Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама



жүктеу 410.3 Kb.
бет1/4
Дата03.05.2016
өлшемі410.3 Kb.
  1   2   3   4
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 24 шілдедегі

№ 570 бұйрығына қосымша



Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу

жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша

статистикалық әдіснама



  1. Жалпы ережелер

1. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы


19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және 16-бабының
2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру әдісін (бұдан әрі – Әдіснама) айқындайды.

2. Статистикалық әдіснаманың негізгі міндеті үй шаруашылықтары және шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін және оларды ұсынуын қамтамасыз ету болып табылады.

3. Осы Әдіснамада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) әр шаруашылық бойынша есепке алу – үй шаруашылықтары мен шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі;

2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі –уәкілетті органның ведомствосы);

Электронды түрде әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің бағдарламалық қамтамасыз етуі (бұдан әрі – ЭӘШБЕА БҚ) – кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін енгізу, түзету және сақтауды жүзеге асыруға, сонымен қатар енгізілген ақпарат негізінде жиынтықталған деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету.

ЭӘШБЕА БҚ үй шаруашылықтары және шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша деректерді тіркеудің бірыңғай көп деңгейлі жүйесін білдіреді және уәкілетті органның ведомствосы статистикалық мақсаттар үшін қолданады.

ЭӘШБЕА БҚ уәкілетті органның ведомствосымен әр шаруашылық бойынша есепке алудың сапасын жақсарту және тиісті деректерді қалыптастыру және өңдеу, уәкілетті органның ведомствосына тапсыру бойынша үдерістерді автоматтандыру жолымен кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің еңбек шығындарын қысқарту мақсатында өтеусіз негізде әзірлеген.

ЭӘШБЕА БҚ қызмет етуі «Е-статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйе шеңберінде жүзеге асырылады. ЭӘШБЕА БҚ орнату файлдары және оны қолдану бойынша нұсқау уәкілетті орган ведомствсының интернет-ресурсында еркін қолжетімді орналастырылған (www.stat.gov.kz).

ЭӘШБЕА БҚ деректерді енгізу және түзету ЭӘШБЕА БҚ санкцияланбаған қол жетімділікті болдырмауды қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Осы Әдіснаманы сақтау:

1) әкімшілік деректер мен алғашқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын;

2) әр шаруашылық бойынша есепке алу мен басқа да статистикалық байқаулар арасындағы үйлестіруді қамтамасыз етеді.

2. Тіркеу жазбаларын жүргізу
5. ЭӘШБЕА БҚ-да әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбаларын енгізу үшін бес жыл мерзімге есептелген, келесі жұмыс дәптерлері басталады:

осы Әдіснаманың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үй шаруашылықтарын есепке алу дәптері (бұдан әрі – ҮШЕА дәптері);

осы Әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу дәптері (бұдан әрі – ШФҚЕА дәптері).

Жұмыс дәптерлері кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері үй шаруашылықтарын, шаруа немесе фермер қожалықтарын аралау кезінде мәліметтерді одан әрі ЭӘШБЕА БҚ ауыстыру үшін көмекші құрал ретінде қолдануына арналған.

Бес жылдық мерзім аяқталған соң кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жұмыс дәптерлеріне қажеттілігін анықтайды және
2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде жұмыс дәптерінің қажет саны бойынша ақпаратты статистика органдарына ұсынады.

6. Уәкілетті органның ведомствосы:

1) кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін жұмыс дәптерімен қамтамасыз етеді;

2) ЭӘШБЕА БҚ жетілдіреді;

3) әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің ұйымдық және әдіснамалық қағидаттарын әзірлейді және жетілдіреді.

7. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері өздеріне бағынысты елді мекендер бойынша жүргізеді. ЭӘШБЕА БҚ ақпараттың сақталуын, уақтылы және дұрыс енгізілуін кенттің, ауылдың, ауылдық округ әкімі қамтамасыз етеді.

8. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін есепті жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша өзектендіру жүргізеді. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіру 1 мен 20 қаңтар және 1 мен 20 шілде аралығы кезеңінде барлық аулаларды аралап шығу және халыққа, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшыларына сауалнама жүргізу арқылы жұмыс дәптерін қолдана отырып, ЭӘШБЕА БҚ деректерді әрі қарай тасымалдайды (түзетеді).

Әр шаруашылық бойынша есепке алу ақпараттарының өзгерісі туралы мәліметтерді азаматтар мен шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарына жүгінуіне қарай қажеттігіне қарай өз бетінше ұсынады. әкімдер және жергілікті атқарушы органның мамандары мұндай өтініш түскен кезде көрсетілген мәліметтерді ЭӘШБЕА БҚ енгізгендері жөн.

Егер болған өзгерістер туралы дәйекті ақпараттар бар болса кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері басқа күндердегі жағдай бойынша ЭӘШБЕА БҚ деректерді өз бетінше өзектендіреді.

ЭӘШБЕА БҚ деректерді енгізу әр шаруашылықты міндетті аралаудан кейін немесе азаматтардан немесе шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары өтініш білдіргеннен кейін жүзеге асырылады.

9. Жекелеген тұрғын үйлердің, ұсақ елді мекендердің және шаруа немесе фермер қожалықтарының қамтылмай қалуын болдырмау үшін жергілікті атқарушы органның маманы әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіру алдында кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында орналасқан барлық ұсақ елді мекендерді және жеке орналасқан тұрғын үйлерді (жол айрықтарының, қыстаулардың, мал жайылымдарының, кіші шаруашылықтардың, станциялардың) қоса алғанда, барлық үй шаруашылықтарының және шаруа немесе фермер қожалықтарының тізімін нақтылайды, сонымен қатар Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында ведомстволық үйлерде, қосалқы шаруашылықтарда, мал жайылымдарында, жатақханаларда, оқушыларға арналған интернаттарда, балалар үйлерінде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерінде, ауруханаларда тұратын азаматтардың отбасыларының болуын тексереді.

10. Жергілікті атқарушы органның маманы барлық үй шаруашылықтарын және шаруа немесе фермер қожалықтарын 20 күнтізбелік күн ішінде (қаңтардың 1-інен 20-ына дейін және шілденің 1-інен 20-ына дейін) жеке аралап және осы мерзімде әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіруді жүзеге асыра алмайтын ірі елді мекендерде кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі оған көмекке жергілікті атқарушы органның басқа мамандарын қосымша тартады. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органның маманы елді мекендердің және шаруа немесе фермер қожалықтарының тізімдерін нақтылағаннан кейін, оны жекелеген шеткі учаскелерге бөледі, бұл учаскелерді жұмысқа тартылған мамандар арасында бөледі және бұл тізімді кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне бекітуге ұсынады. Өз шешімінде кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жұмысқа тартылған мамандар тізімін бекітеді және осы жұмысты кімнің, қай елді мекендерде, қай көшелерде (ірі елді мекендерде) жүргізуі керек екендігін тапсырады. Жұмысқа тартылған мамандардың барлық жұмысына кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі басшылық жасайды. Тіркеу жазбаларды тексеру мен нақтылау, толтыру үшін жұмыс дәптерлері әкімдерге тартылған мамандарға беріледі. Жазбалардың ресімделу дұрыстығын, енгізілген нақтылаулардың негізділігі мен дәлділігін бақылай отырып, әкім әр маманнан толтырылған жұмыс дәптерлерін жеке қабылдайды.

11. Статистика органдарына әр шаруашылық бойынша есепке алу жөніндегі жиынтықталған деректерді ұсыну:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 77 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10075 болып тіркелген, «Үй шаруашылықтарындағы мал мен құстың, ауылшаруашылық техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» (коды 1761103, индексі 7-ж (халық) – кезеңділігі жартыжылдық) (бұдан әрі – 7-ж статистикалық нысан) және «Үй шаруашылықтарында пайдаланатын жердің бары туралы мәліметтер» (коды 1771104, индексі 7-р (халық) – кезеңділігі жылдық (бұдан әрі – 7-р статистикалық нысан), «Шаруа немесе фермер қожалықтарындағы мал мен құстың, ауыл шаруашылығы техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» (коды 1731103, индексі 6-ж (фермер) – кезеңділігі жартыжылдық) (бұдан әрі – 6-ж статистикалық нысан), «Шаруа немесе фермер қожалықтарында пайдаланатын жердің және егістік алқаптарының нақты бары туралы мәліметтер» (коды1741104, индексі 6-р (фермер) – кезеңділігі жылдық) (бұдан әрі – 6-р статистикалық нысан) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының статистикалық нысандарында қатаң түрде белгіленген мерзімде қағаз жүзінде;

электронды түрде (электронды тасығыштарда) үй шаруашылықтары және шаруа немесе фермер қожалықтары бөлінісінде жүзеге асырылады.

12. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректері:

уәкілетті орган ведомствосы – статистикалық тіркелімдерді өзектендіру үшін;

жергілікті атқарушы органдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өз қызметін орындау үшін.






  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет