Әок 004. 432. 4 Қазақ тіліндегі күрделі сөздердіжасау ережелерін формалдау



жүктеу 52.7 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі52.7 Kb.
: repository -> repository2012
repository2012 -> Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы
repository2012 -> Әож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында тапанова сәуле есембекқызы қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
repository2012 -> Махсат Алпысбес
repository2012 -> Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар
repository2012 -> Қаржаубай Сартқожаұлы, тарих ғылымының кандидаты, доцент, түрколог байырғы түркі «Ж» фонемі қАҚында
repository2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
repository2012 -> Қ. Т. Қозыбаев, М. Н. Иманқұл Wimax технологиясы
repository2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan
ӘОК 004.432.4

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІЖАСАУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ФОРМАЛДАУ


Жеткенбай Л.


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., PhD доктор Бекманова Г.Т.
Біз бұл жұмыста қазақ тіліндегі күрделі сөздерді жасау ережелерін формалдауды қарастырамыз. Әуелі күрделі сөз жайында қысқаша түсінік бере кетелік.

1980 жылдарға дейінгі еңбектерде сөз тұлғасының бір түрі – күрделі сөз деген ұғым морфологиялық категория ретінде қарастырылып келгені, 1989 жылдан бастап сөзжасам жүйесінде қарала бастағаны белгілі[1].

Күрделі сөздер қазіргі тіл біліміндегі ең күрделі мәселе болып табылады, оның анықталмаған сырлары мен қырлары өте көп. Күрделі сөздер жоқ тілді көрсету өте қиын, бірақ күрделі сөздер, әсіресе, неміс, ағылшын, жапон, хинди, орыс тілдерінде кең тарағанын жазба деректерден көруге болады. Күрделі сөздердің тілдерде алатын орны бірдей емес. Ол тілдердің лексикалық жүйесінен әркелкі орын алады. Кейбір тілдерде сөздерді біріктіру қосымша тәсіл болып, оның нәтижесі елеусіз болады да, сөздіктің периферия бөлімінен орын алады. Келесі бір тілдерде ол кең тараған, негізгі тақырыпқа жатады. Соңғы топтағы тілдерге жапон тілі жатады. Лексикадан алатын орнына қарағанда жапон тілін тіпті күрделі сөздің тілі деуге де болады. Осындай күрделі сөздерге бай тілдерге түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі де жатады. Ғалымдар күрделі сөздердің түркі тілдерінде жалпы көне құбылыс екенін, олардың орхон жазба ескерткіштерінің тілінде де барын айта келіп, ескерткіштер тіліндегі кісі аттарынан, жер су аттарынан көптеп мысал келтіреді. Күрделі сөздер барлық басқа туынды сөздер сияқты сөзжасам әрекетінің нәтижесіне жатады. Анығырақ айтқанда, ол – туынды сөздер тобындағы сөздер лексикалық бірлік – деп танылатыны белгілі. Олай болса, аналитикалық синтаксистік тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздер тілге белгілі. Күрделі сөздер сөзжасамның тілден үлкен орын алатын аналитикалық синтаксистік тәсіл арқылы жасалады. Сөз жасамның аналитикалық тәсілі ғылымдағы көне әдістердің бірі болып табылатыны баршамызға мәлім. Осы тәсілдің түркі тілдерінде атам заманнан бері қолданылып келе жатқанын орхон жазба ескерткіштердің тілдерінде қолданылған йашыл үгүз – көк өзен, күнтүз – күндіз, Беш балық – Бес балық (қала аты), Қара құм (жер аты), Білге қаған (хан аты) т.б. күрделі сөздерден көруге болады. Келтірілген мысалдар күрделі сөздердің көне замандардан бері қолданылып келе жатқаны екіншіден, олардың географиялық атаулар, яғни өзен, көл, жер, қала және кісі аттарында жиі кездесетіні айқын көрінеді. Осыған қарап, кейбіреулер аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау тәжірибесі түркі тілдерінде осы жер – cу, кісі аттарынан басталмады ма екен деген ой айтады[2].

Күрделі сөздер екі не одан да көп сыңарлардан жасалады. Сондықтан күрделі сөздердің негізгі белгісінің біріне оның күрделі құрылымы жатады, сол арқылы ол дара сөздерден ерекшеленеді. Мысалы, ата-ана, елтаңба, елбасы, таң намаз, шұбар ала, ой-пікір, тоқсан жеті, теміржол, күні бүгін, майшабақ т.б.

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ЕҰУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді.

Күрделі сөздердің жасалу жолдарын компьютерлік лингвистика көмегімен формалдауды қарастырайық. Кез келген тілден таңба ретінде бөлінбейтін бірлік (фонема-дыбыс, графема-әріп, цифр, тыныс белгісі, жақша және т.б.) немесе құрылымдық бірлік (морфема, лексема және т.б.) алынады. Берiлген таңбалармен жұмыс істеу үшін осы таңбаларға амалдар қолдану керек. Ал амалдарды қолдана бiлу үшiн олардың анықтамаларын, белгiлерiн және қасиеттерiн бiлу қажет.

Таңбалық амалдардың барлығы «Компьютерлік лингвистика» деген тiлдiң құрамы мен қасиеттерiн зерттейтiн ғылым саласында анықталған. Таңбаларда анықталған амалдар арқылы таңбалық өрнектер құрастырылады.

Таңбаларда берiлген екi таңбалық тiзбеден бiр таңбалық тізбе құруға мүмкiндiк беретiн құрастыру амалдары анықталған.

Құрастыру амалдарының iшiнде ең қарапайымы – конкатенация (тiркеу) амалы. Егер бұл амалды ‘’ таңбасымен белгiлесек, онда оны берілген екі айнымалы таңбалық шамалар α1және α2үшін былай анықтауға болады: α1-дың мәнiнiң оң жағына α2-нің мәнiн тiркегеннен кейiн  тiзбесi шығады және ол мына түрде жазылады α1α2=.Осы айтылған ереже күрделі сөздердің жасалуына сәйкес келеді. Мысалы, егер α1– дың мәнi ‘ЕЛ’, ал α2-нің мәнi ‘ТАҢБА’ болса, онда  -ның мәнi ‘ЕЛТАҢБА’ болады. Енді күрделі сөздің қысқарған сөздерден жасалатынын өрнектеп көрелік. Бізде α1α2α3... αn=болсын. Мысалы, α1= Е,
α2= Ұ, α3= У нәтиже α1α2α3=ЕҰУ.

Мұндағы α11α12α13 ... α1n = α1, α21α22α23...α2n = α2, α31 α32α33... α3n = α3



α11 =Е, α12 =У, α13 =Р, α14 =А, ... α1n

α21 =Ұ, α22 =Л, α23 =Т, α24 =Т, ... α2n

α31 =У, α32 =Н, α33 =И, α34 =В, ... α3n

ЕУРАЗИЯҰЛТТЫҚУНИВЕРСИТЕТІ=ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ. Мұндағы кетікті көрсетеді, яғни сөздердің бөлек жазылатынын бірақ бір мағына білдіретінін.



Егер α1= ҚАРА, α2= КӨК болса, онда = α1α2= ҚАРАКӨК деген таңбалық өрнек шығады. Бұл өрнек бізде сөздердің тіркесу арқылы жасалуын сипаттайды.

Әдебиеттер







  1. www.egemen.kz/?p=3486



  1. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.



  1. Байтұрсынов А. Тілтағылымы Алматы, 1992.



  1. Мозговой М.В. Классика программирования: алгоритмы, языки, автоматы, компиляторы. Практический подход. – Спб.: Наука и Техника, 2006.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет