Ещанова Тәрбия Сейтжановна Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қурайлы ауылы



жүктеу 83.94 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі83.94 Kb.
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"
Ещанова Тәрбия Сейтжановна

Ақтөбе облысы,

Ақтөбе қаласы, Қурайлы ауылы,

29 «Арай» мектепке дейінгі ұйымы



Тәрбиеші.

Тақырыбы: Күз- береке, күз- мереке

І бөлім

І жүргізуші: Қымбатты балалар, құрметті қонақтар!

Бүгін біз осынау әсем залда Республика күнін атап өту үшін жиналып отырмыз. Отан – бұл барша адамзат үшін ең маңызды, асыл да ардақты сөзі. Әр адамның өз Отаны бар.



ІІ жүргізуші: Республика! Ерікті ел Қазақстан,

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан,

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.



І жүргізуші: Қазақстан туған жерім, мақтанышым,

Өзің жайлы қанша жырды жаттадым,

Ертеңдерге шақырады еріксіз,

Әр күн сайын күліп атқан ақ таңым!



Әнұран.

Әдия: Ту алады қолдарына,

Қуанады халық бүгін.

Мадақтаймыз, ардақтаймыз,

Республика жарық күнін!



Диас: Жер қабылдап таң нұрын,

Береді елге байлығын.

Осы жердің байлығы,

Қазақ жер ай, күнім.



Аружан: Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.



Еркебұлан: Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері- бағымыз.

Қойнауынан мөп- мөлдір,

Сусындайды жанымыз.



Ажар: Біз Отанды сүйеміз,

Біз Отанға адалмыз,

Көгілдір ту иеміз,

Қалай жасық болармыз.



Аяулым: Қазақ жері- сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз.

Саясында жетілер,

Балдай бала шағымыз.



Меккемәдина: Бұл гүлденіп жайнаған,

Гүлстандар Отаны.

Бірін- бірі сыйлаған,

Туысқандар Отаны.



Ән: « Ел қорғауға әзірміз ».

Айнұр: Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата- бабадан,

Бірлік асыл мұрамыз.



Мерей: Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта,

Бала біткен дос бауыр,

Болмасын еш тосқауыл,

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.



Жалғас: Балбұл жанған гұл шағында,

Біз Отанның ұланымыз,

Бақытты елдің құшағында,

Білім алу ұранымыз.



Нұрия: Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша, бау,

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын бізге ту да ортақ,

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.



Данабек: Бір шаңырақ астында,

Тату- тәтті тұрамыз,

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.



Әлішер:

Ән: « Достық »

ІІ бөлім

Күй әуені ойналып тұрады.

ІІ жүргізуші: Күз келді, алтындай сары күз,

Тау ызғарлы күз келді.

Тыраулатып аспанда,

Тырналарын тізді енді.



Расул: Қамба толды астыққа, Аянат: Қуандырып біздерді,

І. Алғыс саған алтын күз! Берекелі күз келді.

Бір уыс дән шаштық та, Кел, жемісті алтын күз,

Қап қап қауын алдық біз. Кемелденсін халқымыз.



Назым: Берекесін сыйлауға, Алмас: Күн шуаққа маужырап,

ІІ. Өлкемізге күз келді. Жатыр еді атырап.

Жемістерін жинауға, Ағаштардан жамырап,

Шақырады біздерді. Ұшты кенет жапырақ.



Аружан: Көк майсалы көрікті, Сабина: Берекелі сары күз,

ІІІ. Алқаптағы көп егін. Тамшылайды балбырап,

Бұл күндері киіпті, Мәуелі ағаш, сары уыз,

Сары жібек көйлегін. Майысады салбырап.



Әуен ойнап, залға күз айлары келеді.

Қыркүйек: Назар аударыңыздар!

Қазан: Назар аударыңыздар!

Қараша: Назар аударыңыздар!

Қыркүйек: Күз ханшайым бізге бұйрық берді!

Қазан: Ән айтып, би билеуге!

Қараша: Би билеп, көңіл көтеруге!

Күз: Сәлем, достар, аман ба?

Мынау бейбіт заманда,

Берекелі Күз келді,

Шаттық болсын әманда!



Күз: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан алуан жапырақ.

Көз тартады атырап.

Көз тартады атырап.

Ой, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ,

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап.



Күз ханшайым тағына отырады.

Жүргізуші: Алтын күз келді де,

Қуанышқа бөледі,

Ән мен күйін қалықтатып,

Кешті ашып береді.



Зал есігі жағында шу естіледі. «Мұнда кіруге болмайды!», «Мені өткізіндерші! » деген дауыстар естіледі.

Күз: Не болып жатыр? Біздің қуанышымызды бұзуға кімнің батылы барды?

Залға жүгіріп, қолына сыпырғы ұстаған бақша Қарақшысы кіреді.

Қарақшы: (таққа жақындап барып, иіледі) Күз ханшайым, жазалай көрмеңіз, сөзімді айтуға рұқсат етіңіз!

Күз: Сен кімсің? Қайдан келдің? Неге көңілді кеште мынадай күйде жүрсің?



Қарақшы: Мен сән үлгісімен киінбеймін,

Үнемі қалшиып тұрған сағат тіліндеймін,

Далада, бақта, бақшада

Үрейдің бәрін қуамын,

Құстар да менен қорқады.

Мен жалқау емеспін, жұмыссыз да емеспін. Мен бақшадағы еңбекқор Қарақшымын. Жазда қандай ауа райында болса да бақшада және бақта тұрамын. Ұйықтамай, тамақ та ішпей қожайынымның өнімін күзетемін. Қолымды қалт еткізбей еңбек етемін.



Күз: Ренжіме, Қарақшы, енді біз бәрін реттедік. Кел, төрлет, қонақ бол.

Қыркүйек: Қымбатты Күз ханшайымы! Біз, сіздің сүйікті ұлдарыңыз, мен Қыркүйек, інім Қазан және Қараша, өзіміздің қолымыздан не келетінін көрсетуге бел будық. Біздің әр қайсымыздың көмекшілеріміз бар. Бастауға рұқсат етіңіз.

Күз: Рұқсат етемін. Еркін көңіл көтерейік! Әйтпесе, әлдекім күзді көңілсіз мезгіл деп ойлапты. Бастай ғой менің сүйікті де ерке ұлым, Қыркүйек!

Қыркүйек:

Ән: « Күз келді ».

ІІ жүргізуші: Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек шелек бағымыз,

Ағыл тегіл ағымыз.



Қарақшы: \орындықтан тұрып, сыпырғышын алып, қатты дауыспен ән айтып, билей бастайды\

Далада, бақта, бақшада

Қарауылдап тұрамын,

Құстарды жеміске жолатпай,

Бақшадан бәрін қуамын!

\жан жағына қарап, иіле береді\



Қарақшы: Ал сендер көкөніс пен жемістер туралы жұмбақ білесіңдер ме?

Жұмбақтар:

1.Отсыз піскен ас көрдім,

Домаланған сары бас көрдім.(қауын)

2. Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында дәні бар (бидай масақтары)

Қарақшы: Ал енді ойын ойнайтын сәт келді.

«Тышқан» ойыны. \балалар орнына отырады\

Күз: Жарайсың ұлым, Қыркүйек! Енді сенің кезегің келді, менің екінші ұлым, Қазан. Ептілігіңді көрсет!

Қазан: Ой, балалар, балалар,

Күз ханшайым келіпті,

Жапырақтар солыпты,

Ел егінін алыпты.



Жұбақ жасырады: Аспай піскен,

Қайнамай түскен. \жеміс\



« Күз келгенде» әні.

Жүргізуші: Күз ханшайым, біздің балалар тек ән салып қана емес, өлең де айта алады. Тыңдағыңыз келеді ме?

Нұрайым: Алтын, сары, қызыл, көк, Зарема: Күз арқылы білеміз,

IV. Алуан алуан жапырақ. Жомарттықтың салтын біз,

Күзгі бақта күлімдеп, Біз өзіңді сүйеміз,

Көз тартады атырап. Рахмет, Алтын күз!



Назерке: Пісті бидай тары да, Даяна: Сары алтындай сары күз,

V. Ел риза барына. Бірге шырқар әніміз.

Түстік жаққа бет алды, Жаздай күткен бәріміз,

Құстар көші тағы да. Сары алтындай сары күз.



Әлқуат: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.



Күз: Рахмет, ұлым. Сенің де көмекшілерің маған ұнады. Ал енді сенің кезегің келді, салқын да салмақты ұлым, Қараша!

Қараша: Бұлт торлады аспанды,

Найзағай да шатырлап,

Салқын күндер басталды,

Күңгірт тартты атырап.



Қарақшы: Олай болса, Қараша ханзада, ойын ойнап, көңіл көтерейік. Келісесіңдер ме, балалар?

Балалар: Келісеміз!

Қарақшы: Жақсы. Олай болса екі топқа бөлінейік. Қыз балалар жаңбыр дауысын, ал ер балалар желдің дауысын салмайды.

Балалар: тырс тырс тырс!

Қарақшы: Сендер білесіңдер ме, түнде тереземізден желдің дауысы қалай естілетінін?

Балалар: У У У У!

Қарақшы: Ал енді, бәріміз бірге!

Балалар: тырс тырс тырс, у у у у у!



Қарақшы: Қалай, Қараша ханзада, ұқсайды ма?

Қараша: Ұқсайды әрине!

«Күз жомарт» әні.

Қарақшы: Кезекті ойынға беретін кез келді, балалар!

«Алақанды соғамыз» ойыны.

Күз: Иә, мен әр түрлімін, көңілді де, көңілсізбін, ылғалды да, жаңбырлымын. Мені жомарттығымды , әдемі де қоңыржай табиғатымды жақсы көргендерің үшін қуаныштымын.

Қоштасар алдында сендермен орамал ойынын ойнағым келіп тұр. Қалайсыңдар ма?



Ойын: «Сиқырлы орамал»

Күз: Бір, екі, үш деп санайық,

Жасырынған затты табайық!

Ойын соңында Күз ханшайым алма толы себетті орамалмен жауып тұрады.

Жүргізуші: Жоқ жоқ! Біздің балалардың барлығы осында? Мұнда жасырынған кім болды екен?

Күз: Орамалды біз ашайық,

Астында не жасырынғанын да табайық!

Бұл не? Қоржын ба!

Қоржын толы алмаға!



Күз: Жақсы көңіл көтердім,

Балаларды да жақсы көрдім.

Уақыт келді қоштасар,

Алда талай жұмыс бар!



Әуен ойналып, Күз ханшайым залдан кетіп қалады.

Жүргізуші: Балдай тәтті баламыз,

Ақылдымыз, данамыз,

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстассақ бәріміз,

Жарасады сәніміз,

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз!







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет