Әож 94(574)"1931/. 1933" НҰрпейісова қ. Б., Домалатов е. Б



жүктеу 200.17 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі200.17 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ӘОЖ 94(574)“1931/.1933”

НҰРПЕЙІСОВА Қ.Б., ДОМАЛАТОВ Е.Б:

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ., Қазақстан
1931-1933 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЛДАРЫ (ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
Орта Азияны мекен еткен халықтардың тарихында қазақтан азалы, қайғылы азаптарды бастан кешірген халық аз шығар. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін «Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелері мен жоғарғы оқу орындарына зерттеулерге 20-30 жылдардағы күрделі оқиғаларға талдау жасауды енгізе отырып, зерттеу мәселелерін кеңейту» ұсынылды. Соған орай біз де бұл мәселенің шешілуіне өзіміздің үлесімізді қосу үшін демографтар мен тарихшылардың арасында көп дау-дамай туғызған 1931 – 1933 жылдардағы ашаршылықтың Шығыс Қазақстанға тигізген әсерін зерттеуді жөн көрдік.

ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы демографиялық ахуалды зерттеуде санақ материалдарының аса құндылығы тарихымызда дәлелденген. Санақ материалдарын жан-жақты талдай келе, Т.Омарбеков 1930-33 жылдарда аштықтан Қазақстанда халық саны 3379,5 мың адамға кеміп кеткенін, оның ішінде 8-12%-тейіннің санақта кем көрсетілгеннін атап көрсетті. Ал академик Б.Төлепбаев пен тарих ғылымдарының кандидаты В.Осипов осы жылдары қазақтардың шығыны 1 050 000 мен 1 100 000 арасындағы адамды қамтыды, ал Республикада өзге ұлттар арасынан 200-250 мыңдай адам аштықтың құрбаны болды деп есептейді, алайда Б.Төлепбаев пен В.Осипов «Асырмай да жасырмай да айтылған шындық» атты еңбектерінде халық саны тек қана аштықтан ғана азайып кетпегенін айтып көрсетті. Мәселен, сол жылдары Кеңес өкіметі жағынан қысымға шыдамай Қытайға 500 мыңдай адам өтіп кетті деп көрсетті. Ал, М.Қ.Қозыбаевтың, Ж.Б.Абылғожинның, М.Б.Тәтімовтың еңбектерінде 1931-33 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстанда 2 100 000 адам опат болды. Олардың 1 750 000 қазақтар деп көрсетті [1]. Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы О.Исаев пен қаржы халық комиссары М.Орымбаевтың 1932 жылғы 11 мамырдағы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесіне жазған баяндау хатында Қазақстанның 100 ауданы бойынша мал санау мен шаруашылықтарды тексеру деректері бойынша мал саны 39,5% кеміді деп көрсетілген. Мұндай жағдайға жетудің басты себебі, күштеп ұжымдастыру, барлық малды ықтиярсыз ортақтандыру және мал дайындау кезінде зорлық-зомбылық қолдану деп көрсетті баяндау хатының авторлары. 1932 жылы 9 тамызда Сталиннің атына жазған хатында О.Исаев бұдан да дәл, нақты деректерді келтіреді. 1929 жылғы есеп бойынша Қазақстанда 40 миллион мал болған, ал 1932 жылдың жазында бар болғаны 6 миллион ғана, оның ішінде совхоздарда 2, колхоздар мен жеке секторда 4 миллион мал қалған. Оның өзі де қазақтардың малды аудандарында емес, орыс аудандарында деп көрсетті [2]. 1928-1932 жылдары мал шаруашылығына келген зиян туралы деректер М.Қ.Қозыбаев, Ж.Б.Абылғожин, М.Б.Тәтімов еңбектерінде де көптеп кездеседі. Мәселен, 1932 жылы 6509000 ірі қарадан – 964000, ал 3516000 аттан – 316000, 1042000 түйеден – 63000, 18566000 қойдың 1386000 ғана қалған. Осы шығын бұл ғалымдардың айтуы бойынша 1970-1980 жылдары да орнына келе қойған жоқ [3].



Ендігі кезекте ұлы Нәубет жылдары Шығыс Қазақстанға қандай зиян келтіргеніне тоқталайық. Ашаршылықтың Шығыс Қазақстанға тигізген әсері жайлы нақты деректер болғанымен, олардың толық зерттелмеуі және мәліметтердің аздығы, зерттеу жұмысына үлкен қыйындықтар әкелетіні сөзсіз. Соған қарамастан, біз аумақтық газет-журналдар мен ғылыми журналдарда жарияланған мәліметтерді пайдаланып, 1931-33 жылдары болған ашаршылықтың Шығыс Қазақстанға тигізген әсерін және салдарын зерттеуді жөн көрдік. 1929 жылы басталған ауыл шаруашылығын ұжымдастыру Шығыс Қазақстанға да кері әсерін тигізгені бәрімізге мәлім. Сол жылдары Өскемен қалалық, аудандық кеңестерінің алқа мүшесі ретінде қазақ мектебінің директоры Құсайын Орынтайұлына ашаршылық жайлаған аймақтан қоныс аударушыларды орналастыру ісі жүктелді. Оның айтуы бойынша: «Абай, Абыралы аудандарынан көшіп келуші аш-жалаңаштар пароходпен Меновное селосына қарама-қарсы Ертіс жағасына келіп түсті. Олардың түріне қарауға адамның жүзі шыдамайды, жан түршігерліктей. Жер-жерден көліктер келіп, оларды орыс селоларына орналастыру басталды. Көшіп келгендер Березовка, Предгорное, Глубокое, Бобровка, Тарханка, Ульбастрой елді мекендеріне орналастырылды және бұл кезде орыстар мен қазақтар жақсы тіл табысып, шаруашылықтардың экономикасын көтеруге елеулі үлес қосты» - дейді [4]. Облыстың мемархивінің шекаралық Катон-Қарағай, Зайсан, Тарбағатай аудандарының қорларында Қытайға қашқандар туралы мәліметтер көп-ақ. Олардың ұсталғандарының қарсылық жасағандары сотталған, басқалары аудандық атқару комитеті президиумының мәжілісінде қаралып, оның шешімімен шекарадан 100 километр алысқа, көбінесе Көкпекті ауданына, жер аударылып отырылған. Мәселен, Зайсан ауданында 1931 жылғы 13-наурызда 9 әйел, 8-інің бірден-екіден кішкене балалары бар, солай етілген. Олардың күйеулері ұстатпай Қытайға өтіп кеткен. Тағы бір көңіл аударатын жағдай – ашаршылық кең етек алған 1931-1932 жылдарда да ауыл тұрғындары салықтан босатылмапты. Мәселен, Ұлан ауданы 1931 жылдың IV тоқсаны мен 1932 жылы, астық салығынан басқа, жалпы тірідей салмағы 32 000 центнер болатын 10 541 ірі қара мен 27 304 бас ұсақ малды ет салығы үшін өткізуге тиісті екен [5]. 1931-32 жылдары аштыққа ұшырап, қоқан-лоқы, қысымға шыдамаған Тарбағатай өңіріндегі бір дүйем ел Қытайға өтіп кетуге әрекет жасапты. Бұл негізінен Көкпекті, Ақсуат, Аякөз, Үржар елді мекенінің халқы болатын. Шекарада қызылдар оқ боратып, одан аман қалғандарын осы өңірді мекендеп, өмір сүруге күштейді. Яғни, Ақсуаттың құт-береке дарыған Қызылтас, Қызылкесек өңірінен жер ауған біршама жұрт былайша шекарада тоқтатылып, Көкталға әкелінді. Олардың сол кездегі ұзын саны 500 отбасын құраса керек. Бұл дегеніміз 1374 адам болған көрінеді [6]. Ал, Т.Омарбеков «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» атты кітабында ол шетелге кеткендер жайлы толық тоқталады. Соның ішінде Қытаймен шекаралас аудандарына қысқаша сипаттама берелік. 1931 жылы бұлардың жалпы саны 11 болды(бұрын 16 болды). Олар: Алакөл, Лепсі, Октябрь, Жәркент, Кеген, Катон-Қарағай, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандары, сондай-ақ, Талдықорған және Ақсу аудандарының шекараға жақындау бір бөліктері еді. Шекаралық аудандардың аумағы мен халқының Қазақстанмен салыстырғандағы төмендегі кестеден (1-кесте) де байқауға болады.
1-кесте – Шекаралық аудандардың аумағы мен халқының Қазақстанмен салыстыруы




Жер аумағы (шш. Км.)

Халық саны (жан басы)

1 шш км-гі халық тығыздығы

Ескертпелер

Шекаралық аудандарды жалпы алғанда

131720

494896

3,76

Аумағы мемлекеттік жоспар-лау мәліметтеріне негізделген

Қазақстан бойынша жалпы алғанда

28554000

6931800

2,42

- // - // - // - // - //

Өлкемен (Қазақстанмен) салыстыр-ғандағы шекаралық аудандардың үлесі

4,61%

7,14%

154,9%

РКФСР-да 1930 жылы халықтың тығыздығы 5,54

Ал енді нақты деректер бойынша кестедегі мәліметті толықтырсақ, аталған шекаралық аудандардағы халықтың жалпы саны 1931 жылы 505 701 адам, яғни Қазақстан халқының 7,33%-і болды. Ал олардың әлеуметтік құрамы төмендегідей еді: жұмысшылар – 25 510 адам, қызметкерлер – 25 318, колхозшылар – 228 387, кедейлер мен батырақтар – 101 924, орташалар – 79 264 және кулактар – 45 298 [7].

Семей облысы, Шыңғыстау ауданының Казрайком уәкілі С.Аманжоловтың күнделігінде былай деп жазылған: «... Адамдар тамақ іздеп, тұрғылықты жерлерін тастап, жолдың бойында өліп жатты...». Ашыққан ересек адамдардың жаппай қырылуы панасыз балалардың санын өсірді. 1933 жылыдың 20 наурызында тек Ақтөбе облысының өзінде 7 234 панасыз балалар балды. 1932 жылы 25 наурызда панасыз балаларға қамқорлық жөніндегі ХКК ерекше комиссиясының отырысында Халық денсаулық сақтау комиссары мен Халық ағарту комиссариаты арқылы 3 мың баланың 1 100 Семейге және қалғаны Республиканың басқа қалаларына орналастырылды. Соған қарамастан көптеген балалар жұқпалы аурумен ауырды. Тіптен балалар үйі мен интернаттарға орналастырылғандардың ішінде де өлім көп болды. Мысалы, Аякөз ауданында бірнеше айдың ішінде балалар үйінде 401 бала өлді [8]. Осындай өлім-жітімнің кеселінен біздің өңірдің демографиялық көрсеткіштері күрт төмендей бастады. Мәселен, Абай ауданының 12-ші ауылында 1932 жылы қараша айында 1062 адам мерт болып, 82 сәби дүниеге келсе, желтоқсанда 1102 адам мерт болып, 84 сәби ғана дүниеге келді. Бұның өзі халық санының құлап бара жатқанының бір дәлелі [9].

Халыққа қысым көрсету мен шектен тыс өктемшіл әпербақандық ауыл шаруашылық өндірісін ғана құлдыратқан жоқ, Қазақстанның бірқатар жерлерінде наразылық білдіріп қолдарына қару алған шаруалар ереуілге де шықты. Әсіресе, Семей ауданында аса ірі дүрбелең көтерілді. Мұнда 1930 жылдың ақпан-мамыр айларында Зырян, Өскемен, Самар, Шемонаиха, Катон-Қарағай аудандары бас көтерді.

1931 жылы ақпан айының басында Абралы ауданының №6 ауылында Кемпірбаев Ысқақ пен Тұрғанбаев Уайда бастаған ашынған ауыл азаматтарын кеңес өкіметінің жүргізіп отырған саясатына ашық наразылық білдіру туралы шешім қабылдауға мәжбүр етті. Көтерілісті басқаратын 11 адамнан тұратын орталық құрылды. 14 ақпанда көтеріліс аудан жеріндегі ауылдарды түгелдей қамтып, көтерілісшілер саны 700 адамға жетті. Көтерілісті басу үшін Семейден 66-атты әскер дивизионының оперативтік отряды жөнелтілді. Жазалаушылармен таудағы айтыс кезінде көтерілісшілер жағынан 37 адам қайтыс болды. Қылмысты ретінде 274 адам тұтқынға алынып, оларға ПП ОГПУ-дің ерекше үштігі 1931 жылдың 17, 22 маусымында 3, 14 қарашасында, 14 желтоқсанында үкімдер шығарды: 86 адам ату жазасына кесілді. 137 адам еңбек түзету концлагеріне 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге қамалды. 10 адам осы мерзімдерге шартты түрде сотталды, тағы 10 адам Қазақстанның өз ішіндегі аймақтарға 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге жер аударылды. Абралы ауданы тәрізді оған көрші орналасқан сол жылдардағы Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыстау ауданының (қазіргі ШҚО-ның Абай ауданы) жерінде 1931 жылы ақпанда кеңес өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы халық толқулары болды. Көтерілісті Медеуов Сәнияз және Торайғыров Емілжан басқарып, оған барлығы 200-ден астам адам қатысқан. Содан кейін ақпан айында бұл көтеріліс Қызыл Армияның күшімен басылып тасталды. Тұтқындалғандардың жалпы саны 189 адам. Олардың ішінен ПП ОГПУ-дің Ерекше үштігінің 1931 жылғы 15 мамырдағы шешімімен 47 адам ату жазасына кесілді, ал 105 адам еңбек түзету лагерлеріне қамалды, Қазақстанның өз ішіндегі аудандарға 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге 13 адам жер аударылды, шартты түрде 23 адам тағы сотталды. Тағы бір ірі халықтың көтерілуі Семей облысының Шұбартау ауданында болған, шаруалар көтерілісі наурыз айының алғашқы жартысында орын алды. Ет дайындау науқанындағы ауыр жоспарлардың негізінен орташалар мен кедейлердің иығына түсуі 600-дей адамның кеңес өкіметіне қарсы бас көтеруін тұғызды. Аудан аумағына жазалаушы коммунистік отрядтың келіп кіруі көтерілістің кең тарап, етек алып кетуіне мүмкіндік бермеді. №8 ауылда көтерілісшілердің негізгі күші жазалаушылармен кездесіп, қарсылық көрсетті. Ұрыс кезінде нашар қаруланған көтерілісшілерден 7 адам өлді. Көтеріліске қатысушылар қатал жазаланды. ПП ОГПУ-дің Ерекше үштігі өзінің 1931 жылдың 14 мамырындағы және 29 маусымындағы, сондай-ақ, келесі 1932 жылдың 19 маусымындағы үкімдерімен 28 адамды, көтеріліс басшыларын атуға, 66 адамды 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге еңбек түзету лагерлеріне қамауға, 17 адамды Қазақстанның өз ішінде 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге жер аударуға кесті [10].



1926 жылғы халық санағы негізінде Шығыс Қазақстан облысында 500 мыңдай адам тұрған (2-кесте).
2-кесте – 1926 жылғы Бүкілодақтық санақ мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстандағы халық саны мен ұлттық құрамы(қазіргі аумағы негізінде)





Бүкіл тұрғындар

Қазақтар

Орыстар

Украиндер

Немістер

Тарарлар

Өзгелері

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Өскемен қ.

13909

100

684

4,9

11381

81,8

621

4,5

18

0,1

801

5,8

404

2,9

Барлығы

491974

100

174913

35,5

263134

53,5

37857

7,7

1732

0,4

4302

0,9

10036

2,0

1926-1939 жылдары аралығындағы болған халық санағының мәліметтерін салыстыру нәтижесінде Шығыс Қазақстандағы қазақтар саны күрт төмендеп кетті. 1939 жылы олардың саны 1926 жылғы санақ нәтижелеріне қарағанда 60 мыңға, яғни, 34% кеміді. Жалпы алғанда сол жылдары Республика 1 798 мың немесе 45,8% қазақтан айырылды. Басқа ұлт өкілдері де көп халқынан айырылды. Бірақ, олардың санын есептеу, бұл халықтардың белсенді көшіп-қонуына байланысты анықтау қиынға соқтырады. Мәселен, ШҚО-нда Украин халқы 28,8%-ға кеміді. Оған басты себеп ретінде біз: аштықтан өлуін, миграциялық көшіп-қонуын, ассимиляцияны, яғни, бұл жылдары украин халқының көп бөлігі өздерін орыс ұлтына жатқызды.
3-кесте – 1939 жылғы Бүкілодақтық санақ мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстандағы халық саны мен ұлттық құрамы




Бүкіл тұрғындар

Қазақтар

Орыстар

Украиндер

Немістер

Тарарлар

Өзгелері

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Абсолютті саны (адам)

Тұрғындардың ішіндегі үлесі (%)

Өскемн қ.

20141

100

1645

8,2

16549

82,2

754

3,7

60

0,3

689

3,4

444

2,2

Риддер қ.

64050

100

4459

6,2

53678

83,8

3052

4,8

134

0,2

814

1,3

1913

3,0

Зырян ауд.

50237

100

3286

6,5

41379

82,4

3050

6,1

207

0,4

383

0,8

1932

3,8

Үлкен-Нарым ауданы

35643

100

8166

22,9

24114

67,6

1749

4,9

76

0,2

558

1,6

980

2,8

Зайсан ауд.

43472

100

22489

51,7

17622

40,5

1312

3,0

71

0,2

888

2,0

1090

2,6

Катон-Қарағай ауд.

33246

100

11566

34,8

19747

59,4

875

2,6

53

0,1

269

0,8

754

2,3

Күршім ауд.

34127

100

14110

41,3

16582

48,6

2175

6,4

66

0,2

275

0,8

919

2,7

Самар ауд.

34465

100

8558

24,8

22190

64,4

2275

6,6

61

0,2

336

1,0

1045

3,0

Ұлан ауд.

21508

100

11449

53,2

8034

37,3

823

3,8

480

2,2

126

0,6

596

2,9

Шемонаиха ауд.

41694

100

2474

5,9

34490

82,7

2115

5,1

1406

3,4

197

0,5

1012

2,4

Бұхтарма ауд.

25273

100

3620

14,3

19750

78,1

959

3,8

34

0,1

130

0,5

780

3,2

Киров ауд.

58944

100

4005

6,8

49401

83,8

2668

4,5

562

0,9

268

0,4

2040

3,6

Предгорное ауд.

44618

100

4413

9,9

33139

74,3

4697

10,5

738

1,6

207

0,5

1424

3,2

Тарбағатай ауданы

20372

100

15338

75,3

3773

18,5

487

2,4

73

0,3

228

1,1

473

2,4

Барлығы

527790

100

115578

21,9

360448

68,3

26973

5,1

4021

0,8

5368

1,0

15402

2,9

1926-1939 ж.ж. облыс халқының саны 7,3%-ға өскен. Оның басты себебі, орыс халқының саны бұл жылдары аралығында 97,3 мың немесе 37%-ға өсуі. Бұл жылдары татар, неміс және өзге де ұлт өкілдерінің саны өсті. Жалпы алғанда орыс халқы 2,1 есе өскен, ал оңтүстік өңірлерде – 4,1 есе. Бұған қарамастан қазақтардың үлесі біздің облыста тұратын өзге халықтармен есептегенде 1926 жылығы 35,5%-дан 1939 жылы 21,9%-ға дейін азайған. Ал, орыстардың үлес салмағы керісінше 53,5%-дан 68,3%-ға өскен. Облыстағы 13 ауданның 11-інде (Өскеменді қосқанда) орыс халқының үлес салмағы артық болды. Ал, қазақ халқының шоғырлануы Тарғабатай, Зайсан, Ұлан аудандарында болды. Бұның бәрін жоғарыдағы кестеден анық байқауға болады (3-кесте) [11].

Жалпы, қорыта келгенде, арты аштыққа әкелген ұжымдастыру жылдарында жіберілген қателіктер мен ол жылдары елде болған ауыр жағдайға қарамастан, жаппай жаңарту жылдарында жетістіктерге де қол жетті. Ол, мәдениет пен білім беру салаларында көрініс алды. Бұл жылдардағы Ұлы Нәубетті мәңгілік есте сақталып ешқашан ұмытылмауы үшін, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы «Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын мәңгі есте қалдыру туралы» арнайы қаулы қабылдап, «31 мамыр – 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың салдарынан қаза тапқандарды еске түсірудің жыл сайынғы күні» деп жарияланған балатын.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Габжалилов Х.М.: ХХ ғасырдың 3-шы жылдарындағы Қазақстандағы аштық демографиясының зерттелуі туралы//-ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, 2005, №3(38), 12-13 бет.

  2. Хайдулин Ғ.: Ашаршылық және демографиялық апат//-Ақиқат, 2001, №8, 42 бет.

  3. Биназарова С.: Ұжымдастыру саясаты және оның салдары//-Қазақ тарихы, 2004, №4, 90 бет.

  4. Орынтайұлы Қ.: Көз алдымда жас шағым//-Дидар газеті, 1997 ж. 26 шілде, №85(14629), 2 бет.

  5. Жүніс О.: Қызыл қырғын іздері//-Дидар газеті, 1998 ж. 30 мамыр, №63 (14758), 5 бет.

  6. Саябаев М.: Көкталдағы құлпытас құпиясы//Семей таңы газеті, 1998 ж. 2-8 шілде, №22, 4 бет.

  7. Омарбеков Т.: 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті//-Алматы: Санат, 1997. 274-275 беттер.

  8. Хайдулин Ғ.: Ашаршылық және демографиялық апат//-Ақиқат, 2001, №8, 46 бет.

  9. Айымбетов С.: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары ақиқатын анықтасақ...//-Ақиқат, 1999, №9-10, 65 бет.

  10. Омарбеков Т.: 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті//-Алматы: Санат, 1997. 204-207 беттер.

  11. Алексеенко А. Н.: Народы Восточного Казахстана// Усть-Каменогорск, 1994. 7-10 беттер.



Түсініктеме

Мақалада 1931-1933 жылдары болған жаппай ашаршылықтың Шығыс Қазақстанға тигізген салдары, атап айтқанда Қазақстанның беделді тарихшы-демограф ғалымдарының еңбектерінен алынған демографиялық деректерді салыстырып, жалпы демографияға тигізген әсері баяндалады.


Аннотация

В статье сопоставляются полученные демографические данные известных казахстанских ученых историков-демографов, и изложены общие демографические последствия всеобщего голода в 1931-1933 годах в Восточном Казахстане.


Resume

The article compares the demographic data obtained by well-known Kazakh scientists, historians, demographers, and represents general demographic consequences of the 1931-1933 hunger in East Kazakhstan Region.









©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет