Әр халықтың өзінше дәстүрі бар. Дәстүрдің де жақсы – жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады



жүктеу 22.19 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі22.19 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары










Әр халықтың өзінше дәстүрі бар. Дәстүрдің де жақсы – жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады.

Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді.

Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.

Ғ. Мұстафин
Ата салтың – ұлттық қалпың

Х а л ы қ н а қ ы л ы
Халық тағылымы
Халықтың қасиетін көтеретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады:

Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.

Елді басқарған өкіметті сыйламау ел ішінің бірлігін жояды.

Асты күтпей, ысырап ету берекені кетіріп, ашығуға апарып соғады.

*******

Өміріңе қауып-қатер төніп тұрса да, ел-жұртың ұялатын, рухыңа кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.


*******

Халық сүймес, халық сүйген, суға батпас, отқа күймес.


*******

Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер.
АҢЫЗ ӘҢГІМЕ
Баяғыда тасы өрге домалап тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп, аң аулауға шығады. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, алдынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай жылт-жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып, киіктің артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жар, екінші бүйірден хан нөкірлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сонадайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетіпті. Үй иелері жайылған датарханнан түскі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген киік жаюлы дастарханнан бір-ақ ырғып, төрдегі керегеге тұмсығын тіреп, солығын баса алмай тұрып қалыпты.

- Шығар киікті! – деп дауыстайды хан ат үстінде тұрып, төрде тамақ ішіп отырған қарияға.

- Бұл тау тағысын түстік жерден қуалап келіп, сенің үйіңде қолға түсіріп тұрмын. Мұның менің олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар?

Сонда қария:

- Сөзің орынды хан ием. Киік сенің олжаң екні де рас. Бұл сорлы жаны қысылған сәтте менің төріме шығып кетті. Ортада дастархан жаюлы жатқаның өзің көріп тұрсың. Ата салтымыз бойынша, дастарханды аттап өте алмайсың. Көздеріне қан толып, бір-біріне өлердей жауыққан екі адамды татуластырарда дастархан басына алып келмеуші ме еді: Тіпті хан болсаң да, дәстүрден үлкен емессің. Ал дәстүрді, қалыптасқан ата салтты бұзсаң, қалың елдің табасына қаласың, жолың болмайды, - депті.

Хан аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты.


Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет