Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы



жүктеу 1.41 Mb.
бет1/9
Дата17.04.2016
өлшемі1.41 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9





МАЗМҰНЫ


I бөлім.

Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы …....…...

184

II бөлім.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері ….…………………

190

III бөлім.

Есеп комитетінің ұсынымдарын іске асырудың қорытындысы .… ….…………….…………...…………….

273




I БӨЛІМ.

ЕСЕП КОМИТЕТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2011 жылы Есеп комитетінің қызметі республикалық бюджеттің атқарылуына, соның ішінде мемлекет активтерін басқарудың тиімділігіне, мемлекеттік бағдарламалардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға бағытталды.

Республикалық бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде қаржы тәртібін нығайту, жергілікті жерлердегі жаңадан құрылған сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының рөлін арттыру, тиімділік бақылауын кеңінен қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысына тоқсан сайын Есеп комитетінің жүргізген жұмыстарының нәтижелері туралы есеп ұсынылып отырды.

Есеп комитетінің Төрағасы Мемлекет басшысына жекелеген бақылау іс-шараларының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы кезінде жол берілген бұзушылықтар, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің стратегиялық жоспарларының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген бақылаудың нәтижелері, инвестициялық жобалардың орындалу барысы, сондай-ақ бюджет қаражатын игеруге байланысты негізгі проблемалар туралы баяндады.

2011 жылғы мамыр   2012 жылғы сәуір (бұдан әрі – есепті кезең) аралығында Есеп комитеті 264 объектіде 42 бақылау іс шарасын өткізді [1.12., 177 бет].




Жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

Бақылау іс шаралары, бірлік

38

37

53

61

42

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 272,0 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 70% ға көп [1.13., 182 бет].



Есеп комитеті есепті кезеңдерде (2007 2011 жылдары)

анықтаған бұзушылықтар көлемінің серпіні
млрд.теңге


Есепті кезеңде бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша өтелуге тиісті 33,8 млрд.теңгенің 5,8 млрд.теңгесінің орындалу мерзімі келіп, бақылау объектілері оның 2,7 млрд.теңгесін немесе 46,5%-ын қалпына келтірді.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 45 материал жіберілді.




Есепті кезең:
Берілген материалдар:

2010 ж. мамыр 

2011 ж. сәуір



2011 ж. мамыр 

2012 ж. сәуір



барлығы:

39

45

соның ішінде материалдар бойынша:

тергеу алды тексеру жүргізілуде

10

28

қылмыстық іс қозғалды

2

3

қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды

19

14

ҚР БП бақылау объектісіне бұзушылықты жою туралы ұсыным шығарды

6

0

бұрын тіркелген талап арыздарға қосылды

2

0

Есеп комитеті талдамалық және зерттеу қызметтеріне баса назар аударды. Есепті кезеңде ең өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша 11 талдамалық материал дайындалып, оның 7-сі тиісті ұсынымдарымен және ұсыныстарымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі 2-қосымша бойынша – Үкімет) және мемлекеттік органдарға жіберілді. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру, бақылау-талдамалық және сараптамалық жұмыстарды әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша (6 тақырыпта) зерттеулер жүргізілді.

Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, бақылау іс-шараларын жоспарлаудың сапасын арттыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылға арналған жылдық жоспарда мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізгі бағыттары, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында қойылған міндеттер ескерілген.

Есепті кезеңдегі атаулы оқиғалардың бірі – «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы №67 Жарлығына сәйкес, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) дербес мемлекеттік мекеме ретінде құрылуы. Аталмыш мекемелер бір кезде мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесіндегі әлсіз буын болған еді.




2011 жылғы 23 қыркүйекте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жаңадан құрылған тексеру комиссиялары төрағаларының қатысуымен өткен Есеп комитетінің отырысы

Осыған байланысты, Есеп комитетіне тексеру комиссияларының қызметін үйлестіру, соның ішінде әдіснамалық көмек көрсету, кадрлардың біліктілігін арттыру курсын өткізіп, сертификат беру сияқты жаңа функциялар жүктелді. Сонымен бірге Мемлекет басшысына тексеру комиссияларының қызметін бағалау туралы жиынтық ақпарат беру жөнінде функция да Есеп комитетіне жүктелді.

Үйлестіру кеңесін құру арқылы өңірлердегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылдарының жаңа элементі енгізілді.

Тексеру комиссияларына жүйелі түрде әдіснамалық көмек көрсетіліп, кадрларды даярлау және қайта даярлау, олардың біліктіліктерін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілді.

2011 жылы әдіснамалық қызметтің шеңберінде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мақсатында 15 әдіснамалық материал, оның ішінде бақылау материалдарының нысаны мен құрылымы, бақылау бағдарламаларының үлгі жобалары, сәйкестікке бақылау жасау, қаржылық есептілікті бақылау, тиімділікті бақылау жөнінде әдіснамалық нұсқаулар әзірленіп, бекітілді.

Қазақстан Республикасының Қоғамдық сектордағы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттарына өтуіне байланысты, Есеп комитеті шетелдік сараптамашылардың қатысуымен аталмыш стандарттардың Қазақстан жағдайында қолданылуының әдіснамасын әзірлеуде.

Есепті кезеңде «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерін даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде 457 адам, оның ішінде оқытудың ішкі бағдарламалары бойынша – 417 адам, сыртқы бағдарламалары бойынша – 40 адам біліктіліктерін арттырды. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінің 301 қызметкері, тексеру комиссияларының 119 қызметкері, Есеп комитетінің 37 қызметкері оқып шықты.

Есеп комитетінің 28 қызметкері түрлі бағыттар бойынша халықаралық семинарлар мен конференцияларға қатысты.

Есепті кезеңде Есеп комитеті Мемлекет басшысының алты Жарлығына, Үкіметтің екі қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болды.

Есеп комитеті 7 заң жобасының, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің (жаңа редакциясы) және Әкімшілік іс жүргізу кодексінің әзірленуіне қатысты.

IT-технологиялардың жедел өзгеруі, е-үкімет қызметінің және мемлекеттік органдардың автоматтандырылған жүйесінің кеңеюі аясында Есеп комитеті бақылау-талдамалық қызметті автоматтандыруды жетілдіру және одан әрі дамыту жобасымен жұмыс істеуде.

е-Қаржымині, е-Статистика ақпараттық жүйелерімен және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ тексеру комиссияларының басқа да жүйелерімен уақтылы және толыққанды интеграциялау мақсатында «Есеп комитетінің интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Есеп комитеті қызметінің жариялылығын, айқындығын және ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Бақылау іс-шаралары бойынша ақпарат тұрақты түрде Есеп комитетінің ресми Интернет-ресурсына орналастырылады. Тоқсан сайын Есеп комитетінің ақпараттық бюллетені және «Мемлекеттік аудит-Государственный аудит» журналы шығарылып тұрады.

Есепті кезеңде Интернет-ресурсқа 77 баспасөз релизі, Есеп комитеті Төрағасының және мүшелерінің халықаралық конференциялардағы, Парламенттегі, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен отырыстардағы 15 баяндамасы мен сөйлеген сөздері орналастырылды.

Есеп комитетінің Төрағасы мен мүшелері «Қазақстан», «Хабар», «7 канал», «СТВ», «Мир» телекомпанияларында сұхбат берді.

Есеп комитеті Төрағасының сұхбаты мен мақалалары «Курсив», «Литер», «Мегаполис», «Казахстанская правда» газеттерінде, «Тіл», «Мемлекеттік аудит-Государственный аудит» журналдарында жарияланды.

2011 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасында Есеп комитеті Төрағасының блогы ашылды. Аталмыш блогта республикалық бюджеттің атқарылуының, мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттырудың өзекті проблемалары талқыланып отырады. Блог жұмыс істеген кезден бері азаматтардан 80-нен астам өтініш түсіп, олардың барлығына толыққанды жауап берілді.

Есеп комитетінің халықаралық қызметі жанданып, кеңейе түсуде. Бұл ретте 15 мемлекеттің жоғары қаржы бақылау органдарының, халықаралық ұйымдардың және Дүниежүзілік банктің өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қаржылық бақылау – экономиканы тұрақтандыру құралы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары (бұдан әрі – ЖҚБО) басшылары кеңесінің Х сессиясы шешімдерінің шеңберінде Есеп комитеті ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО үшін мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын басқарды.

2009-2011 жылдарға арналған экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша USAID жобасымен қол қойылған техникалық тапсырмаға сәйкес, Есеп комитетінің әлеуетін күшейтуге техникалық ықпал ету жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің гранты шеңберінде «Мемлекеттік сектор аудитінің әлеуетін нығайту» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Түркияның және Біріккен Араб Әмірліктерінің ЖҚБО-ларымен өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы ЖҚБО-лары Кеден одағы шеңберінде кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша қосарлас тексеру жүргізді.



II БӨЛІМ.

БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде
1. 2011 жылғы VII қысқа Азия ойындарын (бұдан әрі – Азиада) өткізуге бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау барысында жалпы 9 807,0 млн.теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды.

Туризм және спорт министрлігі Азиаданың іс-шараларын дайындау және өткізу мәселелерін кешенді әрі жүйелі түрде жүргізуді қамтамасыз етпеген. Аталмыш іс-шаралар Азиаданы өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамалары негізінде ғана жүзеге асырылып отырған. Азиада жарыстарының бағдарламалары, іс-шаралары, спорт объектілерінің тізбесі уақтылы бекітілмеген.

Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Азиаданың жеті объектісін салу және жаңарту жұмыстарын аяқтауға 2009 жылы 30,5 млрд.теңге жоспарланған болатын. Алайда, 3 объект бойынша құрылыстың құны 57,5 млрд.теңгеге қымбаттап, құрылысқа кеткен нақты шығындар 132,3 млрд.теңгені құраған. Бұл ретте бақылау жүргізілген сәтте 5 объекті заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылданбаған.

Жалпы алғанда, объектілерді салу және жаңарту жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жиі бұзылған.

Нақты нормативтер мен айқын мақсаттар болмағандықтан, құрылыс барысында көптеген жоспардан тыс жұмыстар мен түзетулер «2011 жылғы VII қысқа Азия ойындарының Ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның (бұдан әрі – Атқарушы дирекция) президенті бекіткен 2011 жылғы VII қысқа Азия ойындарының салынып және жаңартылып жатқан спорт ғимараттарына қойылатын бірыңғай техникалық талаптар негізінде жүргізілгеніне қарамастан туындаған. Ал, өз кезегінде, бұл талаптар Қазақстан Республикасындағы құрылыс қызметі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сай келмейді.

Мәселен, Астана қаласында велотрек салу кезінде қосымша жұмыстар мен түзетулерден кейін оның есепті құны 11,9 млрд.теңгеден 19,9 млрд.теңгеге ұлғайған. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша құны 11,4 млрд.теңге деп белгіленіп, 24 айда салынуы қарастырылған конькимен жүгіру стадионының құрылысы, іс жүзінде 5 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп, сметалық құны 20,3 млрд.теңгеге дейін көбейген.

Б.Шолақ атындағы Спорт сарайының жасанды мұз айдыны мен 650 автомашинаға арналған паркингі бар кешені бойынша мердігердің орындаған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 4,1 млрд.теңге болғанына қарамастан, тапсырыс беруші мердігердің шотына 8,5 млрд.теңге аударған, сөйтіп, 2011 жылғы 1 сәуірге 4,4 млрд.теңге мөлшерінде дебиторлық берешек пайда болған.

Б.Шолақ атындағы Спорт сарайының және жер учаскесінің баланстық құны 12,0 млн.теңге бола тұрып, «Спорттық-мәдени кешен» ЖШС-ның 100%-дық қатысу үлесін Атқарушы дирекция «БайКос» ЖШС-ның орындаған бағалауына сәйкес 4,0 млрд.теңгеге сатып алған.

Азиаданы өткізу үшін жалпы 10,3 млрд.теңгеге сатып алынған жабдықтардың, салынған ғимараттар мен құрылыстардың кейіннен өздерінің тікелей мақсаты бойынша пайдаланылмау фактілері анықталды.

Сонымен қатар, бақылау жүргізілген уақытта Астана қаласының әкімі «Қазақстан» спорт сарайының балансындағы футбол залының құны 54,9 млн.теңге тұратын демонтаждалған жабдықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдамаған.

Мердігерлердің құрылыс жұмыстарын сапасыз орындағаны және жалпы 10,4 млн.теңге болатын үй-жайды өз бетінше ысырып тастағаны анықталды.

Алматы облысының Солдат сай шатқалында шаңғы-биатлон стадионын салу кезінде құны 3 844,9 млн.теңгеге 27 га жер учаскесі сатып алынған, ал құқық белгілеуші құжаттар және жер учаскесінің құнын бағалау актісі тек 24,5 гектарға ғана меншік құқығының берілгенін растайды. Сонымен, Туризм және спорт министрлігі 2,5 га жер учаскесі үшін 356,0 млн.теңге артық төлеген.

Азиаданы өткізуге арналған тауарлар импортының көлемі 129,2 млн. АҚШ доллары бола тұрып, кеден бажын төлеу бойынша берілген жеңілдіктер сомасы 1,0 млрд.теңге болған. Бұл ретте кедендік бақылау органдары Азиадаға деп арналған тауарлардың мақсаты бойынша пайдаланылуына бақылау жүргізбеген. Атқарушы дирекция тауарлардың бірыңғай тізбесін және өнім жеткізушілердің тізілімін жасамағандықтан, Азиаданы қамтамасыз ету деген желеумен Қазақстанға аталмыш іс-шараны өткізуге қатысы жоқ тауарлар әкелінген. Азия ойындарын өткізу бағдарламасына енгізілмеген спорт түрлері бойынша тауарлар әкелген ұйымдар кеден баждарын төлеуден босатылған. Атап айтқанда, Азиадаға қатыспайтын Ауыр атлетика федерациясы 388,1 мың АҚШ долларына тауарлар әкеліп, 3,6 млн.теңге кеден баждарын төлеуден босатылған.

Азиаданы өткізуге әкелінген тауарлар өздерінің нақты құнынан 2 еседен 5 есеге асыра көрсетіліп, қымбат бағамен жеткізілген. Мәселен, кедендік статистиканың деректеріне сәйкес, «AL-MA Engeering» ЖШС-ның әкелген жабдықтарының құны 56,1 млн.теңге болса, Атқарушы дирекцияның өткізген тауарларының, жасаған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінің жалпы құны 390,2 млн.теңгені құраған немесе 6,9 есе қымбат болған.

Атқарушы дирекцияның 37,9 млн.теңгеге сатып алған 5 микроавтобусы жол полициясы органдарында уақтылы тіркелмеген және Азиада өткізілген кезде пайдаланылмаған. Осы микроавтобустарға қызмет көрсету үшін «Тандау СТ» ЖШС-ның шотына 1,2 млн.теңге артық аударылған. Коллекциялық монеталарды пайдалану мәселесі шешілмегендіктен, Атқарушы дирекциядағы олардың қалдығы 168,4 млн.теңгені құраған.

«Табаған» спорт және ойын-сауық кешенінің трибуналарын орнату және төрешінің үй-жайын салу бойынша 71,1 млн.теңгеге жұмыстар жүргізген қосалқы мердігерлік ұйым – «Ерлан» ЖШС-ның құрылыс жұмыстарын орындауға лицензиясы болмаған. Алматы қаласы Алмалы аудандық Салық комитетінің деректері бойынша, «Ерлан» ЖШС деп көрсетілген салық төлеушінің тіркеу нөмірі бойынша «Concept business» ЖШС атты басқа ұйым есепте тұр.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті Азиадаға дайындалу және оны өткізу кезінде бюджет қаражатының тиімді пайдаланылмағанына және қаржының атаулы әрі нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге қатысты шаралар қабылданбағанына Туризм және спорт министрлігінің назарын аударды. Сонымен бірге Үкіметке салынған және жаңартылған спорт объектілерін мемлекеттік қабылдап алуды аяқтау, Азиаданы өткізу үшін сатып алынған жабдықтар мен автокөліктерді пайдаланушы ұйымдарға бекітуге қатысты іс-шаралар кешенін айқындауды ұсынды.


2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың, сондай-ақ Жоғарғы соттың (сот жүйесінің) 2009-2011 және 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларын іске асырудың тиімділігін бақылау барысында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының 375 млн.теңгеге бұзушылықтары анықталды.

Жоғарғы соттың стратегиялық жоспары операциялық қызметті жоспарлаудың тиімділігін арттыру міндеттеріне толық көлемінде жауап бермейді. Тәуекелдерді басқару және ведомствоаралық өзара іс-қимылдарды ұйымдастыру жүйесінде кездесетін олқылықтар миссияны орындау, стратегиялық бағыттың мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі шаралардың нәтижелілігін төмендетеді.

Жоғарғы соттың және ішкі бақылау жүйесінің қызметін операциялық жоспарлаудың тиімсіз ұйымдастырылуы 2009-2010 жылдары стратегиялық жоспарлардың жекелеген нәтижелеріне қол жеткізілмеуіне алып келген. Шығыстар қысқартылып жатқан тұста, соның ішінде олардың басымдылығын нақты айқындап, қолдағы ресурстарды негізді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету арқылы бюджет ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру бойынша пәрменді шаралар қамтамасыз етілмеген.

Істердің төрт инстанцияда, соның ішінде аппеляциялық, кассациялық тәртіппен және қадағалау тәртібімен қаралуы, сот қателіктерінің орын алуы, судьялардың заңдылықты бұзуы сот істерін қараудың тиімділігін, атқарушылық тәртіптің деңгейін төмендетуге ықпал етіп, судьяларға түсетін жүктеменің артуына алып келген.

Мәселен, Қазақстан Республикасының сот жүйесінде 2010 жылы – 1 105,7 мың іс, 2009 жылы – 1 044,2 мың іс қаралған. 2010 жылы Жоғарғы соттың соттар алқасына заңдық күшіне енген сот актілері бойынша 13 112 шағым түскен. Бұл 2009 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 2 есеге көп.

Сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің жетілдірілмеуі, судьялардың және сот жүйесіндегі басқа да қызметкерлердің кәсіби деңгейлерінің төмендігі, жалпы алғанда, Жоғарғы сот пен сот жүйесі қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігіне теріс әсерін тигізіп, 2011 жылғы қаңтарда Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық индексінде «Сот тәуелсіздігі» көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының рейтингісін төмендетуге әкеп соқтырған.

Судьялар корпусына әкімшілік және материалдық-техникалық қызмет көрсету бойынша функциялардың аражігінің нақты бөлінбеуі, Жоғарғы сот ғимаратына қызмет көрсетудің қолданыстағы тетігінің тиімсіздігі бюджет қаражатын және активтерді пайдалану кезінде Жоғарғы соттың аппараты мен «Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының әкімшілік ғимараты дирекциясы» РМҚК-де (бұдан әрі – Дирекция) бұзушылықтардың орын алуына алып келген.

Облыстық соттардың жекелеген әкімшілері Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының судьяларына тұрғын үй беру туралы нұсқаулықтың және Жергілікті және басқа да соттар судьяларының тұрғын үйді жекешелендіруі туралы ереженің сақталуын қамтамасыз етпеген.

Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысының нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтірілмегендіктен, сондай-ақ аталған қаулыда сот процесіне қатысушылардың (аудармашылардың) шығыстарын өтеу бөлігінде сыйақы төлеудің шекті ставкалары қарастырылмағандықтан, аталмыш ставкаларды осы уақытқа дейін әрбір сот дербес белгілеп келеді.

Жоғарғы соттың аппараты әкімшілік шығыстарды жоспарлауға қатысты бюджеттік өтінімдерді жасау барысында оларды негізсіз асырып көрсеткен. Бұдан үнемделген қаржы қосымша ақша төлемдерін төлеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу ережесін бұза отырып, Жоғарғы соттың судьялары мен аппарат қызметкерлеріне 2009-2010 жылдары 64,8 млн.теңге сыйлықақы берілген.

Жоғарғы соттың аппараты жүргізілетін жұмыстарға мониторинг пен талдауды сапасыз ұйымдастырғандықтан, «Қазақстан Республикасы сот билігі органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесін құру» жобасы (бұдан әрі – БААТЖ) тиімсіз іске асырылған.

Жоғарғы соттың және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінде олардың заңды құқығын растайтын сертификатталған электрондық цифрлық қолтаңбаның болмауы БААТЖ-ны тиісті дәрежеде Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесімен (ЭҚАБЖ) интеграциялауға мүмкіндік бермейді, бұл судьялар корпусының БААТЖ-ның электронды құжат айналымының ішкі жүйесінде дайындаған құжаттарын басқа мемлекеттік органдардың ресми түрде тануына кедергі келтіруде.

«Сот жүйесінің ақпараттық ресурстарына қоғамдық қол жеткізу порталы –Сот істері жөніндегі анықтамалық» бағдарламалық қамтамасыз ету өнімі әзірленгенімен, тиімсіз пайдаланылуда. Отырыс хаттамаларын автоматты түрде қалыптастыруға арналған аудио және бейнежазба жүйесін толық дәрежесінде пайдалану қамтамасыз етілмеген.

Жоғарғы соттың әкімшілік ғимаратын ұстау функциясын штат саны 150 бірлікті құрайтын Дирекция атқаруға тиіс болғанымен, іс жүзінде бұл жұмыстарды мердігерлік ұйымдар жүзеге асыруда.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын бұза отырып, 2009 жылы Дирекция жұмыстарды, тауарларды және қызметтерді сатып алуға көзделген қаражат есебінен 13,0 млн.теңгені сыйлықақы, үстемеақы және қосымша ақы төлеуге негізсіз жұмсаған.

Бақылаудың қорытындысы бойынша, Есеп комитеті Жоғарғы сотқа қабылданатын сот шешімдерінің сапасын, стратегиялық және операциялық жоспарларды орындау есептілігінің жүйесіне жасалатын мониторингтің пәрменділігі мен нәтижелілігін арттыруды, бюджет заңнамасын және қаржы тәртібін бұзушылыққа жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарауды, сондай-ақ негізсіз жүргізілген шығыстардың республикалық бюджет кірісіне өтелуі жөнінде қажетті шаралар қабылдауды ұсынды.


: ckfinder -> userfiles -> files
files -> Ира́к (араб. عراق‎‎), официальное название — Респу́блика Ира́к
files -> Определение. Сумма членов бесконечной числовой последовательности называется числовым рядом
files -> Халыќ денсаулыєы жјне денсаулыќ саќтау жїйесі туралы
files -> Мазмұны кіріспе
files -> Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының 2013 жылғы 1-тоқсандағы бақылау қызметінің негізгі қорытындысы
files -> Инструкция по эксплуатации Производитель : «Prestige Medical Ltd»
files -> Пәндердің элективті каталогы


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет