәңгір болды. Ол өзіне қызметімен берілген ру-басыларына тархандық атақ берді. Хан берген тархандық грамотада көрсетілген жеңілдіктер сақталды.

Алтыншыдан, қазақтың дәстүрлі мемлекеттік басқару институты – хандықты жоюда патша үкіметінің ұстанған басты саяси бағыттарының қорытындысы мынадай: тархандық грамотада қарастырылған құқықтық жеңілдіктер мен тархандардың әлеуметтік статусын сұлтандармен теңестіруді қолдан жасау арқылы сұлтандар институтының күшеюіне жол бермеу. Сонымен бірге батырлар институтын да бірте-бірте тархандар институтына айналдыру арқылы әлсіретуді мақсат тұтты. Дәстүрлі қазақ билік институттарына іштен іріткі салатын ресейлік жүйені енгізді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Назарбаев Н.Ә. Жасай бер, тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан 1998. 16 желтоқсан.

2 Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. – Оренбург: Типография. Бреслина Б.Б, 1887. – 406 с.; Соныкі, История Оренбургская (1730-1750),– Оренбург: Типо-литография Ив. Ив. Ефимского-Мировицкого, 1896. – 95 с. Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 104 б; Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 1998. – 280 с.; Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. М.: Наука, 1975. – 180 с.; Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких Орд и степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.; Вельяминов-Зернов В.В. Исторические известия о киргиз-кайсаках и сношение России со Средней Азией со времени кончины Абулхайрхана. (1748-1765) // Оренбургские губернические ведомости. 1853. №4-48; Соныкі, Источники для изучения тарханства, жалованного башкирам русскими государями. – СПб., 1865. – 48 с.; Барамберг И.Ф. Военно-статическое обозрение земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевский) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства // Военно-статическое обозрение Российский империи. Т. 16. ч – 1, СПб., 1848. – 322 с.

3 Рычков П.И. История Оренбургская (1730-1750),– Оренбург: Типо-литография Ив. Ив. Ефимского-Мировицкого, 1896. – 95 с.

4 Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 1998.– 280 с.

5 Бларамберг И.Ф. Военно-статическое обозрение земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевский) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства // Военно-статическое обозрение Российский империи. Т. 16. ч – 1, –СПб., 1848. – 322 с.

6 Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. – СПб.,1865. – 288 с.; Крафт И.И. Сборник узаконений о киргизах степных областей. – Оренбург, 1898; Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем его составе до 1758 г. – Казань. 1897. Т.1. – 292 с.; т.2. – 293-616 с. ;Т.3. – 201 с.; Добросмыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк. – Оренбург, 1900. – 524 с.; Соныкі, Материалы по истории России. – Оренбург, 1900. Т.1. – 303 с.; т.2. – 80 с.; Соныкі, Суд у киргиз Тургайской области в ХVІІІ-ХІХ веках. – Казань, 1904. – 105 с.

7 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2 бас.– Алматы: Жазушы, 1985.– 258 б.; Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. – Аламаты: Қазақстан, 1993.– 80 б.; Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 80б.; Құнанбаев А. Шығармалар. Екі томдық. – Алматы: Жазушы, 1968. Т.1. – 320 б.; т. 2. – 250 б.

8 Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Өлке, 1991-256б.; Соныкі, Исатай-Махамбет. – Алматы: Өлке, 1991. – 256 б.; Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг. – Алма-Ата «Наука», 1965.– 347 с.; Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. – Алматы: Санат, 1995. – 224 б.; Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. – Алматы: «Өлке», 2002. – 240 б.

9 Рязанов А.Ф. Отголоски Пугачевского восстания в Киргиз-Кайсацкой Малой Орде // Советская Киргизия. 1924, № 10; Соныкі, Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа (1797-1838 гг.) – Кзыл-Орда: Изд. О-ва Изучения Казахстана 1926. – 152 с.; Соныкі, Батыр Сырым Датов. // Советская Киргизия. 1924, №10. – С.94-113.;Чулошников А.П. Восстание 1755 г. в Башкирии. Издательство АН СССР М.- Л., 1940. – 108 с.; Тынышпаев М. История казахского народа. – Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993, – 224 с.; Асфендьяров С. История Казахстана. – Алма-Ата: Қазақ Университеті, 1993. – 304 с.

10 Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. – М.: АН СССР, 1957. –342 с.; Соныкі, Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында (оқу құралы) –Алматы: Санат, 1994. – 416 б.; Соныкі, Царское правительство и институт султаната среднего жуза в ХІХ веке // Известия АН КазССР серия общественная №2. Изд. наука КазССР. Алма-Ата 1968. – 34-40 с.; Вяткин М.П. Батыр Сырым. – М. Л.: Изд-во АН СССР, 1947 – 390 с.; Соныкі, Очерки по истории Казахской ССР. Том первый с древнейших времен по 1870 – ОГИЗ Госполитиздат 1941. – 368 с.

11 Апполова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХҮІІІ в. – Алма-Ата: АН ССР, 1948. – 254 с.; Соныкі, Экономические и политические связи Казахстана с Россией в ХVІІІ-начале ХІХ в. – М.: АН СССР, 1960. – 456 с.; Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVІІ-начале ХІХ века. Алма-Ата: Наука, 1971. –633 с.; Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVІІ – начале ХХ века. – Алма-Ата: «Наука», 1971. – 350 с.; Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХVІІІ и первой половины ХІХ веков. – Алма-Ата: «Наука», 1960. – 294.; Соныкі, Общественный строй казахов первой половины ХІХ века. – Алма-Ата: «Наука», 1958. – 294 с.; Соныкі, Россия и Букеевское ханство. – Алма-Ата: Наука, 1982. – 171 с.; Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в ХVІ-ХVІП вв. (Казахстан в системе внешней политики Российской империи). – Алма-Ата: «Наука», 1971. – 276 с.; Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России ХVІП – начале ХХ века. – Алма-Ата: Наука, 1971. – 274 с.; Шойынбаев Т.Ж. Прогрессивное значение присоединения Казахстана к России. Алма-Ата, «Казахстан», 1973. – 248 с.; Соныкі, Добровольное вхождение казахских земель в состав России – Алма-Ата, 1982. 67 с.; Нусупбеков А.Н. Вопросы истории Казахстана. – Алма-Ата: Наука, Каз ССР, 1989. – 3434 с.; Семнюк Г.И. Проблемы истории кочевых племен и народов периода феодализма (на материалах Казахстана) – Калинин 1973, – 148 с.; Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма. – Москва, 1986, – 243 с.; Легенда о Невидимке (Участие казахов в Крестьянской войне под руководством Пугачева в 1773-1775годах). Алма-Ата, «Казахстан» 1968. 190с.; Соныкі, Россия «Казахстан в освободительном движении». Последняя четверть ХVІІІ – первая половина ХІХ века – Москва 1996, – 304 с.; Сабырханов А. Казахско-русские отношения в 50-90 гг. ХVІІІ в. На материалах Младшего жуза. Дис...канд. ист. наук – Алма-Ата, 1966; Соныкі, Қазақстан мен Россияның ХVІІІ ғасырдағы қарым-қатынасы. – Алматы: Ғылым, 1970.– 138 б.; Соныкі, Ұлы бетбұрыс. – Алматы: Мектеп, 1981. – 294 б.; Сүлейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из Истории Казахстана ХVІІІ века (о внешней и внутренней политике Аблая). – Алма-Ата: Наука, 1988. – 144 с.

12 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 10 том. – Павлодар: ТОО НПФ «ЭКО», 2007. – 454 б.; Толыбеков С. Қазақ шежіресі. – Алматы: «Қазақстан», 1992. – 145 б.; Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. – Алматы: «Қазақстан», 1994. –144 б.; Табылдиев Х., Қалмұратов А. Кіші жүз рулары. – Алматы: «Ер Дәулет», 1994. – 108 б.

13 Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 52 с.; Соныкі, Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: «Атамұра», 1994. – 240 б.; Соныкі, Азат рухтың күрескері. – Алматы: «Өркениет», 2003. – 176 б.; Қасымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств в ХVІІІ первой четверти ХІХ вв. Хан Жантөре (1789-1809) Т. 3. Алматы: «Білім», 2001. – 301 с.; Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2000. – 324 б.; Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. – Алма-Ата: Казахстан, 1994. – 160 с.; Артықбаев Ж.О. Казахское обшество в ХIХ веке: тенденции и инновации. Караганда, 1993. – 330 с.; Соныкі, Материалы к истории правяшего дома казахов. – Алматы: Гылым, 2001. – 204 с. Серия «Казахстан: история в профиль»; Соныкі, Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы. 2001. – 168 б.; Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. – Алматы: Санат, 1999. – 336 с.; Соныкі, Родословные казахских ханов и кожа ХVIII- ХIХ в.в. (история, историография, источники). – Алматы: ТОО «Print - S», 2003. – 178 c.

14 Рысбеков Т.З. Әбілқайыр ханның тарихтағы орны // Жайық үні. – Орал, 1994. 14 қаңтар.; Соныкі, Өскен өлке тарихы. – Орал.: Полиграфия, 1997. – 180 б.; Соныкі, Жоламан Тіленшіұлы – Ұлт-азаттық қозғалыс көсемі // «Отан тарихының келелі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жинағы 28-29 ақпан 2008 жыл. Тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Алдамжарға арналған. – Атырау, 2008. 211-214 бб.; Бірімжаров Б.Қ. Батыс Қазақстан тарихынан. ХVІІІ-ХІХғғ. – Орал, 2002. – 155б.; Соныкі, Әбілқайыр хан: сардар, мәмілегер һәм қайраткер. // Қазақ тарихы. – 2002, №4. 39 - 42 б.

15 Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында (Қазақстанның батыс өңірі: ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы және ХІХ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы тарихи жағдайлар). – Алматы: «Ғылым», 2001, – 257б.; Соныкі, Басқаның патшасының бәрі жақсы, неліктен біздің хандар жаман болған? // Егемен Қазақстан, 2007, 31 қаңтар.; Соныкі, Сырым бастаған қозғалыс. // Сырым Датұлы / Жинақ. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004, – 320 б.; Соныкі, Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (ХVІІІ-ХІХғғ.). – Алматы: «Арыс», 2008.– 240 б.

16 Қарабалин Ғ.Е. ХIХ ғасырдағы Бөкей Ордасы. – Орал, 2004. – 248 б.

17 Ахметова Ұ.Т. Арынғазы Әбілғазыұлының қоғамдық-саяси қызметі (1786-1833 жж.) // Тарих ғылымдарының кандидаты ... диссертациясының авторефераты. – Алматы, 2002. – 26 б.; Соныкі, Арынғазы хан (1786-18833), – Ақтөбе: «А-Полиграфия» ЖШС, 2004. – 168 б.

18 Ахмет А.Қ. Қаратай хан. – Алматы: «Арыс», 2007. – 176 б.

19 Құрманалин С.Б. 1848-1858 жылдардағы Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс // Тарих ғылым кандидаты ... диссертациясының авторефераты. – Орал, 1999, 30 б.

20 Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-1860 жж.) // Тарих ғылым кандидаты ...диссертациясының авторефераты. – Орал, 2008, 30 б.

21 Оразбаева А. Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бастаулары, орны және ролі (ХVІІІ ғасыр). Тарих ғылымдарының кандидаттық диссертациясы. – Алматы, 1998, 151 б.

22 Абдуллаев Н.А. Дәстүрлі қазақ қоғамының батырлар институты // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Ғылыми журнал. 2002, №1; Қайырғалиева Г. Батырлар институтының қазақ қоғамындағы орны мәселесі туралы // М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Хабаршысы. Ғылыми журнал. 2008, №4, 196-201 бб.

23 Материалы по истории Казахской ССР. Т.ІV. (1785-1828 гг.) – М.-Л.: Изд. АН СССР, 1940. – 543 с.

24 Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – 744 с.

25 Казахско-русские отношения в ХVІІІ-ХІХ веках (1771-1867 годы) (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: Наука, 1964. – 575 с.

26 100 құжат (қазақ хандығы мен Чин империясы арасындағы қарым-қатынастарға байланысты құжаттар). – Алматы: Санат, 1998. – 176 б.

27 Национально-освободительная борьба казахкого народа под предводительством Кенесары Касымова. – Алматы: Гылым, 1996. – 512 с.; Исатай-Махамбет 1801-1848 Документы. Сост.: Б.Т.Жанаева (ответственный), И.М.Самигулин, Л.Ш.Капашев. – Алматы, Изд. Арыс, 2003. – 448 с.; История Букеевского ханства. 1801 – 1852 гг.: сборник документов и материалов / сост. Жанаев Б.М., Иночкин В.А., Сагнаева С.Х. – Алматы: Дайк – Пресс, 2002 – 1120 с.

28 История Казахстана в русских источниках в ХVІ-ХХ веков. Русские летописи и официальные ХVІ - первой трети ХVІІІ в. О народах Казахстана. / Сост., транскрипция, комментарии, вступителная статья И.В.Ерофеевой. Т. 2 -Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 448 с.; История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Журналы и служебные записки дипломата А.И.Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759гг.) / Составление, транскрипция, скорописи ХVІІІ в., историографический очерк и комментарии И.В.Ерофеевой. Т. 3. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 484 с.

29 Абаев В.И. Скифо-европейские изоглоссы на стыке Востока и Запада.– М.,1965.– 168 с.

30 История России. С древнейших времен до конца ХVІІ века / Ответ. ред. А.Н. Сахаров , А.П. Новосельцев. – М., Аст, – 1961 – 576 с.

31 Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ІІ том. Көне түрік бітік тастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас). – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 252 б.

32 Сартқожаұлы Қ. Ежелгі түрік мұралары // Қазақстан әйелдері № 7. 2002 10-12 б.

33 Сыздықов С. Көне түрік жазбасы Ұлы дала Мемлекеттілігінің тарихының дерегі ретінде // Мемлекеттілік және Ұлы дала:Халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. – Астана, 2006. 205 – 207 б.

34 Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ века – Алма-Ата: АН КазССР, 1958. – 296 с.

35 Тезенгаузен В.Г. Сборник материалов, относящихся к истории Залотой Орды. – Том II. Изд-во АН ССР 1941 – 308 с.

36 Григорьев В.В. Россия и Азия: Сборник исследований и статей по истории, этнографии и географии, написанных в разное время В.В. Григорьевым - ориенталистом. – СПб., 1876.– 575 с.

37 Махмұт Қашқари, Түрік тілінің сөздігі (Қашқари. Диуани лұғат-ат түрк).3 томдық шығармалар жинағы 2 том. / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзімен ғылыми түсініктерін жазған А. Егеубай – Алматы: ХАНТ, – 528 б.

38 Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 1992.– 208 б.

39 Шапшал С.М. К вопросу о тарханных ярлыках // Академику Владимиру Александровичу Гордлевскому к его 70 летию сб. статей – Москва 1953 – (302-317c.) 343 с.

40 Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Тексты и исселедования. – М.-Л, 1951.– 108 с.

41 Материалы по истории Казахских ханств. ХV-ХVІІІ веков (Извлечения из персидских и тюркских сочинений). – Алматы: Изд. Наука, Казахской ССР, 1969. – 650 с.

42 Дулати М. Х. Тарихи Рашиди. – Алматы: М. Х. Дулати қоғамдық қоры, 2003.– 616 б.

43 Вельяминов-Зернов В.В. Источники для изучения тарханства, жалованного башкирам русскими государями // Приложение к. т. 4, Записки императорской академии наук. – Санкт-Петербург, 1864, № 6. 89 с.

44 Ресей Федерациясы Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты (әрі қарай РФ ОрОММ). 1 – қор, 1 тізбе, 1 – іс.

45 Мұқтар Ә., Ахметова Ұ. Әбілқайырдың өлімі хақында. // Қазақ тарихы, № 6. 2000. 16-18 б.

46 РФ ОрОММ. 6 – қор, 10 - тізбе, 4290 - іс.

47 Валиханов Ч.Ч. Абылай // Валиханов Ч.Ч. Соб. Соч. в пяти томах. –Алматы: Главная редакция Казахской Советской энциклопедии: том ІV. 1985. – 463 с.

48 Бижанов М.Социальные категории казахского общества XVIII века в трудах русских ученых // Казахстан в XV – XVIII веках (вопросы социально-политической истории Изд-во Наука Казахской ССР – Алма-Ата 1969. – 198 с.

49 «Қазақ ру – тайпаларының тарихы». Тама. I том. Екінші кітап. – Алматы: «Алаш» тарихи – зерттеу орталығы, 2005. – 648 б.

50 Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы: Санат,2002. – 344 с.

51 Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасы Ресей Ғылым Академиясының Уфа ғылыми орталығының ғылыми мұрағаты – (әрі қарай РФ БР РҒА УҒО ҒМ). 3-қор, 2-тізбе, 139-іс.;

52 Ресей Федерациясы Омбы облыстық Мемлекеттік мұрағаты (әрі қарай РФ ООММ) 6 - қор, 1 - тізбе, 63 - іс.

53 РФ ОрОММ. 3- қор, 1 - тізбе, 37- іс.

54 РФ ОрОММ. 3 - қор, 12 - тізбе, 49 - іс.

55 Чулошников А.П. Востание 1755 г. в Башкирии. – Изд.: АН СССР М-Л, 1940.– 108 с.

56 РФ ООММ 1 - қор, 2- тізбе, 425 – іс

57 РФ ООММ. 1 - қор, 1 - тізбе, 83 – іс.

58 Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты (әрі қарай ҚР ОММ). 4 - қор, 1 - тізбе, 1617 – іс.

59 Ресей Федерациясы Астрахань облыстық Мемлекеттік мұрағаты (РФ әрі қарай әрі қарай АООММ). 1 - қор, 1 - тізбе, 145 - іс.

60 РФ АОММ. 1 - қор, 1 - тізбе, 845 - іс.

61 Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт.- Астана: «Ана тіл – Ата тарих», 2007.– 272 б.

62 РФ ОрОММ. 3- қор, 1 - тізбе, 21- іс.

63 ҚР ОММ.4 - қор, 1 - тізбе, 212 - іс.

64 ҚР ОММ 4 - қор, 1 - тізбе, 490 – іс.

65 РФ АОММ. 2 - қор, 1 - тізбе, 271 - іс.

66 ҚР ОММ. 4 - қор, 1 - тізбе, 2708 – іс.

67 ҚР ОММ. 4 - қор , 1 - тізбе, 2328 - іс.

68 ҚР ОММ. 4 - қор, 1 - тізбе, 2512 - іс.

69 ҚР ОММ. 4 - қор, 2 - тізбе, 1693 - іс.

70 Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. – Москва: Изд.: АН СССР, 1957. – 342 с.



1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет