Әож қытай мен жапонияның саяси мәдениетінің ерекшеліктері



жүктеу 120.58 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі120.58 Kb.
ӘОЖ

ҚЫТАЙ МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ САЯСИ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оразбекова Г.Р.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

қытайтану кафедрасының 2 курс магистранты

Алматы қ., Қазақстан



gulzhan_o71@mail.ru

Түргенбай А.Ә.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

қытайтану кафедрасының 2 курс магистранты

Алматы қ., Қазақстан



altyn-alka@mail.ru
Бұл мақалада өзінің бірегей ұлттық дәстүрін сақтай отырып, модернизация мен батыстандыру үрдісінің ұзақ жолын жүріп өткен Жапония мен Қытайдың саяси мәдениетінің ерекшеліктері қарастырылады. Жапонияның саяси мәдениеті басқа елдерде сияқты тарихы мен мәдениетінің өзгешелігімен сипатталады. Қытайдың қазіргі саяси мәдениетінің негізіне қытайланған «нарықтық социализм», «қытайлық ұлттық идея», конфуциандық және легистік дәстүрдің синтезделуі жатады.

Кілт сөздер: нарықтық социализм, легистік дәстүр, Дэн Сяопин, гармония ва, патрон- клиент қатынастары.

Оразбекова Г.Р.

Түргенбай А.Ә

ОСОБЕННОСТИ ПОЛИТИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ ЯПОНИИ И КИТАЯ

Данная статья рассматривает особенности политических культур Японии и Китая, а также уникальные национальные традиции и процессы модернизации и вестернизации. Дается характеристика политической культуры Японии, особенности развития ее истории и культуре как и других стран. Нынешняя политическая культура Китая основана на "рыночном социализме" китайского типа, на "Китайской национальной идее", синтезе легистики и конфуцианской традиции.



Ключевые слова: рыночный социализм, легистский традиций, Дэн Сяопин, гармония ва, отношения патрон- клиент

G.R. Orazbekova

A.A. Turgenbay
FEATURES OF POLITICAL CULTURE OF JAPAN AND CHINA

This article discusses the features of political culture of Japan and China, as well as unique national traditions and processes of modernization and Westernization. The political culture of Japan, especially the development of its history and culture as well as other countries are characterized. The current political culture of China is based on the Chinese styled "market socialism", on "Chinese national idea", synthesis of legistic and Confucian traditions.



Keywords: market socialism, the legistic traditions, Den Xiaopin, harmony wa, the patron and client relations.
Қытай мен Жапонияның саяси мәдениеті дәстүрлі шығыстық және нағыз батыстық құндылықтарды ерекше үйлестіре алуымен жұртшылықтың қызығушылығын тудырып отыр. Батыстан қазіргі заманғы институционалдық жүйенің негізгі элементтерін қабылдағанымен олар өздерінің ұлттық дәстүрін жоғалтпай, одан бастартпай, оған адалдығын сақтап қалды.

Қытайдың қазіргі саяси мәдениетінің негізіне қытайланған «нарықтық социализм», «қытайлық ұлттық идея», конфуциандық және легистік дәстүрдің синтезделуі жатады. Бұл бірқатар құндылықтар қытай азаматтарының мүдделері мен тиісті саяси бағытын айқындайды.

Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейінгі алғашқы он жылдықта оның саяси мәдениеті толықтай қалыптасып, мемлекет пен қоғамда билік еткен маоистік идея мен идеологияның ықпалымен авторитарлық-тоталитарлы сипатта дамыды. Бұл әсіресе «мәдени төңкеріс» жылдары айқын аңғарылды. Оны партия мен мемлекеттің ресми саяси бағытына келіспегендердің басым көпшілігінің жұмыстан қуылып, оларға моральдық және физикалық тұрғыдан күш көрсетіліп, ауылды жерлерге «қайта тәрбиелеуге» жіберілуінен көре аламыз.

Қытай қоғамының саяси мәдениетіндегі маңызды өзгерістер ХХ ғасырдың 80-жылдары айқын көрініс бере бастады. Бұл біріншіден, ҚКП және мемлекет қайраткері Дэн Сяопиннің бастамасымен жүргізілген реформа нәтижесінде Қытайда «нарықтық-социалистік» идеология мен құндылықтардың бекітілуімен және оның кең таралуына байланысты. Бұл идея мен құндылықтар маоистік (немесе радикалды) «партиялық мемлекеттік социализм» моделінен қазіргі «қытайлық нарықтық социализм» стратегиясына өту барысында біртіндеп қалыптасты.

Қытай Коммунистік партиясының Жарғысында ҚКП марксизм-ленинизм, Мао Цзедун мен Дэн Сяопин идеяларын басшылықққа алады деп жазылған. Дэн Сяопиннің басшылығымен модернизм, дәстүршілдік пен ұлтшылдықты біріктірген «қытайлық нарықтық социализм» құрылымының шынайы, ұзақ мерзімді концепциясы жасалған еді.

Дэн Сяопин қытайлық нарықтық социализм концепциясын (мемлекеттің өндірістің басты салаларында, ал ҚКП – елдің саяси өмірінде бақылауын сақтау жағдайында нарықтық принциптерді кеңінен қолдану), сонымен қатар қоғамды модернизациялаудың негізгі бағыттары мен принциптерін дайындады.

Осыған сәйкес өнеркәсіп саласында нарықтық реформа мен арнайы экономикалық зоналардың құрылуы өндірістің қарқынды өсуіне ықпал етті (ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында экономикалық дамудың ең жоғарғы көрсеткішін көрсетті) және тұтыну тауарларының экспорты, әсіресе, елдің оңтүстігіндегі теңіз жағалуындағы провинцияларда артты; белсенді түрде шетелден инвестициялар тартыла бастады. Қытай кең көлемде радиоэлектроника экспорттап, жасанды жер серіктерін ұшыруда.

Дэн Сяопиннің Қытайдың даму болашағы туралы берген бағасы да өте қызық. Ол: «Кедейлік — социализм емес. Біз кедей болғандықтан да, бізде социализм жоқ. Келер жүзжылдықтың (ХХІ ғ.) орта шенінде, біз орташа дамыған елдер қатарына жеткенде ғана социализмнің артықшылығы және оның біздің елде орнағаны жайлы ауыз толтырып айтуға болады», — деген екен. [1,174.]. Тағы да: «Экономикалық даму таптық күрестен де жоғары» — деген сөзін, Мао Цзедунның: «Үш жылдық ерен еңбек — он мың жылдық бақыт» деген атақты ұранымен салыстыруға келеді. [2, 146 б.] Мао Цзедун да, Дэн Сяопин де социализм туралы айтқанымен, оны біріншісі – «әскери коммунизм» ретінде көрсе, екіншісі — «жаңа экономикалық саясат» тұрғысынан қарастырды. Дэн Сяопин тек «нарықтық, ұлттық социализм» ғана Қытайды құтқара алады және оны ұлы держава етеді деп бірнеше рет атап көрсеткен болатын. [3, 55б]

Ол үшін қоғам мен мемлекеттегі тұрақтылықты сақтау ең маңызды міндеттердің бірі болды. 1990-жылдарда, денсаулығының нашарлағанына қарамастан, ол Қытайдың саяси өміріне айтарлықтай ықпалын жасап отырды. Дэн Сяопин қайтыс болғанымен де оның ілімі Қытайдың өзіне ғана тән жаңа экономикалық саясатының негізі болып қала бермек.

Дэн Сяопиннің стратегиясы ҚКП-ның елдің саяси өміріндегі басшылық рөлі мен мемлекеттің өндірістің жетекші салаларындағы бақылауын сақтаған жағдайда басқарудың нарықтық принциптері мен формаларын кеңінен қолдануға бағытталған. Бұл жағдайда, бір жағынан, қытайлық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа кеңінен шығуын қаматамасыз ету, Қытайдың өзінде еркін экономикалық зоналарды құруды қосқанда, екінші жағынан, - елдің тұрақты дамуы мен тұтастығын сақтау үшін ханьдық қоғамның дәстүрі мен менталитетін кеңінен қолдану қарастырылған.

Тағы бір айта кететін маңызды бір жайт, Дэн Сяопиннің ілімінде Қытайдың ұлттық мүддесі мен оның қауіпсіздік стратегиясын одан әрі дамытуға бағытталған көне қытайлық дәстүр көрініс береді.

Дэн Сяопиннің незігі идеялары:

1. Ұлттық даму стратегиясын;

2. Халықаралық стратегиялық жағдай және ҚХР –дың ұлттық мүддесін;

3. Ұлттық қаіпсіздік стратегиясын қамтиды.

Ол соғыс пен бейбітшілік мәселесін «Шығыс-Батыс», ал дамуды – «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты бойынша қарастырды. Қарастырылған идеяларды Қытайдың саяси мәдениетінің ресми құндылықтарының бірі деп айтуға болады. Олар миллиондарды басқарып отырған Коммунистік партия мүшелері үшін міндетті болып табылса, ал өзінің тиімділігі және тартымдылығымен ел халқының басым көпшілігінен қолдау тауып отыр.

Қытайдың қазіргі саяси мәдениетінің екі түрін атауға болады.

Бірінші, негізгі — билік етуші идеология шеңберіндегі ресми ойлау мәдениеті мен бағыты

Екінші, саяси «өзгеше ойлау» мәдениеті мен бағыты

Қытайдың саяси мәдениетінің дамуына кландық байланыстың адалдығына негізделген «гуаньси» жүйесі ықпал етуде. [4,160 б.]. Ол қытай қоғамының қоғамдық-экономикалық және саяси өмірінің барлық салаларына дендеп еніпбарады.

Саясатта ол өзара әрекеттестік, клиентелизм, туыстық сабақтастық жүйесі дегенді білдіреді. Оның жағымды жағы корпоративизм, басшылықтың бірқалыпты, дау-дамайсыз ауысуы. Бұл жүйе бұрынғы басшылардың есімін «тарихта мәңгі аты өлмейтін құрметке» лайықтап, саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз етеді, нақты тұлғалар үшін «қол сұқпаушылық кепілдемесін» және осы немесе өзге де кландардың билік- материалдық позициясын сақтауға мүмкіндік береді.

Кезінде дәл осы арқылы Дэн Сяопин «фракциясының» билігі өзіне идеясы мен фракциясының құрамы жағынан жақынырақ болған Цзян Цзэмин фракциясына осылайша ақырындап өткен болатын. Әрі қарай билік осы үрдіспен ҚКП мен Қытайдың жаңа әрі Ху Цзиньтао бастаған жас басшылығына өтсе, ал енді Си Цзиньпин командасына беріліп отыр. Бұл ҚХР басшыларының бесінші генерациясы. (Мао Цзэдун — Дэн Сяопин — Цзян Цзэминь — Ху Цзиньтао – Си Цзиньпин).

Қытайдың саяси мәдениет дәстүрінде конфуциандық «алтын орта» ережесі рухында біртіндеп қалыптасқан және трансформацияланған ережелер мен салт-жораларды сақтауға ерекше мән беріледі.

Қытайдың сыртқы саясатында– ұзақ мерзімді, өзінің ұлттық мүддесін жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызуға бағытталған «қадамды стратегия» деген дәстүрлі менталитеті байқалады.

Соңғы жарты ғасырда Жапония өзінің бірегей ұлттық дәстүрін сақтай отырып, модернизация мен батыстандыру үрдісінің ұзақ жолын жүріп өтті. Жапонияны экономикалық жетістіктеріне, парламенттік демократияның дамуына байланысты Батыс елдерінің қатарына жатқызуда. Жалпы демократияның жапондық моделін Жапонияның қазіргі заман тарихын зерттеушілер оның тұрғындарының саяси мәдениетінің ерекшелігімен байланыстырады. Жапонияның саяси мәдениеті басқа елдерде сияқты тарихы мен мәдениетінің өзгешелігімен сипатталады. Этникалық, лингвистикалық және мәдени ортақтық жапондықтардың саяси мәдениетіне тікелей ықпал етіп, біртұтастық сезімін күшейтіп және жапондықтардың ұлттық өзіндік идентификациясын нығайтты. Сонымен қатар, көрші өркениеттердің күшті ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Ең алдымен, елде қуатты конфуцийшілдік дәстүрдің орнығуына алып келген қытайдың ықпалын атап өткен дұрыс. ХІХ ғ. екінші жартысында Жапония өзінің дамуында Батыс елдеріне бет бұруы бастады. Батыс ықпалының айрықша көрінісі елде либерализм мен парламентаризмнің өркенінің өсуіне мүмкіндік берген Тайсё демократиясы деп аталатын кезеңде байқалады.Бірақ кейін дәстүрге қайтып оралу, соғысқа барлық күштерді мобилизациялау мақсатында тоталитарлық мемлекет құру кезеңіне аяқ басты.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіліс жапон ел үшін өте ауыр соққы болды, әрі 1868ж.Мэйдзи реставрациясынан бері бір ғасыр бойы үстемдік еткен саяси және идеологиялық стереотиптердің жойылуына түрткі болған еді. Капитуляция мен оккупация кезеңіндегі саяси-мәдени шок ең алдымен бұқаралық қоғамдық сананың және саяси бағытқа үстіртін ғана әсер етіп, саяси реалийді қабылдаудың пассивтік-консервативтік жалпы негізін жоймады. Саяси мәдениеттің негізін құрайтын саяси мінез-құлық принциптерінің базасы емес, нақты саяси инситуттар, саяси және идеялық догмалар күйреді.

Жапондықтардың дәстүрлі саяси мәдениетінің негізгі принциптерінің бірі социумда дау-жанжалсыз қарым-қатынасты сақтауға бағытталған, қоғамда гармонияға (ва ұғымы) ұмтылу деп қарастыруға болады. Топ деңгейіндегі гармония дегеніміз топтың әрбір мүшесі өзін басқалар сияқты ұстау, осылайша ауызбірліктің маңыздылығын баса көрсету болып табылады. Ва (гармония, бейбітшілік, тыныштық) – жапондықтардың құндылықтар жүйесінің негізі[5,10 б]. Біріншіден, бұл топтық интеграция мен шешім қабылдау механизмі болып табылады.Екіншіден оны өзара түсіністік пен ынытымақтастықты қамтамасыз ететін, адамдар арасында төзімділік, әдептілік және тілектестік қарым-қатынас құндылығы ретінде қарастыруға болады.

Іс жүзінде мұндай қоғам белгілеген мінез-құлық нормалар, пікір білдіру («татэмаэ») мен жеке тұлғаның ұстанымын («хоннэ») қарама-қарсы қою арқылы жүзеге асырылады. Жапон қоғамының әлеуметтік өмірінде «хоннэ» өзіне-өзі баға беруге және тұлғаның өз-өзін қабылдауға ғана құқығы бар, егерде сол топтың қоғам таныған нормалармен («татэмаэ») қайшылық болған жағдайда жеке тұлғаның ұстанымын («хоннэ») қорғауды былай қойғанда, пікір білдіруге болмайды[5,15 б]. Жапонияның саяси және басқару мәдениетінде өз көзқарасын білдіре алмайды деуге болмайды. Керісінше орныққан дәстүр мен нормалар негізінде пікір білдіру ережесі жайлы болып отыр.

Жапонияның саяси мәдениеті ынтымақтастықты бәсекеден сөзсіз жоғары қояды. Ва дегеніміз дау-жанжалдан, антагонизмнен, конфронтацияны болдырмауға ұмтылу. Кез келген мүмкіндіктерді пайдалана отырып дау-жанжалдан аулақ болу, консенсусқа қол жеткізу – басты императив болмақ. Осылайша топта ғана тұлға өзін тұлға ретінде сезіне алу арқылы қол жеткізе алады. Американдық саясаттанушы, Стэндфордского университетінің профессоры Роберт Уорд, өзінің «Жапонияның саяси жүйесі» атта еңбегінде жапонияның саяси мәдениетінің қалыптасуына ықпал еткен факторлардың ішінен иерархия мен ұжымшылдықты баса көрсеткен.[6,43 б]

Қоғамда гармонияны сақтаудың келесі бір басты мехнаизмі европалық терминдерде патрон-клиент деп баяндалатын «оябун-кобун» (әке-бала) қатынастар жүйесін айтуға болады [6,45 б]. Жапон қоғамы өте иерархиялды қоғам, сондықтан үлкендер мен кішілер (әлеуметтік және саяси статусы бойынша) арасындағы жақсы қарым-қатынасты сақтау өте маңызды. Дәстүр бойынша жалпы жапондықтар жалғыз әрекет етпейді (ұжымда еңбек ету өз бетімен еңбек етуден гөрі тиімдірек деп саналады).Жапондыққа кішкене кезінен бастап топтың мүддесі маңызды, сондықтан тұрмыстың ауыртпалығын көтеруге және бүкіл топқа қолдау көрсету үшін бас бостандығын шектеуге дайын болуды үйретеді. В. В. Овчинников былай деп жазды: «Жапон қоғамы – топтық қоғам. Әрбір адам үнемі өзін қандай да бір топтың бөлігі ретінде сезінеді, яғни ол отбасы, қауым, фирма болуы мүмкін. Ол бірлесіп әрекет ету мен ойлауға дағдыланған, топтың еркіне көнуге бейімделген»[7,105 б]. Осылайша, топшылдық мәні топтың мүддесінің жеке тұлғаның мүдесінен басым болуы, топтың тұтастығын сақтау мақсатында келісімпаздық пен ымыраға келуге бейімділік, шешім қабылдауда келісімге келуге ұмтылушылық, әрбір тұлға өзінің күшін топтың басқа мүшелерінің күшімен үйлестіруге ұмтылуы, өзін қандай да бір қауымға теңеу және оның тарапынан қамқорлық күту болып табылады. Топтық сана саяси дәстүрде «аймай» - келісімге келу, «ганбару» - саяси мақсатқа жетуде табандылық таныту, «гири» - адамдар арасында қарым-қатынаста адалдық, борыш сезімі сияқты ұғымдарды бекітуімен ерекшеленеді.

Саяси ойындардың нақты тәрібі бойынша саясаткер белгілі бір топтың мүшесі болып, әрі оның басшыларының біріне бағынып, өзінің карьерасын осы топтың кіші мүшесі ретінде бастайды. Жоғарыда аталған нормалар бойынша ол табысты және адал қызметі үшін топтың ішінде саяси мансабы жоғарлату мүмкіндігіне ие болады.Саяси мансап жасаудың басқа жолдарын, ғасырлар бойы құрметтеліп келген дәстүрлі принциптерді бұзу деп қарастырылады.Жалпы «оябун-кобун» қатынастар жүйесі патронға да, клиентке де тиімді:біріншісі айтқанын екі етпей орындайтын қызметкерге қолы жетеді, ал екіншісі саяси иерархияда өз статусын көтеруге кепілдік алады. Бірақ бұл жүйе саяси элитаны таңдау мен іріктеу механизмдерінің тоқырауына алып келеді.

Жапонияның саяси мәдениетініне консерваторлық сипат тән. Және де жапондықтардың консерваторлығы дәстүрді құрметтеу және сақтаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар олар заттардың орныққан тәртібінен ауытқуды қабылдамауымен айқындалады[6,48 б]. Бұл саясатта соғыстан кейінгі кезеңде сайлаушылар Либералдық-демократиялық партияға (ЛДП) қолдау көрсеткен жөндеп санады, өйткені олардың елдегі тұрақтылыққа ерекше көңіл бөліуі электораттың қызу қолдауына ие болуына жағдай жасады.1955-1993 жылдар аралығында бір үстем партия негізінде құрылған саяси жүйе деңгейінде ЛДП ең алдымен дәстүрлі консерваторлық ауыл мен ұсақ кәсіпкерлікке арқа сүйеді. 1990 жылдардың басында status quo жағдайын сақтауды көздейтін қалалық орта тап та Либералдық-демократиялық партияның жақтаушыларының қатарын толықтруға тырысты. Осылайша Либералдық-демократиялық партия өзінің идеологиясымен емес, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған прагматикалық экономикалық саясатымен сайлаушылардың қолдауына ие болды.

Сонымен, осы екі елдің саяси мәдениетінің сипаты мен ерекшеліктеріне мынадай қорытынды жасауға болады:

біріншіден, ол жарты ғасырдан астам уақыт өмір сүріп келе жатқан ҚКП негізгі рөл ойнап отырған бірпартиялы-мемлекеттік жүйе жағдайындағы «азаматтық-партисипаторлы», көбінесе авторитарлы саяси мәдениет түрі болып есептеледі;

екіншіден, оның негізгі құнды және бағытталған «қатары» ҚКП қызметінің (марксизм, маоизм, дэнсяопинизм және т.б.), сонымен қатар дәстүрлі конфуцийшілдік және ұлтшылдық жағдайының негізіне жататын идеялардың өзіндік симбиозын жасайды;

үшіншіден, Қытайдың саяси мәдениеті негізгі екі формада көрініс береді: ресми (ресми-жалпылық) және оппозициялық (реформаторлық және либералды);

төртіншіден, қытайдың саяси мәдениетінде түрлі кландардың нұсқауы мен құндылықтары маңызды рөл атқарады;

бесіншіден, авторитарлы билікті қабылдау дәстүрі мен конфуцийлік «отбасы-мемлекет» менталитеті мен соған сәйкес саясаттағы мінез-құлықты, саяси мәдениеттің дамуындағы мыңжылдық дәстүрдің рөлін атап өткен жөн;

алтыншыдан, қазіргі Жапонияда ұлттық-этникалық құндылықтардың рөлінің артуы және олардың саяси бағыттағы жаңа бетбұрысы байқалуда;

жетіншіден, саяси мәдениетте қалалықтар мен ауылдықтардың айырмашылығын нақтылап көрсетуге болады, ағашқылар үшін формалды демократия құндылығы ерекше орын алады;

сегізіншіден, жапон қоғамында тұлғалық еркіндік принципі мен мемлекетке қоятын талабының өнегелік сипатында топтық әділеттілік басымдылығы байқалады;

тоғызыншыдан, Қиыр Шығыс елдерінің сыртқы саясатында дәстүрлі саяси-мәдени менталитет принципі көрініс береді.

Қытай мен Жапонияның саяси мәдениеті сол елдер қоғамының дамуына имманентті ықпал етеді және оның тарнсформациялануынан плюралистік және демократиялық жаңа құндылықтарға ие бола отырып, өзінің түрін өзгертеді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Делюсин Л. П. Дэн Сяопин и его реформация китайского социализма. – М.: Муравей , 2003. -208с

2. Бузов В.И. История современного Востока ХХ-ХХІ вв.: страны и правители/ Новейшая история стран Азии и Африки. – М:ИКЦ «МарТ»; Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2008 – 576 с.

3. Портяков В.Я. Традиции и рыночная экономика в современном Китае// Проблемы Дальнего Востока. 1996.№3. 68-74б.

4. Абрамов В.А. Глобализирующийся Китай: грани социокультурного измерения. Монография/ В.А.Абрамов. - М.: Восточная книга, 2010.- 240 с.

5. Политическая система современной Японии: Учеб.пособие для студентов вузов - М.:Аспект Пресс, 2013.-384 с.



6. П.А.Калмычек, А.Д.Лешиц Политическая култура японцев // Япония наших дней. №3(5), 2010.- М.: ИДВ РАН, 2010.-164 с.

7. В. В. Овчинников Ветку сакуры. М.:Молодая гвардия, 1970.-210 с.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет