Әр ару өздігінше сұлу да өздігінше сымбатты. Өткен аптаның жұмасында Таңшолпан жастар орталығы мен «Горняк» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 11 сынып оқуышларының арасында «Арулар» байқауы жүзеге асты



жүктеу 12.47 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі12.47 Kb.
Әр ару өздігінше сұлу да өздігінше сымбатты. Өткен аптаның жұмасында Таңшолпан жастар орталығы мен «Горняк» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 11 сынып оқуышларының арасында «Арулар» байқауы жүзеге асты. Шуақ болып шашылған арулар байқауына барлығы 9 сайыскер қатысып, сын сағатқа түсті.

 Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді. Осындай дүбірлі тойдың қарсаңында, Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдық мерекесі шеңберінде 11 сынып оқушылары арасында «Арулар » атты байқау болып өтті.Шара ұйымдастырушысы Таңшолпан жастар орталығы мен «Горняк» мәдениет үйі болса керек. Шуақ болып шашылған арулар байқауына барлығы 9 сайыскер қатысып, сын сағатқа түсті. Қаламыздың өнерлі, білімді және ақылына көркі сай қыздарын анықтауды мақсат еткен байқаудың алғашқы кезеңінде қыздар дүйім жұртқа өздерін таныстырды.



№5 КМЛ намысын қорғауға 11 «А» сынып оқушысы Анель Мейрамова барды. Шараның басты мақсаты: Қыз балалырдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Арулар асыл жандар, шауқ боп шашылғандар демекші,- сайысқа келген әр ару өзідігінге сұлу өздігінше кербез. Бар күш жігерлерін салған нәзік қыздарымыз намысты қолдан бермей, бар білген-түйгендерін ортаға салуға тырысты.

Тартысты сайыс нәтижиесі бойынша мектеп намысын қорғаған оқушымыз Анель 3 – орын тұғырынан көрінді.

Айгерім Испантаева «Шоқжұлдыз»



Баспасөз орталығының тілшісі



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет