Е.Өмірбаев атындағы орта мектеп Тәрбие сағаты Дайындаған: Алпамысова Б



жүктеу 72.94 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі72.94 Kb.
: images -> stories -> files
stories -> Учебная программа музыка 5-6 классы
stories -> 1958 жылдың 12 мамырында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылында дүниеге келген
files -> Медициналық ұйымды таңда! 1
files -> Батлейка вядучы: а цяпер, каханыя вялікія цуды будуць, бо да нас тут госьці з Бэтлеем прыбудуць. I езус Маленькі, І Юзеф Старенькі, І Марыя Дзева, Свету Каралева, І Анелау хоры, пастухі-музыкі, каралі вялікія, Ірад-злы правітель І д'ябал
files -> Nickelodeon главные события в программе 3 февраля 2014 – 2 Марта 2014 Страусёнок Оливия – новые серии!
files -> Nickelodeon россия октябрь 2013 Главные события в программе версия 1 Составлено 20. 08. 2013 сэм и кэт новый сериал стартует 13/10
files -> Фариза,Фаризажан,Фариза қыз. ( Ән байқауы) Мақсаты
Е.Өмірбаев атындағы орта мектеп




Тәрбие сағаты


Дайындаған: Алпамысова Б.

Кокебаева Н.

2014-2015 о. ж



Тақырыбы: «Отбасым – тірегім»
Мақсаты: «Отан – отбасынан басталады» ұғымының мағнасын ашу, бала санасына сіңіру.

Отбасы мүшелерін сыйлауға, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Туыстық қатынастарды айыра білуге, өздерінші сыйлай білуді ұғындыра отырып, «отбасы» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекілігі: Слайд, тірек суреттер, нақыл сөздер, түрлі суреттер, қағаз, фломастер.

Жүрісі: 1. Ұйымдастыру

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды бөлім




  • Мінекей ......, ....., ......., (төстеріне тағылған есімдері бойынша балалардың аттарын атап шығамын)

  • Қанекей, балалар, сендердің есімдеріңізді дұрыс айттым ба? (иә)

  • Онда, өте жақсы. Ендігі жерде сіздердің есімдеріңізді ұмытпай жүретін боламын. Неге екенін білесіңдер ме? (өздерінен сұрау, жауап алу)

  • Мен үшін сендер бүгіннен бастап бір отбасының балаларысыздар.

  • Осыған келісесіздер ме?

  • Олай болса мен сіздерге кім боламын, егер сіздер бір отбасының балалары болсаңыздар (аналық)

  • Өте жақсы балапандарым менің.

  • Қазір барлығымыз бір отбасының мүшелеріндей тәрбие сағатымызды тамаша етіп, ауызбіршілікте өткізіп шығамыз.

  • Келісесіздер ме? (иә)

  • Өте жақсы.

  • Бүгінді тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Отбасым – тірегім»

  • Отбасы алам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Қазақ отбасы негізінен 3 ұрпақтан тұрады. Ол ата-әке-бала. Бұл ұрпақ бір біріне тіреу болатын отбасының қағидасын заңдылықтарын берік ұстанатын жандар. Сол отбасынынң береке – бірлігін, ар – намысын, салт – дәстүрін атадан әкеге, әкеден балаға мирас етіп қалдырады.

Ата

Әке Бала



  • Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы,мәдениетті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам.Сондықтан отбасы өте қажетті, басқа нәрселермен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

  • Отбасы ---- сыйластық , жарастық орнаған орта.

  • Отбасы ---- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

- Енді осы отбасы дегенді кім қалай түсінеді. Маған өз ойларыңызды айтып беріңіздерші. (5-6 оқушыны сөйлету)

  • Жақсы, жалпы отбасы туралы түсініктеріңізді жеткізіңіздер. Иә, дұрыс айтасыздар оқушылар. Отбасы бұл шағын мемлекет. Бір шаңырақтың астында тұратын адамдарды – отбасы мүшелері дейміз. Әрбір отбасының өзіндік ұстанымы, бала тәрбиелеуде, өмір сүруде өзіндік қиындықта бірге бөлісе отырып, қашанда бір-біріне көмектесуге дайын тұрады. Қолдарынан келген көмектерін аямайды. Үлкенді құрметтеу, сыйлау, кішіге қамқор болу дегенде адамгершіліктің асыл қасиеттерінің барлығы осы отбасында беріледі.

  • Енді маған бір сұраққа жауап беріңіздерші. Кез-келген отбасындағы үлкендердің ішінде өмір нәрін беруші, ақылды, дана, сені еркелетуші, өмірге үйретуші, қиындықта қол ұшын созатын төрт адамды атаңызшы.




Ата Әке

ӘжеАна




  • Дүниенің төрт бұрышын төрт құбыла деген ұғымдарға сүйене отырып, шаңырақтың іргесін берік ұстайтын, берекесін келтіретін осы жандар деп білеміз.

  • Солай ма, оқушылар.

  • Ендеше кезекті өздеріңе беремін. Ата-әже, әке-ана басқа да отбасы мүшелері туралы өлең шумақтарын айтып берсеңіздер.




1 оқушы: Анаң – күнің жүрегің,

Әкең өмір тірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

2 оқушы: Маған ақыл беретін,

Әжем менің асыл жан.

Сипап жақсы көретін,

Құлыным деп басымнан.

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Ертегі айтып беретін

Әжеме ешкім жетпейді.

3 оқушы: Ағаң қамқор асқарың,

Інің мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

4 оқушы: Қарындасың қанатың,

Ел отаның жанатың.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

5 оқушы: Ата маған әрқашан,

Әдепті жан бол дейтін.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

6 оқушы: Қамқорсың әке өмірде,

Арманым едің аңсаған.

Теңіздей шалқып жүремін,

Қуатым сенсің көңілге.

Әкелем бақыт мен саған,

Сүйенер сенсің тірегім.

Әлпештеп мені өсірген,

Ұрпағың болып жалғасам.






  • Жарайсыңдар балалар. Сендердің тамаша өлең жолдарыңнан соң жоғары да бастау алған «Өмір жолы» үшбұрышымызды дүниенің төрт бұрышына балап шығарған ата-әже, әке-ана төрт бұрышына әкеліп бекітейік.


- Ненің суреті балалар?

  • Дұрыс айтасыздар, үйдің, баспананың суреті. Осы шаңырақтың ішінде ата-әже, әке-анадан тараған бала – шаға отбасы деп аталады. Өмір жолында барлық қиындықтарға төтеп беріп, бірге қуанышқа бөленетін болады.

  • Менімен келісесіздер ме?

  • Бүгінгі тәрбие сағатымызға сіздермен бірге ата-аналар да қатысуда. Бәріміз бірлесіп психолог маман Назерке апайларың мен серігіп алу үшін жаттығу (тренинг) жұмысын жүргізейік.

  • Назерке:

  • Жаттығу әдісі: Сұрақ-жауап.

  • Сіздер мен қойған сұрақтарға кезекпен жауап берсеңіздер.....

  1. Сұраққа жауап беріп көрейік:

  1. Сенің парталасыңның туған күні, айы-жылы?

  2. Анаң сені еркелетіп қалай атайды?

  3. Анаңның, әкеңнің сүйікті әні қандай?

  4. Ата-әжеңді қалай құрметтейсің?

  5. Қандай газет-журналдарды оқисың?

  6. Сенің нағашыңның аты-жөні кім?

  7. Сенің анаңның сүйікті кинофильмі қандай?

  8. Көктемде неше мереке болады?

  9. Қандай мерекелерді ұнатасың?

  10. Ата-анаңның жұмыс орны қандай?

  11. Сен анаңды қандай қылығыңмен қуантқың келеді?

  12. Сыныбыңда аптасына неше сабақ болады?

  13. Мектеп директорының аты-жөнін білесің бе?

  14. Сынып жетекшің несімен ұнайды?

  15. Ата-анаңа деген тілегің қандай?


II. Сұраққа жауап беріңіз:

  1. Балаңыздың шоқжұлдызы қандай?

  2. Балаңыздың алғашқы ұстазының аты-жөні кім?

  3. Балаңыздың сынып жетекшісінің аты-жөнін толық айтып беріңіз?

  4. Балаңыз мектепке қай жылы келді?

  5. Балаңыздың досының ата-анасының аты-жөні кім?

  6. Балаңыздың осы тоқсандағы үлгерімі қандай?

  7. Балаңыз қандай әнді жиірек айтады?

  8. Кеше кешкісін балаңызбен не туралы сөйлестіңіз?

  9. Балаңыз сізді қалай құрметтейді?

  10. Балаңыз сізді қалай атайды?

  11. Балаңыздың ең ұнататын тағамы қандай?

  12. Балаңыздың ұнататын пәні қандай?

  13. Балаңыздың бойы қандай?

  • Жауаптарыңызға рахмет. Қазір «Біздің балалар» атты слайд шоуды сіздерге ұсынбақпыз. Ата-аналар сіздерге ой салады деген ойдамыз.

Бала тәрбиелеуде ата-ананың рөлі ерекше. Ата-нанның балаға деген мейірімін, махаббатын айтып жеткізу қиын. Соның ішінде ана-махабаты ерекше. Дегенмен осы ата-аналарымызға бір тапсырма беріп, ойларын тыңдап алайын.

(слайдтан бірнеше суреттер көрсету).

Теңіз, балмұздақ, пышақ, кітап, доп, тау, компьютер, ұялы телефон, күн

Шарты: бір жеку, бір жұбату.

Тапсырма: Сіз өз балаңызға осы суретте көрсетілген заттарға байланысты жекіп ұрсасыз, содан кейін аналық мейіріміңізді төгіп ақыл айтасыз.

Психолог Назерке апайларың сіздермен жаттығу жүргізеді.



Жаттығу: «Ананың балаға, баланың анаға хаты»

Оқушылар, ата-аналар, ұстаздар бүгінгі тәрбие сағатымызды отбасының бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны ерекше екенін ұғындық. Ата мен ана бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.



«Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ» - деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша белгілеріне текке теңемеген. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отабысының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса, ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес. Береке бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік, отбасына айналары сөзсіз.

Тәрбие сағатымызды қорытындылау мақсатында ақын Фариза Оңғарсынованың өлеңімен аяқтағым келіп тұр.



Қанат туралы хикая


Бір балапан құлады,

Ұясынан домалап.

Ата-анасы жылады,

Шырыл қағып. Обал-ақ!


Бір қанаты сыныпты,

Дәрі жақтым, орадым.

Күш жинады, шынықты

Жалғыз қанат қонағым.


Ауырсынып қанатын,

Жүгіреді сенделе.

Бар екен-ау қағатын,

Екі қанат менде де.


Оң қанатым әкемде,

Сол қанатым анашым.

Бірі түссе қатерге,

Мәңгі үша алмай қаласың.


Қос қанатым болғанда,

Табар өмір жарасым.

Біреуінсіз ор-жарда

Бір мүгедек боласың.


Қарап тұрып шекені,

Шымшылады сан күдік.

Қанатымның екеуі,

Сау болса екен мәңгілік.



Назарларыңызға рахмет.

Өткізген : Алпамысова Б







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет